«Әке арманы» орындалған күн
13:03 28.06.2022
93
Жауапкершіліктің жүгі ауыр
13:01 28.06.2022
90
Ширақтық. Шеберлік. Шындық
11:42 28.06.2022
96
Мені шыңдаған басылым...
11:37 28.06.2022
96
Техника тізгіншісі
11:34 28.06.2022
93
Балаларға бақылауды күшейту қажет
11:32 28.06.2022
96
Студенттерге - сапалы баспана
11:30 28.06.2022
91
Әлеуеті зор
11:28 28.06.2022
86
Сот қызметкерлері марапатталды
11:19 28.06.2022
94
«Сіз - тікелей эфирдесіз!»
11:17 28.06.2022
101
Қасіретті арқау еткен қойылым
20:18 24.06.2022
89
Вейп: бұлыңғыр болашақ
20:17 24.06.2022
84
«Пати» билеген заман болды...
20:15 24.06.2022
83
Су аймақтары қалай қорғалады?
20:13 24.06.2022
84
Тәртіп сақшыларына - құрмет
20:12 24.06.2022
90
Бәсекелес бола алмайды
20:05 24.06.2022
95
Ауылға интернет қашан жетеді?
20:03 24.06.2022
174
«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»
16:37 23.06.2022
83
Ортада тағы – орамал тақырыбы
16:30 23.06.2022
81
Бастысы – жауапкершілікті сезіну
16:27 23.06.2022
84
Үлгі болатын үздіктер көп
16:19 23.06.2022
87
Журналистика – жүрек қалауы
16:15 23.06.2022
92
Қан қысымын қалай реттейміз?
15:45 23.06.2022
83
Жобаның игілігін ауылда көруде
15:40 23.06.2022
201
Тозған автобустар қашан жаңарады?
15:30 23.06.2022
80
Жаңа тұрғын үй кімдерге тиесілі?
15:27 23.06.2022
86
Сарсаңға салған «Tik-Tok»
11:47 21.06.2022
78
Екі қолға бір күрек табылады!
11:46 21.06.2022
84
Балалар мүддесі – басты назарда
11:44 21.06.2022
83
Суға жаритын күн бар ма?
11:38 21.06.2022
76
«Ол кезде он үште едік...»
11:35 21.06.2022
84
Табиғатқа жанашырлық керек
11:33 21.06.2022
82
Туристік маусым ашылды
11:29 21.06.2022
84
ERTIS MEDIA FEST - қалалық саябақта!
10:55 21.06.2022
76
Шынығу басы - тынығу!
10:53 21.06.2022
81
«Жасыл ел» іске кірісті
10:50 21.06.2022
120
Уақытпен үндескен ұтады
09:58 21.06.2022
471
Ақши тұрғындары неге алаңдаулы?
09:57 21.06.2022
347
Жазушыға Ньютонның байқампаздығы керек!
10:59 16.06.2022
589
Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі
10:55 16.06.2022
680
Бала денсаулығы - басты назарда
09:10 16.06.2022
529
Ұн нарығы: бүгінгі баға қандай?
09:00 16.06.2022
574
Ардагер есімі ұлықталды
09:00 16.06.2022
540
Жердің аты - бабаның хаты
09:00 16.06.2022
526
Ел руханиятына елеулі үлес қосқан нартұлға
09:00 16.06.2022
593
Этноауылдар құрылады
09:00 16.06.2022
527
Оқушы білімі қандай болмақ?
09:00 16.06.2022
555
Оқушылар музейге тегін барады
09:00 16.06.2022
569
Жапырақтарды «жеп» жатыр
09:00 16.06.2022
519
Егін алқабы – астық қалқаны
09:00 16.06.2022
536
«Ақбілектің» премьерасы өтті
10:43 14.06.2022
653
«Қымызмұрындық» дәстүрі дәріптелді
10:41 14.06.2022
672
Демалыс қалай өтеді?
