«Батадан асқан сөз болмас»

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  271

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  258

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  262

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  258

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  268

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  255

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  294

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  295

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  291

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  317

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  306

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  318

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  304

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  332

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  331

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  428

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  389

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  392

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  472

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  484

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  415

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  475

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  462

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  420

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  475

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  422

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  653

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  552

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  566

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  543

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  550

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  541

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  484

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  538

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  567

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  668

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  590

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  662

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  656

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  653

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  639

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  668

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  637

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  724

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  766

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  762

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  719

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  709

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  724

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  741

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  929

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  956

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  841

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  726

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  820

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  738

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  788

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1011

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1006

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  960

«Батадан асқан сөз болмас» 20.05.2021

«Батадан асқан сөз болмас»

Айналамыздан бастаған ісінің берекесін көрген немесе қызметінде белгілі бір нәтижеге қол жеткізген жанды көрсек, «көптің батасы тиген» немесе «үлкеннің батасын алған екен» деп мақтап, марқайтып жатамыз. Соған қарағанда, ұрпағымыздың болашағы үлкеннен дарыған ақ батаның құдіретімен жарқын болатынын аңғарамыз. Ал айналасына даналықтың дәнін сепкен ақ сақалды абыздарды көргенде «Баталы қария екен» деп қадір тұтамыз. Дәл сондай баталы қариялар біздің өңірде де бар. Солардың бірі – ҚР мәдениет қайраткері, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, ақын Балтабай Сыздықов. Жақында қарияны сөзге тартып, бата сөзінің құдірет-күші және мән-мағынасы жөнінде әңгіме құрған едік.

- Балтабай ата, сіз өңірімізде алғаш болып «Батадан асқан сөз болмас» деген кітап шығардыңыз. Яғни, бұл тақырыпта білгеніңіз бен түйгеніңіз көп деп білеміз. Ендеше, бата сөзінің мәні мен маңызын бір-екі ауыз сөзбен қалай түсіндіресіз?

- Бата беру дегеніміз — ұрпағымыз үшін Алладан жақсылық сұрап, дұға тілеудің ұлттық дәстүрі. Ол - халқымыздың көнеден бері үзілмей келе жатқан рухани қазынасының бірі әрі бірегейі. Қазақ халқының ұлттық мәдени игіліктерінің ішінде бата берудің мән-мағынасы өте жоғары. Бұл - әбден қанымызға сіңіп, жанымызбен жарасым тапқан рухани қазына, игі дәстүр. Себебі, батаның әрбір сөзі ой-санамызға нұрлы шуақ сыйлап, алдағы өмірімізге бағыт-бағдар береді және жолымызды ашады. Бұл - тәрбиелік мәні зор ақыл сөздер мен ақжарма тілектің бастау бұлағы әрі жиынтығы. Қазақта батаға қатысты айтылған қанатты сөздер де баршылық. Мысалы: «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер», «Атадан бота қалғанша бата қалсын», «Қарғыс алма, алғыс ал», «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас», «Батаның құны мың жылдық» деген нақылдар бекер айталмаған. Сондықтан, біз ұл-қызымыздың келешегін, ұрпағымыздың болашағын батасыз елестете алмаймыз. Әрбір ата-ана баласының бай болуын емес, баталы болуын тілейді. Себебі, батасыз келген байлықтың құны көк тиын.

- Қазір ұмытылып бара жатқан үрдістердің бірі - үлкеннің батасын алу. Яғни, алыстан ат терлетіп бір абыройлы үлкен адам келсе, сол елдің жөн білетін адамдары «ақсақалдың батасын алайық» деп, балаларын ертіп барады екен...

