«Барымыз бен бағымызды бағалай білейік»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

«Барымыз бен бағымызды бағалай білейік» 23.12.2021

«Барымыз бен бағымызды бағалай білейік»

- Биылғы жыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен ерекшеленуде. Сол себепті айтар ойымыз, тарқатар тақырыбымыз да ерекше болуы керек деп ойлаймын.

- Әрине, Тәуелсіздігіміздің 30 жылы ішінде елімізде айтарлықтай ілгері басушылық байқалады. Егемендігін енді жариялаған тұста бұлыңғыр болашақ қайда апаратынын ешкім анық білмеді. Түсінген адамға ғасырға татырлық осы отыз жылда ел еңсесін жиып, әлем таныған елдер қатарына қосылу - зор жетістік. Жақсылықты бөліссең көбейеді. Келешегіміздің кемелдене түсуі үшін де өскелең ұрпаққа өткен отыз жыл ішіндегі соқтықпалы, соқпақсыз өткен күндердің артта қалғанын ұғындырып отыру керек деп білемін. Иә, тұтастай алғанда ел экономикасы, әлеуметтік жағдайымыз едәуір жақсарды. Тоқмейілсуге болмайтынын түсінеміз. Сол себепті бұдан ары да халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында атқаратын шаруа жеткілікті. Май ауданында да көптеген нәтижелі істер атқарылуда. Ауыз толтырып айтатындай мысалдарымыз жеткілікті.

- Сіздің бұл аудан тізгінін қолға алғаныңызға көп бола қойған жоқ. Десе де, мемлекеттік қызмет саласындағы, аудандарға басшылық ету бағытында мол тәжірибеңіздің барын жақсы білеміз. Әлқиссаны Май еліндегі қызметіңізде білек сыбана бастаған шаруаңыздан бастасақ...

- Май еліне келгеніме екі ай болды. Әрине, бұл айтарлықтай көп істі тыңдырып тастайтындай уақыт емес. Алайда, қыс уақыты келіп қалғандықтан, басты ісіміз оған дайындықтан басталды. Кезек күттірмейтін қысқыға қажетті жем-шөп қорын дайындау, отын жеткізу, әлеуметтік маңызы бар нысандардың науқанға дайындығы сынды мәселелер күн тәртібінен түсіп көрген жоқ. Сондай-ақ, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша ауданымызда үш объект жүзеге асырылды. Олар - Жалтыр орта мектебі және Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары. Кеңтүбек ауылындағы көшелердің жөндеу жұмыстары. Халықтың игілігіне берілетін бұл жұмыстар мақсатты қызмет көрсетуі үшін олардың сапалы аяқталу процесін үнемі бақылауда ұстадық.

- Ағыбай Қойшыбайұлы, есіңізде болар, «мүйізі қарағайдай үлкен держава» құлдырап, ел-жұрт тоқыраудың тәлкегіне түскен кездері бұқара жеке бастың қамын айтып, бұлыңғыр болашаққа үреймен қараушы еді ғой. Аллаға шүкір, отыз жыл ішінде еліміз талай қиындықтарды еңсеріп, еңсесін жиып алды деп мақтанышпен айта аламыз.

- Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мен студент боп осы Павлодар қаласында оқыған едім. Сол кез бен бүгінгі күнді салыстыруға мүлдем болмайды. Ол жылдары еңбекақы, зейнетақы, басқа да қаржылай көмектер төленбеді. Электр жарығы, жылу жоқ. Айта берсеңіз, толып жатыр. Бүгін халықтың әл-ауқаты жоғары, қазақ атамыз айтпақшы: «қарнымыз тоқ, көйлегіміз көк». Қазір ауылдағы кез келген үйде жағдай жасалған. Орталықтандырылған су әр үйге енгізілді. Қазір көптеген тұрғындар ыстық судың да қызығын көріп жатыр. Бұрындары түсіңе де кірмейтін санитарлық-гигиеналық желілерді орнатып алып жатқандар қаншама? Қай үйге барсаңыз да, заманауи үлгідегі автоматты кір жуғыш машина тұр. Қазақы тілмен айтқанда, «еті тірі» адамдар еурожөндеу жасап, тұрмыстарын қалалықтардан кем қылмай отырғаны жасырын емес. Міне, осының барлығы елдің гүлденуінің белгісі емес пе...

- Мемлекет басшысы басым беріп отырған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы жайлы аз-кем әңгімелессек. Бүгінгі қоғамда әлеуметтік желілер белсенділігі қарқынды. Жұртшылықпен кері байланыс жасау бағытында жеке парақшаңызда «дамыл жоғын» көріп отырмыз...

