Асбұршақ қандай өсімдік?
09:40 21.05.2022
91
Тұтас өңірді қамтымақ
09:38 21.05.2022
93
Дауыс беру – маңызды
09:37 21.05.2022
93
Бүгінгі таңдау – ертеңгі өмір
09:35 21.05.2022
92
Жол азабын жүрген білер
09:00 21.05.2022
105
Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі
08:50 21.05.2022
116
Мен оқыған кітаптар
08:50 21.05.2022
90
Менің арманым...
08:49 21.05.2022
92
Тәтті мамандық
08:48 21.05.2022
84
Адасқанның айыбы жоқ
08:47 21.05.2022
88
Тарихи шеру - «ҚИМАҚ.TIME»
08:44 21.05.2022
89
Қазақ сатирасының Таңдайы
08:42 21.05.2022
88
Суармалы жер - береке көзі
11:26 19.05.2022
194
«Бейсекеңді дәріптеу керек...»
11:23 19.05.2022
219
Ұжымдық қауіпсіздік. Әскери одақ
11:22 19.05.2022
191
ЖОБА «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11:20 19.05.2022
204
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
11:19 19.05.2022
244
Жапандағы жалғыз үйде туған қыз
11:18 19.05.2022
191
Ұлтқа қызмет – мінезден
11:16 19.05.2022
243
Мен және менің полицейім!
11:14 19.05.2022
189
Талапқа сай емес
11:13 19.05.2022
187
Балабақшаға жолдама алыңыз!
11:11 19.05.2022
195
Референдум - сайлау емес, таңдау
11:05 19.05.2022
220
Пәтер тапшылығы байқалуда
11:03 19.05.2022
205
Отбасындағы кикілжің қылмыс па?
10:59 19.05.2022
210
Терезенің сыртында қауіп бар!
10:58 19.05.2022
192
Қағаз қымбатшылығы қыспаққа алды
10:55 19.05.2022
200
Арзан несие: тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма?
10:53 19.05.2022
206
Сарыарқа самалы, 19 мамыр, бейсенбі
09:11 19.05.2022
225
«Қимақ.Time»
10:26 17.05.2022
409
Бүлдіршіндер еңбектеп жарысты
10:14 17.05.2022
416
«Тұран» түкке тұрмады
10:13 17.05.2022
449
Жастар - ел келешегі
10:09 17.05.2022
449
Өз таңдауымызды жасауға тиіспіз
09:26 17.05.2022
472
Қос ішектің Күмбірлеуі
09:24 17.05.2022
442
Қайта оралған «Жәмилә»
09:23 17.05.2022
438
Әуеден де, жерден де өңдеуде
09:17 17.05.2022
428
Мал дәрігерлері жеткіліксіз
09:16 17.05.2022
392
Көктемнің әр күні – несібе
09:08 17.05.2022
455
Сарыарқа самалы, 17 мамыр, сейсенбі
08:59 17.05.2022
472
Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар
12:00 16.05.2022
547
Қазақтың текті қыраны
09:09 14.05.2022
730
Дауыс беру - парызымыз
09:07 14.05.2022
579
Жаңа Қазақстанның жарқын жолы
09:06 14.05.2022
488
«Әлкей Марғұлан және мәдени мұра»
09:04 14.05.2022
565
Халықтың сенімді қорғаны
09:03 14.05.2022
509
Тұрғын үй субсидиясы: талаптары қандай?
09:02 14.05.2022
650
Асфальт жол ауылға келді
09:01 14.05.2022
590
Сарыарқа самалы, 14 мамыр, сенбі
09:00 14.05.2022
752
Айлық аз
11:25 12.05.2022
631
Бабалар рухы – төл тарихымызда
10:43 12.05.2022
589
«Мектебім - мәңгілік көктемім»
10:42 12.05.2022
629
Еңбегі - ел есінде
10:39 12.05.2022
580
Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
10:34 12.05.2022
689
Жеңіс даңқы – мәңгілік!
10:32 12.05.2022
559
Тегін дәрі: кімдерге тиесілі?
