Бабалар рухы – төл тарихымызда

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Асбұршақ қандай өсімдік?
09:40 21.05.2022  90

Тұтас өңірді қамтымақ
09:38 21.05.2022  92

Дауыс беру – маңызды
09:37 21.05.2022  92

Бүгінгі таңдау – ертеңгі өмір
09:35 21.05.2022  91

Жол азабын жүрген білер
09:00 21.05.2022  103

Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі
08:50 21.05.2022  115

Мен оқыған кітаптар
08:50 21.05.2022  90

Менің арманым...
08:49 21.05.2022  91

Тәтті мамандық
08:48 21.05.2022  83

Адасқанның айыбы жоқ
08:47 21.05.2022  87

Тарихи шеру - «ҚИМАҚ.TIME»
08:44 21.05.2022  89

Қазақ сатирасының Таңдайы
08:42 21.05.2022  88

Суармалы жер - береке көзі
11:26 19.05.2022  194

«Бейсекеңді дәріптеу керек...»
11:23 19.05.2022  219

Ұжымдық қауіпсіздік. Әскери одақ
11:22 19.05.2022  190

ЖОБА «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11:20 19.05.2022  204

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
11:19 19.05.2022  243

Жапандағы жалғыз үйде туған қыз
11:18 19.05.2022  191

Ұлтқа қызмет – мінезден
11:16 19.05.2022  241

Мен және менің полицейім!
11:14 19.05.2022  189

Талапқа сай емес
11:13 19.05.2022  187

Балабақшаға жолдама алыңыз!
11:11 19.05.2022  194

Референдум - сайлау емес, таңдау
11:05 19.05.2022  220

Пәтер тапшылығы байқалуда
11:03 19.05.2022  205

Отбасындағы кикілжің қылмыс па?
10:59 19.05.2022  210

Терезенің сыртында қауіп бар!
10:58 19.05.2022  192

Қағаз қымбатшылығы қыспаққа алды
10:55 19.05.2022  199

Арзан несие: тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма?
10:53 19.05.2022  206

