Баламасы жоқ бірегей зауыт

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Баламасы жоқ бірегей зауыт 23.12.2021

Баламасы жоқ бірегей зауыт

Бүгінгі күні төрткіл әлемді шарлайтын жолаушылар және жүк пойыздарының барлығы дерлік Екібастұз қаласында дайындалған бөлшектердің арқасында жолға шығып жүр. Кеншілер шаһары деп аталып кеткен моноқалада көмір өнеркәсібімен қатар, теміржол кластері қарыштап дамып келеді. Егер мұндағы кәсіпорындар болмаса, отандық және алыс-жақын шетелдегі теміржол компанияларының вагонсыз, бұрамасыз, бағыттауышсыз қалатын түрі бар. Бұл бөлшектер болмаса, пойыздардан да пайда жоқ.

 

Таптырмас бөлшектер

 

Тәуелсіздік жылдары Екібастұз қала-сының экономикасы әртараптандырылып, теміржол саласына қарай бет бұрды. 30 жыл аралығында мұнда мықты кластер қалыптасты. Айталық, «Проммашкомплект» - толыққанды дөңгелектер мен дискілерге арналған әр түрлі құрылымдық бөлшектерді өндіретін еліміздегі алғашқы және әзірше жалғыз кәсіпорын. Осыдан 10 жыл бұрын ашылған зауыт диаметрі 700 миллиметрден басталып, 1250 миллиметрге дейін жететін дөңгелектердің жылына 300 мың данасын шығарады. Кейін оның барлығы отандық және шетелдік нарыққа жөнелтіледі. Бүгінде екібастұздық компанияның өнімдері ТМД елдері тарапынан зор сұранысқа ие. «Проммашкомлект»-тің іске қосылуы нәтижесінде «Қазақстан теміржолы» АҚ импорттық тәуелділіктен арылып, «Қазақстанда жасалған» белгісі қойылған дөңгелектерді пайдалануға көшті. Жалпы, бұл кәсіпорын Екібастұздағы теміржол кластерінің «жолын ашты» десе болады. Одан соң әр жылдары бұрамалар мен бағыттауыштарды, вагондар мен осьтерді дайындайтын кәсіпорындар пайда болды. Қазіргі таңда екібастұздық теміржол кластері алты өндірістік компанияны біріктіріп отыр. Мұнда барлығы 300 мың дана теміржол дөңгелегі, 850 жұп бағыттауыш білдек, 42 мың теміржол осі, 20 мың дөңгелек жұбы және рельстік байланыстыру үшін қолданылатын 3 млн пластикалық элемент өндіріледі. Осыдан бір айдан астам уақыт бұрын олардың қатарын клеммалар мен құрсаулар шығаратын кәсіпорын толықтырды. Атап айтқанда, қараша айында облысқа жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «R.W.S. BINDING» зауытының жаңа цехын іске қосты. Сөйтіп, шағын шаһарда тағы бір өндірістің қазығы қағылды.

- Бүгінде Екібастұз теміржол бөлшек-терін жасау орталығына айналды. Елімізде шығарылатын бұл өнімнің 73 пайызы осы қалада дайындалады. Мұнда жыл сайын теміржол саласына қажет 85 миллиард теңгенің өнімі шығарылады. Оның 70 пайызы экспортталады. Оған қоса, бүгін ТМД елдерінде баламасы жоқ зауыт іске қосылды. Бұл жерде халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін компоненттер өндіріледі. Жаңа өндіріс толық күшіне енгеннен кейін «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы терминалдар мен бұрандаларды импорттамайтын болады. Кәсіпорын отандық машина жасау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыратынына сенімдімін, – деген еді цехтың ашылу салтанатында Қ.Тоқаев. «R.W.S. BINDING» ЖШС басшылығының мәліметі бойынша, жаңа өндіріс орнына еуропалық және ресейлік инновациялық құралдар қойылды. Заманауи құрылғылар жылына 3 млн дана бекіту компонентін шығаруға мүмкіндік береді. Яғни, мұнда 12 млн клемма мен осынша жол бұрандасы дайындалады. Бұл бөлшектер теміржол құрылысы, жөндеуі мен қайта жаңғырту жұмыстары кезінде қолданылады. Рельстерді қауіпсіз бекітудің әлемдік стандарттарына да сай келеді. Осылайша, елімізде бұрын-соңды болмаған тағы бір теміржол өнімі нарыққа жол тартатын болды. Тозығы жеткен теміржолдарды қайта қалпына келтіру кезінде міндетті түрде клеммалар қолданылады. Құрылыс, жөндеу барысында ол болмаса, жолдың сапалы болуы екіталай. Мұндай бөлшектерді жасайтын кәсіпорындар бұған дейін Германия мен Австрияда ғана болған еді. Енді біздің елде де бар.

Мамандарды оқыту да - маңызды

Осы орайда жаңа цехта қызмет ететін мамандарды оқыту, олардың біліктілігін арттыруға да ден қойылғанын атап өту керек. Қазіргі таңда клеммалар, құрсаулар шығарумен 160 адам айналысады. Олар кәсіпорын жанындағы оқу орталығында мамандықты меңгере алады. Сондай-ақ, зауытқа қойылған қондырғыларды дайындаған компания өкілдері құрылыс-монтаждау жұмысы барысында жергілікті мамандарға оларды басқарудың тетіктерін үйретіп, тәжірибесімен бөлісті. Соның нәтижесінде бір айдан астам уақыт бойы теміржол бөлшектерінің өндірісі үздіксіз жүргізіліп келеді. Дайын өнімдер бірден «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясына жөнелтіледі. Ал келесі жылы кәсіпорын басшылығы қуаттылықты арттыруды көздеп отыр. Отандық нарықты 1,5 млн жинақ, 1 млн дана клемма және 1 млн бұрандамен қамтып, қалғанын көршілес Ресей мемлекетінің нарығына жеткізбек. Сол арқылы шетелдік өнімдерден бас тартып, жергілікті нарықты қамтып, теміржол бөлшектерін экспорттауға мол мүмкіндік жасалады. Теміржол кластерін дамыту ісі мұнымен шектеліп қалмайды. 2024 жылы Екібастұз қаласында жалпы құны 70 млрд теңгені құрайтын тағы бір іргелі жоба жүзеге аспақ. Яғни, үш жылдан соң бандаждар өндіретін кәсіпорын іске қосылады. Сол арқылы шағын шаһардағы кластер одан әрі дами түспек.

 

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА


Количество показов: 990

Возврат к списку