Балалар әдебиетін қалай дамытамыз?

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  311

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  280

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  295

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  350

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  400

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  231

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  261

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  217

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  267

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  259

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  291

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  613

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  470

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  492

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  235

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  236

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  442

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  352

11 медаль!
11:05 24.01.2023  284

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  313

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  303

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  300

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  482

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  357

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  266

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  284

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  294

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  324

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  2763

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2662

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2639

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  2679

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  2597

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  2625

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  2743

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2601

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2576

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  2656

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  2613

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  2698

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  2710

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  2681

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  2865

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  2758

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  2830

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  2731

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  2853

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  2973

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  2623

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  2791

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  2848

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  2622

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  2782

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  2659

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  2960

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  2855

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  2853

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  2881

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  2892

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  3107

Балалар әдебиетін қалай дамытамыз? 04.03.2021

Балалар әдебиетін қалай дамытамыз?

Ертеңгі отансүйгіш, ақыл-ойы толысқан, рухты ұрпақ бүгінгі балалар әдебиетінен бастау алады. Қиял құсы қалықтаған жасөспірім ер жете келе ізденгіштігімен, толассыз талпынумен табысты болады. Сондықтан елшіл ұрпақ тәрбиелеу үшін бүгін балалар әдебетін дамытуға баса көңіл бөлу керек. Идеологияның нақ осы тұсын жетілдіру бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке нақты тапсырма берген-тұғын. Осы іргелі міндетті қалай іске асырмақ керек? Қандай бағытты таңдау керек? 


Жақында облыстық «Saryarqa samaly» газетінің редакциясы «Балалар әдебиетін қалай дамытамыз?» деген тақырыпта ZOOM платформасы арқылы онлайн «дөңгелек үстел» ұйымдастырды.  Оған Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Самал Бегалинова, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғалымбек Жұматов,  №40 орта мектебінің директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қожакелді Аманкелдіұлы, Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары Еламан Қабдыләшім, С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығының кітапханашысы Маржангүл Хазыхан қатысты. Онлайн кездесуді басылымның бас редакторы Нұрбол Жайықбаев жүргізіп, қатысушылар болашақта ескерілуі тиіс ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАВ:
 - Құрметті қонақтар, сіздерді редакцияның ұйымдастырған онлайн пікір алаңында көргені-мізге қуаныштымыз. Биылғы жылды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Балалар әдебиетінің жылы» деп жариялағаны мәлім. Ертіс-Баян өңірі – қазақ әдебиетінің белгілі тұлғаларын, небір көрнекті өкілдерін шығарған құтты мекен. Соның ішінде балалар әдебиетіне көптеген ақын-жазушылар қалам сілтеп, талай кітап шығарды. Арыға барсақ,  Мәшһүр Жүсіп, Сұлтанмахмұт, одан берісі Қалижан Бекқожин, Мұзафар Әлімбаев, Қабдыкәрім Ыдырысов, Аманжол Шамкенов, Мүбәрак Жаманбалинов сынды қаламгерлердің шығармашылығына үңілсек, балалар тақырыбында талай тұшымды дүниелер бар. 
Қабдыкәрімнің: 
Ойнайық та ойлайық, 
Қандай жұмбақ болса да 
Шешпей оны қоймайық, - деген шумақтары аға буынның есінде. Осы алдыңғы буынның жалғасы ретінде Есентай Ерботин, Сүлеймен Баязитов, Ғалымбек Жұматов сынды қаламгерлерді атауға болады. Ғалымбек ағамыз «Ала көжек» деген повесімен республикалық балаларға арналған шығармалар байқауының жүлдегері болғаны есімізде.  Ал қазіргі жағдайымыз қалай?  
Жалпы, Ертіс-Баян өңірінде балалар әдебиеті бағытындағы кітаптар қаншалықты жиі шығып жатыр? Сондай-ақ, кітапханалар қажетті кітаптармен толық қамтылған ба? Самал Балғабайқызы, осы сұраққа жауап берсеңіз...