10:39 14.06.2022
653
Талқылау емес, бағыт беру керек
10:37 14.06.2022
633
Биылғы маусымның жаңашылдығы қандай?
10:33 14.06.2022
669
Көмірінен көңілі ыстық Екібастұз!
10:29 14.06.2022
732
Қамданған қапы қалмайды
10:27 14.06.2022
647
Байдаланың жолы жаңаруда
10:25 14.06.2022
627
Жомарт жандар
10:21 14.06.2022
634
Сарыарқа самалы, 14 маусым, сейсенбі
10:19 14.06.2022
650
ХХ ғасырдың басында қазақ даласында «Түркістан уәлаяты» мен «Дала уәлаяты» бастап сан алуан газеттер жарық көрді. Бұл халқымыздың ағартушылық, ақпараттық жетілу өмірінің өркендеуіне дүр сілкініс әкелген құбылыс еді. Осы газеттердің қатарында 1929 жылы өлкелік басылым ретінде Павлодар өңірінде жарық көрген - «Кеңес туы» газеті. Бүгінде Павлодар облыстық «Saryarqa samaly» газеті аталады.Осы газеттің негізін қалап, басы-қасында болған тұлғалардың бірегейі ұлт қайраткері Бейсембай Кенжебаев еді. Ол небары 25 жасында осы газетке редакторлық етті. Осы орайда ұлттың ұлы қайраткер-қаламгерінің шәкірті әрі рухани мұрагері белгілі әдебиет сыншысы, журналист, ғалым Құлбек Ергөбекпен сұхбаттасқан едік.
- Армысыз! Бүгінгі таңда ақпарат айдыны адамзат қауымын үздіксіз өз толқынында тербетуде. Өткенге көз жүгіртер болсақ, осыдан бір ғасыр бұрын дәл бүгінгідей ақпараттар ағысы жоққа тән еді. Өзіңіз ең әуелі журналист ретінде осы ақпарат саласының сан алуан жанрында қалам тербеп, толағай дүниелер жасадыңыз. Әлі күнге журналистік міндетті атқарып келесіз. Осы бір миша былыққан заманда журналист қандай болу керек? Оған қойылатын талаптар қандай?
- Бүгінгі журналист Вл.Познер, В.Невзоров, Ю.Дуд, Д.Гардон деңгейінде болуы керек. Әйтпесе, жәй жанбағар, сарбалақ сор тірлік қана. Кеше Вл.Листьевті атып өлтірді. Невзоровты атып, бірақ ол аман қалды әйтеуір. Қазақcтаннан осындай бойына дүниенің білімін жинаған әрі журналист публицист, әрі тарихшы саясаткер, әрі әдебиетші жазушы тұлғаларды таппай қиналамын. Қазақ журналистикасында арамыздан кеше ғана аттанып кеткен Нұртілеу Иманғалиұлы журналистикада өзінше жаңалық жасауға тырысушы еді. Е, оны да билік талай тобықтан қақты. Теле-радио корпорациясының басшысы болып отырған жерінен сынықтан сылтау іздеп министр (министрлікке қарайды ғой) жағасынан алып, бұл қызметімнен арым қымбат деп орысқол министрді бетпе-бет тұрып орысша анасынан боқтап салып, қызметін тастап жүре берген сабаз еді ғой ол. Бұл отыз жылда журналиске еркін жұмыс істетпеді билік. Құрысын!
- Біз осы орайда сіздің рухани әкеңіз әзиз адам Бейсембай Кенжебаев тұңғыш редакторлық етіп тұсауын кескен сол кезде «Кеңес туы», қазір «Сарыарқа самалы» аталатын Павлодар облыстық газеті жайлы сұрасақ. Ұстазыңыз осы газет жайлы не айтатын еді?