- Иә, дұрыс айтасың. Біздің халқымыз үлкеннің батасын алуға ерекше мән берген. Себебі, жасы үлкен адамның, алыс жолда жүрген жолаушының, Алланың ақ жолынан айнымаған тауқа кісінің батасы тез қабыл болады. Біздің бабаларымыз осыны жақсы білген. Өкінішке қарай, ол дәстүрді үзіп алдық. Сонымен қатар, бір істі бастар алдында да «сәтімен болсын» деп бата сұраймыз, жолаушы жүрер кезде «жолымыз болсын» деп үлкендердің батасын аламыз. Яғни, ақ бата ақ дастарқан үстінде ғана беріледі деген сөз жоқ. Мәселен, «Қыз Жібек» көркем фильміндегі Төлегеннің әкесі Базарбайдан бата тілеген тұсын режиссер ерекше маңыз беріп көрсетеді. Соңында Төлеген әкесінің ақ батасын алмай жолға шығып, не болғаны да белгілі. Міне, осы секілді тарихи оқиғалар көп.

- Батаны қандай адам беруі керек?

- Жалпы, бата беру дәстүрі мұсылман халықтарының барлығында бар. Оны әр халық өздерінің салт-дәстүріне, мәдениетіне сай орындайды. Біздің «заңымызда» батаны «осындай адам береді» немесе «мына адам бермейді» деген шектеу жоқ. Әрине, алдымен дастарқан басындағы жасы үлкен аталар мен ақжаулықты әжелерден немесе ел алдында жүрген абыройлы азаматтардан бата сұрайды. Сонымен қатар, болашағынан үлкен үміт күткен ұл балаларға да айтқызуға болады. Жалпы, бұл жерде қандай адамның дұғасы мен тілегі қабыл болуы мүмкін? Сондай адамға қарай бағыттаған ғой. Яғни, аузында «бисмилласы» бар, Алланың ақ жолынан жаңылмаған тақуа адамдар бірінші орында тұрады деген сөз. Ал кішкентай балаға бергізудің де өз мәні мен ұғымы бар. Олар дүниенің жылтырағына қызықпаған, ешкімнің ала жібін аттамаған күнәсіз ғой. Сондықтан, сәбидің дұға-тілегі Алланың құзырына тез жетіп, қабыл болуы мүмкін.

- Өзіңіздің қоржыныңызда батаның қанша түрі бар?

- «Мен дәл осынша бата білемін» деп айта алмаймын. Дегенмен батаның барлық түрінің сөздерін білемін. Мысалы, жаңа дүниеге келген сәбиге, оның тұсаукесері мен сүндет тойына, мектеп табалдырығын аттау кезіндегі тілашар тойына арнап бата беремін. Сонымен қатар, тұрмысқа шығатын қызға, үйленіп жатқан екі жасқа, мерейтой иесіне, жол жүретін жолаушыға, жарысқа аттанғалы тұрған шабандозға, Отан қорғауға аттанатын сарбазға және әртүрлі ұлттық мерекелерге арналған баталар бар. Жалпы, бата сөздерінің мағынасы терең, ұйқасы шымыр болуы керек.

- Сіз өткен жылдың тамыз айында «Батадан асқан сөз болмас» деген кітап шығардыңыз. Онда қанша бата қамтылған және материалдарды қалай жинақтадыңыз?

- Жалпы, мен батаның құндылығын зерттеумен көптен бері айналысып келемін. Кітап үш бөлімнен тұрады. Біріншісі - «Тарихи тұлғалардың баталары мен ел ішінде кең таралған баталар», екінші бөлім - «Салт-дәстүрлерге арналған баталар», үшінші бөлім «Арнаулар мен тілектер» деп аталады. Алғашқы бөлімінде бұрынғы өткен ұлы тұлғалардың баталары топтастырылды. Әсіресе, Төле бидің, Әйтеке бидің, Қазыбек бидің, Ақтайлақ бидің ел аузында кең таралған сөздерін ерекше атауға болады. Сол секілді Бұқар жыраудың, Бауыржан Момышұлының баталары бар. Ал екінші және үшінші бөлімдерде өзімнің бұрыннан бергі жинап, жазып алып жүрген баталарым мен арнау-тілектерім топтастырылды.

- Қазіргі замандастарыңыздың той-жиындарда беріп жүрген баталары көңіліңізден шыға ма?