Самал БЕГАЛИНОВА: 
- Балалар әдебиеті айна-ласындағы күрделі мәселені дөңгелек үстел талқысына салған газет ұжымына алғыс айтамын. Бұл - өте өзекті тақырып, күрделі сала. Жалпы, кітапхана желісіне келер болсақ, Павлодар облысында 7 балалар кітапханасы бар. Соның ішінде Екібастұз қаласында және Павлодар қаласында орталықтандырылған балалар кітапханалары жұмыс істейді. Одан бөлек, 11 ауылда балалар бөлімі бар. Облыс кітапханаларында балаларға арналған 582 188 дана кітап бар. ҚР Мәдениет және спорт 
министрлігі осыдан екі ай бұрын үлкен жиын өткізіп, балалар әдебиетін көркейту мәселесін талқылаған еді. Сонда белгілі болғандай, кітапханалар қорына жаңа кітаптарды сатып алу немесе мемле-кеттік тапсырыс аясында жеткізу деңгейі төмен. Мұндай кемшілік - әдебиет саласында ғана емес, жалпы мәдениет саласында бар тоқырау. Мысалы, композиторлар қауымы да балаларға арнап ән шығара бермейді. Былтырғы жылдың есебі бойынша, 117 429 дана кітап жас оқырмандардың қолына беріліпті. 
Балалар кітапханаларының қорын байыту мәселесі де - біздің еншіміздегі шаруа. Негізі, қажетті оқулықтарды «Алматы», «Атамұра», «Аруна» және «Мектеп» баспа үйле-рінен аламыз ғой. Бұған бюджеттен қаражат бөлінеді. Өкінішке қарай, балаларға арналған кітаптарды сатып алуға бағытталатын қаражат көлемі мардымсыздау. Сондықтан, кітапханаларды толық қамти алмай жатқан жайымыз бар.  Бұл мәселені шешуді қарастырып жатырмыз. 
Ең үлкен жетістігіміз – облыс орталығындағы балалар оқу орталығына жөндеу жұмысын жүргізіп, оған жерлесіміз Сүлеймен Баязитов есімін бердік. Екі жыл бұрын Назарбаев даңғылындағы балалар кітапханасына Мүбәрак Жаманбалинов есімі берілген еді. Міне, балалар әдебиетінің алға ілгері-леуіне үлес қосқан жерлес қаламгерлерге осындай құрмет көрсетілді.

Без имени-2цвет.jpg

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ:
- Шынымен осы салада қандай мәселе барын білдік. Бірақ бұл- бір басқармаға ғана емес, барша қаламгерлерге қатысты дүние. Себебі, кітап шығару үшін алдымен жазылуы керек. Қ.Ыдырысов бір жазбасында: «Балаларға арналған шығармаға зер салғанда алдымен оның тәрбиелік мәніне көңіл аударамыз. Жас буынды отаншылдыққа, достыққа, адалдыққа, табандылыққа, еңбек-сүйгіштікке тәрбиелейтін көркем шығарма керек-ақ.   Кейбір қалам-герлер өзін балалар әдебиетінен аулақпыз деп түсінетін сияқты. Солай ойлағанымен ең белсенді оқырман балалар қауымынан аулақ тұрмаса керек. Өйткені, балалар оқымайтын, балалар қызықпайтын кітап жоқ» деген. Ендеше бүгінгі аға буын бұл тақырыпқа қаншалықты жиі оралуда?

Ғалымбек ЖҰМАТОВ: 
-  2021 жыл – балалар әдебиеті жылы деп жарияланды. Бұл өте құптарлық бастама болды.  Бұл салаға Қазақстан Жазушылар одағы да айрықша көңіл бөлетінін білдіріп жатыр. Балалар оқу үшін қаламгерлер жазуы керек. Негізі әлем әдебиетінде бүлдіршіндерді бірден баурап алатын классикалық дүниелер көп. Біз соның көлеңкесінде қалып қоймасақ деймін. Яғни, өз баламызға қажетті дүниені өзіміз жазуымыз керек. Қаламгерлер «Менің атым Қожаның» айналасында ғана қалып қоймай, қазіргі қоғамға сай дүние тудырса. Негізі, балалар әдебиеті - өте ауыр жанр. Кез келгеннің тісі батпайтын күрделі тақырып. Десе де, біздің алдымызда буыннан Мүбәрак Жаманбалинов, Есентай Ерботиндер бұл салада жан-тәнімен еңбек етті, барлық шығармасын балаларға арнады. Өкінішке қарай, кейін бұл тақырыпқа жазатындар сиреп кетті. Әрине, жалпы қазақ әдебиетіне өзіндік үнімен келіп, прозаға болсын, поэзия жанрында болсын, өндіріп жазып жүргендер баршылық. Бірақ балалар тақырыбына келгенде көп қаламгерлер тартыншақтап қалып жатыр, тістері батпай келеді. Екіншіден, балалар да әдебиетке тым жуық емес екенін көзіміз көріп жүр. Сондықтан, бұл саланың жұмысын бұдан да төмен құлдыратып алмай, әркім өз міндетіне қарай үлес қосса болар еді. Негізі, баланың кітапқа деген сүйіспеншілігін кішкентай кезінен бастап арттырып, әдебиетке ерте бастан баулу керек. Сонда барып сауатты оқырман қалыптастыра аламыз. Бұған мұғалім де, кітапханашы да, әдебиетті жасайтын жазушы да жауапты. 

