Балық шаруашылығы - байлық көзі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі 23.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі

Елімізде балық шаруашылығының дамуы көңіл көншіт-пейді. Ел Президенті былтырғы Жолдауында аталған саланы дамыту керектігін тапсырды. Іле-шала бұл іске жауапты мамандар арнайы бағдарлама әзірлеуді қолға алған болатын. Алдағы уақытта бұл бағытта қандай жаңашылдықтар орын алады? Көз жүгіртіп көрелік.

Оралхан ҚОЖАНОВ


Жоспар қандай?

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, министрлік балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеген. Бастысы – балықты қайта өңдеу ісін жандандыру.
- Министрлік ғалымдар және сарапшылармен бірлесіп, балық саласының дамыту потенциалына талдау жүргізді. Нәтижесінде республиканың су айдындарында жылына 600 мың тоннаға дейін балық өсіруге болатындығы анықталды. Мұны кезең-кезеңмен іске асыруды жоспарлап отырмыз. Болжам бойынша жоспардың 45 пайызы 2030 жылы, ал қалған 55 пайызы 2040 жылға дейін орындалуы тиіс, - дейді М.Мырзағалиев.
Бағдарламаға сәйкес, 2030 жылға қарай жылына шамамен 270 мың тонна тауарлы балық өсіру жоспарланып отыр. Бұл ретте, 545 жаңа балық өсіру шаруашылығы құрылады деп күтілуде. Ал жұмыс істеп тұрған 323 шаруашылық толық жобалық қуатына шықпақ. Өңірлердегі жобалар бойынша 10 жыл ішінде 345 млрд. теңге жеке инвестиция тарту көзделуде.
Балық шаруашылығын табысты дамыту үшін 4 негізгі фактор анықталыпты. Біріншісі - заңнаманы жетілдіру. Екіншісі - сапалы балық шабақтарымен қамтамасыз ету. Үшіншісі - балық жемінің өндірісін жолға қою. Төртіншісі – кадр мәселесі. 
Бизнес үшін тиімді шарттар жасауға бағытталған заңнамаларды жетілдіру шеңберінде өткен жылы табиғат пайдаланушылары балық ресурстарын пайдаланғаны үшін төлейтін жылдық төлемді тоқсан сайын бөліп беріпті. Бұған дейін олар рұқсат алғанға дейін балық аулау төлемдерін төлеуі тиіс-тін. Бұл айтарлықтай қаржылық жүктеме болатын, салдарынан көбіне несие қаражатын алуға немесе айналым қаражатынан жұмсауға итермелейтін. Бұдан бөлек, балық шаруашылығы су айдындарын балық аулаудан балық өсіруге ауыстыру қағидалары бекітілді. Осылайша, кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыратын пайдаланушыларға зор мүмкіндік жасалуда. Сондай-ақ балық шаруашылығын жүргізу үшін 49 жылға шарт жасасудың нақты мерзімі белгіленді. Бұл бизнеске сеніммен инвестиция салуға және ұзақ мерзімді жоспарлар құруға мүмкіндік береді. Бұрын шарттың мерзімі 5 жыл мен 49 жылдың арасында болатын. Қысқасы, балық өсірушілерге қойылатын артық талаптар алынып тасталды. Оларға қойылатын жалғыз талап - балық өсірудің жыл сайынғы көлемін орындау.
Бағдарламаны сәтті жүзеге асыру үшін балық өсіру шаруашылықтарын сапалы шабақтармен қамтамасыз ету аса маңызды. Бүгінгі таңда елімізде 15 балық питомнигі бар екен. Олар тұқы тұқымдас балық түрлерінің шабақтарын 12 пайызға және бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын 66 пайызға қамтамасыз етеді. Өз кезегінде фарель, сиг және басқа да құнды балық түрлерінің шабақтары импортталады. Бұл ретте 10 жыл ішінде шабақтарға қажеттілік 2,5 млрд. дананы құрайды. Осыған байланысты импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында 4 балық өсіру аймағы үшін селекциялық генетикалық орталықтар құру пысықталуда. Сонымен қатар, 2022 жылы форель және сиг балықтары үшін 2 жаңа питомник салу көзделіп отыр. Бұдан басқа, 4 мемлекеттік балық питомнигінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін енгізу жоспарлануда. 
Негізгі мәселелердің бірі - жеммен қамтамасыз ету. Балық өңдірісінің өзіндік құнының құрылымында жемге жұмсалатын шығындар жалпы шығыстардың 70 пайызын құрайды екен. Сондықтан құрама жемнің сапасы мен тиімділігі балықты өндірістік өсіру тиімділігінің шешуші факторы болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда балық жемін өндірумен жалпы қуаты жылына 136 мың тонна болатын 14 отандық кәсіпорын айналысады. Алайда ондағы жем тұқы балық түрлеріне ғана жарамды. Министрдің айтуынша, әрқайсысының қуаты жылына 80 мың тонна болатын 5 заманауи зауыт салуға кәсіпкерлерді тарту қажет. Оларды Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Маңғыстау облыстарында орналастыру көзделуде.
Кадр мәселесіне тоқталсақ, 10 жыл ішінде 4 мың адамды оқыту жоспарланып отыр. Ол үшін білім беру гранттарын жылына 40-тан 400-ге дейін ұлғайта отырып, оқу бағдарламаларын балық өсіруге қайта бағдарлау қажеттігі ұсынылуда. Бұдан басқа, бағдарламалық-нысаналы қаржы-ландыру шеңберінде жүйелі түрде кешенді ғылыми зерттеулер жүргізілетін болады. 
Министрдің ойынша, саланы табысты дамытудың аса маңызды факторы – бастапқы кезеңде бизнесті субсидиялау. Балықты қайта өңдеу кешендерін құруға және кеңейтуге жұмсалатын шығындарға арналған инвестициялық субсидиялар табысты болмақ. Оған 36,8 млрд. теңге қажет. 
Осылайша, жоғарыда аталған шаралар сәтті жүзеге асса, 10 жыл ішінде балық өнімдерін ішкі тұтынуды жылына 134 мың тоннаға дейін ұлғайтуға жол ашылмақ. Бұл балықты тұтынуды бір адамға 4 келіден 8 келіге дейін арттыруға мүмкіндік береді, яғни Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарының 50 пайызы орындалады. Сондай-ақ Экспорттық түсімді $330 млн.-ға дейін ұлғайтуға қол жеткізілмек. Фарель және бекіре тұқымдас балық өндірісін ұлғайту есебінен импорт көлемін 45 мыңнан 25 мың тоннаға дейін төмен-
детуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, кемінде 50 мың қосымша жұмыс орындарын құруға және басым түрде ауылдық жерлерде халықтың табысын арттыруға ықпал ететін болады. 

