Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023
466
Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023
609
Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023
508
Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023
453
Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023
392
Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023
560
Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023
665
Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023
511
Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023
765
Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023
597
Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023
451
Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023
414
Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023
454
Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023
479
Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023
563
Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023
930
Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023
771
Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023
557
Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023
577
Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023
844
Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023
542
Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023
962
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
1316
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
1289
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
1255
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
1214
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
1448
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
1240
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
1266
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
1218
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
1309
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
1285
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
1048
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
1208
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
1518
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
813
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
1173
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
751
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
750
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
658
11 медаль!
11:05 24.01.2023
1203
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
1068
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
1140
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
1245
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
1413
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
1139
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
1088
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
1228
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
1283
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
1149
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
3398
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2970
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2916
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
3375
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
3422
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
3546
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
3631
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2888
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2941
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
3348
Ежелгі қазақ қоғамы әйел адамның көш бастауын, тым биікке шығып, билік жүргізуін қош көрмейтін еді. Дегенмен, заман жаңарып, заң өзгерді. Қазір істің парқын білетін намысы биік нәзік жандылардың басқарушылық жұмыстарға араласуына мүмкіндік берілді. Ал біздің өңірде саяси және басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі төмен. Мысалы, бірде-бір ауданда әйел әкім жоқ. Облыстағы ең жоғарғы 12 саяси лауазымның екеуі ғана соларға тиесілі екен.
1990 жылдары Қытай астанасы Бейжіңде Біріккен Ұлттар Ұйымы декларация қабылдап, барлық қоғамдық мәселелер ерлер мен әйелдердің қатысушы өкілдері 30 пайыздан кем болмағанда ғана шешіледі делінген. Ал Қазақстанның саяси аренасы әйелдер қауымы үшін ашық деуге келеді. Мұны елімізде әкімшілік және басшылық қызметтердегі әйелдер үлесінің өсіп келе жатқанымен байланыстыра аламыз. Мысалы, 2020 жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет облыс әкімі лауазымына әйел тағайындалды. Ол – Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрінің тізгіні Ажар Ғинаяттың қолында. Бұған дейін де талай нәзік жандылар министр болып, үлкен әлеуметтік, экономикалық және саяси шешімдер қабылдады. Бұдан бөлек, заң шығарушы органдарда да олардың үні естіліп келеді. ҚР Парламенті Сенатындағы 48 депутаттың 9-ы әйел болса, Мәжілістегі 100-ден астам депутаттың 30-ға жуығы - нәзік жандылар. Бұл - Қазақстандағы гендерлік саясат ерлер мен әйелдердің құқықтары мен бостандықтарының бірдей қорғалуына жағдай жасалған деген сөз.
- Ұлттық статистикалық комитет Қазақстанда ерлер мен әйелдер арасында уақыт пайдалануды гендерлік тұрғыда зерттеп көрген болатын. Нәтижесінде қызықты қорытындыға кенелдік. Ерлердің бос уақыты әйелдерден қарағанда екі сағатқа көп деген қорытынды жасалды. Ұлттық статистика комитетінің мәліметі бойынша Қазақстан экономикасының жалпы табысының 40 пайызы әйелдердің еңбегі екен. Барлық табыстың жартысына жуығы деуге болады. Экономиканың дамуына зор үлес қосқан әйелдер басшылық қызмет атқара алмайды деуге болмайды, - дейді қоғам қайраткері Дамира Сартбаева.
Бізде облыс әкімінің 5 орынбасарының екеуі – әйел адам. Қала және аудан әкімдерінің 29 орын-басарының 10-ы – әйел. Осы топтың алғы шебінде тұрған жан – облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова. Ол соңғы уақытта әйелдердің белсенділігі әр салада артып келе жатқанын айтады. Мысалы, облыс мәслихатының жаңа құрамында әйелдердің үлесі 2020 жылы 28 пайыз болса, 2021 жылы 37,5 пайызға жетті. Сол секілді мемлекеттік қызметте де әйелдер жағы басымырақ. Тіпті, алдағы уақытта аудан, қала әкімі креслосына отыруға лайық жандар да бар деп есептейті.
- Әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейту, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу, отбасындағы зорлық-зомбылықты жою жолдарын іздестіру – біздің жұмысымыздың басты мақсаттарының бірі. Осы бағытта облыс әкімі жанында құрылған Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысы жүргізілуде. Жалпы соңғы кезде біздің өңірде әйелдердің белсенділігі артуда. Әлеуметтік, саяси һәм бизнес саласында болса да жақсы нәтиже көрсетіп жүрген нәзік жандар бар. Иә, облыс, қала, аудан деңгейлерінде әйел әкім болмаса да, ол күнге де жететінімізге сенімдімін. Бүгінгі күнде шешім қабылдайтын деңгейдегі басшылар арасында әйелдер үлесі 25,4 пайызды құрайды, яғни 382 басшылардың 97-сі - әйел. Ағымдағы жылы осы көрсеткіш 27 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Мемлекеттік органдар тарапынан осы жоспарды орындау бойынша барлық шаралар қабылданатын болады. Жалпы айтқанда, қазіргі қоғамда әйелдер өздерін белсенді, мықты тұлға ретінде көрсетуде. Біз оларды қолдауға әрқашан да дайынбыз, -
дейді Айзада Амангелдіқызы.
