Бала құқығына бәріміз жауаптымыз

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Бала құқығына  бәріміз жауаптымыз 13.11.2021

Бала құқығына бәріміз жауаптымыз

Өткен жылы елімізде 7 мың бала өмірлік қиын жағдайға тап болған. Халық саны аз мемлекетіміз үшін дабыл қағатын мәселе. Санаға салмақ салатын мәлімет. Баласын үйде қамап кеткен, тіл алмайды деп көкала қойдай сабау, жылап мазамды алды деп ұл-қызынан бас тарту, ананың мейірімсіздігі сынды оқиғаларды естігенде жүрек ауырады.

Сөзіміз дәлелді болуы үшін аймағымызда тіркелген оқиғаларға тоқталып өтейік. Жыл басынан бері өңірде 156 бала үйінен кетіп қалған. Жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы хабар алған тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстарын бір секунд жоғалтпай бастайтындарын айтады. Өкінішке қарай, ата-аналар қауымы ұл-қызының уақытын бақыламайды екен. Тіпті, мектептегі сабағының қай уақытта бітетінін де білмейтін отбасылар бар. Баласының кіммен араласатыны, қосымша қандай үйірмелерге қатысатынынан бейхабар әке-шешелер көп. Жуырда полицияға қоңырау соққан әйел 7-сыныпта оқитын ұлының үйге оралмағанын айтқан. Бұл жағдайға екеуінің арасындағы түсініспеушілік себеп болғанын жасырмады. Жасөспірім сабақтан кейін көшеде біраз уақыт жүріп, кешке үйіне оралған. Полицейлер онымен сөйлесіп, бұл әрекетін қайталамауды сұрады. Сонымен қатар, баланың анасымен де түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Баласын үйде жалғыз қалдырып, жұмысқа кететін ата-аналар да бар. 29 қазан күні күндізгі уақытта Павлодардағы Гагарин көшесі, 40/1 мекенжайындағы тұрғын үйде тұратын адам көрші үйде балалардың дауысы шығып жатқанын естіп, полицияға хабарласқан. Жасөспірімдер балконның терезесіне шығып, «Көмектесіңдер» деп айқайлаған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары 2015 және 2018 жылы туған екі баланың үйде жалғыз екенін анықтады. 30 жастағы аналары жұмысқа кеткен, әкелері Нұр-Сұлтан қаласына жолға шыққаны белгілі болды. Ал балаларды 19 жастағы туысқанымен қалдырып кеткен. Ұлдарын сеніп тапсырған жақыны ешкімге ескертпей, түскі уақытта сабаққа кеткен. Полицейлер осындай жауапсыздық балалардың оқыс жағдайға тап болуына әкелетінін айтады. Кішкентай бала терезеден құлап немесе отқа күйіп қалуы мүмкін. Мамандар ұлдардың ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кейбір ата-аналар бала тәрбиесіндегі жауапкершілікке немқұрайлы қарайды. Тіпті, ата-ана құқығынан айырылу жағдайы да сабақ болмайды екен. Успен ауданы Тобылжан ауылындағы мектептің басшылығы полицейлерден даярлық сыныпта оқитын 5 жастағы баланың үйіндегі жағдайды бақылауды сұраған. Тәртіп сақшылары әлгі үйге барған кезде баланың анасы әлдебіреулермен дастарқан басында ішімдік ішіп отырған. Үйдің ішінде балаға ешбір жағдай жасалмаған, азық-түлік те болмаған. Анасы сол күні баласын көршісіне қалдырып кеткен. Ал әкесі жұмысқа кеткен. Бұл отбасы 2017 жылы Успен ауданы орталығынан Тобылжанға көшіп келген. Әйел бұған дейін екі баласы бойынша ата-ана құқығынан айырылған. Сол себепті полицейдің бақылауында тұрған. Бұл оқиғадан кейін жұмысқа орналасып, кенже баласын өзі тәрбиелеуге тырысады. Өкініштісі, бұрынғы әрекетіне қайта басып, ішімдікке салынған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 127-бабы бойынша іс қозғалып, материал сотқа жіберілді. Әйел үшінші баласынан да айырылуы мүмкін. Балаларын тіл алмағаны үшін көкала қойдай сабаған әкелер де бар. Жуықта полиция бөлімшесіне 36 жастағы әйел қоңырау соққан. Ол күйеуінің 6 жастағы ұлы мен 7 жасар қызын соққының астына алғанын айтып арызданған. Сабағаны сонша, ұлының екі тісін сындырған. Оқиға орнына жеткен полицейлер балалар әкесімен қалған уақытта анасы жұмыста болғанын анықтады. Үйдегі балалар ойын ойнап, балкон ішінде жүгірген. Әкесінің ескертуіне құлақ аспаған. Ашуға берілген ер адам ұл-қызын жөнге салу үшін қол көтерген. Әйелі үйге келгенде күйеуі жұмыста болған. Балалардың анасы ұл-қызын дәрігерге қаратқан. Аталған факті бойынша ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 140-бабының 2-інші тармағы бойынша іс қозғалған. Мұндай келеңсіз жайттар қоғамда аз кездеспейді. Баланың өзгеден жапа шегіп, зорлық-зомбылыққа ұшырауы, құқығы аяққа басылуы немесе қылмысқа қатысты болуы – күрделі әлеуметтік мәселе. Оны шешуге тек құқық қорғау орындарының күші жетпейді. Бала құқығын қорғауға бәрі жауапты. Жетімдер үйіндегі балаларды көргенде ата-анасы неге тастап кетті екен деп ойлайсың. Ал өзінен туған баласын аяусыз ұрып, ішімдіктің ортасында өсірген ата-аналардың әрекетін қалай қолдаймыз? Бала бақытты ортада өсуге лайықты. Жыл басынан бері облыста бала тәрбиесіндегі жауапсыздығы үшін 416 адам әкімшілік жазаға тартылған. 3476 адам отбасында жанжал шығарған. Мұндай ортада өскен баланың болашағы не болмақ?

 

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

 


Количество показов: 685

Возврат к списку