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ: 
- Иә, біздің өңірде жемісті еңбек етіп келе жатқан қалам-герлер бар. Кітаптары да шығып жатыр. Бірақ, дәл балалар әдебиетіне келгенде ауыз толтырып айтар жұмыс жоқ. Ендеше, жастар арасында балалар тақырыбына қалам тербеп немесе әдебиеттің осы бағытына қызығушылық танытып жүргендер бар ма? Еламан, әңгімені осы бағытта жалғастырсаң...

Еламан ҚАБДЫЛӘШІМ: 
- «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген Мұхтар атамыздың сөзін алға ұстаған өңіріміздің аға буын қалам иелерінің ізін жалғауда жас буын әлі де көп еңбектенуі керек деп ойлаймын. Өңірімізде балалар тақырыбын жазып жүрген бірді-екілі ақындардың қатарында екібастұздық Ардақ Жұмағалиеваны, керекулік Қуанышбек Шармановты ерекше атауға болады. Біріншісі балаларға арнап тілге жеңіл, қабылдауға оңай әрі шағын тақпақтар жазып жүр. Ал Қуанышбек ағамыз жас оқырмандарға ұлттық тәрбие беретін әдістемелік кітаптар ұсынуда. Одан бөлек, өңірімізге белгілі журналистер Асыл Әбіш пен Мұрат Аяғановтың асық ойыны жайлы суретті кітапшасы балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыра түскендей. Әрине, бұл еңбекті балалар әдебиетіне жатқызуға болмас. Дегенмен бала тәрбиесіне тікелей бағытталғандықтан мысалға алдық. Сондай-ақ, Нұрбол Қанатбекұлы,  2016 жылы сіздер де аймағымыздағы бірнеше қаламгермен бірлесіп кітап шығардыңыздар. Қазақ тілді қаламгерлердің кейінгі буын өкілдерінің еңбектерін осылайша санамалап бере аламын. Бірақ, бұларды жастар санатына жатқыза алмаймыз. Сол себепті «Менің қатарластарым балалар әдебиетіне үлес қосуда» деп айтуға тым ерте. 
Осы ретте мынадай бір жағымды жаңалықпен бөлісе кеткім келіп отыр. Жақында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғалымбек Жұматов ағамыздың балаларға арналған тағы бір жинағы жарық көрмек. Бұл игі іске Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының мұрындық болуымен, әдебиетке жанашыр демеушілер қолдау көрсетуде.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ: 
- Өз шығармашылығыңда балаларға арналған туындылар бар ма?

Еламан ҚАБДЫЛӘШІМ: 
- Бірнеше жыл бұрын респуб-ликалық «Ақ желкен» журналында жұмыс істейтін досым Асылан Тілегеннің ұсынысымен заманауи жұмбақтар жазып көрген едім. Сол жұмбақтарды жақында аудандық газетке де жариялағанбыз. Көп уақыт өтпей 4-5-сынып оқушыларынан жауап келді. Айтуларынша, жұмбақты шешуде көп қиналмапты, қызыға шешіпті. Демек, біздің бала достарымызға өздері күнделікті көретін жағдайлар, ұстайтын құралдар, тұтынатын заттар жайлы шығармалар қызық.
Өткенде 4 жасар қарындасым: «Тик-ток – бұл тренд» дейді. Осындай кезде «заманымыз не болып барады?» дейміз.  Бірақ, ондай арзан дүниеден қанша қашсақ, ол бізге соншалықты жақындап келеді. Біз сол жаңашылдықтарды жаңа шығармаларымызға пайдалансақ, балаға оның дұрыс-бұрысын жақсылап жеткізсек, баланы қызық-тыра алармыз деп ойлаймын. Яғни, осындай жаңашылдықтарды өзіміздің таным-түсінігімізге қарай икемдеп, заманауи әдебиетке қолдансақ, оқылатын секілді. Балаларға арнап шығарма жазу үлкен жауапкершілікті талап етеді, шынайы жанашырлықты қажет етеді. Соған көзім жетті. Бұл мәселені бірлесіп шеше алсақ, ел болу жолында бесігімізді түзеуге жасаған мығым қадамдарымыздың бірі болар еді...