- Қазақ журналистерінің басы деп «Айқаптай» журнал шығарған Мұхамеджан Сералинді айтсақ керек. Соның іргесінен із салып, одан да асып түскен «Қазақ» газетін айтайық. 1918-25 жылға дейін Ташкентте шығып тұрған «Түркістан республикасы» тілі – «Ақ жолды» айтайық. «Қазақ» газетін шығарушы Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы! «Ақ жол» газетінің редакторы - Сұлтанбек Қожанұлы, бас жазушысы - Міржақып Дулатұлы! Осы үш тұлғаның ішінде де ерекше дараланып тұрғаны Міржақып Дулатұлы емес пе?! Журналист бар, редактор бар. Міржақып сұмдық редактор болған сияқты. Редакторлар керуеніне көз салғанда шартты түрде болса да М.Дулатұлы, Ш.Мұртаза, Ж.Бейсенбайұлы... деп барып тоқтап қалам. Бұл арыдан арна тарта сөйлесек М.Сералин, А.Байтұрсынұлы, С.Қожанұлы, С.Сәдуақасов, Ғ.Тоғжанұлы, Б.Кенжебайұлы, С.Бердіқұлов, К.Смайылов, М.Ақдәулет, Қ.Сәрсенбай, Д.Қуат сынды шын редакторларды кемсіткенім емес. Бұлар - екінші саптың таңдамалысы. Әкем Бейсембай Кенжебайұлы журналистік жолын Ташкентте шығып тұрған С.Қожанұлы басқарған «Ақ жол» газетінен бастаған. Ғани Мұратбаев басқарып, шығаратын «Жас қайрат» газетінен бастаған. Ташкеннен Міржақыпты таниды, Сұлтанбекпен тіпті таныс-біліс, Ғанидың сарбазы. Бейсембай, Өтебай, Жүсіпбек үшеуіне Ғани міндеттеп мақала жаздыратын сәттер-ай, шіркін! Мәшһүр Жүсіп әулиенің ұлы Мұхаме-дәминнің шәкірті – өздері оқитын №14 жетім балалар үйінде әлгі үш бала бірігіп, қабырға газетін шығарады. 1922-25 жылдары И.В.Сталин атындағы Күншығыс халықтары еңбекшілері коммунистік университетінде (КУТВ) оқып жүріп әлгі үш бозбала тағы да қабырға газетін шығарады. Москвадан жазда Ташкентке келгенде Фрунзе дивизиясы басмашылармен (қазір өзбек ұлтшылдары ретінде танылып отыр. Қ.Е.) күреске салған студент балаларды. «Үш ноян» (Бейсембай, Жүсіпбек, Өтебай) «Дархан» атты қазақша, өзбекше қолжазба журнал шығарады. Бұхараны басмашыларға қарсы үндейді сөйтіп. Демалыс уақыты аяқталған соң Москваға жүріп кетеді. Барып, Әдебиет үйірмесін ұйымдастырады университет қабырғасында. 1925 жылы Бейсембай Кенжебайұлы КУТВ дипломымен Орынборға «Жас алаш» газетіне редакторлыққа, Жүсіпбек Арыстанов, Т.Рысқұловтың Сталинге жазған «доносынан» жабылған болып, көз алдап, Алашорда шарапатымен (тағы Міржақып) Шымкент гүбернесінің тілі болып шығып тұрған – «Ақ жолға» редактор, Өтебай Тұрманжанов Орта Азия мемлекеттік университетіне (САГУ) профессор міндетін атқарушы болып жіберіледі. Жаңа элита. «Абай» аталатын мақаласына байланысты, мақаласында Абайды байдың емес, халықтың мұң-зарын жырлаған «халық ақыны» деп бағалағаны үшін, «Жас алаш» редакторынан төмендетіп, орынбасар етіп «жазалайды» Бейсекеңді. Редактор орнына журналистикаға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын ЛКСМ бірінші хатшысы Ибат Игенов қол қойып отырады. Ең болмаса редакция журналистері Ахмет Елшібеков, Әуеш Қошмағамбетовтің бірі қол қойсайшы, шіркін?! Жастар газетін осы үш журналист шығарған бірсыпыра уақыт. Ендігі бір қалам қызметі «Еңбекші қазақта» жалғасады. «Еңбекшіл қазақ» болып келген газетті «Еңбекші қазақ» етіп жаңғыртқан Смағұл Садуақасов. Бейсекең келгенде газет редакторы Ғаббас Тоғжанов. «Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш профессионал әдебиет сыншысы» (Б.Кенжебайұлы). Баянтаулық. Ғаббас пен Смағұл немере ағайын. Бейсекең Ғаббас сыншыны ерекше мақтап отырар еді. Өзін, кітабын мақтаған мақаланы газетке жарияламай, сынап жазған мақаланы жариялап отырады десетін. Кішіпейілдік.
