Бір оператор қалуы тиіс

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Бір оператор  қалуы тиіс 04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс

Бүгінде Павлодар қаласындағы қоғамдық көліктерде электронды билет жүйесі аясында екі оператордың жұмыс істейтіні белгілі. Трамвайлар мен үлкен класты автобустарда «Avtobys», шағын автобустарда «O-CITY» көлік карталарымен жолақысын төлеуге болады. Алайда екі картаны қатар алып жүру жолаушыларға айтарлықтай қолай-сыздықтар тудырады.

 

Сондықтан Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын алты кәсіпорын басшылығымен кездесу барысында желтоқсан айының ортасына дейін бір ғана операторды қалды-руды тапсырды. Шаһар басшысының пайымынша, қоғамдық көліктердің барлығында бірдей тек бір қызмет көрсетуші компания қалуы тиіс. Бұл өзгерісті «Трамвай басқармасы» АҚ желтоқсанның алғашқы күнінен-ақ бастап кетті. Екі жыл бойы трамвайларда «O-CITY» жүйесі жұмыс істеп, кондукторлар тұрғындардың банк картасын қызыл валидаторға жанастыру арқылы жолақыны электронды түрде қабылдаған еді. Осы уақыт аралығында 4 миллионнан астам транзакция жасалды. Бірақ кәсіпорын басшылығы таяуда бұл жүйеден бас тартты. Жолаушыларға екі көлік картасымен жүру ыңғайсыздық тудырмас үшін трамвайларда жыл басында іске қосылған «Avtobys» жүйесін қалдыруды құп көрді. Яғни, енді қоғамдық көліктердің бұл түрінде жалғыз оператор қалды. Ал шағын автобус иелері кері-сінше «Avtobys» жүйесімен жұмыс істеуге бейілді емес. Кейбір көлік жүргізушілерінің сөзінше, бұл жүйе бойынша қызмет көрсететін «Смарт Автобус ПВ» компаниясының комиссиясы тым жоғары. Әр билет бағасының 10 пайызын аталмыш кәсіпорынға аудару қажет. «O-CITY» жүйесіне жауапты «BPC Kazaknstan компаниясы болса, 6 пайыздық комиссияға келісіп отыр. Сол себепті жолаушыларды шағын автобуспен тасымалдаушыларға дәл осы оператор тиімді болып тұр. Бұған дейін «Смарт Автобус ПВ» жетекшісі Талғат Тоқтасынов шағын автобус-тарда «Avtobys» валидаторларын небары бір күн ішінде орнатуға дайын екенін айтқан болатын. Тек ол үшін жүргізушілердің өзі осы жүйеге көшуге бейілді болуы керек. Осылайша, облыс орталығындағы жолаушыларды тасымалдайтын және электронды билет бойынша қызмет көрсететін компаниялар өзара мәмілеге келе алмай отыр. «Павлодар облыстық көлікшілер одағы» қауымдастығының басшысы Василий Рудаковтың сөзінше, алдағы 10 күн дересінде операторлар мен кәсіпорындар қалай болғанда да ортақ байламға келуі тиіс. Ол үшін билет бағасынан ұсталатын комиссия көлемі де қайта қаралуы әбден мүмкін. Асайын Байханов пен жолаушыларды тасымалдайтын кәсіпорындар басшылығымен кездесу барысында тариф мәселесі де көтерілді. Естеріңізде болса, тұрғындарды тасымал-дауға жауапты мекеме өкілдерінің 80 теңгелік тарифке көңілі толмайтынын жазған едік. Олар бұл тариф бекітілген 2017 жылдан бері дизель отыны, автобус бөлшектерінің қымбатта-ғанын алға тартып, жолақыны кемінде 100 теңгеге дейін өсіру керек екенін білдірді. Тіпті, «Павлодар облыстық көлікшілер одағы» қауымдастығының төрағасы Василий Рудаков жергілікті биліктің бұл ұсынысты қарауы үшін сотқа арыз беруге бекінгені есімізде. Алайда Асайын Қуандықұлы тарифті арттыруға жол берілмейтінін кесіп айтты. Жақын уақытта қоғамдық көліктерде қатынау ақысы 80 теңге болып қалуы тиіс. Ал шығындардың өтемі ретінде кәсіпорындарға бюджеттен өтемақы мен субсидия қарастырылады. Бұл ретте жергілікті билік алты кәсіпорынның барлығына жеңілдікпен жүретін 16 санат өкілдері үшін өтемақыны уақытылы төлеп отырғанын атап өткен жөн. А.Байхановтың айтуынша, жыл басынан бері жолаушыларды тасымалдайтын компанияларға 332 млн теңге көлемінде өтемақы берілді. Сондай-ақ, өткен аптада қосымша бөлінген 192 млн теңгені төлеу басталды. Бүгінгі таңда оның 94 млн теңгесі аударылды. Қалған сома жыл соңына дейін толық беріледі.

- Павлодарлықтардан қала әкімдігіне жүргізушілер мен кондукторларға қатысты көптеген шағым түседі. Көп жағдайда жүргізушілер тұрғындарға оларды тегін тасымалдайтынын және жеңілдікпен жүретін жолаушылар үшін өтемақы төленбейтінін айтады. Бұл – жалған ақпарат! Оның тарауына, сол арқылы адамдарды адастыруға жол беруге болмайды. Біз тасымалдаушы компанияларға тиісті төлемдерді уақытылы төлеп отырмыз. Алдағы уақытта да міндеттемелерді орындаймыз. Ал сіздердің міндеттеріңіз – қызметкерлер мен автобустарды жалға алушыларға мәселенің мән-жайын түсіндіру. Маршруттар бойынша келісімшартты алты кәсіпорынмен жасаған соң, сәйкесінше өтемақы да сол алты кәсіпорынға беріледі. Қоғамдық көліктерді жалға алушылар мен әкімдік арасында ешқандай құжат жоқ. Сол себепті оларға тікелей түрде өтемақы төленбейді. Оны автобус-тарды жалға беруші мен жалға алушы өзара шешуі тиіс. Біз қоятын басты талап – жолаушыларға сапалы қызмет көрсету, тұрғындарға сыпайы сөйлеу, түсініспеушілік тудыратын, шындыққа жанаспайтын ақпараттарды таратпау, - деді А.Байханов. Айта кетелік, бүгінде қала тұрғындарының 30 мыңға жуығы көлік карталарын алып үлгерді. Дифференциалды тарифке көшу үшін тағы 30 мың жолаушы картаны сатып алу қажет. Бірақ нақты қай картаның жарамды болары әзірше белгісіз. Ол қоғамдық көлік иелері мен операторлар арасындағы келіссөздерден соң белгілі болады.

 

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 723

Возврат к списку