Баспанаң қайда, студент?

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  271

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  258

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  262

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  258

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  268

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  255

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  294

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  295

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  291

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  317

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  306

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  318

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  304

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  332

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  331

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  428

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  389

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  392

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  472

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  484

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  415

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  475

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  462

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  420

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  475

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  422

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  653

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  552

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  566

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  543

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  550

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  541

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  484

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  538

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  567

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  668

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  590

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  662

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  656

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  653

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  639

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  668

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  637

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  724

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  766

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  762

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  719

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  709

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  724

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  741

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  929

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  956

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  841

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  726

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  820

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  738

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  788

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1011

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1006

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  960

Баспанаң қайда, студент? 24.09.2022

Баспанаң қайда, студент?

Өңіріміздің жоғары оқу орындарының студенттері жатақханадан орын таба алмай әлек болып жүр. Тіпті, университет жанындағы пәтерлерді жалдайын десе, жалдау бағасы күннен-күнге шарықтауда дейді. Кей университеттер 1-курс студенттерін ғана жатақханадағы орындармен қамтыған. Ал одан жоғары курста білім алушылар баспанамен қамтылуы үшін белгілі талаптарға сай болуы қажет.

Естеріңізде болса жаңа оқу жылының басында Алматы қаласының студенттері жоғары оқу орындарының жатақханаларында орын тапшылығынан көшеге түнеуге мәжбүр болған еді. Себебі, арман қуып оңтүстік астанаға оқуға келген студенттердің тек 3-тен біріне ғана Студенттер үйінен орын табылады екен. Бұл жөнінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «енді жекеменшік, мемлекеттік жоғары оқу орындарына кез келген жаңа мамандықты ашу үшін немесе жаңа лицензия алу үшін жаңа шарт қойылады. Олар оқуға қанша адам қабылдаса, жатақханадан сонша орын қамтамасыз етуі керек» дейді.

- Кез келген жоғары оқу орны жүз студентті қабылдай ма, онда жүз адамға орын қамтамасыз етуі керек. Осы жылдан бастап заңнамаға енгізілді. Заңнамалық түрде шектеу қойылды. Алматы қаласында жалпы 35 жоғары оқу орны бар. Онда 200 мыңға жуық студент оқиды. Студенттердің 70 пайызы басқа өңірлерден келген. Оларды жатақханамен қамтамасыз ету үшін Сәтбаев университетінің негізінде арнайы жедел штаб құрылған. Кеше сол штабты барып көріп кеттім. Жыл басынан бері 1-курстың 500-ге жуық студенті жатақханада орын таба алмай жүрген. Қазір олар өздері орын тауып және жедел штабқа 88 бала хабарласып, олардың бәрінің шешімін таптық, – деді министр. Министр сондай-ақ, жедел штаб қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

- Жедел штабқа хабарласқан студентті біз Сәтбаев университетінің екінші және төртінші жатақханасына бір-екі күнге орналастырамыз. Сосын басқа университеттермен және хостелдермен келісіп, оларды тұрақты орналастыруға шешім қабылдаймыз. Жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді, – деді ол. Сондай-ақ, министр жатақхана мәселесін мемлекет өз есебінен толыққанды шеше алмайтынын айтты. Сол үшін министрлік жанындағы қаржы орталығымен бірігіп, жеке инвесторлармен, құрылысшылармен, мердігерлермен тікелей жұмыс басталған.

- Оларға арнайы 6 жылдық шарттар береміз. Яғни қаржы моделін ұсынамыз. Сол қаржы моделімен 2026 жылға дейін 70-80 пайыз жатақханамен қамтамасыз етеміз, – деді Саясат Нұрбек. Биылғы оқу маусымы дәстүрлі форматта өтетіндіктен студенттерге арналған жатақ-ханаларда орын тапшылығы туындауы мүмкін. Әсіресе ірі оқу орындары көп шоғырланған мегаполистерде бұл мәселе әрқашан өзекті. Премьер-Министр орынбасарының студенттік жатақханалардағы орындарға тапсырысты әзірлеп, бекіту тапсырмасын орындау мақсатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғарғы оқу орындары ректорларына барлық жатақханаларға ревизия жүргізіп, төсек-орын санын ұлғайту жолдарын қарастыруды тапсырды. Бұл шара қазіргі ахуалды анықтап, студенттерге уақытша тұрғын үй салу жоспарларына түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Министр сондай-ақ университеттерге жақын орналасқан жатақханалар мен қонақүйлер (хостелдер) арасында меморандум жасау тәжірибесін кеңінен қолдану қажеттігін де атап өтті.