Бейсекеңді Павлодарға газет жұмысын ұйымдастыруға жіберген Ғаббас Тоғжанов. Ұмытпасам, газет баспахана құралдарын Россиядан, Орынбордан алдырған. Жалпы өңірлік, республикалық газеттердің өмірге келуі Москвамен байланысты. Коммунистік орталықта «Күншығыс халықтарының кіндік баспасы» аталатын баспа құрылады. Оның бас редакторы - білімпаз Нәзір Төреқұлов. Қазақ, татар, башқұрт, өзбек, тәжікке баспа орындары, бірсыпыра газетті ашып беретін сол Нәзір Төреқұлов. Әкесі Түркістандық қазақ, анасы Самарқандық тәжік қызы. Өзі қазақ, тәжік, өзбек тілдерінде жазған, оқулықтар шығарған, ағылшын, неміс, француз, кейін араб тілін білген полиглот. Үлкен түркітанушы. Түркітанушы А.Самайловичпен дос болған. Ол «Кіндік» баспадан Ә.Бөкейханның дайындауымен «Ер Тарғынды», башқұрт Вилдановтың дайындауымен Башқұрт мақал-мәтелдері, өзі жинақтап «Алпамыс», «Едіге» эпостарын шығарған адам. Қазаққа Новосібірде кітап баспасы, баспаханасын, «Қызыл Ту» аталатын республикалық газет ашып берген. Сәбит Мұқановтың «Жұмбақ жалау» («Ботагөз») романы 1938 жылы Новосібірде басылатын себебі сол. Ғ.Мұстафин, А.Бұзырбаев бастап бірсыпыра қаламгерлер Қазақстанға кейін сол Новосібірде шығатын «Қызыл Ту» газетінен келгені тағы бар. Ол кезде «Қосағаш» (Бүгінде Таулы Алтай республикасына қарайды) қазақ жері, Павлодардан тартып ол жерлерді (Алтай аймағы) қазақтың бес болыс елі жайлаған жер. Онда кітап басылатыны, онда газет ісі ұйымдастырылатыны содан. «Үйқамақтағы» Әлихан Бөкейхан, «Өнер институтында» оқитын Мағжан Жұмабайұлы, КУТВ студенттері бәрін баспа ісіне тартып, қаламақы беріп, аман сақтап алып келе жатқан да Нәзір Төреқұлов. Өтебай Тұрманжановқа мақал-мәтелдерді, Бейсембай Кенжебайұлына қазақтың бейәдеп сөздерін жинататын - сол Нәзір ағалары. «Кеңес туы» газетінің сарыарқадан ұйымдастырылу сырын тап осы жерден суыртпақтауға болады. Редакцияда санаулы адам істеген. Қазақша, орысша шығып тұрған. Ол кезден сақталған жалғыз фоторәсімді бірнеше жыл бұрын «Сарыарқа самалы» газетінің басшысы Нұрбол Жайықбаев деген азаматқа жіберсем керек. «Кеңес туын» сөйтіп ұйымдастырған 25 жасар Бейсембай Кенжебайұлы. Келіншегі Минкамал Мұхамедиярқызын, астанада (Қызылорда) туған ұлы Шыңғысты қолтығына қысып, аттанған Бейсекең Баянтауда қызды болады. Есімі - Шолпан. Перзенттерінің есімінде де сыр бүгулі жатыр. Москвада КУТВ-да (Шығыс еңбекшіле-рінің коммунистік университеті) Бейсекең Төреқұл Айтматовпен бірге оқыған, дос болған. Достық белгісі деп, елді-еліне тарар кезде, екеумізден ұл туса аттарын Шыңғысхан