Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  40

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  34

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  36

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  42

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  34

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  36

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  39

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  36

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  34

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  41

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  37

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  41

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  43

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  145

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  133

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  114

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  127

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  134

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  121

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  118

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  117

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  125

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  139

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  246

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  264

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  258

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  284

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  237

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  306

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  242

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  265

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  334

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  286

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  271

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  329

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  315

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  303

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  323

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  297

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  312

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  330

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  320

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  306

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  318

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  309

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  332

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  393

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  403

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  369

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  401

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  377

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  400

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  369

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  400

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  425

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  504

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  552

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  548

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  499

Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау 11.08.2022

Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау

Серікболсын Дүйсенбайдың есімі Ертіс-Баян өңірінде ғана емес, республика деңгейінде көпшілікке жақсы таныс. Математиктің шәкірттері еліміздің әр өңірінде жетерлік. Биік белесті бағындыруды көздеп, Сауд Арабиясында білімін жалғастырып, заман көшінен талмай самғап келе жатқан жерлесімізбен Халықаралық жастар күні қарсаңында хабарласып, аз-кем тілдесудің сәті түсті.

- Қазақта «балағының биті бар екен» деген сөз бар. Жалпы, бала күннен математик болу арман ба еді? Білуімше, өлең жазасыз, айтыс сахнасына да шыққан екенсіз?

- Иә, алғаш рет өлең жазуды 4-5-сыныптарда бастадым. Ал 7-сыныпта айтыс сахнасына шықтым. Осы уақыттан бастап облыстық, республикалық деңгейдегі жыр додаларында бақ сынадым. Бірақ бала күнгі қабілетім математикалық бағытқа жақын болатын. Бастауыш сыныпта оқып жүрген кезеңде ойлануға көбірек уақыт бөліп, формуласы бар есептерді шығаруға көңіл бөлдім. Содан 8-сыныпта республикалық «Абай оқуларынан» бірінші орынды иеленіп келгеннен кейін қазақ тілі және әдебиеті пәнінің ұстазы маған математикалық сыныпқа ауысу туралы ұсынысын білдірді. Жаныма жақын бағыт болғандықтан мұндай мүмкіндікті қуана қабылдадым. Негізінен, ұстазым бойымдағы қабілетті аңғарғаны үлкен күш берді. Күні бүгінге дейін мұғалімдеріме рахмет айтудан талмаймын. Қазіргі таңда еліміз бойынша математиканы сауатты әрі тыңнан игеруді қалайтын шәкірттерді оқытудамын. Олардың нәтижелері де жоғары. Расымен, бұл бала күнгі арман, мақсат деуге болатын шығар. Өйткені, математик, академик ғалымдарға қызығушылық таныттым. Жоғары оқу орнында профессор болуды да армандайтынмын. Сондықтан, қазір сол арман жолында қызмет етіп келемін.

- Әлеуметтік желіден «Шетелге шығу – жаңадан шабыттанудың, тың идеялар табудың бір жолы» деген жазбаңызды оқыдым. Сіздің қыр асудағы мақсатыңыз қандай?

- Бір байқағаным, кез келген шешімі табылмай жатқан есеппен жұмыс кезінде сыртқа шығып, сергіп келген соң қайта қолға алған сәтте оның жауабы бірден табылады. Сол сияқты қазіргі күні шетелге шығып, табиғаттың түрлі жаратылыстарымен танысуды құп көремін. Бұл ерекше шабыт сыйлайды. Яғни, қоғамнан алшақтап, өз-өзінмен оңашада сергіп, тынығып, жүрек үніне құлап түріп, сырласудың рөлі зор. Әрқашан мұндай демалыстардан соң тың идеяларға толып қайтамын десем болады. Мысалы, әйгілі Билл Гейтстің өзі жылына кем дегенде 1 немесе 2 апта өзіне уақыт алады екен. Осы арқылы мұхитқа шығып, кітаптар оқып, жеке өзімен қалу процесі жүреді. Бұл дегеніміз тек қана қыдыру емес, жалпы алғанда бұрын-соңды көрмеген, естімеген жайтты назарға алып, тұрмыс-тіршілігі өзгеше адамдармен қарым-қатынас жасау, танысумен қатар, саналы түрде тұлға ретінде өзіңе инвестиция құйып, шабыттану болып саналады.