Студенттер қапалы

Студенттерге жатақханаларда орын тапшы. Ол жағы белгілі. Мегаполистердегі студенттер университет жанынан қымбат пәтерлерді жалға алуға мәжбүр болса, өңірдегілер ондайды да таппай әлек. 2-курс студенті Аягөз Сағымбек оқу орнына жақын үйлердің жалдау құны шарықтап кеткенін айтады. Сол себептен қаланың шеткі аймағынан сәл арзандау бағадағы пәтерді жалдауға мәжбүр.

- Железин ауданының тумасымын. Студент атанып қалаға келгенде мұғалімдерден 1-курс студенттеріне университеттің жатақханасынан орын берілетінін естідім. Өзіміздің шәкіртақымыз 40 мыңнан аспайды. Ал пәтер жалдасам бар қаражат пәтерге кетеді деп, жатақханаға орналасайын деп шештім. Айына 12 мыңнан төлеп отырдым. Бір жылдан кейін университет әкімшілігі бөлмені босатуды сұрағаннан кейін оқу ғимаратының жанынан пәтер іздеуге мәжбүр болдым. Себебі, келесі 1-курс студенттеріне орын босатылуы тиіс деді. Университетке жақын жерлердегі пәтерлердің бір айлық жалдау құнын көріп, өзімнің қаражатымның жетпейтінін түсіндім. Қаланың шеткі аудандарынан үй іздестіруге мәжбүр болдым. Қазір үш-төрт қыз болып 70-80 мыңға 1 бөлмелі пәтерді жалдаймыз. Оқуға баруға алыс, - дейді студент. Ал Инновациялық Еуразия университе-тінің студенті Альмира Серік оқу орнының әкімшілігі біздің жатақханаға орналасуымыз ережеге сай емес екенін айтты дейді. Альмираның сөзінше, жатақхана тек аз қамтылған отбасыларға ғана арналған-мыс.

- Біз 2-курсқа өттік. Былтырғыдай басқа қаладан, ауылдан келгендерге жатақханадан орын болар деп ойлап едік. Үмітіміз ақталмады. Жоғары оқу орнының әкімшілігі жатақханадан орын дәметпеу керектігін, өйткені біздің әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шықпағанымызды айтты. Әке-шешеміз жұмыс істегенімен, оқу ақымызға, тамағымыз бен киімімізге ақшаны әзер табады. Енді оған пәтерақы қосылса, қалай болатынын білмейміз, - дейді Альмира. Альмираның анасы Бақытгүл Сәрсенбекова қызының оқуына алаңдаулы. Себебі, қызының шәкіртақысы пәтер жалдаудан да аспайды.

- Оқу жылының басталғанына 3 аптадан асты. Қызым 4 қыз болып пәтер жалдап тұрып жатыр. Бізде мына жақтан көмектесудеміз. Қызым оқудан соң жұмыс істейді. Өйткені, шәкіртақысы пәтерді жалдауға ғана жетеді. Қосымша үйдің коммуналдық төлемі бар. Қазіргі пәтерлерді жалдау құны орташа алғанда 80-90 мың теңгені құрайды. Жұмыс деп жүріп оқу үлгерімі төмендеп кете ме деп қорқамын. Ал арзанында су жоқ, от жағу керек. Үй иелері өзімен бірге тұруға ғана арзандау сұрайды екен. Сондайға жүгірсек те болмай жатыр. Студент екендіктерін білсе, ат-тонын ала қашады, - дейді ата-ана. OLX қосымшасына кіріп, пәтерлердің бағасын шолып өттік. Пәтер бағалары шынымен шарықтап тұр. Мәселен, қаланың орталығындағы 1 бөлмелі пәтерді жалдау үшін кемінде 60-70 мың теңге қаражат болуы қажет. Ал, 2 бөлмелі пәтер үшін ең кемінде 100 мың теңгеңізді дайындай беріңіз. Бұл - сіздерге көрсетілген ең төменгі баға. Ең жақсы пәтерлердің жалдау бағасы 130 мыңнан асып жығылады. Баға үйдің жай-күйіне қарай белгіленеді екен. Яғни, үйдің жөнделу деңгейіне, жиһазына, орналасқан жеріне байланысты.  

Орындар жеткілікті

Өңіріміздің болашақ мұғалімдерін даярлайтын Павлодар педагогикалық университетінің Жастар саясаты департаментінің директоры Мадина Құсманованың айтуынша, университеттің жатақханасында студенттерге орын жеткілікті және барлық студенттерге жағдай жасалған.