бабамыздың есімін берелік құрметтеп, егер қыз туса жаңа дәуірдің қызы ретінде Шолпан деп ныспылайық, егер бірімізде ұл, бірімізде қыз туса – құда болалық деп серттесіп жүріп кеткен бірі – Қазақстанға, бірі Қырғызстанға! Бүгін мәлім болғандай, екеуінен де ұл, екеуінің аты да – Шыңғыс. Шыңғыс қаған құрметіне! Баянтау жерінде туған қызының есімі - Шолпан. Ауыздарына құдай салған ба, Шолпан апайымыз қырғыздың Мұхтар есімді жігітіне (әкесі қырғыз, анасы қазақ) тұрмысқа шықты, қырғыз елінің келіні болды. Күйеуі Қырғызстанда юстиция министрі қызметінде тұрып қайтыс болды. Шолпан Ұлттық университетінде сабақ беріп, ұлғайып дүние салды. Ұлы, екі қызы бар. Міне, кіндік қаны Баянтау жерінде тамған қыздың да тарихын шежірелеп шықтық. Баймолдин, Қарасартов, Жұматов бірге жұмыс істеген. Дихан, Зейін өлең жазып, келіп-кетіп жүрсе керек. Омбыда жазушылық жақсы орта болған ол кезде. Ол ортаның серкесі «странный» Антон Сорокин. Вс.Иванов, Л.Мартынов, өзге де бірсыпыра жазушылар - сол Сорокиннің шәкірті. Ол - қазақ рухында жазған жазушы. Шығармасын Нобель сыйлығына ұсындырып, Норвег короліне қолдауын өтініп хат жазған. Өзін өлді деп газетке мүнақып - некролог («Советская степь» болар.) беріп, өзі халық арасында, жұрт қалай қабылдар екен? - деп қыдырыстап жүрген қызық пендеңіз – осы Сорокин. М.Сералин Сорокиннің, Сорокин Сералиннің шығармаларын алма-кезек аударып, ағымдағы баспасөзде жариялап отырған. Сорокинді Бейсекең ертеден оқып өскен. Ол әбден танымал жазушы болған. Баянтауда қызмет еткен кездері Сорокиннің әйеліне жолығып, архивімен танысқан Бейсекең. Сол жылдары «Антон Сорокин» аталатын мақала жазып, «Жаңа әдебиет» (№4, 1930 ж.47-54 б.) журналында жариялаған. Баянтаумен байланыстырып, қызықты жазылған болымды мақала.
- «Бұрын ешқандай негізі болмаған газетті шығару, қарапайым тілмен айтқанда, инемен құдық қазғандай болды. Газет араб әрпімен шығатын болды. Бірақ араб әрпінің өзі де атымен жоқ болатын. Ал табыла қалған күнде тере қоятын әріп теруші де болмайтын...» деп еске алыпты ұстазыңыз Бейсенбай Кенжебайұлы сол бір күндерді. Сіз бұған не қосар едіңіз?
- Республикалық жастар газетінің өзінде үш-ақ кісі істеген. Ахмет, Әуеш, Бейсембай. Сонда облыстық газет болып ашылып, кейін губерниялық газетке айналатын «Кеңес туына» самаладай етіп штат бере қойды дейсің бе? Оның үстіне не баспахана маманы, не журналист кадры жетіле қойып па ол кезде?! Жоқ қой, жоқ. Демек, басшысы да өзі, қосшысы да өзі, әріп теріп, қорғасын құюшыға дейін бәрін аз ғана адам атқарған ғой.
