Балабақшалар қалай бақыланады?

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жас таланттар шоғырланды
10:36 16.08.2022  99

Арнайы аймақта - ауқымды жобалар
10:34 16.08.2022  94

Абай жолын ұлықтаған академик
10:30 16.08.2022  101

Ақ желеңділер тапшы
10:26 16.08.2022  127

Көмір бағасы қолжетімді
10:25 16.08.2022  93

Қала жолдары қарқынды жөнделуде
10:23 16.08.2022  98

Әдепсіз әншілер сахнадан шеттетіле ме?
10:21 16.08.2022  95

Сарыарқа самалы, 16 тамыз, сейсенбі
10:20 16.08.2022  106

Кәсіптік білімнің болашағы зор
09:09 13.08.2022  207

Киелі өнердің майталманы
09:05 13.08.2022  229

Қатерлі ісік азаймай тұр
08:59 13.08.2022  254

Абай тағылымы
08:58 13.08.2022  211

Сараланған тариф енгізіледі
08:56 13.08.2022  199

Сарыарқа самалы, 13 тамыз, сенбі
08:53 13.08.2022  223

Жаңа оқу жылына әзірлік
08:02 13.08.2022  243

Құрылысшы - мәртебелі мамандық
08:01 12.08.2022  248

Әр сөзі - тұнған шежіре
10:09 11.08.2022  305

Аспан перзенті
10:07 11.08.2022  300

«Өкпеұлы Кәрімтайдың ғибратты ғұмыры»
10:05 11.08.2022  309

Абай күні аталып өтті
10:04 11.08.2022  331

«Завод» сериалы түсірілуде
10:01 11.08.2022  305

Ауладағы қуаныш
09:58 11.08.2022  295

Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау
09:56 11.08.2022  324

Энергетикалық сусынға тыйым салу қажет пе?
09:52 11.08.2022  323

«Мектепке жол» қалай өтуде?
09:49 11.08.2022  303

Техника жаңартуға таптырмас мүмкіндік
09:43 11.08.2022  342

Шаруалар шабындыққа шалғы салды
09:40 11.08.2022  328

Абай сөзі - әдебиет өлшемі
10:24 09.08.2022  418

Білікті мамандар тапшы
10:21 09.08.2022  404

Бір жабылып, бір ашылған «Әлем»
10:20 09.08.2022  400

Баспана – басты байлық
10:18 09.08.2022  393

«Бейсен және Болмыс»
10:14 09.08.2022  416

Екеудің көрмесі
10:11 09.08.2022  397

Мектеп жәрмеңкесі жалғасады
10:09 09.08.2022  414

Аймақтағы ахуал тұрақты
08:56 06.08.2022  497

Сарыарқа самалы, 6 тамыз, сенбі
08:36 06.08.2022  541

Саназардың теңіз аттары
08:13 06.08.2022  492

Медиация мақсаты - бітімгершілік
08:10 06.08.2022  545

Жолдарымыз жаңарып, аумақтар тазаруда
08:09 06.08.2022  514

Мектепке дайындық қанша тұрады?
08:07 06.08.2022  489

Әлемді әнмен Тербеткен
08:03 06.08.2022  537

Педагогтар не базына айтады?
08:01 06.08.2022  500

Өкпе ауруы дендеп тұр
08:00 06.08.2022  509

Қандай мультфильм көріп жүрміз?
10:51 04.08.2022  582

Интернет алаяқтары көбейіп барады
10:50 04.08.2022  641

Жаңатілекте мешіт ашылды
10:49 04.08.2022  567

Суармалы жердің берекесі мол
10:47 04.08.2022  588

Қор қаражатына несие жабылмайды
10:45 04.08.2022  594

Самокаттарға талапты қатаңдату керек пе?
10:41 04.08.2022  564

Мұрагерге жинақты алуға бола ма?
10:39 04.08.2022  574

Балалар бағына саяхат
10:37 04.08.2022  541

Өнерде шекара жоқ
10:34 04.08.2022  567

Алтын аға
10:30 04.08.2022  618

Балабақшалар қалай бақыланады?
10:28 04.08.2022  630

Әнші арманы
09:57 02.08.2022  640

«Мектепке жол» акциясы басталды
09:54 02.08.2022  821

Жол жабылмайды
09:52 02.08.2022  624

Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет
09:49 02.08.2022  653

Пәтер кезегін себепсіз жылжытқан
09:47 02.08.2022  634

Денсаулық пойызы келді
09:45 02.08.2022  652

Балабақшалар қалай бақыланады? 04.08.2022

Балабақшалар қалай бақыланады?