10:30 12.05.2022
628
Даудың басы – қараусыз мал
10:27 12.05.2022
658
Мұнай өнімдері экспортын шектеуді ұзарту дұрыс па?
10:20 12.05.2022
786
Шоң би оқулары өтті
10:18 12.05.2022
558
Негізгі ҰБТ: түлектер нені білуі тиіс?
10:13 12.05.2022
570
Бүгінгі қоғамның басына салынған бір үлкен бұғау бар. Ол – несие. Шыны керек, қазіргі таңда қарапайым жұртшылықтың қатарында банкке қарыз болмаған адам аз. Баспана пен көлікті былай қойып, соңғы уақытта киім-кешек пен азық-түлік, тіпті қалам-қағаздың өзін бөліп төлеу арқылы несиеге алатын көпшіліктің қарасы көбейді. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы мәлімдемесінде арнайы тоқталған еді. Қаржылық қиындық қос бүйірден қысып, соңы жазатайым оқиғаға ұласып жатқан жайттар да жоқ емес. Сондықтан елде жеке тұлғаларды банкрот деп жариялауға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленбек. Бұл қадам тығырықтан шығарып, тұтынушылық несиелер жүктемесін азайта ала ма? Банкрот ретінде танудың шарттары қандай? Осы мәселені саралап көрген едік.
Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА
Әлемдік тәжірибеге зер салсақ, дамыған елдердің басым бөлігі жеке тұлғаларды, яғни қатардағы қарапайым азаматтарды банкрот деп тану тәжірибесін әлдеқашан бастап кеткен. Айталық, АҚШ, Австралия, Германия, Франция, Испания, Жапония сынды мемлекеттерде мұндай жүйе бұрыннан жұмыс істейді. Тіпті, тұрғындар мен банктердің өтініштерін қарастырып, шешім шығаратын арнайы сот та құрылған. Алысқа бармай-ақ, көршілес Ресей еліндегі тәжірибені назарға алуға болады. Шекараның ар жағындағы мемлекетте 2015 жылдан бері жеке тұлғаларды банкрот деп жариялау жүйесі жұмыс істейді. Ресейлік ақпарат көздеріндегі мәліметтер бойынша, банк алдындағы қарызы 500 мың рубльден асып кеткен және оны үш айдан астам уақыт бойы өтей алмай жүрген тұрғындар банкроттыққа өтініш бере алады. Заң күшіне енген 2015 жылы 460 мың ресейлік, ал былтыр
1 мыңнан астам адам қаржылық қиындық салдарынан қарызды уақытылы қайтара алмайтынын айғақтады. Сөйтіп, мойнындағы ауыр жүктен құтылып, несиесі толығымен кешірілді. Енді олардың өмірді «ақ парақтан» бастауға мүмкіндігі бар. Ал бізде ше? Біздің мемлекетте жекелеген азаматтар түгілі заңды тұлғалардың өздерін банкрот ретінде тану ісі кеш қолға алынды. «Оңалту мен банкроттық» туралы Заң тек 2014 жылдың наурыз айында қабылданды. Содан бері төлем қабілеттілігінен айырылған, ешқандай табысы жоқ ірілі-ұсақты кәсіпорындар толығымен жабылып, ісін тоқтатуда. Олардың қатарында кезінде «дүркіреп» тұрған павлодарлық фармацевтикалық компания – «Ромат» ЖШС де бар. Дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорын банк алдындағы міндетін белгіленген мерзімде төлей алмай, банкрот болды. Соның салдарынан медициналық препараттар өндірісі үзілді.
