Балаларды егудің тәртібі қандай?

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  422

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  410

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  419

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  406

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  417

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  400

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  467

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  438

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  437

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  483

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  452

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  485

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  449

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  493

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  510

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  569

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  534

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  541

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  639

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  649

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  560

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  640

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  629

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  568

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  642

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  567

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  815

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  720

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  730

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  708

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  715

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  735

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  629

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  702

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  728

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  839

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  732

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  833

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  825

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  824

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  803

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  818

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  781

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  891

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  932

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  932

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  874

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  867

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  880

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  884

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  1142

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  1113

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  1010

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  872

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  1017

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  880

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  938

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1174

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1163

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  1127

Балаларды егудің  тәртібі қандай? 18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?

Елімізде балаларды коронавирустан қорғау мақсатында жоспарлы егу науқаны басталды. Жасөспірімдерге «Pfizer» вакцинасы салынуда. Ұл-қызының денсаулығына алаңдаған ата-аналар арасында екпенің тиімділігіне қатысты сұрақ көп туындауда. Оқырмандардың сан сауалын ескере отырып, облыстық «Saryarqa samaly» газеті Instagram-дағы парақшасында «Онлайн желі» ұйымдастырды. Шараға Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы мекемелерінің стратегиялық дамыту және инновациялық технологиялар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерғалы Амангелдіұлы Асылбек қатысып, көпті толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Тілші сауалы:

- Сәлеметсіз бе, Ерғалы Амангелдіұлы! «Тікелей желіге» қош келіпсіз! Бүгінгі сөз етер мәселелер өте өзекті. Үкіметтің қатысуымен «Pfizer» екпесі елімізге әкелінді. Ол кімдерге арналған?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- «Pfizer» препараты Павлодар облысына 18 қарашада жеткізіледі. Аталмыш екпе түрі 12-17 жас аралығындағы балаларға, жүкті әйелдерге арналған. Құрсағында сәбиі бар аналар жүктіліктің 16-37 аптасында вакцинаны қабылдай алады. Сонымен қатар, өмірге нәресте әкелген әйелдер 42 күннен кейін препаратты салдыра алады.

Тілші сауалы:

- Өңірде 12-17 жас аралығын-дағы вакцина алуға денсаулығы жақсы қанша бала бар?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Аймағымызда 12-17 жас аралығындағы балалардың жалпы саны 60 мыңнан асады. Ең бірінші кезекте екпе 16 және 17 жастағы балаларға салынатын болады. Бұл тізімге жататын жасөспірімдердің саны - 10 мыңға жуық. 18 жасқа толған балалар ересек топқа жатқызылып, өзге вакцинаны қабылдайтынын білесіздер. Сол себепті 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер екпені алғашқы болып салдырады.

Тілші сауалы:

- «Pfizer» вакцинасы неше дозадан тұрады?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Бір құтысы 6 адамға арналған. Вакцина екі компонентті. Екі дозаны салдырудың арасы 21 күнді қамтиды.

Тілші сауалы:

- Балаларға екпе ерікті түрде салына ма?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Әрине. Қазір ата-аналар арасында осы мәселеге қатысты түрлі пікір тарауда. Балаларды екпе алуға ешкім мәжбүрлемейді. Вакцина тек ата-ананың келісімі арқылы салынады.

Самал, Май ауданы:

- Екпе алмаған оқушылар оқудан шектеле ме?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Жоқ. Вакцина салдырмаған оқушылар сабақтан шеттетілмейді. Мектепке кіргізіледі. Вакцина салдырған балалармен бірге оқиды.

Ақерке, Ақсу қаласы:

- Балалар Ashyq жүйесіне қатыстырыла ма? Яғни, вакцина алмағандар кәсіпкерлік нысандарына кіре алмауы мүмкін бе?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Ashyq жүйесімен облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы айналысады. Бас санитар дәрігердің қаулысында аталмыш жүйеге байланысты шектеу қойылмаған. Екпе алған немесе алмаған балалар Ashyq жүйесі арқылы тексерілмейді.