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдарды лицензиялау алдағы уақытта кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Арнайы бұйрықты енгізу 2024 жылға жоспарланған. Жеке меншік балабақшаларды лицензиялау мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын жақсартып, жемқорлықты азайтады делінуде.

Соңғы кездері балабақшаларда тәрбиешілердің бүлдіршіндерді ұрып-соғуы және оларды қорлау жағдайлары бейнежазбаларға жиі түсе бастағаны мәлім. Мамандар бұл келеңсіздікке мекемелердің басшылары жауап беруі керек дейді. Себебі, балық басынан шіриді. Балабақшаларға кезекті тексерулер көбіне - көп сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келеді.

- Қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдарды ашудың бірыңғай талаптары жоқ. Балабақша ашқанда қандай жағдай жасалғанын, кімді жұмысқа алады, материалдық-техникалық жабдықталуы қандай екенін ешкім тексеріп жатпайды. Кейбір жекеменшік балабақшалар тіпті ашылғаны туралы да хабар бермейді. Балабақшаларды лицензиялау 2011 жылы
тоқтатылған еді. Ол кезде бұл балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыруға мүмкіндік берді. Бүгінде біз балабақшамен 100 пайызға дейін қамтуға қол жеткіздік. Елімізде 11 мыңға жуық мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның 5 мыңнан көбі – жекеменшік. Енді біз сапа мәселесін бірінші орынға қойып отырмыз. Ешкім балабақша санын қысқартуды мақсат етіп отырған жоқ. Министрлікке ата-аналардан арыз-шағымдар түсіп жатыр. Егер балабақшаның жұмысы талапқа сай болса, онда еш қиындықсыз лицензия алады. Ал егер сәйкессіздіктер болса, оларды жою қажет. Міне, бар-жоғы осы. Министрлік 2024 жылдан бастап кезең-кезеңімен лицензиялауды енгізеді. Балабақшадағы жұмысы сапалы жүріп жатқан кәсіпкерлерге қорқатын ештеңе жоқ. Қалыпты, талапқа сай жұмыс істеп жүрген балабақшалар лицензиялаудан қорықпайтынын ерекше атап өткім келеді. Рәсім толығымен автоматтандырылып, тұрақты түрде жұмыс істейді, - дейді Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова. Министрліктің хабарлауынша, мектепке дейінгі ұйымдарға жұмысты сапа стандарттарына сәйкестендіру үшін белгілі бір мерзім беріледі. Лицензия алу үшін балабақшалар ең төменгі біліктілік талаптарына сай болуы қажет. Мұндағы талаптар балабақшадағы жасалған жағдайдың сапасы, кадрларды іріктеу, бейнекамералар орнату, санитарлық және өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау және тағы басқа мәселелерге қатысты болып отыр. Бірінші кезеңде енді ашылып жатқан мектепке дейінгі ұйымдар лицензия алады. Бұл жылына шамамен 200-дей балабақшаны құрайды. Келесі кезеңде – қайта мемлекеттік аттестаттаудан өте алмаған мектепке дейінгі ұйымдар. Содан кейін тәуекелді бағалау дәрежесіне байланысты қалған барлық жұмыс істеп тұрған балабақша өтеді. Негізі балабақшаларды лицензиялау жүйесі Германия, Австралия, Канада, Корея, Малайзия, Сингапур, Ресей секілді көптеген елдерде енгізілген. Мысалы, Германия, Австралия және Канадада балалардың жағдайына қауіп төнсе немесе ұйымның жұмысы сапа стандарттарына сәйкес келмесе, онда лицензия қайтарып алынуы мүмкін. Ал «Әділет» республикалық мектепке дейінгі және орта білім беру қауымдастығының төрағасы Динара Құдайқұлова балабақшалардың жұмысы әлі реттелмегендігін айтып отыр.