- Әрине, халықпен тығыз байланыста болу үшін осы әлеуметтік желінің көмегі зор. «Әкім бол, халқыңа жақын бол», - деген қағида бар. Сондықтан, әр тұрғынның сөзіне құлақ асып, көтеріп отырған сұрағын шешуде Сіз айтып отырған әлеуметтік желінің мүмкіндіктері зор. Бір жағынан өзің басшылық етіп отырған өңір тұрғындарын толғандырған мәселені біліп отырасың. Оған қоса түткілді шұғыл түрде шешу тетігі бұл. Кейін кері байланыс арқылы көрсетілген қызметтің сапасын қадағалауға болады. Мен бұл жерде аудан тұрғындарының белсенділігін де ерекше атап өтер едім. Жұмысымызға бағаларын беріп, алдағы уақытқа қолға алуға тиіс жұмыстарға бағыт-бағдар беріп жатады. Халықтың беретін бағасы - біз үшін зор жауапкершілік. Демократиялық даму жолын таңдап алған қоғамда атқарған әр ісімізді, елмен бірге жасаған жұмысымызды халықпен бөлісіп отырудың өзі - заман талабы дер едім.

- Біз «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» дегенді жиі айтамыз. Бұл дегеніміз - қазақ халқының жаратылысын, табиғатын, рухани бітімін, өмір салтын айқындайтын белгілер. Сіздің ойыңызша біздің ұлттық «кілтіміз» санамызға қандай сілкініс жасай алады?

- Өткенін ұмытқан ел - болашағын болжай алмайды. Бұл - ақиқат. Тарихымызды парақтап отырсақ, халқымыздың басынан талай «тар жол, тайғақ кешуді» өткенін білеміз. Әлем халқының көбінде кездесе бермейтін өте бай салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдени құндылықтарымызды ұмытпауымыз қажет. «Ауруын жасырған өледі», - дейтін болсақ, жетпіс жыл бодандық бұғауынан босай алмаған халқымыздың біраз құндылықтарынан айрылып қала жаздағанын айқын байқаймыз. Сол өткен күннің еншісінде кеткен есемізді қайтару жолында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасымыздың бастамашылдығымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын атап өтпеске болмайды. Ұлт ретінде ұйысу – біздің мәңгілік ел болуға жасаған қадамымыз болары хақ. Сондықтан да біздің басты мұрат – қазақы болмысымызды жоғалтпай, болашаққа жеткізу. Ұлттық кодты сақтап қалу - ең алдымен, ұлт ретінде жоғалып кетпеуге кепілдік береді. Яғни, халқымыздың тұтастығын, ауызбіршілігін сақтауға мүмкіндік береді.

- Облыс әкімі Сізге осы ауданды басқаруды сеніп тапсырғанда бірқатар нақты тапсырмаларды айқындап берген болатын. Ендігі жерде өзіңіздің алдағы уақытқа межелеген мақсатыңыз бен жасап жатқан жоспарларыңыз жайлы айтып өтсеңіз...

- Бүгінгі күні Май ауданының потенциалы зор. Облыс әкімі Әбілқайыр Бақтыбайұлының тапсырмасы да осы потенциал арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыру болды. Оны жүзеге асыру жолдарының бірі - ауданға инвестиция тарту. Мақсатты жүзеге асыру үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындап, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы арқылы ауылдарымыздың әлеуметтік объектілеріне, жолдар мен көше жарығына жөндеу жұмыстарын жүргізу сынды жұмыстарды уақтылы әрі сапалы атқаруымыз керек. Халыққа тапшылық болып отырған медициналық және педагогикалық кадрларды тартуды да күн тәртібінен түсіруге болмайды.

- Ағыбай Қойшыбайұлы, сөз соңында азат елдің арда жұртына айтар мерекелік тілегіңіз?

- Қазақ елі әлемдік аренада өзінің орны бар, алпауыт мемлекеттер санасатын мемлекетке айналды. Бұл - ең алдымен тәуелсіздіктің жемісі. Бабаларымыз бағзы заманнан арман еткен азат күнге жеткен біздің ұрпақ бақытты. Солай дей келе иығымызға түсер жауапкершілік жүгін де назардан тыс қалдыруға болмайды. Маңдайымызға бұйырған бағымызды, барымызды бағалай білейік. Құрметті жерлестер, баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға шын жүректен толағай табыс, мықты денсаулық, жемісті еңбек тілеймін. Тәуелсіз еліміздің керегесі бекем, тұғыры биік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

- Әңгімеңізге рақмет.

 

Сұхбаттасқан – Жұмабек СМАНОВ, Май ауданы.


Количество показов: 933

Возврат к списку