- Қаракөз ұл-қыздарымызға дүниеде өлмейтін нәрсе білім екенін жиі айтып жүргеніңізді жақсы білеміз. Бүгінге дейін өткізген курстар оқушылардың ойлау жүйесіне қалай әсер беруде?

- Студенттік шақтан әртүрлі азаматтармен араластым. Бір сөзбен айтқанда, еті тірі, пысық кәсіпкер жандармен тілдестім. Бірақ, олардың кейбірі кәсіп жүргізуді ғана ескеріп, дамуды сырт қалдырды. Тіпті, қиындыққа ұшырағандарды да көзім көрді. Ал білімге ұмтылғандар бір орында тұрып қалмайды. Себебі, мұндай азаматтар ақшадан кедергіге тап болса, білімнің нәтижесінде кез келген істі басынан бастай алу мүмкіндігіне ие. Сол себептен, шәкірттеріме білімдінің күні жарық екенін, Хәкім Абай «Ғалым болмай немене, балалықты қисаңыз» дегендей, оқушыларға уақытты босқа өткізбеуді естен шығармауды жиі айтамын. Өйткені, адам баласының өмір бойына жететін азығы – білім. Ол - бағалы, құнын жоғалтпайтын дүние. Мысалы, математика меңгерген адам ғалым болып қана қоймай, оны өзгелерге үйретіп, мемлекеттің дамуына сүбелі үлес қоса алады. Қазіргі педагогтар бұрынғыдай сабақ аясында тек қана тікелей пәнге қатысты ақпарат бермей, танымдық, жігерін арттырып, баланың көзқарасымен жұмыс істеуге көңіл бөледі. Егер бала емтиханнан құлап қалса, оларға биік шыңға жете алатынын, алдымен өз-өзімен күресу қажет болатынын түсіндіреміз. Бұл өте нәтижелі болып келеді.

- Математикадан алғашқы кітабыңыз 2016 жылы жарыққа шыққан екен. Онлайн оқытудан бөлек, кітап жазуға қорқыныш болмады ма? Сынды қалай қабылдайсыз?

- Аталған кітап Назарбаев Зияткерлерлік мектептеріне дайындыққа арналған Қазақ-стандағы алғашқы кітап болды. Кітап жазуда қорқыныш болмады деп толықтай айта аламын. Себебі, ата-аналардың сұранысын көрдік. Көпшіліктің мықты мектепке оқуға түсуіне не кедергі, нені ескеруі қажет деген сауалдарды ескеріп, шамамен бір жыл ішінде кітап жарыққа шықты. Қателіктер мен түзетулер болды. Көш жүре келе түзеледі демекші, олқылықтарды ретке келтіріп, жақсы сапаға қол жеткізе алдық. Сынға келер болсам, әр айтылған пікірды дұрыс қабылдаймын. Осы күнге дейін жасаған курстардың біразы сынға ілікті. Дер кезінде айтылған ұсыныстарды қабылдадық. Тіпті, бүгінге дейін оқушылардан не ұнамайды деп сұраймын. Көңілден шықпаған дүниені уақытылы айтуды тапсырамын. Қателік көрген жағдайда жасырып қалмауға шақырамыз. Ата-аналар тарапынан да сын күтеміз. Осылайша дамып жатырмыз.

- Болашағыңызға әсер еткен сәттер жөнінде баяндап берсеңіз...