Жалпы, Қазақстанда жеке тұлғаларды банкрот деп тану мәселесі 2009 жылдан бері көтеріліп келеді. Сол тұста қоғамдық бірлестіктер өкілдері, Мәжіліс депутаттары арнайы Заң қабылдауды ұсынды. «Ақжол» демократиялық партиясы жоба әзірлеп, оны Парламент пен Үкімет қарауына тапсырған болатын. Бірақ олардың барлығы кері қайтарылды. Ал осы аптада Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеуді жүктеді. Себебі былтыр 30 жылда алғаш рет тұрғындарға берілген тұтынушылық несиелер көлемі кәсіпкерлерге бизнесті жүргізу мақсатында үлестірілген несиелерден айтарлықтай асып кеткен. Яғни, бүгінгі күні екінің бірі екінші деңгейлі банктер мен микро-қаржылық ұйымдардың көмегіне жүгінеді. Олай болмасқа амал жоқ. Себебі азық-түлік, дәрі-дәрмек, жанар-жағармай – күнделікті қолданылатын тауарлардың басым бөлігінің бағасы жиі өседі. Ал тұрғындардың табысы бәз баяғы қалпы тұр. Сондықтан айлығы шайлығына жетпейтін кейбір аза-маттар банктер ұсынған бөліп төлеу тетігін пайдалануға мәжбүр. Мәселен, павлодарлық Оспановтар отбасы ай сайын банктерге шамамен 200 мың теңге төлейді екен. Несиелердің бірін автокөлік, енді бірін тұрмыстық техникалар алу үшін рәсімдеген. Оған қоса, үйді жөндеу үшін қолма-қол ақшамен алған несие тағы бар.
- Жолдасымның айлық табысы – 130 мың теңге. Ал мен 100 мың теңге жалақы аламын. Ай сайын отбасымызға түсетін сол 230 мың теңгенің 200 мың теңгеге жуығын несиелерді өтеуге жұмсаймыз. Қалған 30 мың теңге үш баланың балабақшасын, коммуналдық төлемдерді өтеп, азық-түлік алуға жетпейді. Сондықтан «Kaspi red» көмегіне жүгінеміз. Керек-жара-ғымызды сол арқылы ресімдеп, бірнеше ай бойы бөліп-төлейміз. Ара-тұра жолдасым такси қызметін атқарып, күнделікті қант-шайдың ақшасын айырамыз. Қысқасы, несиелерді жабу үшін барымызды салып, жұмыс істеп жүрміз. Оны алмасақ тағы болмайды. Қысылтаяң шақта сол банктер «құтқарады». Бірақ кейін берген сомасын сүлікше сорып алады. Бір күн кешіктірер болсаң, қоңырау шалып, мазаны алады. Айыппұл мен өсімпұлы тағы бар. Берешекті өтеу мерзімі бір айдан асса, коллекторлардың қолына өтеді. Осындай қиындықтың бәрінен құтылу үшін жұмыссыз қалған, төлем қабілеттілігінен айырылған азаматтарды банкрот ретінде таныған дұрыс та шығар. Бірақ оған қарағанда жұмысқа орналасуға, табыс табуға көмектесіп, оңалуға уақыт бөлген жөн бола ма деп те ойлаймын. Себебі кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан несиелер берілген тұста негізгі сома, пайыз бойынша «демалыстар» берілетінін оқыған едім. Сол секілді жеңілдік қарастырылса әлдеқайда тиімді болар еді. Әйтпегенде, банкрот деп танылған адам өмірінің соңына дейін несие ала алмай қалуы мүмкін, - дейді Айжан Оспанова. Несие берген банктермен соттасып жүрген кей тұрғындардың құқығын қорғайтын адвокат Меруерт Жиенбаеваның пайымынша, ипотекалық несие алған азаматтарға қатысты банкроттық бойынша істерді қозғауға болмайды. Олай болған күнде тұрғындар жалғыз баспанасынан айырылуы бек мүмкін.