Сарыарқа самалы, 19 мамыр, бейсенбі
09:11 19.05.2022  223

«Қимақ.Time»
10:26 17.05.2022  408

Бүлдіршіндер еңбектеп жарысты
10:14 17.05.2022  415

«Тұран» түкке тұрмады
10:13 17.05.2022  449

Жастар - ел келешегі
10:09 17.05.2022  448

Өз таңдауымызды жасауға тиіспіз
09:26 17.05.2022  472

Қос ішектің Күмбірлеуі
09:24 17.05.2022  441

Қайта оралған «Жәмилә»
09:23 17.05.2022  437

Әуеден де, жерден де өңдеуде
09:17 17.05.2022  427

Мал дәрігерлері жеткіліксіз
09:16 17.05.2022  391

Көктемнің әр күні – несібе
09:08 17.05.2022  455

Сарыарқа самалы, 17 мамыр, сейсенбі
08:59 17.05.2022  472

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар
12:00 16.05.2022  547

Қазақтың текті қыраны
09:09 14.05.2022  730

Дауыс беру - парызымыз
09:07 14.05.2022  578

Жаңа Қазақстанның жарқын жолы
09:06 14.05.2022  488

«Әлкей Марғұлан және мәдени мұра»
09:04 14.05.2022  565

Халықтың сенімді қорғаны
09:03 14.05.2022  508

Тұрғын үй субсидиясы: талаптары қандай?
09:02 14.05.2022  650

Асфальт жол ауылға келді
09:01 14.05.2022  590

Сарыарқа самалы, 14 мамыр, сенбі
09:00 14.05.2022  752

Айлық аз
11:25 12.05.2022  630

Бабалар рухы – төл тарихымызда
10:43 12.05.2022  587

«Мектебім - мәңгілік көктемім»
10:42 12.05.2022  628

Еңбегі - ел есінде
10:39 12.05.2022  580

Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
10:34 12.05.2022  689

Жеңіс даңқы – мәңгілік!
10:32 12.05.2022  559

Тегін дәрі: кімдерге тиесілі?
10:30 12.05.2022  627

Даудың басы – қараусыз мал
10:27 12.05.2022  657

Мұнай өнімдері экспортын шектеуді ұзарту дұрыс па?
10:20 12.05.2022  785

Шоң би оқулары өтті
10:18 12.05.2022  558

Негізгі ҰБТ: түлектер нені білуі тиіс?
10:13 12.05.2022  569

Бабалар рухы – төл тарихымызда 12.05.2022

Бабалар рухы – төл тарихымызда

Май ауданына жасаған журналистік іссапарымызды өлкетану экспедициясына айналдырдық. Мақсатымыз - газет оқырмандарын өңіріміздегі тамыры тереңде жатқан тарихи жерлермен таныстыру. Әрине, елімізде тарихи-мәдени орындар мен «еңселі ескерткіштер» жетерлік. Дегенмен, олардың бәрі бірдей сакралды болуы мүмкін емес. Киелі нысандардың көбі елді мекендерден жырақ жатады. Сол себепті, алыс жолға қамдандық. Бағытымыз Май ауданына қарасты Ақшиман ауылына ауды. «Қалмақтың қырылған, қазақтың құрылған» жері.

 

Жердің аты – тарихтың хаты

Май ауданы жер көлемі жағынан облыс бойынша екінші орында тұр. Аудан аумағында Ертіс, Түндік, Ащысу өзендері ағып жатыр. Сондай-ақ, Қарасор, Алқамерген, Жаңатұз, Ақбота, Шапақтұз, Үлкентұз секілді көлдері бар. Пайдалы қазбаларға бай өлкеден антрацитке жақын тас көмір, табиғи құрылыс материалдары шығады. 1939 жылы құрылған аталмыш ауданның таратылып, 1964 жылы қайта құрылған тарихы бар. Бүгінде аудан шаруашылығының негізгі бағыты – мал шаруашылығы. Бетегелі азықтық дақылдардың көп болуы мал шаруашылығы ішінде қой шаруашылығы жетекші орында екендігін байқатады. Облыс орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 мың шаршы шақырым жерді алып жатқан «алып ауданға» жол жүріп келеміз. Жол бойы жасыл қыраттарды көмкерген егін алқаптары мен мал жайылымдары көзді арбай түсуде. Кең даланың көркем суреттері қасымдағы фототілшінің қолындағы фотоаппарат объективіне сыя қоймасын түсіндім. Бәлкім, бұл табиғи көріністерді жерлес суретші Н.Нұрмаханбетованың туындыларынан табарсыз. Әсем әннің ырғағымен аудан орталығы Көктөбеге де келіп жеттік. Келісімен, келісім бойынша жергілікті әкімшілікке тарттық. Аудан әкімінің орынбасары Серік Солтанов биыл атқарылатын негізгі жұмыстар мен алға қойған жоспарлармен таныстырды. Оның айтуынша, ағымдағы жылы Ақшиман және Саты орта мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Саты ауылындағы мәдениет үйі де биыл күрделі жөндеуден өтпек. Одан бөлек, аудан әкімінің орынбасары Қызыл Октябрь – Жаңа Ақшиман тас жолында орташа жөндеу жұмыстары басталғанын айтты. Бұл жоба 2025 жылға дейін бес жылға арналған еді. Алайда, ағымдағы жылы республикалық және облыстық бюджеттерден Ақшиман ауылына баратын жолды жөндеуге 1,7 млрд теңге бөлінді. Демек, жол жөндеу жұмыстарын осы жылы аяқтауға үлкен мүмкіндік туып отыр.

Музейде бар мол мұра

Кез келген өлкенің өз тарихы, әдебиеті мен мәйекті мәдениеті бар екені белгілі. Осының барлығын бір ортаға тоғыстыратын төрді мұражай деп атайды. Аудан орталы-ғындағы Мәдениет үйінің екінші қабатында орналасқан музейде табиғат пен адамзат қоғамының дамуы туралы білімнің алғашқы деректемелері, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштері, табиғат коллекциялары мен көне жазбалардың тарихи нұсқалары сақтаулы. Аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Алтынбек Байғалиев экспонаттарды жинақтау, сақтау, зерттеу барысында оны халыққа кеңінен насихаттаудың маңыздылығына тоқталып өтті.