- Тарихқа көз салсақ, Бейсембай Кенжебайұлы «Кеңес туы» газетін ұйымдастырып қана қойған жоқ, сол өңірдегі мықтыларды тани білген. Бүгінде қазақ әдебиетінің классиктері қатарындағы Қалижан Бекқожин, Зейін Шашкин сынды тағы басқа қарымды қаламгерлерді газет ісіне тартқан. Ұлт ұстазы Бейсекеңнің адамтану қабілеті елден ерек пе, қалай?
- Табиғатында ұстаз тұлға! Шәкірттерін баласындай бауырына тарта тәрбиелейтін. Жанына жаққан жұрт баласын «Балам, қызым» деп есептейтін ізгі жүректі адам еді, жарықтық. «Адам танығыштық» - деп қалдың ба? Тап солай. Адам танығыштығы сол жас шағынан бойына мінез болып бірге біткен қасиет пе деймін?! Р.Бердібай, Т.Кәкішұлы, Т.Қожакеев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин, Р.Нұрғалиұлы, А.Қыраубаева, А.Еспембетов, Қ.Алпысбаев, құдай-ау бәрін де студенттік аудиториядан танып, таңдап, тәрбиелей жөнелген ғой. Мына мені бірінші курста СҒҚ (студенттің ғылыми қоғамы)-да сөйлеген бір сөзімнен кейін, Құныпия Алпысбаевты жіберіп, шақыртып алды. Кейін баласындай болып кеттік қой. Қорғасынын арқалап жүріп, қолмен құрған «Кеңес туы» газетін Ғалым Малдыбаев басшылығына қалдырып, жаңа астанаға айналу үстіндегі – Алматыға шақырып алған - тағы да Ғаббас Тоғжанов. «Газет ісін ұйымдастырып бердің. Енді, өңірде көп жүріп қалма. Сен Орталықта істеуге тиісті журналиссің» - депті Ғаббас Тоғжанов. Ғаббас Тоғжанов – 1937 жылы атылған адам. Әйелі Мәриям - татар қызы. Ана жылдарға дейін тірі еді. 1930 жылы Оңтүстік, Солтүстік, Батыс аталып ӨЛКЕ құрылған. «Кеңес туы» сол бір тұста шөмиіп кішірейіп кететіні бар. Баспасөз - тірі кісідей тағдырлы нәрсе. Бұл да - тағдыр. Кейін түрлі атаулармен, тарихтың бұралаң-соқпағынан өтіп, бүгінгі күнге «Сарыарқа самалы» болып жетіп отыр. Ол да - тағдыр. Шүкіршілік. 1932 жылы іскер басшы, асқан ұйым-дастырушы азаматты «Оңтүстік Қазақстан» аталатын жаңа өңірге (Бүгінгі Жамбыл, Шымкент, Түркістан, Қызылорда қала, облыстары кірген) газет ісін ұйымдасты-руға тағы да жіберіледі. Баянтаулық Қадыр Тайшықовты әкесі, інісі – Насыр Ноғаевпен бірге оңтүстікке ала келеді. Қадыр Тайшықов – қазақтың сатира жүйрігі болған. 1937 жылы атылып кеткен. Өздерің ойлап қараңдаршы, 1932 жылы! Ашаршылық жылдары. «Оңтүстік Қазақстан» газетін «Кеңес туынан» кейін ұйымдастырып, жолға салып берген, негізін салушы да сол - Бейсекең – Бейсембай Кенжебайұлы! Ол - басқа әңгіменің тақырыбы.
- Өткен 2021 жылы аяулы ұстаз, әзиз әкеңіздің сол бір жанкештілікпен атқарған еңбектерін ескеріп, Павлодар облысы, «Сарыарқа самалы» газеті Бейсембай Кенжебайұлына арналған мемориалдық тақта орнатты. Бұл да болса - бабаға деген құрмет. Бүгінгі ұрпақ үшін Бейсенбай Кенжебайұлы атқарған іс ұшантеңіз. Біз Бейсекең үшін не істей аламыз?