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ: 
- Рас айтасың, Еламан. 2016 жылы менің «Сиқырлы әріптер» деп аталатын өлеңім бір ұжымдық жинаққа енген. Атап айтқанда аймағымыздың үш қаламгері – Елена Игнатовская, Елена Вайберт және мен үшеуіміз бірлесіп, пышақтың қырындай бір жұқа кітап шығардық. Міне, өңіріміздегі балалар әдебиетінің жұтаңдығын осыдан-ақ аңғаруға болады. Балаларға арналған шығармалар сол кезде де өте сирек жазылатын еді. Менің ойымша осы тақырыпта түрлі байқаулар жариялап, қалам-герлерді ынталандырып отыру қажет секілді.

Самал БЕГАЛИНОВА: 
- Иә, бұл өте орынды ұсыныс. Жалпы, осы бағытта қолға алынып жатқан жұмыстар да жоқ емес. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және биылғы «Балалар әдебиеті жылына» орай бір жоба бастадық. Ол – аймақ қаламгерлерінің «Күміс қалам» шығармашылық байқауы. Яғни, байқау жеңімпаздарына кітап-тарын шығаруға қолдау көрсетіледі. Жалпы, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы көп жобаларды қолға алып жатыр. Соның бірі – жоғарыда айтқандай қаламгерлерді қолдау. Содан кейінгі мақсатымыз – биылғы «Балалар әдебиеті жылын» жоғары деңгейде өткізіп, нақты істер атқарып қалу. 

Ғалымбек ЖҰМАТОВ: 
- Біз көп жағдайда балаларды поэзияға, өлең жазуға ғана бағыттай беретініміз рас. Енді оларды проза жанрына да көп тартуымыз керек. Яғни, өз өмірлері туралы қысқа-қысқа әңгімелер жазуды үйретсек, болашақта олардың арасынан прозаиктер шығуына әсер ететініміз анық.  Біздің оқушы кезімізде суретті кітаптап көп болатын еді. Яғни, ертегіні сурет арқылы жеткізу – жас жеткіншекке кітап оқу мәдениетін сіңірудің бір тәсілі. Болашақта осы жағына көңіл аудару қажет.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ: 
- Келесі сөз кезегін Қожакелді Аманкелдіұлына берсек. Балалардың әдебиетке деген қызы-ғушылығы қалай? Мектеп жасын-дағы оқушыларға әдебиеттің қай жанры жақын келеді? 

Қожакелді АМАНКЕЛДІҰЛЫ: 
- Мен бұған дейін «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінде жұмыс істедім. Сол кезде балаларды көркем шығарма жазуға бағдарлау және туындыларын топтастырып, шағын кітапша етіп шығару үрдісі қалыптасқан еді. Себебі, кітап – балалардың әдебиетке деген талпыныстарын күшейтіп, ынталарын арттыратын бірден бір құрал. Кейін бұл бағыттағы жұмыстар тоқтап қалды.  Бәлкім, осы тәсілді тағы қолданып көру керек шығар?!
Шынын айту керек, қазіргі оқушылар поэзияға тым жуық емес. Біздің тұсымыздағы жастар Абайдан бастап, Мұқағалиға дейін жата-жастана оқығаны баршаға мәлім ғой. Қазіргі балалар өлеңге дәл сол кездегідей құштар емес. Керісінше, прозалық шығармаларды сүйіп оқитын балалардың қатары артып келе жатқаны байқалады. Бұл үрдісті қазақ тілі мен әдебиеті сабағын өту барысында да байқаймыз. Жалпы, балалардың әдебиеттен алыстуына өзіміз де кінәліміз. Мысалы балаларыңызды ертіп кітап дүкеніне барыңызшы, бірден орыс ертегілеріне көздері түседі. Себебі, олар балаларды сыртқы мұқабасындағы суреттерімен қызықтырып қойған. Сосын, ішкі мазмұны мен тақырыпқа сай безендірілуі де ерекше болып келеді. Яғни, балалар кітабының дизайнын нағыз балалар көзімен жасап отыр. Мұны мұғалім ретінде де, ата-ана ретінде де байқадық. Міне, біз осы жағынан қалып келеміз. Дүкенде қазақ тілді кітаптар мүлдем жоқ деп айтпаймын. Сөреде өзіміздің «Алдар көсе», «Соқыр көжек» сынды шығармаларымыз тұр. Бірақ, орыс тілді басылымдардың қатарында ол балаларды өзіне тартай алмайды. Бала ол жерде тілін таңдап тұрған жоқ, сыртқы көркемдігін таңдап тұр. Міне, болашақта кітап шығарамын деген ақын-жазушылар, баспагерлер осы жағын жетілдіруі керек. 