- Егемендігіміздің арқасында ұмыт бола бастаған тарихымызды қаузап, қайта жаңғырттық. Қазақстанды қазір бүкіл әлем таниды. Келесі кезекте ұлы тұлғаларымызды ұлықтап, олардың ерен еңбектерін қалың елге насихаттауымыз керек. Бұл бағытта «Қазақстанның сакралды географиясы», «Мәдени мұра» бағдарламаларының алар орны ерекше. Сондай-ақ, тарихымызды, өнерімізді, ұлттық әдет-ғұрпымызды, салт-санамызды, болмысымызды келер ұрпаққа көрсетіп, көңіліне тоқытатын орын
осы мұражай болмақ, - дейді Алтынбек Байғалиев. Сонымен қатар, музей директоры ауданнан шыққан тұғырлы тұлғаларды атап, ақындар мен батырларға бай өлкеде Құдайдың сүйікті құлдарына айналған әулиелер де туғанын жеткізді. Бүгінгі таңда облыстық «киелі жерлер географиясы» жобасына ауданнан енген 10-ға жуық тарихи нысан бар.

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданда 2016 жылдан бастап зерттеу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Археолог мамандар «Май елінің тарихын майшам алып тағы бір қарау керек» дейді. Себебі, бұл өлкеде сонау сақ дәуіріне жататын құнды жәдігерлер көп кездеседі. Сонымен қатар, ауданда киелі орындар баршылық. Мысал үшін, Баскөл ауылы маңында «Абылай найза мекені» бар. Одан бөлек, ауданда «Кемертұз петроглифтері», «Қайса ата кесенесі», «Қалмаққырылған тауы», «Әбділдә (Ақбалық Хазірет) кесенесі», «Мақат қажы кесенесі», «Қолбасын мұнарасы», «Бәкі Басарұлы» мен «Тілеуқабыл батырдың» жатқан жерлері бар. Осы киелі жерлерге оқушыларды экскурсияға әкеліп, ішкі тарихи туризмді дамытуымыз керек, - дейді ол. Сондай-ақ, Алтынбек Байғалиев мұра-жайда сақтаулы экспонаттардың біраз бөлігі осы елдің азаматтарымен жиналғанын атап өтті. Жергілікті тұрғындардың тарихи жәдігерлерін төрге шығарып, мұражай қызметіне немкетті қарамайтыны қуантты. Ауданның бұрынғы және бүгінгі күнінен сыр шертетін мұражайда «бағалы заттардың» молая түсуі көңілге медет ұялатады екен. Қазір кез келген қонақтың кеңес өкіметі тұсында ауданның қалай құрылғаны, халықтың ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы бастан кешкен қайғы-қасіреті, жанқиярлық ерліктерімен және еңбектерімен осы мұражайда толық танысуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, туған жері, елі үшін еңбек еткен айтулы тұлғалар жайлы деректер, ел ішінен жиналған бағасы алтыннан қымбат жәдігерлер өткен күндердің белгісіндей болып тұр. Музейді аралап, аудан шежіресімен танысқандай күй кештік. Археологиялық қазбалардан табылған VІІІ – ХІІІ ғасырларда жасалған құмыралар, қыш ыдыстар, шығырлар, қыштан жасалған бұйымдардың сынықтары, өткен тарихтан сыр шертіп тұрғандай. «Тарихи ошақтағы» ауыл-аймақ, елді мекендеріміздің орналасқан жер картасы, көрнекі орындар, қылқалам шеберлері салған суреттер, аң, құс бейнелері, көне дәуірлерден табылған құнды дүниелер көзге жылы ұшырайды. Экспонаттар арасында ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар, асадал, сандық, күбі, келі, келсап, ат әбзелдері де бар. Онымен қоса, музейде 1941-1945 жылдар аралығында Отан үшін от кешкен батырларға, тылда еңбек еткен азаматтарға, «Желтоқсан көтерілісі» мен «Невада-Семей» қозғалысына арнайы бұрыштар ашылған. Экскурсия барысында мәдени құндылығы жоғары жәдігерлер мен сан алуан тарихи құжаттардың молдығына қанық болдық. Сондай-ақ, ай санап көбейе түскен құнды заттарға мұражайдың тарлық етіп отырғандығын да байқадық. Алдағы уақытта Май ауданының терең тарихын паш еткен мұражайға кең де еңселі ғимарат беріліп қалар деген ойда қалдық. Жарық әрі жаңа экспозициялық зал сөрелеріне моноблоктар қойылып, жан–жақты және толық ақпарат алушылар үшін жәдігерлерге QR-код та орнатылып қалар. Инновациялық технологияларды қолдана отырып жаңартылған экспозициялық залдарда өлке тарихының ежелгі заманнан қазіргі күнге дейінгі барлық кезеңдері кеңінен көрсетілсе екен дейміз. Себебі, қазір музей, мұражайлар нағыз мәдени-ағартушылық орталыққа айналды десек те болады.