- Ұлттық банктің мәліметінше, елімізде 2 млн тұрғын банктерге ай сайын төлеуі тиіс несие қарызын қайтара алмай жүр. Демек, елдегі әр оныншы тұрғынның қаржылық қиындықтары бар деген сөз. Бұл мәселені шешу үшін жеке тұлғаларды банкрот ретінде тану бойынша жұмыстар басталды. Осы орайда ескеретін бірнеше мәселе бар. Солардың бастысы ипотекалық несиеге қатысты. Егер тұрғын баспаналы болу мақсатында алған берешегін уақытылы өтей алмаса, оны банкрот қылып, үйін тартып алуға әсте болмайды. Заңда осы жайтты реттейтін арнайы тармақ керек деп ойлаймын. Негізі, бұл заң жобасы жабық кабинеттерде емес, заң, құқық саласы өкілдерінің, тұрғындардың қатысуымен әзірленіп, талқыға салынғаны жөн. Әйтпегенде құзырлы органдар әдеттегідей банктің сойылын соғуы ықтимал. Банк демекші, бұл қаржы институттарында ашықтық жоғы қынжылтады. Проблемалық несиелерді қайта қаржыландыру, берешекті өтеу мерзімін қайта қарау сынды жолдар болғанмен, қарыз алушыға оларды айтпайды, түсіндіру жұмыстарын жүргізбейді. Соның салдары қайғылы жағдайларға дейін апарып жатады. Сондықтан жеке тұлғаларды банкрот деп жариялауға қатысты заңнамалық құжаттарда банктердің жауапкершілігін, міндеттерін күшейткен артық болмайды, - дейді ол. Осы орайда сарапшы Рахым Ошақбаев банкроттық туралы Заңды осыдан үш жыл бұрын қабылдау керек еді деген пікірін білдірді. Себебі жыл сайын елде проблемалық несиелер саны көбейіп келеді.
- 2019 жылы несиені төлеуді 90 күннен астам уақытқа кешіктірген 1,5 млн адам болса, 2020 жылы олардың саны 1,7 миллионға, 2021 жылы 2 миллионға жетті. Демек, экономикалық тұрғыдан белсенді адамдардың 80 пайызы «қара тізімге» ілікті. Өкінішке қарай, біздің елде несиелер қолжетімді. Тұрғындар микроқаржылық ұйымдардан да бірінен соң бірі несиелер ала береді. Онлайн несиелерде бір күндік айыппұл 2 пайыз болса, бір жылда 1 мың пайызға (!) дейін жуықтайды. Банкроттық мәселесі заңды шешімін тапса, қаржылық ұйымдар қарызды оңды-солды таратуды доғарады. Сәйкесінше, қалтасына қарамай қарыз алатындардың қатары қысқарады, - дейді экономист.
Бұрнағы күні Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттар жеке тұлғаларды банкрот деп тану туралы заң жобасы бойынша жұмысқа кіріскенін хабарлады. Спикердің сөзінше, төменгі Палата өкілдері халықтың мойнында ауыр жүк боп тұрған несиелерді «сызып тастап», жағдайды жеңілдету мақсатында заңды барынша сапалы әзірлеу үшін аянып қалмайды. Осы орайда Павлодар облысынан Мәжіліс депутаты болып сайланған Анатолий Бойчин заңның банктер мен қарыз алушыларға берер әсерін атап өтті.
- Мұндай өзгерістердің банктерге ұнай қоймасы анық. Себебі олар әуелде берген қаражатын қайтара алмай қалады. Десе де, статистикалық деректер бойынша клиенттердің 5 пайызы ғана төлем жасауға мүлде қабілетсіз болып саналады. Менің ойымша, жекелеген азаматтардың банкроттығын енгізу тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Әр адам несие алмас бұрын «Мен оны өтей аламын ба?» деген мәселені ой таразысына салады. Мәселен, Батыс Еуропа елдерінің азаматтары «Банкрот болғанша азаматтықтан айырылғаным артық» деп пайымдайды. Себебі бір рет банкрот болған адам өмір бойы несие ала алмайды, - дейді А.Бойчин. Мұндайда «Банкроттықты жариялау адамдарды масылдыққа итермелемей ме?» деген сауал туындайды. Тұтынушылық несие алып, оны уақытылы қайтармай, кейін жүктемеден құтылу үшін өзін банкрот деп тануға өтініш білдіретін «пысықайлар» пайда болуы әбден мүмкін. Оның соңы алаяқтық фактілерді де тудыруы ықтимал. Бұл ретте 2019 жылы жарияланған несие амнистиясы ойға оралады. Сол тұста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жарты миллионнан астам қазақстандықтың тұтынушылық несиелер бойынша өсімпұлы мен айыппұлы кешіріліп, тіпті кейбір тұрғындарға бұған дейін төлеген артық сомалар қайтарылған болатын. Содан соң несиесін төлей алмай жүрген талай адам тағы да осындай амнистиялар өткізуді сұрады. Бірақ Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі бұл шараның бірреттік акция болғанын алға тартты. Мәжіліс депутаты Анатолий Бойчин де несие амнистиясына иек артқан дұрыс емес деп санайды.