Тілші сауалы:

- Жасөспірімдерге арналған «Pfizer» екпесін салу тәртібіне тоқталып өтсеңіз...

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Ең бірінші кезекте вакцинаны арнайы оқудан өткен меди-циналық мамандар салады. Яғни, мектеп медбикесі немесе емхана дәрігерлері балаларға екпе еге алмайды. Екпе бригадасында терапевт дәрігер немесе фельдшер, аттестациядан өткен екпе салатын маман, балаларды тіркейтін екі адам болады. Вакцинаны салмас бұрын мамандар балалардың денсаулығын толық тексереді. Дене қызуын, қандағы оттегі мөлшерін (сатурация) бақылайды. Ата-анасынан баланың денсаулығына қатысты сұрақтарға жауап алынады. Бұл ретте қандай да бір препараттарға аллергияның болуы не болмауы, созылмалы ауруға шалдыққаны не шалдықпағаны ескеріледі. Тексеру толық жүргізілген соң ғана жасөспірімге вакцина егіледі. Ескеретін жайт, вакцина аш қарынға салынбайды. Яғни, екпе салардың алдында бала тамақтануы керек.

Тілші сауалы:

- Вакцина мектепте салына ма әлде емханада ма?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Екпе егу науқаны медицина-
лық мекемелерде де, мектеп қабырғасында да жүргізіледі. Ата-аналар препаратты қабылдау орнын өздері таңдайды. Қазіргі уақытта білім беру ордаларында егу кабинеттері дайындалуда. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, егу кабинеттері мектептің бірінші қабатында орналасуы тиіс. Аталмыш бөлме желдетіліп отыруы керек. Вакцина алған бала 30 минут бақылауда болуы үшін қосымша бөлме де қарастырылуы керек.

Тілші сауалы:

- Екпе алғаннан кейін ағзада қандай жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Кез келген вакцинадан кейін ағзада жағымсыз әсерлер пайда болады. Бұл - қалыпты жағдай. Екпе салған орын ауырып, қызарып, бөртуі де мүмкін. Әлсіздік, бас ауруы да мазалауы мүмкін. Сонымен қатар, бұлшық ет, буын да ауыруы ықтимал. Бірақ вакцина алған барлық баланы аталмыш белгілер мазалайды деп айта алмаймыз. Әр жасөспірімнің жеке ағзасына байланысты. Вакцина алған балаларды дәрігер 3 күн бойы бақылайды. Ата-анасына хабарласып, баланың жағдайын біліп отырады. Егер дене қызуы көтеріліп, аллергия пайда болса, ем жүргізіледі.

Жадыра, Шарбақты ауданы:

- Екпенің тиімділігі туралы әңгіме көп. «Pfizer» вакцинасы індеттен қаншалықты қорғайды?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген зерттеулерге сәйкес, екпенің тиімділігі өте жоғары деп бағаланған. Яғни, екпе салдырған балалар КВИ жұқтырған күннің өзінде ағзасында індет жеңіл өтеді. Ауру асқынбайды.

Тілші сауалы:

- Облыста баласының «Pfizer» екпесін алуына ниет білдірген ата-аналар бар ма?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Иә, екпеге қызығушылық танытып жатқан ата-аналар бар. Тіпті, денсаулық сақтау басқармасына хабарласып, балаларына екпе салдырғысы келетінін айтып жатқан ата-аналар көп. Сондықтан баласына вакцина салдырғысы келетін ата-аналардың саны көп болатынына сенімдіміз.

Зәуреш, Баянауыл ауданы:

- Егер ата-аналар баласының екпе алуына қарсы болса, қандай да бір тәртіптік жаза қарастырыла ма?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Жоқ. Балаға екпе салдыру мәселесі әр ата-ананың жеке шешіміне байланысты. Ұл-қызына вакцина салдырудан бас тартқан әке-шешелер қылмыстық немесе әкімшілік жазаға тартылмайды.