Ұлттық идеология кітапханадан басталады

Музейден бөлек тарихи мағлұматтар мен көркем шығармаларға бай тағы бір руханият орталығы бар. Біздің өлкетану сабағымыз аудандық мұражайдың қасында орналасқан кітапханада жалғасты. Орталық кітапхана жүйесінің басшысы Саниял Зілкенов аудан тарихы мен жергілікті қаламгерлердің шығармаларын кеңінен насихаттауда.

- Қазір біздің қоғамға кітапхана қызметі аса қажет. Ұлттық идеология да осы кітапханадан бастау алады. Кітап біздің сөздік қорымызды ғана толықтырмайды, мәдени өремізді өсіріп, қоғамды моральдік тұрғыдан тәрбиелейді. Сондықтан біздің қай-қайсымыз да кітапқа қарыздармыз. Кешегі аға буын ұрпақ әлі де осы рухани орталықпен байланысын үзген жоқ. Енді сол аға-апаларымыздың жолын кейінгі жас буын ұрпақ жалғастыруы тиіс. Өйткені адамзат өркениетінің бастауында кітап тұр. Кітап оқыған ұрпақтың, кітап оқитын ұлттың келешегі кемел болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды – Балалар жылы деп жариялауының да маңызы зор. Ойланып қарасақ, онда тұтас бір ұрпақтың тәрбиесі жатыр. Әрине, балаларға көңіл бөлу үшін бір жыл жеткіліксіз. Десе де, осы атаулы жылдың аясында біз балаларға жан-жақты қолдау көрсетудің тетіктерін көбейтіп, мүмкіндіктерін арттыруымыз керек. Соның бірі – кітапханаға кішкентай оқырмандарды тарту, - дейді Саниял Оразбайұлы. Қазір қазақ балалар әдебиеті құрдымға кетіп бара жатыр деп байбалам салып жүргендер аудандық кітапханаға барып, ондағы түсіп жатқан кітаптармен бір танысып қайтуы керек. Кітапхана сөрелері сықап тұр. Іздегеніңізді табасыз. Кітапханашылар да балаларға кітап оқытудың жаңа методикасын меңгеріп алған. Қызықтыра біледі. Нәтижесінде, жас оқырмандар саны күн сайын көбейіп келеді. Аудандық кітапхана қызметкері Толқын Шоманова «көркем әдебиетті насихаттау арқылы халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту» керек дейді.

- Балалар жылы аясында кітапхана қорымыз балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа әдебиетпен толықты. Қазір сөрелерде мұқабасы қалың, түрлі түсті бояумен көмкерілген суретті кітаптар баршылық. Жастарға ерік-жігер берер мотивациялық кітаптар да кездеседі. Сонымен бірге, кітапхананың ұйымдастыруымен «Кешкі кітапхана» атты мәдени акция өтеді. Мақсатымыз - өскелең ұрпақтың әдеби, рухани сұранысын өтеу. Баланы кітап оқуға баулу – қоғамның міндеті. Сондықтан жас ұрпақ кітапханаға барсын десек, олардың алдында біз жүруге тиіс-
піз, - дейді кітапханашы.