- Университет базасында 2 Студенттер үйі бар. Біріншісінде – 312, екіншісінде – 475 орын. Жалпы алғанда жатақханалар 787 орынға шақталған. Оның 647-сінде университет студенттері, 140 орында біздің университетіміздің базасындағы М.Қанапиянов атындағы педагогикалық колледж студенттері орналастырылған. Жатақханаға ең алдымен әлеуметтік осал топтан, яғни ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы отбасылардан, аз қамтылған және өзге өңірлерден келген студенттерді кезекпен жатақханаға жібереміз. Ол студенттердің арасында Оңтүстік, Батыс аймақтарынан келген студенттер көп, - дейді М.Құсманова. Екі жатақханада қазіргі заманға сай құрастырылған. Студенттерге түрлі жағдайлар жасалған. Жатақханадағы бөлмелер пәтер іспеттес жасалған. Әр бөлме асхана, жуыну және дәретхана бөлмесімен жабдықталған. Тек бірінші Студенттер үйінде ғана ас бөлмесі әр қабатта бір-бірден орналасқан. Әр студенттің бөлмесінде үй тапсырмасын жасауы үшін жеке үстел және кітап сөрелері орналастырылған. Сондай-ақ, жатақханада студенттерге арналған компьютерлік, оқу, демалу, коворкинг, кинотеатр бөлмелері және спортпен шұғылдануға арналған құрал-жабдықтар бар. Яғни, студенттің өзін-өзі дамытуына толықтай жағдай қарастырылған. Студенттер үшін жатақхана бағасы да тиімді. Бірінші жатақхананың бөлмесінен бір орын жалдау бағасы 10 мың теңге болса, екінші жатақхананың құны 12 мың теңге. Тек бір атап өтерлігі, жұмыс істейтін студенттер жатақханада тұра алмайды. Себебі, жатақхананың өзінің кіріп-шығу уақытын реттейтін ережесі бар.

- Оқудан соң қосымша жұмыс істейтін студенттер жатақханаға кеш қайтады. Ал бізде қызмет атқаратын студенттер қабылданбайды. Жатақхананың өзінің белгілі уақыты бар. Студенттер кешкі 20.00-ге дейін жатақханаға кіру тиіс. Кешкі 22.00-ден кейін біз студенттерді тексеру жұмыстарын жүргіземіз, - дейді Мадина Шалқарқызы. Торайғыров университетінің ұсынған ресми ақпаратына сүйенсек, биылғы оқу жылында барлығы 8500 студент білім алады. Соның ішінде 3081 студент бакалавриатқа, магистратура мен докторантураға биыл оқуға түсті.

- Университетке қарасты екі жатақханада барлығы 860 орын бар. Бұл қуаттылықты одан әрі арттыру және студенттерге арналған үйлерді кеңейту жоспарда бар. Дәлірек айтқанда, 600 орынға арналған үшінші жатақхананың құрылысы басталды.
№2 жатақханадағы бір орынның ай сайынғы бағасы - 8836 теңге. №1 жатақханада тұратын студенттер айына 7000 теңге төлейді. Қаржылық жағдайды ескере отырып, осы жылы жатақхана бағасы көтерілген жоқ, - делінген ақпаратта. Ал өңіріміздің үшінші жоғары оқу орны Инновациялық Еуразия университетінің әкімшілігіне хабарласқанымызда, олар жатақхана бойынша сауалға жауап беретін бөлім жоқ деп қысқаша ғана жауап қайырды.

 

Түйін:

Жылдан-жылға студенттердің шәкіртақысы өсуде. Онымен ілесіп жатақхана, пәтер, тіпті күнделікті өмірде қолданатын заттардың бағасы да өсуде. Ал ақылы бөлімде оқитын болашақ мамандық иелерінің күні не болмақ? Министрлік жақында 2025 жылға дейін жатақхана мәселесі толық шешілетінін хабарлады. Осындай уәде беріп отырған ведомство келесі бір деректі келтіреді: 2026 жылға қарай студенттердің саны 1 млн-ға жетуі мүмкін. Яғни қазіргіден шамамен екі есеге артады. Сонда қайтпекпіз...

Айдана БОРАНБАЕВА.

 


Количество показов: 556

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  271

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  258

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  262

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  258

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  268

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  255

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  294

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  295

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  291

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  317

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  306

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  318

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  304

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  332

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  331

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  428

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  389

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  392

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  472

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  484

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  415

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  475

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  462

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  420

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  475

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  422

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  653

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  552

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  566

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  543

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  550

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  541

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  484

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  538

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  567

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  668

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  590

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  662

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  656

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  653

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  639

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  668

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  637

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  724

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  766

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  762

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  719

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  709

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  724

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  741

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  929

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  956

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  841

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  726

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  820

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  738

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  788

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1011

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1006

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  960