Тілші сауалы:

- Вакцина алған балалар екпеден кейін ауырып қалса, сабақтан босатыла ма?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Әрине, вакцина салдырған бала келесі күні өзін жайсыз сезінсе, демалыс беріледі. Мұндай шешімді мектеп басшылығы қабылдайды.

Жұлдыз, Екібастұз қаласы:

- «Pfizer» екпесін өзге санатқа жататын адамдар ақылы негізде қабылдай алады дегенді естіген едім. Оның бағасы қанша?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Қазіргі уақытта аталмыш вакциналау тегін жүргізіледі. Әрі екпені тек 12-17 жас аралығындағы балалар мен жүкті әйелдер ғана салдыра алады. Әзірге өзге санат-
қа жататын адамдарға «Pfizer» егілмейді.

Тілші сауалы:

- Облыста қанша бала КВИ жұқтырған?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Павлодар облысы коронавирусты жұқтырушылардың саны бойынша әлі де «қызыл» аймақта. Өңірде 164 оқушы қауіпті кеселмен ауыруда. Оның ішінде 28 бала стационарда, 136 бала амбулаторлық деңгейде ем алуда.

Тілші сауалы:

- Қазір балалар арасында пневмония, коронавирус індеттері өршуде. Бұған не себеп?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Өткен жылы өңірде балалар арасындағы індет көрсеткіші қазіргідей өршімеген болатын. Бүгінде ахуал күрделі болып отыр. Бұған тұмау, ЖРВИ сынды маусымдық аурулардың таралуы да себеп. Сонымен қатар, ата-аналар көпшілік жиналатын орындарға, той-томалақтарға баруға құмар. Осы жағдайлар балалар арасында КВИ-дің өршуіне себеп болып отыр.

Сәуле, Павлодар қаласы:

- Менің балам 7-сыныпта оқиды. Тұмаумен жиі ауырады. Иммунитеті әлсіз. Аурушаң болғандықтан екпеден бас тарта ала ма?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Бұл жағдайда шешімді терапевт дәрігер қабылдайды. Жалпы, тұмауға жиі шалдығатын бала екпе алуы тиіс. Себебі вакцина ғана оның ағзасын вирустан қорғайды.

Жанат, Екібастұз қаласы:

- Қызым 9-сыныпта оқиды. Анасы екеуіміз оның КВИ-ге қарсы екпе алғанын қалаймыз. Өзіміз де вакцина салдырдық. Баламызға препаратты салдыр-
мас бұрын иммунитетін қалай көтерсек болады?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Ең бірінші кезекте жергілікті емханадағы учаскелік дәрігерге бара аласыз. Маман балаңыздың жағдайын тексеріп, сараптама тағайындауы мүмкін. Иммунитетті көтеру үшін дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдану қажет. Соны-
мен қатар, баланың ұйқысы қанық болуы тиіс.

Қанат, Павлодар қаласы:

- Балалар қандай жағдайда екпеден бас тарта алады?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Препарат құрамындағы дәрілерге аллергиясы бар балалар екпеден босатылады. 12 жасқа толмаған және жүктіліктің 16-шы аптасына жетпеген әйелдерге вакцина салынбайды. Сонымен қатар, анамнезде полиэтиленгликольға аллергиясы бар балаларға екпе алуға болмайды. Қандай да бір вакцинадан кейін есінен танып қалған жағдайлар болса, КВИ-ге қарсы екпеден босатылады. Созылмалы ауруларға шалдыққан, тромбтың пайда болуынан қорғайтын дәрі ішіп жүрген балалар вакцинаны қабылдай алмайды. Иммунитеті әлсіз балалар да екпеден бас тарта алады.