Ұлттық спорт ұлықталуда

Аудандық мәдениет үйінде орналасқан қос бірдей тарихи-мәдени орталықтан шығып, Ақшиман ауылына бой түзедік. Аудан орталығынан шыға бере жол бойында қазанат мінген қалың жігіттерді көзіміз шалып қалды. Ауданда аударыспақтан жарыс өтуде екен. Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Ағыбай Әмірин құттықтау сөзін сөйлеп, балуандарға сәттілік тіледі.

- Біздің Май ауданының көкпаршылары республикалық додаларда топ жарып жүр. Ұлттық ойындардың өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, бауырмалдыққа тәрбиелейтіні бәрімізге белгілі. Ұлттық спортты санасына сіңіріп өскен баладан елін, жерін шынайы сүйетін, салт-дәстүрін ұлықтайтын азамат өсіп шығады, - деді аудан әкімі. Сондай-ақ, Ағыбай Әмірин аудандағы ат спортына айтарлықтай қаражат бөлінбесе де, азаматтардың өз күшімен осындай жарыстар өтіп тұратынын айтты. Демеушілермен ғана өтетін дүбірлі додаға мемлекет тарапынан да қолдау көрсетілсе екен дедік. Ұлттық спорттың көшін бастайтын спорт түріне әкімге бюджет бөлгізуді айтқым келді. Айтпадым. Бәлкім, газет оқысын дегенім шығар.

Серектастың сыры көп зерттелмеген

Өлкетану экспедициясын жалғас-тырайық. Алдымызда - Ақшиман ауылы. Жолшыбай Мақат қажы Бәтиұлының басына тоқтадық. Құран бағыштадық. 1863-1934 жылдар аралығында өмір сүрген атамыз ашаршылықта дұғаның күшімен дала киігін саудырып, сүтімен ауылын асыраған қасиетті жан деседі. Биыл ел азаматтары асарлап, бабаның басына күмбез орнатпақшы екен. Сондай-ақ, жол бойында Саты ауылдық округіндегі Түндік өзенінің жағалауында жерленген Ақбалық Хазірет кесенесі де бой көтеріп тұр. Май ауданының тумасы, жоғары діни сауатты, мешіт-медреселер ашып, ислам дінін насихаттап таратқан Ақбалық Хазірет шамамен 1833 жылдары дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Әбділдә. Ташкенттің «Көкілташ» медресесінде 3 жыл оқып, Бұхардың медресесінде оқуын жалғастырды. Он екі пәнді түгел тауысқан діни білімнің ғұлама ғалымы болып шығады. 44 жасында Хазірет атанады. Тарихи тұлғалардың өнегелі өмірін еске ала отырып Ақшиман ауылына да жетіп қалғанымды байқамай қалыппын. Бізді ауыл әкімі Қайырғалы Бақауов құшақ жая қарсы алды. Ауылға кіре бере Қайса атаның кесенесіне кіріп, тәу еттік. Қайса ата (1888-1976 ж.ж.) Май ауданында дүниеге келген. Көзі тірісінде көріпкел болған кісі. Артынша Ақшиман ауылының «Қайса ата» мешітіне барып, аруақтарға дұға бағыштадық. Әулиелер мен батырлардың мекеніне айналған Ақшиман ауылында талай тарихи оқиғалар орын алғанын естідік. Сапар барысында бізді осы ауылдың азаматы, технология пәнінің мұғалімі, өлкетанушы Нұрбек Жұмаділов ертіп жүрді. Туған жердің тарихи құпиясына деген қызығушылықтың арқасында ол көнеден қалған құнды жәдігерлерді жинаумен айналысады. Жергілікті өлкетанушы өзінің үйіндегі бір бөлмесінен тіпті музей да ашқан. Ақшиман ауылынын арғы тарихын ақтара отырып, 16-17 ғасырларда қолданылған көне бұйымдарды да көрсетті. Жеке мұражайындағы жәдігерлер саны 500-ге жуық екен.  

