«Барокко болмыс»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

«Барокко болмыс» 23.11.2021

«Барокко болмыс»

Өткен аптаның бейсенбісі Ертістің жағасынан жыр ұшқындап, өлең аңқыған күн болды. Жырсүйер жұрт қазақ поэзиясына өзгеше бояумен, бөлек болмыспен һәм бір нәзік сұлулықпен келген ақын қыз - Салтанат Қайырбекпен кездесіп, «Барокко болмыс» атты жаңа жыр жинағының тұсауын кесті.


Ақындардың шығармашылық кеші әдетте кітапхана, театр, музей секілді мәдениет ошақтарында өтетін еді. Бұл жолғы кештің форматы бұрынғылардан бөлекше болды. Ақын Салтанат Қайырбекпен шығармашылық кездесу «5К» деп аталатын караоке-барда өтті. Күңгірт тартқан ала көлеңкелі сахна, жаныңа тыныштық сыйлайтын классикалық музыка әуені және сарқылмас сағыныш сезімге құрылған лирикалық жыр. Бәрі де бір-бірімен ерекше үйлесіп тұрды. Жыр кеші Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалы мен облыстық «Naizatas» әдеби журналының бастамасымен ұйымдастырылды. Бұл – жас қаламгерлерді қолдау, шығармашылығын насихаттау және өңірлер арасындағы әдеби байланысты нығайту мақсатында жүзеге асырылған жоба. Поэзия кешін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Айбек Оралхан жүргізді. Шараға республикалық «Qalamger.kz» порталының бас редакторы, ақын Айжан Тәбәрак және басқа да Ертіс-Баян өңіріне белгілі қаламгерлер мен әдебиет жанашырлары қатысты.

- Ақын Салтанат Қайырбектің жаңа жыр жинағы «Барокко болмыс» кітабымен танысып шықтым. Өлеңдері көркем де нәзік. Оқыған жұрт өкінбейді. Жалпы, бұл кітапты қазақ әдебиетіне ерекше болмыспен келген туынды деуге болады. Ақын қарындасымызға шығармашылық табыс тілеймін, - деген жылы лебізін білдірді облыстық «Naizatas» журналының бас редакторы Асыл Әбішев. Жыр кешіне қонақтар да өз кәделерімен келіпті. Республикалық және халықаралық додалардың жеңімпазы, елімізге белгілі күйші Нұрбек Әділбек Ержан Жәменкеевтің «Ана толғауы» күйін орындаса, республикалық ақындар айтысының жеңімпазы, дәстүрлі әнші Бөкен Жігер Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» толғауын ұсынды. Жиын соңында Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының директоры, ақын Жарқынбек Амантайұлы кеш иесіне алғыс білдіріп, сый-сыяпат ұсынды. Салтанат Қайырбек 1995 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің түлегі. Өлеңдері республикалық «Жыр маржаны», «Жауқазын жылда гүлдейді», «Дала дарыны» жобасымен шыққан «Сарыарқа сазы» антологияларына енген. Республикалық басылымдарда да жиі жарияланып тұрады. «Барокко болмыс» - ақынның тұңғыш жыр жинағы. Кітап атауына келер болсақ, «Барокко» сөзі өзгеше формалы маржандар дегенді білдіреді.

 

Тілеуберді САХАБА.

 



Количество показов: 210

Возврат к списку