- Балабақшалардың 93%-ы мемлекеттік тапсырыс алады. Ата-аналар балаларының балабақшада не ішіп, не жеп жүргенін білмейді. Бүлдіршіндерін бізге тапсырады, ал бізде ешқандай бақылау жоқ. Мен өзім үш баланың анасымын. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі жұмыстарды атқарып жүрмін. Алайда жұмыстардың сапалы жүргізіліп жатқанына ешкім кепілдік бере алмайды. Немерелерім қандай балабақшаға барады? Мені толғандыратыны осы. Биылғы «Балалар жылында» бүлдіршіндердің тәрбиесіне ден қою қажет, - дейді Д.Құдайқұлова. Павлодар облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ләззат Жақиянова лицензиялауды қайтару мәселесі жұртшылық өкілдерімен жиі көтерілетінін түсіндірді. Бұған дейін жеке меншік балабақшалардың өсуін ынталандыру үшін лицензиялауды тоқтатып, содан кейін мемлекеттік бақылаудан, мониторингтен және олардың қызметін жалпы реттеуден бас тарту туралы шешім қабылданған. Соңғы уақытта жеке меншік балабақшалардың саны күрт өскен. Облыс бойынша үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды қамту 99 пайызға дейін жетіп отыр.

- Иә, бұл - жақсы көрсеткіш. Алайда, жаңа ашылған балабақшалардың саны көбейгенімен, сапа мәселесі өзекті болып қала береді. Балабақшалардың бір бөлігі техникалық, санитарлық талаптарға сай келмейтін ғимараттарда, білікті мамандарсыз және қауіпті жағдайларда ашылған, - дейді Л.Жақиянова. Ләззат Тойшыбекқызының айтуынша, бүгінде жұмыс істеп тұрған балабақшалар жұмысының сапасын қадағалаудың бұл рәсімі мектепке дейінгі ұйымдарға тиісті бақылауды қамтамасыз етпейді. Біріншіден, барлық шағын орталықтар өз жұмыстарының басталғаны туралы хабардар ете бермейді. Олар туралы ешкім білмеуі мүмкін. Екіншіден, олар жіберетін және тізімде көрсетілген хабарламаларда ұйымдар көбінесе атауларын, орналасқан жерін өзгертіп көрсетеді. Кейде тізімге енгізу туралы мәліметтерді қайта бермейді. Яғни, олардың қызметін бақылау қиын.

- Өткен жылдың соңында мемлекеттік аттестаттау жүйесі енгізілгені белгілі. Еліміз бойынша өткізілген аттестаттау нәтижелері көңіл көншітпейді. Білім беру ұйымдарының 80 пайызы одан өткен жоқ. Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша, облыста 42 балабақшаның 36-сы аттестаттаудан өтпеді. Бұл жалпы 86%-ды құрайды. Балабақшалар жұмыс, оқу жоспарының үлгілік оқу жоспарына сәйкес келмеуінен, оқу жүктемесін сақтамауынан аттестаттаудан өтпеді. Әр баланың жеке ерекшеліктері және инклюзивті білім беру талаптары ескерілмеді. Бұл сапаның айтарлықтай төмендегенін, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында көрсетілетін қызметтер сапасының жеткіліксіз деңгейін көрсетеді. Осыған байланысты лицензиялар енгізу талап етіледі. Бірақ бұл үшін минималды талаптар жасалады. Оған тиісті білімі бар мұғалімдердің болуы, материалдық-техникалық база, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кіреді. Бейнебақылау жүйелері, өрт қауіпсіздігі және санитарлық нормаларға сәйкес жүргізілетін болады, - деді ол. Бүгінде жекеменшік балабақшаларға лицензия беру жүйесі және біліктілік талаптары әзірленуде. Балабақшаларға лицензия қалай берілетіні туралы түпкілікті шешім жан-жақты қарастырылғаннан кейін қабылданбақ. Мамандар барлық артықшылықтар мен кемшіліктерді талқылап, нақты қорытынды жасайтындарын айтады.

Айдана БОРАНБАЕВА.