- Ауыл маңында тарихи ескерткіштер көп. Баянауыл мен Ертіс өзені аралығын-дағы қазақ–жоңғар шайқасына куә болған Серектас тауы бар. Олжабай батыр бастаған қалың қол осы жерде жоңғар хандығының шапқыншылық жорықтарына қарсы шайқасқан. Бұдан өзге «қыз құлаған», «мың жылқы», «тасбақа» тау шатқалдары бар. Әрбірінің тарихы тереңде жатыр. Тек зерделей біліп, зерттеу керек. Сондай-ақ, 1920 жылы Қаныш Сәтбаев бұл жаққа арнайы экспедицияға келген екен. Содан атамыз таудың табиғи үңгірінің кіреберіс тұсына атын жазып кетіпті. Қазір ел бұл үңгірді «Қаныш үңгірі» деп атап кеткен, - дейді өлкетанушы Нұрбек Жұмаділов. Тарихи деректерге сүйенсек, 1741 жылы Олжабай батыр бастаған қазақ қолы жоңғар әскерлерін Баянауылдан ығыстырып шығарыпты да, соңынан қуып отырып Серектас тауы бөктерінде күйрете соққы берген екен. Сол кезден бастап әлгі тау «Қалмаққырған» атанған. «Қалмаққырған» тауының жотасының ұзындығы 16-18 шақырым болса, көлденең 9-10 шақырымдай жерді алып жатыр. Бұл таудың шығысына қарай қырылған қалмақ әскерлерінің молалары да бар. Шайқас жөнінде ғылыми зерттеу еңбектер мен тарихи деректер де жеткілікті. Академик Әлкей Марғұлан: «18 ғасырдың орта тұсында Ақшиман ауылының оңтүстік батысына қарай 5-6 шақырымдай жерде «Қалмаққырған» тауының ішінде қазақ батырлары қалмақ жауынгерлерін ойсырата қырғанын» айтады. Сондай-ақ, тарихтағы шешуші шайқас жөнінде Ақшиман ауылы жанындағы төбеге орнатылған кішігірім ескерткіште мынадай мәтін жазулы: «Осы жерде ХVІІІ ғасырда Олжабай батыр бастаған қазақ қолы қалмақ басқыншыларын ойсырата жеңіп, қазақ жерлерінің тұтастығын және еріктілігін қорғап қалды». Бұдан бөлек Торайғыров университеті Ақшиман ауылы мен Қалмаққырған тауы арасындағы шайқас өткен жерге таудың табиғи тасынан ескерткіш орнатты. Онда латын қаріптерімен: «Бұл жерде ХVІІІ ғасырдағы ел басына күн туған қилы заманда қазақ халқының тағдыры шешілген тарихи қазақ-қалмақ шайқасы болған» деген сөздер жазылған. Жергілікті тұрғындар «жазулы тастармен» қоса ауыл орталығында кешенді ескерткіш орнатылғанын қалайды. Ауыл әкімі Қайырғалы Бақауов: «ескерткіш - тарихи туризм үшін аса маңызды» екендігін айтты.

- Бұл жер тұнып тұрған тарих. «Қалмаққырған» тауының әлі де көп сырлары ашылмай келеді. Бұл таудың төңірегінде зерделі зерттеу жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта тарихтың жаңа парағы ашылып қалар, - дейді ауыл әкімі.   Атамекенді қорғаған жауынгер ата-бабаларымыздың алдында мәңгі қарыздармыз. Қанды қырғынға қатысқан сарбаздар мен шаһит болған боздақтардың рухын құрметтеуге тиіспіз. Сол себепті де Ақшиман ауылы орталығында кешенді ескерткіш орнатудың мәні зор. Еңселі ескерткіш жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық ұялатып, патриоттық тәлім-тәрбие беретін үлкен тарихи алаңға айналмақ. Бүгінгі таңда ел азаматтары ескерткіштің сызбасын дайындап, макетін де құрастырып қойған. Енді олар «еститін мемлекет» тарапынан қолдауды күтіп отыр. Сондай-ақ, «газет оқитын әкімнен» де жақында бір жақсы хабар келіп қалар деген үмітте...

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Павлодар-Көктөбе-Ақшиман-Павлодар.

Суретті түсірген - Есенжол Исабек.