- Мына атың өшкір тажал тұмаудың әсерінен ұйымдастыру ісінің ішінде бола алмағаныма, тағзымтақтаның ашылу салтанатына барып, қатыса алмағаныма өлердей өкінемін. Әкемнің рухы алдында қарыз, парызымды өтей алмадым-ау деп уайым шегемін кәдімгідей. Сонымен қатар, көкейкесті мәселені күн тәртібіне көтеріп, Нұрбол Жайықбаев інім тынымсыз хабарласып жатты. Сенатор Алтынбек Нухұлы редакция қызметкерлері кермеге тап болған сәтте уәкілеттігін пайдаланып, жәрдемге келгені қандай ғанибетшілік! Онымен ұлы ғалым Қаныш Сәтбаев мәселесі жайында пікірлесіп, қазақ химия ғылымының көшбасшысы Әбікен Бектұров айналасында танысқан азаматым. Өзі Қанекең тұқымынан. Аталас. Бектұровпен жерлес. Ал, Бейсекеңнің кіші қызы, менің әпкем Гүлнәр Бейсембайқызы Бектұрова – Бектұров Әбекеңнің келіні. Сәтбаева Райханнан туған баласы Есеннің жар қосағы. «ТАҒЗЫМТАҚТА» ұғымын енгізіп, тағзым-тақтаға жазылатын сөздерді алдымен ақ қағазға он ойланып, тоғыз толғанып түсіріп беріп, қашан тасқа қашалғанша қадағалап отырдым. Соның бәрін өтініп, сұрап жүрген Нұрбол, сосын Алтынбек, айналайындар! Алтынбек екеуміздің түн баласына тағзымтақтаға жазылар мәтінді (текст) телефонмен талдағанымыз да ұмытылмас сәттер болып жадымда қалды. Ондай азаматтардан қалай айналмайсың?! Б.Кенжебайұлына тағзымтақта орнату, оны салтанатпен рәсімдеу, біздің әкемізге де керек шығар-ау. Тағзым. Құрмет. Облыс атынан тартып, бүкіл Сарыарқа өңірін қазақы рухқа келтіре алмай отырған бүгінгі күні Бейсекеңе тағзымтақта орнату – ұлттық идеологиямызға керек, жалаңаштанып қалып отырған Ресей қабатымызды қорғау, сақтау, орыстанған қазағын ғана емес, орысының өзін қазақыландыруға (ҚР азаматы ғой) керек! Азаматтардың осы бір игілікті істерін үстіміздегі жылы жарық көретін «Бейсембай Кенжебайұлы» аталатын деректі-ғұмырна-малық еңбегімде жеткізе айттым-ау, - деп соған шүкіршілік етемін. Тағзымтақта – бозбастанған аға ұрпақты, желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпақты отаншыл рухта тәрбиелесер деп соған қуанамын! Сарыарқа азаматтарына, «Сарыарқа самалы» атап, мына қиын кезде, газет шығарып, Бейсекең құрған, негіздеген «Кеңес туының» дәстүрін жалғап, журналистиканың отын жағып отырған қаламдас әріптестеріме дән ризамын! Өссін. Өнсін!
- Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан -
Нарқұлан Райхан,
Ертіс ауданы.
«Әке арманы» орындалған күн
13:03 28.06.2022
93
Жауапкершіліктің жүгі ауыр
13:01 28.06.2022
90
Ширақтық. Шеберлік. Шындық
11:42 28.06.2022
96
Мені шыңдаған басылым...
11:37 28.06.2022
96
Техника тізгіншісі
11:34 28.06.2022
93
Балаларға бақылауды күшейту қажет
11:32 28.06.2022
96
Студенттерге - сапалы баспана
11:30 28.06.2022
91
Әлеуеті зор
11:28 28.06.2022
86
Сот қызметкерлері марапатталды
11:19 28.06.2022
94
«Сіз - тікелей эфирдесіз!»