- Той-жиындарда төгілтіп бата айтатын қариялардың қатары енді ғана көбейіп келеді ғой. Мысалы, Ульян Мақұл, Даниял Әсенов, Қаршыға Шаяхметов, Қабидолда Әлібаев, Қадыр Әжімұратов, әжелер арасында Бақытжамал Елеукенова, Құралай Уақбаева сынды замандастарымыз батаның құндылығын дәріптеп жүр. Бұл кісілерден бөлек көзге көрінбей жүрген батагөй қарияларымыз да бар деген ойдамын. Қатарымыз әлі де көбейеді деген сенімдемін. Негізінде, көп ақсақалдар «бата беріңіз» дегенде «өліге иман, тіріге береке берсін» деген бір-екі ауыз жаттанды сөзбен ғана шектеліп қалады. Мұны біздің ешқандай өлшеуі жоқ байлығымыздың бағасы мен салт-дәстүріміздің қадіріне жетпеу деп түсінемін. Тіпті, кейбір үлкендердің аузына ол да түспей, абдырап қалып жатады. Кейде бір ауылдан бата беретін бір ақсақал таппай жататын кездер болатынын жасыра алмаймыз. Бұдан рухани мәдениеттен жастар жағы емес, керісінше, үлкен буынның алыстап қалғанын байқаймыз және ішімізден күйзелеміз. Жалпы, ұрпағының амандығын Алладан сұрап, дұға жасау үшін ешқандай шешендіктің керегі жоқ. Жүрегіндегі ақжарма тілегін, аталы сөзін шығара алса болды емес пе? Өткенге кінә артпаймыз.Дегенмен, ақиқатты айту – бізге парыз. Кеңестік кезеңнің дінсіз жүйесі барлық рухани құрдылықтары-мызды құртуға, әсіресе дінге қатысы бар дүниелерді санамыздан жойып жіберуге тырысты. Дегенмен, сол жүйенің құрығынан босап шыққанымызға 30 жылдың жүзі болды. Бұл - аз уақыт емес. Сондықтан, екі ауыз бата білмеу деген – қарияларға үлкен сын. Кейінгі өсіп келе жатқан жастарымыз бізге қарап бой түзейді, бізден өнеге-үлгі алады. Ал немересіне арнап екі ауыз бата айта алмай отырған адамнан қандай үлгі, қандай өнеге күтеді?! Осы жағын ойланайық.

- Бүгінде кейбір той иелері ақ дастарқанға ащы су қойып, ақсақалдардан бата сұрап жатады. Бұл шариғатымызға қайшы келмей ме?

- Бұл - біздің дінімізге де, дәстүрімізге де жат әрекет. Айналып келгенде, асыл дініміз бен салт-дәстүрімізге құрметсіздіктің салдары. Бата – Алладан болашағымыз үшін дұға тілеу, ұрпағымыздың амандығы мен саулығын сұрау. Ал Жаратушының рұқсат етпеген сусынын тұтынып тұрып, дұға тілеу - қисынға келмейтін дүние. Мұндай батамыз қабыл бола ма, болмай ма? Әрине, барлығы бір Алланың құзырында. Сондықтан, берген батамыз қабыл болуы үшін соған лайық болуымыз керек деп ойлаймын.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан – Тілеуберді САХАБА.

 


Количество показов: 1103

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  271

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  258

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  262

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  258

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  268

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  255

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  294

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  295

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  291

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  317

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  306

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  318

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  304

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  332

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  331

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  428

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  389

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  392

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  472

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  484

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  415

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  475

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  462

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  420

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  475

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  422

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  653

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  552

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  566

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  543

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  550

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  541

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  484

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  538

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  567

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  668

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  590

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  662

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  656

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  653

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  639

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  668

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  637

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  724

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  766

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  762

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  719

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  709

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  724

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  741

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  929

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  956

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  841

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  726

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  820

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  738

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  788

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1011

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1006

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  960