- Өкінішке қарай, қоғамда «Үкімет несиелердің барлығын кешіруі керек» деп жаңсақ ойлайтын тұрғындар бар. 2019 жылы жарияланған амнистия қаржылық қиындыққа тап болған талай азаматтың жүгін жеңілдеткенмен, енді біріне мүлде сабақ болмағанын көрсетті. Тұтынушылық несиелері кешірілген кей тұрғындар тағы да несие алып, оны да төлей алмай, кезекті рет амнистия сұрауда. Себебі мұндай жағдайда өтеуі тиіс қарыз толығымен жойылып, несие тарихы жақсарады. Берешекті мемлекет төлеп береді деген оймен тағы да несие алады. Бұл – дұрыс емес. Егер банкрот болса, екінші рет несие ресімдеу құқығынан айырылады. Сол кезде бұрынғыдай масылдық та, енжарлық та болмайды. Есесіне күні-түні проблемалық несиесін төлеу үшін демалмастан жұмыс істеп, басын қатырмайды, - дейді депутат. Мәжіліс отырысы барысында мәлімдеме жасаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырумен қатар, басқа да амалдарды қарастыру қажеттігін айтқан болатын.
- Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын дайындау - тығырықтан шығатын жол емес. Ең алдымен, шектен тыс қарыздың көбеюін болдырмау қажет. Сондықтан, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Ұлттық банкпен бірлесіп, пруденциалды реттеу тетіктері арқылы нақты әрі жедел шешім қабылдауды тапсырамын, - деген еді Президент. Демек, бұдан былай екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарына қойылар талап та күшейеді. Күні кеше Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшысы Мадина Әбілқасымова төлем қабілеті төмен азаматтар үшін енді банк есігі жабық екенін мәлімдеді. Атап айтқанда, банктердің жеке капиталына талап күшейтілмек. Оған қоса, несие рәсімдеу кезінде құжат жүзінде расталған тұрақты табыс қана есепке алынады. Бұған дейін кейбір тұрғындар микроқаржылық ұйымдардан қарыз алар тұста өтініші мақұлдануы үшін шын мәнінде алып жүрген айлығынан бірнеше есе көп қылып көрсете салатын еді. Енді мұндай әрекеттің барлығы жіті тексерілетін болады.
Осылайша, талайдан бері айтылып жүрген «сең» қозғалып, жеке тұлғаларды банкрот деп жариялауға қатысты жұмыстар басталды. Мәжіліс пен Үкімет талаптар мен ережелерді екшеуге кірісті. Бірақ «тоқ бала аш баланың» жағдайын түсіне қоймас. Сондықтан жоба дайындау барысына сала мамандары мен қарапайым тұрғындар да қатысып, ұсыныс-тілектерін білдірсе құба-құп. Ал түптеп келгенде, банкроттық сияқты маңызды мәселенің алдын алу үшін алдымен халықтың табысын арттырған дұрыс. Сол кезде банктен қарыз алып, оның аспандап кеткен пайызын төлеуге асығатын азаматтар азаяды.
Асбұршақ қандай өсімдік?
09:40 21.05.2022
91
Тұтас өңірді қамтымақ
09:38 21.05.2022
93
Дауыс беру – маңызды
09:37 21.05.2022
93
Бүгінгі таңдау – ертеңгі өмір
09:35 21.05.2022
92
Жол азабын жүрген білер
09:00 21.05.2022
105
Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі
08:50 21.05.2022
116
Мен оқыған кітаптар
08:50 21.05.2022
90
Менің арманым...