Аймақтағы ахуал мәз емес

Балық шаруашылығының дамуы елімізде тұралап жатқандықтан Павлодар облысында да жағдай мәз емес екенін болжау қиын емес. Статистикалық деректерге сүйенсек, 1999 жылы аймағымызда 150 шақты табиғат пайдаланушысы болса, қазір бұл салада небары 30-ға жуық азамат еңбектеніп жүр.
«Ұста пышаққа жарымас» демекші, Павлодар облысы Ертіс өзенінің бойында орналасса да, балық шаруашылығы ақсап тұр. Қаржылай қолдаудың жоқтығынан солай болуы да заңдылық. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаевтың мәліметінше, аймағымызда балық шаруашылығы қорын Ертіс өзені мен республикалық деңгейдегі 9 және жергілікті мәндегі 265 су қоймасы құрайды. Бүгінде 30-ға жуық табиғат пайдаланушысы су қоймаларының біразын балық өсіру мақсатында жалға алған. Бірақ, кәсіпкерлердің көл-тауарлы балық өсіру шаруашылығы дәрежесіне ауысуы мүмкін болмай отыр. Салдарынан өндірістік негізде балық тұқымын шығарып, оларды су қоймаларына жіберу жұмысы кенже қалуда. Қазір аймағымызда Сәтбаев каналының иелі-
гіндегі екі балық тәлімбағы ғана жұмыс істеуде. Оның өзінде, ол тек аталмыш каналда балық өсірумен айналысады. 
Яғни, қуаты аз. Салдарынан жергілікті табиғат пайдаланушылар балық тұқымын Қарағанды облысынан сатып алуға мәжбүр екен.

Құжаттандыру – құптарлық іс

Бүгінде аймағымызда тауарлы балық шаруашылығын дамыту жұмыстары қолға алынуда. Ол үшін 2022 жылға дейін арналған арнайы бағдарлама да қарастырылған. Қазір жылдық өнім көлемі 10 тоннаны құраса, екі жылдан кейін 100 тоннаға дейін жеткізу көзделуде.
Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сәтиевтің айтуынша, соңғы жылдары су айдындарын құжаттандыру ісі жүйелі іске асуда. Мәселен, 2017 жылдан бері 117 көлдің құжаты реттелген. Былтырдың өзінде 
40 су айдыны жаңа базаға енгізіліпті. Бұл бағыттағы шаралар көлдің жағдайын бақылауға жол ашып, тауарлы балық шаруа-шылығын жүргізу мүмкіндіктерін айқындап бермек.
Бүгінде аймағымыздағы 75 балық шаруашылығы су айдындарын 32 табиғат пайдаланушысы ұзақ мерзімге жалға алған. Онда 300-ден астам адам нәпақысын айырып отыр. Десе де, талаптарды орын-дамағандар да аз емес. Нәтижесінде былтыр 20 табиғат пайдаланушысымен келісімшарт бұзылыпты. Облыста тауарлы балық өсірумен небары 3 шаруа қожалығы айналысады екен. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында 9 көл таңдалған. Алдағы уақытта инвестиция тартылып, өнім көлемін арттыру жоспарлануда.
Жалпы, аймағымызда соңғы 3 жылда табиғат пайдаланушылармен 4 мың тонна су жануарлары ауланған. Биылдан бас-
тап балық аулауға тыйым салу мерзімі 15 сәуірден 30 мамырға дейін өзгертілгені белгілі. Ережені елемегендерге 300 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Түйін: 
Аймағымызда балық етін өңдейтін кәсіпорынды айтпағанда, жас балық өсіретін қолайлы орын жоқ. Салдарынан табиғат пайдаланушылары балық шабақтарын Қарағанды облысынан сатып алуға мәжбүр. Кезінде дүркіреп тұрған Тереңкөл ауданындағы балық тәлімбағы келмеске кеткені өкінішті. Қорыта айтсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін балық шаруашылығында «дүмпу» орын алып, нәтижелі жұмыстар атқарылатынына сенім мол.

Количество показов: 369

Возврат к списку