- Мұндай сәттер өте көп емес. Соның бірі – 8-сыныпта гуманитарлық бағыттан математикалық сыныпқа ауысуым. Яғни, ақындық жолдан сандарға бет бұрып, осы жолмен жүріп жатырмын. Әр нәрсенің қайыры бар демекші, осы жолды таңдағаныма Жаратушыға алғысым шексіз. Екінші кезең – студенттік шақ. Бұрындары таныстарым, туыстарым көмектеседі деген бейсаналы ой болатын. Дегенмен, барлық жауапкершілікті мойныма алып, ешкімнен жәрдем сұрамауға бекіндім. Толықтай жұмыс істеуге шешім қабылдап, репетиторлықты қолға алдым. Бұған кәсіп туралы кітаптар сеп болды. Әрбіріміз өзімізге жауапты болсақ, алынбайтын қамал жоқ екеніне көзім жетті.

- Еліміз бойынша шәкірттеріңіз үздік нәтиже көрсетіп келеді. Сіз үшін онлайн және оффлайн оқытудың айырмашылығы қандай?

- Биылғы жылдың қорытындысы бойынша оқушыларымыздың жетістігі жоғары деңгейде. Жалпы, оффлайн оқыту кезінде шамамен бір уақытта 10 оқушы оқытамын. Соған сәйкес, нәтиже де керемет боларына сенімдімін. Негізінен, бұл жалғыз менің еңбегімнің жемісі емес. Менен бөлек қосымша кураторлар бақылау жүргізіп, сынақтардан қанша ұпай жинап жатқанын қадағалап, ата-аналармен байланыста отырады. Әзірше шетелде болуыма байланысты онлайн сабаққа мән берудемін. Елге оралған соң, дәстүрлі сабақ үрдісін қолға алу жоспарда бар.

- Туған жерге оралу ойда бар ма?

- Әрине. Қазіргі күні Сауд Арабиясында докторантурада білім алудамын. Бір жылдан соң елге келіп, Отанымның игілігі үшін еңбек етемін деген ойдамын.

- Алдағы уақытқа құрған жоспар қандай?

- Бүгінде Назарбаев Зияткерлік мектебі, білім-инновациялық білім мекемелеріне дайындыққа арналған 7 айлық курс басталғалы жатыр. Мұны демалыссыз жүргізіп, докторлық диссертацияны қорғау қажет. Содан соң елімізге келіп, мектеп ашу жоспары бар.

- Замандастарыңызға тілек-лебізіңіз болса..

- Елдің болашағы – жастардың қолында. Бұл сәт мен үшін қазір туып тұр. Сондықтан жастарға білім, еңбекқорлық және өзгеше ойлау жүйесі керек. Жұрттың жасап қойған шаблонымен жүрмей, Қазақстанның келешегіне ықпал ететін инновациялық дүниені ойлап, ғылым не кәсіп жолында жаңалықтар енгізе беруіміз қажет. Сонда өсіп келе жатқан жас өрендер «біз бен сіз» сияқты ойлау жүйесімен жетіледі. Ал бұл болашақта экономикаға әсерін берері сөзсіз. Расымен де, мықты жастар қатары көп. Сол себепті, болашақ жарқын боларына кәміл сенімдімін!

- Сұхбатыңызға рахмет! Толағай табыстарға жете беріңіз!

 

Сұхбаттасқан – Махаббат ТӨЛЕБАЙ.


Количество показов: 677

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  40

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  34

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  36

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  42

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  34

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  36

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  39

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  36

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  34

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  41

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  37

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  41

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  43

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  145

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  133

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  114

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  127

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  134

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  121

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  118

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  117

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  125

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  139

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  246

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  264

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  258

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  284

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  237

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  306

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  242

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  265

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  334

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  286

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  271

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  329

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  315

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  303

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  323

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  297

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  312

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  330

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  320

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  306

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  318

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  309

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  332

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  393

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  403

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  369

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  401

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  377

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  400

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  369

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  400

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  425

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  504

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  552

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  548

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  499