 


Количество показов: 561

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жас таланттар шоғырланды
10:36 16.08.2022  99

Арнайы аймақта - ауқымды жобалар
10:34 16.08.2022  94

Абай жолын ұлықтаған академик
10:30 16.08.2022  101

Ақ желеңділер тапшы
10:26 16.08.2022  127

Көмір бағасы қолжетімді
10:25 16.08.2022  93

Қала жолдары қарқынды жөнделуде
10:23 16.08.2022  98

Әдепсіз әншілер сахнадан шеттетіле ме?
10:21 16.08.2022  95

Сарыарқа самалы, 16 тамыз, сейсенбі
10:20 16.08.2022  106

Кәсіптік білімнің болашағы зор
09:09 13.08.2022  207

Киелі өнердің майталманы
09:05 13.08.2022  229

Қатерлі ісік азаймай тұр
08:59 13.08.2022  254

Абай тағылымы
08:58 13.08.2022  211

Сараланған тариф енгізіледі
08:56 13.08.2022  199

Сарыарқа самалы, 13 тамыз, сенбі
08:53 13.08.2022  223

Жаңа оқу жылына әзірлік
08:02 13.08.2022  243

Құрылысшы - мәртебелі мамандық
08:01 12.08.2022  248

Әр сөзі - тұнған шежіре
10:09 11.08.2022  305

Аспан перзенті
10:07 11.08.2022  300

«Өкпеұлы Кәрімтайдың ғибратты ғұмыры»
10:05 11.08.2022  309

Абай күні аталып өтті
10:04 11.08.2022  331

«Завод» сериалы түсірілуде
10:01 11.08.2022  305

Ауладағы қуаныш
09:58 11.08.2022  295

Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау
09:56 11.08.2022  324

Энергетикалық сусынға тыйым салу қажет пе?
09:52 11.08.2022  323

«Мектепке жол» қалай өтуде?
09:49 11.08.2022  303

Техника жаңартуға таптырмас мүмкіндік
09:43 11.08.2022  342

Шаруалар шабындыққа шалғы салды
09:40 11.08.2022  328

Абай сөзі - әдебиет өлшемі
10:24 09.08.2022  418

Білікті мамандар тапшы
10:21 09.08.2022  404

Бір жабылып, бір ашылған «Әлем»
10:20 09.08.2022  400

Баспана – басты байлық
10:18 09.08.2022  393

«Бейсен және Болмыс»
10:14 09.08.2022  416

Екеудің көрмесі
10:11 09.08.2022  397

Мектеп жәрмеңкесі жалғасады
10:09 09.08.2022  414

Аймақтағы ахуал тұрақты
08:56 06.08.2022  497

Сарыарқа самалы, 6 тамыз, сенбі
08:36 06.08.2022  541

Саназардың теңіз аттары
08:13 06.08.2022  492

Медиация мақсаты - бітімгершілік
08:10 06.08.2022  545

Жолдарымыз жаңарып, аумақтар тазаруда
08:09 06.08.2022  514

Мектепке дайындық қанша тұрады?
08:07 06.08.2022  489

Әлемді әнмен Тербеткен
08:03 06.08.2022  537

Педагогтар не базына айтады?
08:01 06.08.2022  500

Өкпе ауруы дендеп тұр
08:00 06.08.2022  509

Қандай мультфильм көріп жүрміз?
10:51 04.08.2022  582

Интернет алаяқтары көбейіп барады
10:50 04.08.2022  641

Жаңатілекте мешіт ашылды
10:49 04.08.2022  567

Суармалы жердің берекесі мол
10:47 04.08.2022  588

Қор қаражатына несие жабылмайды
10:45 04.08.2022  594

Самокаттарға талапты қатаңдату керек пе?
10:41 04.08.2022  564

Мұрагерге жинақты алуға бола ма?
10:39 04.08.2022  574

Балалар бағына саяхат
10:37 04.08.2022  541

Өнерде шекара жоқ
10:34 04.08.2022  567

Алтын аға
10:30 04.08.2022  618

Балабақшалар қалай бақыланады?
10:28 04.08.2022  631

Әнші арманы
09:57 02.08.2022  640

«Мектепке жол» акциясы басталды
09:54 02.08.2022  821

Жол жабылмайды
09:52 02.08.2022  624

Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет
09:49 02.08.2022  653

Пәтер кезегін себепсіз жылжытқан
09:47 02.08.2022  634

Денсаулық пойызы келді
09:45 02.08.2022  652