Бабалар рухы мәңгі жасайды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Бабалар рухы мәңгі жасайды 28.09.2021

Бабалар рухы мәңгі жасайды

Саналы ұрпақ тәрбиелеудің сапалы құралы - тарихқа құрмет. Осы мақсатпен Тереңкөл ауданында дінтанушы, ағартушы, қоғам қайраткері Сейділдә хазірет Түйтебекұлына арналған «Бабалар рухы мәңгі өлмейді» атты республикалық ғылыми конференция өтті.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара «Діни тұлға - Сейділдә хазірет» атты көрмесін таныстыруымен басталды. Көрнекті дін қайраткері Сейділдә қажы жайлы мәлімет жиып, оны қағаз бетіне түсірген алғашқылардың бірі, өлкетанушы, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы Ербол Қайыров жиылған көпшілікке алашордалықтардың шығармашылығы мен хазіреттің өміріне қатысты тың деректермен бөлісті.

Алқалы жиынға қатысқан аудан әкімі Серік Батырғожиновтың айтуынша, өскелең жас ұрпаққа рухани азық болатын ұлттық құндылығымызды насихаттау мен тарихи тұлғаларды дәріптеу – бүгінгі күннің парызы.

- Ұлы Даламыздың ұлдары дана, қыздары дара болуы үшін тағылымды тарихымыздан сабақ алып, сабақтаса білуіміз керек. Жеріміздің қойнауы құтқа толы болса, баурайы біртуар перзенттерге бай. Тереңкөл өңірі де Алаш атын аспандатқан тұлғалардан кенде емес. Солардың бірі әрі бірегейі - Сейділдә хазірет Түйтебекұлы. Сондай-ақ, ауданда әлі де құпиясы ашыла қоймаған қаншама тарихи жәдігерлер бар. Соларды зерттеу, дәріптеу, жаңғырту сіз бен бізге міндет. Бастама құтты болсын! - деді Серік Барлыбайұлы.

Павлодар облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Нұрия Көбенова мұндай іс-шараның рухани құндылықтарды жаңғырту мен тарихи сананың тұтастығын қалыптастыру үшін аса маңызды екендігін атап өтті.

- Облысымыздың киелі орындар картасына 46 киелі нысан енді. Оның 7-еуі республикалық киелі орындар картасына енгізілді. Тереңкөл ауданынан киелі нысандардың өңірлік тізіміне Сейділдә қажының жерленген жері де енген. Сонымен қатар, ол туралы ақпарат Республикалық энциклопедияда бар, - деді Нұрия Қалымқызы.

Бұдан бөлек, шараға қатысқан Алматы қаласы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, ҚР Рухани мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитетінің мүшесі, профессор Серікқазы Қорабай Сейділдә қажының өмірбаяны мен еңбек жолына тоқталды.

- ҚР Орталық мемлекеттік архивінің деректері бойынша сол кездегі Павлодар уезінен 1901-1913 жылдары 300-ге жуық адам Меккеге барып, қажылық парызын өтеп қайтса, сол сапарларда 84 адам бір ғана Тереңкөл болысынан қажы атанған. Көш басында бірінші болып қажылыққа барған қоғам және дін қайраткері, ағартушы ұстаз Сейділдә қажы Түйтебекұлы тұр. Халқымыздың дана перзенті, ойшыл, дін қайраткері, шежіреші Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жазбаларында Сейділдә қажының бабасы Жалаңбас батырдың ата-тек шежіресі тарқатылып берілген. Бұл туралы мағлұматты ғұламаның 20 томдық шығармалар жинағының қазақ шежіресіне арналған 10-шы томынан кезіктіруге болады. Жас күнінен зерек болып өскен Сейділдә ауыл молдасынан хат танып, көршілес Шарбақты ауданы Есілбай ауылындағы мешіт жанынан ашылған медресеге қабылданады. Ғабдылуахит хазірет ұстазынан тәрбие алып, Темірғалы болыстың көп өнегесін көрген. Білімін одан әрі жетілдіру мақсатында Уфаға аттанып, атақты «Ғалия» медресесіне оқуға түседі. 37 жасында медресені ойдағыдай аяқтаған Сейділдә елге оралып, ұстаздық қызмет етеді. 1912 жылы ата қонысы - Тереңкөл ауданы жерінде халық қаражатына мешіт салдырып, оның жанынан үсүлі-жәдиттік үлгідегі алғашқы медресе ашады. Сейділдә қажының ұлт болашағы жолындағы ұстаздық қызметі бір төбе. Оны тереңірек зерттеу, аудандық, облыстық өлкетану мұражайларында Сейділдә хазірет Түйтебекұлының өмірі мен ағартушылық қызметіне арналған мүйістер ашу, Уфа қаласындағы мешіттердің қорларынан тың деректер іздестіру сияқты ауқымды жұмыстар жүргізу керек, - деді ол. Сонымен қатар, Серікқазы Сыбанбайұлы 2024 жылы Сейділдә Түйтебекұлының 150 жылдық мерейтойын облыстық көлемде кеңінен атап өту керектігін де атап өтті.

Жиын барысында ҚМДБ-нің облыстағы өкілі Жолдас қажы Қоспақұлы Сейділдә хазіреттің діни еңбектерін ерекше атап, имандылығын үлгі етті. Ал, еңбек ардагері Қонысбай Зиядаұлы аталмыш конференцияның маңыздылығын айтып, ұлағатты істердің басында жүріп, ұйытқы болған аудан әкімдігіне алғыс білдірді. Өз кезегінде ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Тереңкөл ауданының Құрметті азаматы Шолпан Байғалы осы өңірден шыққан тарихи тұлғаларды тілге тиек етті.

Ауданның арқалы азаматтары, ғұламалар мен әулиелер туралы көптеген деректер жинап, құрастырып, оны оқырман қауымға ұсынып жүрген жерлес қаламгер Ербол Қайыровтың еңбегі орасан зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, ардагер журналист аудандағы орталық мешітке Сейділдә хазіреттің есімін беруді ұсынды.

Шара соңы жергілікті өнерпаздардың концертімен жалғасты.

Тереңкөл ауданы.



Количество показов: 1753

Возврат к списку