Облыс әкімі аппараты персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы Наталья Нефедованың пікірінше, отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейін билік, сот, мемлекеттік, квазимемлекеттік және корпоративтік секторларды бақсару ісіндегі әйелдер үлесін 30 пайызға жеткізу қарастырылуда. Бірақ мемлекеттік қызметке барғысы келетін әйелдер үшін квота әлі қарастырылмаған.
- Мемлекеттік қызметке түсетін әйелдер үшін ерекше критерийлер белгіленбеген. Яғни, мемлекеттік қызметке орналасу процесі барлық азаматтарға ортақ қағидат бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан нәзік жандылардың қалаған қызметке қол жеткізуіне мүмкіндік бар. Менің ойымша, жұмыстың тиімділігі адамның жынысына байланысты емес. Бұл әйел болсын, еркек болсын, ісін адал атқаруға деген талпыныс пен мақсатқа ұмтылуға байланысты, - дейді ол.
Облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің хабарлауынша, аймағымызда 2702 әйел адам мемлекеттік қызмет саласында еңбек етеді. Бұл осы сала қызметкерлерінің 66 пайызын құрайды. Оның 522-сі басшылық лауазымда. «Б» корпусындағы әкімшілік қызметкерлердің орташа жасы - 41 жас. Сонымен қатар, 16 әйел әкім болып қызмет етеді.
- Біздің өңірде әйелдердің мемлекеттік қызметке келуіне ешқандай шектеу жоқ. Өздерінің мамандықтарына және біліктілік санаттарына сай конкурстан өтіп, жұмыс істеуіне мүмкіндік бар. Мысалы құрылыс саласына тек ер адамдар барады деуге келмейді. Нәзік жандылардың қарасы бұл жақта да көп. Сол секілді білім басқармалары мен бөлімдерінде ер адамдар бар. Яғни, аралас жұмыс істеп келеді. Бірақ, саяси лауазымдағы әйелдердің үлесі аздау. Облыста 16 саяси лауазым өкілі болса, оның екеуін ғана әйелдер атқарады. Сонымен қатар, дәл қазіргі таңда аудан басқарып отырған әйелдер жоқ. Дегенмен алдағы уақыттағы ауыс-түйістерде өзгеріс болады деп сенеміз. Себебі, біздің өңірде бір ауданның жұмысын ұршықша иіріп әкете алатын нәзік жандылар бар, - дейді облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент маманы Гүлнұр Оразалина. Қазіргі таңда кенттер мен ауылдарды басқарып отырған 16 әйел бар дедік. Соның бірі – Железин ауданына қарасты Башмачин ауылдық округінің әкімі Меруерт Мадағұлова. Ол - өз ісінің жүйрігі екенін жан-жақты дәлелдеп жүрген білікті басшы. Жақында республикалық «Үздік ауыл әкімі» байқауында бақ сынап 3-орынға ие болған. Жеңімпаз әкімді облыс әкімі құттықтап, алғыс-марапаттарын табыс етті. Ол әкім ретінде төрт жыл қызмет еткеннен кейін, өткен жылы сайлауға қайта қатысады. Барлық сайлаушылар дауысының 89 пайызын жинап, әкім креслосына қайта жайғасты. Демек, әкім ретіндегі жұмысы жұрт көңілінен шығады деген сөз шығар.
- Біздің елде әйел затының саяси қызметтерге баруына, басшылық қызметтер атқаруына кедергі жоқ. Бастысы – өз ісінің шебер маманы бола білу. Яғни, берілген міндетке асқан жауапкершілікпен қарап, біліктілігін көрсеткен адамның өсуіне ешкім тосқауыл қоя алмайды. Әкім болғандықтан, ел ішінде әртүрлі мәселе кездеседі. Бірақ, «бұл менің қолымнан келмейді екен» деп сұрақты жауапсыз қалдыруға болмайды, -
дейді Меруерт Бекболатқызы. Облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Нұрлан Нәбиев көшбасшылық қабілеті бар жас мамандарды іріктеп, арнайы дайындау қажет деген пікірде. Яғни, басшылық, әкімшілік лауазымының өз мәдениеті мен иммиджі бар. Басшылық лауазымда тәжірибесі жоқ мамандар мұны білген абзал. Міне, мемлекеттік қызметте ұзақ жыл еңбек еткен әйелдердің карьералық өсуіне осындай мүмкіндік жасау қажет.