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ:
- Шын мәнінде баланы көркем әдебиетке баулу, кітап арқылы мәдени-рухани тәрбие беру – мұғалімдерге ғана тиесілі шаруа емес. Ата-анаға да тікелей қатысты мәселе. Ендеше үлкендер жағы балаларын кітапханаға қаншалықты жиі апарады? Өткен жылы ғана ашылған С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығына жас оқырмандар қаншалықты жиі келеді екен? Осы сұраққа жауап алсақ...

Маржангүл ҚАЗЫХАН:
- Біздің оқу орталығының қорында 87 мың дана балалар кітабы бар. Оның 17 мыңы қазақ тіліндегі кітаптар. Сонымен қатар, 50-ден астам газет-журнал келеді. 2020 жылы 500-ден астам жаңа кітап түсті. Балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын жоғары деңгейде деп айта аламын. Жас оқырмандардың саны күн санап артып келеді. Балалар қажетті кітаптарды үйде ғана емес, абонемент бөлімінде де отырып оқиды. Жергілікті ақын-жазушылардан Сүлеймен Баязитов, Есентай Ерботин, Ғалымбек Жұматов, Елена Игнатовская, Ольга Григорьева сынды қаламгерлердің туындылары көп сұранысқа ие. Біздің орталықта кітап беруден бөлек, әртүрлі сайыстар, іс-шаралар да ұйымдастырылады. Жалпы, балалардың кітапқа деген қызығушылығы жоғары. Бұған ата-аналар да зор қолдау көрсетіп келеді.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ:
- Жақсы шығарма жазу – қаламгердің жұмысы. Оны жинақтап, баспадан өткізу – құзырлы мекемелерге тиесілі. Ал дайын өнімді игеру, пайдаға жарату мәселесі мұғалімдер мен кітапханашыларға және ата-аналарға байланысты екені 
белгілі. Яғни, жан-жақтан бірлесіп, күш біріктіруді қажет ететін сала. Осы мәселенің шешу жолын жан-жақты қарастырып, жанашырлық білдіргендеріңізге және уақыт бөліп өз пікірлері-ңізді ортаға салғандарыңызға алғысымызды білдіреміз.

Түйін: 
Баламызды күніне кемінде үш уақыт тамақтан-дырамыз. Бұл – тән саулығының кепілі. Ал кітап – адамның жанын тойдыратын ең асыл рухани қазына. Сондықтан, осы салада айтылып жатқан кейбір түйткілді мәселелерді әркім өз хал-қадірінше шешіп көрсе, ұлт алдында және ұрпақ болашағы жолында атқарған игілікті іс болар еді. 

Жазып алған – Тілеуберді САХАБА.

Количество показов: 948

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  311

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  280

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  295

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  350

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  400

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  231

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  261

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  217

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  267

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  259

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  291

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  613

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  470

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  492

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  235

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  236

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  442

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  352

11 медаль!
11:05 24.01.2023  284

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  313

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  303

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  300

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  482

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  357

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  266

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  284

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  294

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  324

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  2763

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2662

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2639

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  2679

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  2597

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  2625

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  2743

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2601

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2576

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  2656

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  2613

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  2698

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  2710

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  2681

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  2865

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  2758

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  2830

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  2731

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  2853

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  2973

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  2623

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  2791

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  2848

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  2622

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  2782

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  2659

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  2960

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  2855

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  2853

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  2881

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  2892

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  3107