Мерей, Шарбақты ауданы:

-15 жастағы қызым жуырда пневмониямен ауырған еді. Екпені қашан салдыра алады?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Ережеге сәйкес, пневмония және коронавирустан емделіп шыққан балалар «Pfizer» екпесін
6 айдан кейін ғана салдыра алады. Егер денсаулығы тез қалыпқа келсе, екпені 3 айдан кейін де алса болады. Бірақ шешімді дәрігер ғана қабылдайды.

Тілші сауалы:

- Шет елдің бірқатар елдерінде «Pfizer» екпесі 12 жасқа толмаған балаларға да салынуда. Мысалы, Қытайда 3 жастағы, АҚШ-та 5 жастағы балалар екпе алуда. Өңірде ата-аналар 12 жасқа толмаған ұл-қызына екпе салдыра ала ма?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Еліміздің Бас санитар дәрі-герінің қаулысына сәйкес, екпе 12-17 жас аралығындағы балаларға ғана салынады. 12 жасқа толмаған жасөспірімдерге ата-анасы рұқсат берсе де, екпе салынбайды.

Серік, Май ауданы:

- Қызымның ағзасы кейбір медициналық препараттарды қабылдай алмайды. Аллергиясы бар. Бұл жағдайда екпеден бас тартса бола ма?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Әрине. Бала ағзасында қандай да бір вакцинадан кейін аллергия болған жағдайда екпеден бас тарта алады.

Жадыра, Ертіс ауданы:

-Екпе алған балаларға вакцина паспорты беріле ме?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Иә, вакцина паспорты міндетті түрде беріледі. Оны «egov mobile» мобильді қосымшасы арқылы жүктеуге болады.

Қуат, Павлодар ауданы:

- Жаз мезгілінде отбасымызбен шет елде демалғанды ұнатамыз. Балаларым вакцина алмаса, өзге мемлекеттерге шыға алмай ма?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Әр мемлекеттің саясаты әртүрлі. Егер демалуға аттанғалы жатқан мемлекет балалардың вакцина алуын немесе ПЦР сараптама нәтижесін талап етсе, оған бағыну қажет.

Жеңіс, Екібастұз қаласы:

- Вакцина салдырмаған балаларға мектеп әкімшілігі қысым көрсетсе, не істеу керек?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Егер білім беру мекемелері екпе алуға қысым көрсетсе, облыстық білім беру басқармасына хабар беру қажет. Мамандар жағдайды бақылауға алады.

Күнсұлу, Баянауыл ауданы:

- Балаларымның екпе алуына қарсымын. Мектептегі ұстаздар мен дәрігерлер баланы еркінен тыс көндіріп, вакцина салдыруы мүмкін бе?

Ерғалы Амангелдіұлы:

- Жоқ. Ата-ананың жазбаша түрдегі келісімі болмаса, ешкім балаға екпе сала алмайды. Ұстаздар да, дәрігерлер де әке-шешенің рұқсатынсыз жасөспірімдерді вакцина алуға үгіттей алмайды. Оларда мұндай құқық жоқ.

Түйін:

Тікелей желі көрсеткендей, мәселе өзекті. Ең бастысы, балаларды дерттен қорғауға баса мән берейік. 


«Онлайн желіні» жүргізген – Айдана ҚУАНЫШЕВА.


Количество показов: 828

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  422

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  410

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  419

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  406

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  417

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  400

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  467

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  438

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  437

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  483

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  452

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  485

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  449

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  493

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  510

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  569

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  534

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  541

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  639

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  649

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  560

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  640

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  629

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  568

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  642

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  567

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  815

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  720

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  730

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  708

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  715

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  735

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  629

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  702

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  728

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  839

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  732

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  833

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  825

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  824

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  803

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  818

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  781

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  891

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  932

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  932

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  874

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  867

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  880

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  884

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  1142

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  1113

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  1010

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  872

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  1017

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  880

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  938

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1174

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1163

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  1127