Басты құндылық

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

Басты құндылық                        28.08.2021

Басты құндылық

Кеше Достық үйінде ҚР Конституциясы күніне орай «Тәуелсіз Қазақстан: жасампаздыққа толы жылдар. Павлодар облысының басты жетістіктері» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында этносаралық келісім, әлеуметтік салалар мен мәдениетті жаңғырту үдерісі, үкіметтік емес ұйымдардың рөлі талқыланды.

 

Басқосуға облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов, депутаттар мен басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері қатысты.

- Конституция таңдау еркіндігі мен құқықтардың, мүдделердің қорғалуын қамтамасыз етеді. Ата-бабаларымыз жылдар бойы аңсаған азаттықтың басты құндылықтарының бірі - қоғамдық келісім. Мәселен, бүгінде әр түрлі этнос өкілдері ана тілі мен төл мәдениетін тарихи отанына бармай-ақ меңгере алады. Жалпы, еліміздің 30 жылда жеткен жетістіктерінің барлығы - Тәуелсіздік пен Ата Заңның іске асуының жарқын жемісі, - деп атап өтті Ә.Сқақов. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы облыстық филиалының басқарма мүшесі Мұхит Жақсылықұлы егемен елдің басты құжаты қандастарымыздың Атамекенге оралуына жағдай жасағанына ерекше назар аударды.

- Конституция - тұрақтылық, жаңғыру мен өркендеудің іргетасына айналған құндылық. Еліміз тәуелсіздік алған 30 жыл аралығында 1 миллионнан астам қандасымыз атажұртқа оралды. 40 мыңға жуық қандасымыз Павлодар облысының тұрғыны атанды. Бүгінде олардың басым бөлігі әр түрлі салада табысты еңбек етіп, жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Тарихи отанын аңсап келген азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау бар. Осындай ұлы көш рухымызды көтеріп, еңсемізді тіктегені анық, - деді М.Жақсылықұлы. Дөңгелек үстел барысында білім, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының жетістіктері де сөз болды. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Динара Айтжанова Ата заң қазақстандықтарға орта және жоғары білімді, медициналық қызметтерді тегін алуға мүмкіндік беретініне тоқталды. Тәуелсіздік жылдары өңірдегі әлеуметтік нысандар саны бірнеше есеге көбейді. Мәселен, 1990-ыншы жылдардың басында бүлдіршіндердің тек 48 пайызы балабақшаға барса, бүгінде 100 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтылып отыр. Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Жарқынбек Амантай елдің өркендеуінде, облыстың дамуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңызы зор екенін айтты. Аталмыш бағдарлама аясында соңғы 4 жыл аралығында өңірдің 300 мектебіне 781 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Кездесу соңында ҚР Конституция- сы күніне орай облыстық «Найзатас» журналының бас редакторы Асыл Әбішевке, «Самал» оңалту орталығының басшысы Зинаида Богненкоға және медиация орталығының жетекшісі Ольга Николашинаға облыс әкімінің Құрмет грамотасы табысталды. Сонымен қатар, тағы бірнеше азамат аймақ басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

 


Количество показов: 827

Возврат к списку