08:49 21.05.2022
92
Тәтті мамандық
08:48 21.05.2022
84
Адасқанның айыбы жоқ
08:47 21.05.2022
88
Тарихи шеру - «ҚИМАҚ.TIME»
08:44 21.05.2022
89
Қазақ сатирасының Таңдайы
08:42 21.05.2022
88
Суармалы жер - береке көзі
11:26 19.05.2022
194
«Бейсекеңді дәріптеу керек...»
11:23 19.05.2022
219
Ұжымдық қауіпсіздік. Әскери одақ
11:22 19.05.2022
191
ЖОБА «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11:20 19.05.2022
204
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
11:19 19.05.2022
244
Жапандағы жалғыз үйде туған қыз
11:18 19.05.2022
191
Ұлтқа қызмет – мінезден
11:16 19.05.2022
243
Мен және менің полицейім!
11:14 19.05.2022
189
Талапқа сай емес
11:13 19.05.2022
187
Балабақшаға жолдама алыңыз!
11:11 19.05.2022
195
Референдум - сайлау емес, таңдау
11:05 19.05.2022
220
Пәтер тапшылығы байқалуда
11:03 19.05.2022
205
Отбасындағы кикілжің қылмыс па?
10:59 19.05.2022
210
Терезенің сыртында қауіп бар!
10:58 19.05.2022
192
Қағаз қымбатшылығы қыспаққа алды
10:55 19.05.2022
200
Арзан несие: тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма?
10:53 19.05.2022
206
Сарыарқа самалы, 19 мамыр, бейсенбі
09:11 19.05.2022
225
«Қимақ.Time»
10:26 17.05.2022
409
Бүлдіршіндер еңбектеп жарысты
10:14 17.05.2022
416
«Тұран» түкке тұрмады
10:13 17.05.2022
449
Жастар - ел келешегі
10:09 17.05.2022
449
Өз таңдауымызды жасауға тиіспіз
09:26 17.05.2022
472
Қос ішектің Күмбірлеуі
09:24 17.05.2022
442
Қайта оралған «Жәмилә»
09:23 17.05.2022
438
Әуеден де, жерден де өңдеуде
09:17 17.05.2022
428
Мал дәрігерлері жеткіліксіз
09:16 17.05.2022
392
Көктемнің әр күні – несібе
09:08 17.05.2022
455
Сарыарқа самалы, 17 мамыр, сейсенбі
08:59 17.05.2022
472
Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар
12:00 16.05.2022
547
Қазақтың текті қыраны
09:09 14.05.2022
730
Дауыс беру - парызымыз
09:07 14.05.2022
579
Жаңа Қазақстанның жарқын жолы
09:06 14.05.2022
488
«Әлкей Марғұлан және мәдени мұра»
09:04 14.05.2022
565
Халықтың сенімді қорғаны
09:03 14.05.2022
509
Тұрғын үй субсидиясы: талаптары қандай?
09:02 14.05.2022
650
Асфальт жол ауылға келді
09:01 14.05.2022
590
Сарыарқа самалы, 14 мамыр, сенбі
09:00 14.05.2022
752
Айлық аз
11:25 12.05.2022
631
Бабалар рухы – төл тарихымызда
10:43 12.05.2022
589
«Мектебім - мәңгілік көктемім»
10:42 12.05.2022
629
Еңбегі - ел есінде
10:39 12.05.2022
580
Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
10:34 12.05.2022
689
Жеңіс даңқы – мәңгілік!
10:32 12.05.2022
559
Тегін дәрі: кімдерге тиесілі?
10:30 12.05.2022
628
Даудың басы – қараусыз мал
10:27 12.05.2022
658
Мұнай өнімдері экспортын шектеуді ұзарту дұрыс па?
10:20 12.05.2022
786
Шоң би оқулары өтті
10:18 12.05.2022
558
Негізгі ҰБТ: түлектер нені білуі тиіс?
10:13 12.05.2022
570
Раздел не найден.