Количество показов: 536

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Асбұршақ қандай өсімдік?
09:40 21.05.2022  90

Тұтас өңірді қамтымақ
09:38 21.05.2022  92

Дауыс беру – маңызды
09:37 21.05.2022  92

Бүгінгі таңдау – ертеңгі өмір
09:35 21.05.2022  91

Жол азабын жүрген білер
09:00 21.05.2022  103

Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі
08:50 21.05.2022  115

Мен оқыған кітаптар
08:50 21.05.2022  90

Менің арманым...
08:49 21.05.2022  91

Тәтті мамандық
08:48 21.05.2022  83

Адасқанның айыбы жоқ
08:47 21.05.2022  87

Тарихи шеру - «ҚИМАҚ.TIME»
08:44 21.05.2022  89

Қазақ сатирасының Таңдайы
08:42 21.05.2022  88

Суармалы жер - береке көзі
11:26 19.05.2022  194

«Бейсекеңді дәріптеу керек...»
11:23 19.05.2022  219

Ұжымдық қауіпсіздік. Әскери одақ
11:22 19.05.2022  190

ЖОБА «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11:20 19.05.2022  204

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
11:19 19.05.2022  243

Жапандағы жалғыз үйде туған қыз
11:18 19.05.2022  191

Ұлтқа қызмет – мінезден
11:16 19.05.2022  241

Мен және менің полицейім!
11:14 19.05.2022  189

Талапқа сай емес
11:13 19.05.2022  187

Балабақшаға жолдама алыңыз!
11:11 19.05.2022  194

Референдум - сайлау емес, таңдау
11:05 19.05.2022  220

Пәтер тапшылығы байқалуда
11:03 19.05.2022  205

Отбасындағы кикілжің қылмыс па?
10:59 19.05.2022  210

Терезенің сыртында қауіп бар!
10:58 19.05.2022  192

Қағаз қымбатшылығы қыспаққа алды
10:55 19.05.2022  199

Арзан несие: тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма?
10:53 19.05.2022  206

Сарыарқа самалы, 19 мамыр, бейсенбі
09:11 19.05.2022  223

«Қимақ.Time»
10:26 17.05.2022  408

Бүлдіршіндер еңбектеп жарысты
10:14 17.05.2022  415

«Тұран» түкке тұрмады
10:13 17.05.2022  449

Жастар - ел келешегі
10:09 17.05.2022  448

Өз таңдауымызды жасауға тиіспіз
09:26 17.05.2022  472

Қос ішектің Күмбірлеуі
09:24 17.05.2022  441

Қайта оралған «Жәмилә»
09:23 17.05.2022  437

Әуеден де, жерден де өңдеуде
09:17 17.05.2022  427

Мал дәрігерлері жеткіліксіз
09:16 17.05.2022  391

Көктемнің әр күні – несібе
09:08 17.05.2022  455

Сарыарқа самалы, 17 мамыр, сейсенбі
08:59 17.05.2022  472

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар
12:00 16.05.2022  547

Қазақтың текті қыраны
09:09 14.05.2022  730

Дауыс беру - парызымыз
09:07 14.05.2022  578

Жаңа Қазақстанның жарқын жолы
09:06 14.05.2022  488

«Әлкей Марғұлан және мәдени мұра»
09:04 14.05.2022  565

Халықтың сенімді қорғаны
09:03 14.05.2022  508

Тұрғын үй субсидиясы: талаптары қандай?
09:02 14.05.2022  650

Асфальт жол ауылға келді
09:01 14.05.2022  590

Сарыарқа самалы, 14 мамыр, сенбі
09:00 14.05.2022  752

Айлық аз
11:25 12.05.2022  630

Бабалар рухы – төл тарихымызда
10:43 12.05.2022  588

«Мектебім - мәңгілік көктемім»
10:42 12.05.2022  628

Еңбегі - ел есінде
10:39 12.05.2022  580

Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
10:34 12.05.2022  689

Жеңіс даңқы – мәңгілік!
10:32 12.05.2022  559

Тегін дәрі: кімдерге тиесілі?
10:30 12.05.2022  627

Даудың басы – қараусыз мал
10:27 12.05.2022  657

Мұнай өнімдері экспортын шектеуді ұзарту дұрыс па?
10:20 12.05.2022  785

Шоң би оқулары өтті
10:18 12.05.2022  558

Негізгі ҰБТ: түлектер нені білуі тиіс?
10:13 12.05.2022  569

Раздел не найден.