11:17 28.06.2022
101
Қасіретті арқау еткен қойылым
20:18 24.06.2022
89
Вейп: бұлыңғыр болашақ
20:17 24.06.2022
84
«Пати» билеген заман болды...
20:15 24.06.2022
83
Су аймақтары қалай қорғалады?
20:13 24.06.2022
84
Тәртіп сақшыларына - құрмет
20:12 24.06.2022
90
Бәсекелес бола алмайды
20:05 24.06.2022
95
Ауылға интернет қашан жетеді?
20:03 24.06.2022
174
«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»
16:37 23.06.2022
83
Ортада тағы – орамал тақырыбы
16:30 23.06.2022
81
Бастысы – жауапкершілікті сезіну
16:27 23.06.2022
84
Үлгі болатын үздіктер көп
16:19 23.06.2022
87
Журналистика – жүрек қалауы
16:15 23.06.2022
92
Қан қысымын қалай реттейміз?
15:45 23.06.2022
83
Жобаның игілігін ауылда көруде
15:40 23.06.2022
201
Тозған автобустар қашан жаңарады?
15:30 23.06.2022
80
Жаңа тұрғын үй кімдерге тиесілі?
15:27 23.06.2022
86
Сарсаңға салған «Tik-Tok»
11:47 21.06.2022
78
Екі қолға бір күрек табылады!
11:46 21.06.2022
84
Балалар мүддесі – басты назарда
11:44 21.06.2022
83
Суға жаритын күн бар ма?
11:38 21.06.2022
76
«Ол кезде он үште едік...»
11:35 21.06.2022
84
Табиғатқа жанашырлық керек
11:33 21.06.2022
82
Туристік маусым ашылды
11:29 21.06.2022
84
ERTIS MEDIA FEST - қалалық саябақта!
10:55 21.06.2022
76
Шынығу басы - тынығу!
10:53 21.06.2022
81
«Жасыл ел» іске кірісті
10:50 21.06.2022
120
Уақытпен үндескен ұтады
09:58 21.06.2022
471
Ақши тұрғындары неге алаңдаулы?
09:57 21.06.2022
347
Жазушыға Ньютонның байқампаздығы керек!
10:59 16.06.2022
589
Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі
10:55 16.06.2022
680
Бала денсаулығы - басты назарда
09:10 16.06.2022
529
Ұн нарығы: бүгінгі баға қандай?
09:00 16.06.2022
574
Ардагер есімі ұлықталды
09:00 16.06.2022
540
Жердің аты - бабаның хаты
09:00 16.06.2022
526
Ел руханиятына елеулі үлес қосқан нартұлға
09:00 16.06.2022
593
Этноауылдар құрылады
09:00 16.06.2022
527
Оқушы білімі қандай болмақ?
09:00 16.06.2022
555
Оқушылар музейге тегін барады
09:00 16.06.2022
569
Жапырақтарды «жеп» жатыр
09:00 16.06.2022
519
Егін алқабы – астық қалқаны
09:00 16.06.2022
536
«Ақбілектің» премьерасы өтті
10:43 14.06.2022
653
«Қымызмұрындық» дәстүрі дәріптелді
10:41 14.06.2022
672
Демалыс қалай өтеді?
10:39 14.06.2022
653
Талқылау емес, бағыт беру керек
10:37 14.06.2022
633
Биылғы маусымның жаңашылдығы қандай?
10:33 14.06.2022
669
Көмірінен көңілі ыстық Екібастұз!
10:29 14.06.2022
732
Қамданған қапы қалмайды
10:27 14.06.2022
647
Байдаланың жолы жаңаруда
10:25 14.06.2022
627
Жомарт жандар
10:21 14.06.2022
634
Сарыарқа самалы, 14 маусым, сейсенбі
10:19 14.06.2022
650