- Мен Екібастұз қаласын басқарып тұрған тұста әкімнің орынбасары, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы, қалалық су арнасы секілді бірқатар коммуналдық мекемелердің директоры әйел адамдар болды. Өз істерін мүлтіксіз атқарды. Тіпті, демалыс күндері де жұмысты естерінен шығармайтын. Мысалы жігіттер секілді балық аулап, аңға кетіп қалмайды. Қашан іздесең де жауап беретін. Екіншіден, әйел адамның табиғаты жақсылыққа жақын, жүрегі жұмсақ, мейірімді келеді ғой. Сондықтан болар, олар әрбір адамның жағдайына жеке-жеке назар аударып, барлығына жанашырлықпен қарап, көмек беруге асығып тұрады. Бұл - еркек мейірімсіз деген сөзім емес, дегенмен кейбір мәселелерге атүсті қарай салатынымыз жасырын емес. Яғни, кейбір ер адамдар мән бермейтін кішігірім мәселелер олардың назарына жылдам ілігіп жатады. Бұл барлық әйел затына тән қасиет, - дейді Нұрлан Абзалұлы. Облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Райхангүл Сатабаеваның сөзінше, біздің өңірде әйелдер мансап қумағанымен, қоғамдық жұмыстар мен бизнестегі белсенділіктері жоғары. Мысалы, 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста барлығы 55322 кәсіпкерлік субъек-тісі тіркелген болса, оның 35024-і, яғни, 63,3 пайызы әйелдердің атына тіркелген. Оның ішінде ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, сауда-саттық, қызмет көрсету және тамақтану, жылжымайтын мүлікпен операциялар, өнер, ойын-сауық және демалыс секілді түрлері бар. Соған қарағанда әпке-қарындастарымыздың меңгермеген кәсібі жоқ па деп ойлайсыз.
Дегенмен, гендерлік саясат бізді ұшпаққа шығармайды дейтіндер де бар. Мұндай пікірді де айтып жүрген - өздері. Белгілі қоғам қайраткері, журналист Сәуле Мешітбайқызы әйелдерге «бостандық» берудің кесірінен қырыққа келгенше мансап қуып, «кемпір» болғанын білмей қалған қыздар көбейді деп қынжылады.
- Себебі, бүгінгі саясат соларға жұмыс жасап жатыр. Бүгінгі кәрі қыздардың көбі - қызметтің «құлына» айналғандар. Осыдан келіп ұлттың демографиясы құлдырауда. Қазақтың өсуіне қауіп төніп тұр. Мына дерек-
ке көз салыңыз. Тәуелсіздік алғалы туу көрсеткіші 1989 жылғы деңгейге жетпеген. Мұны қалай түсінуге болады? «Гендерлік саясат стратегиясынан отбасындағы тепе-теңдік пен үйлесімділік, яғни гармония жоғалмайды. Ал үйлесім таппағандар тек өзіне өкпелеуге тиіс» дейтіндер қара көрсетіп жүр. Оларға айтарым, еркек - түздің адамы. Онымен қосылып әйелі шапқыласа не болғаны. Үйдегі бала тәрбиесіне зардабы тигенімен қоймай, «байтал шауып бәйге алмайтынын» ескеруі керек қой. Мен негізінен, гендерлік саясатқа, ол демографиялық құндылықтармен қатар жүрсе ғана қарсы емеспін. Тек он әйелдің министр, жиыр-
ма әйелдің депутат болғаны үшін ғана аталған саясатты қолдауға болмайды ғой. Теңдік деп жүрген, бизнеспен айналысып жүрген қыздарымыздың көбінің, жасыратыны жоқ, толыққанды отбасылары жоқ. Әрқайсысында бір-бір ғана баладан, кейбіреуінде бір бала да жоқ. Бұл саясат өркендеп, өсе беретін болса, еліміздің демографиясына үлкен қауіп туғызуы мүмкін, - дейді Сәуле апамыз. Жалпы, әйел затының қандай іске болса да тиянақтылықпен қарайтыны әмбеге аян. Сондықтан, оларды отбасының күйбең тіршілігімен ғана шектемей, мемлекеттік маңызы бар мәселеге де араласып, өз іскерлігін көрсетуіне мүмкіндік берген жөн. Бұл ретте оларға қоғамның қолдауы ауадай қажет.
Тілеуберді САХАБА.
Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023
466
Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023
609
Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023
508
Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023
453
Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023
392
Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023
560
Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023
665
Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023
511
Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023
765
Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023
597
Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023
451
Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023
414
Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023
454
Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023
479
Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023
563
Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023
930
Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023
771
Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023
557
Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023
577
Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023
844
Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023
542
Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023
962
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
1316
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
1289
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
1255
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
1214
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
1448
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
1240
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
1266
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
1218
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
1309
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
1285
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
1048
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
1208
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
1518
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
813
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
1173
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
751
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
750
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
658
11 медаль!
11:05 24.01.2023
1203
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
1068
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
1140
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
1245
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
1413
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
1139
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
1088
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
1228
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
1283
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
1149
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
3398
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2970
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2916
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
3375
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
3422
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
3546
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
3631
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2888
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2941
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
3348