Бір жабылып, бір ашылған «Әлем»

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  39

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  39

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  41

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  142

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  132

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  115

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  263

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  327

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  313

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  301

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  320

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  295

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  319

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  331

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  390

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  402

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  399

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  374

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  398

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  367

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  399

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  422

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  501

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  546

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  498

Бір жабылып,  бір ашылған «Әлем» 09.08.2022

Бір жабылып, бір ашылған «Әлем»

Екібастұздағы «Әлем» балаларды оңалту орталығы біраз уақытқа жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Қаржылық қиындықтарды бастан кешірген емдеу мекемесі церебралды сал ауруына шалдыққан және тірек-қимыл жүйесі бұзылған жасөспірімдерді қабылдап, оларға ем-дом шараларын жасайды. Кәсіби орталықта 23 жыл ішінде мыңға жуық бала көмек алған. Алайда соңғы уақытта ұйым әлеуметтік тапсырыс шеңберінде кедергілерге тап болуда.

Оңалту орталығы 1 тамыз күні аяқ астынан жабылып қалды. Мекеме директоры, аймағымызға қайырымдылық шараларымен танымал Шаттық Сүйінішова ханым мұндай қадамға жергілікті мемлекеттік мекемелермен әлеуметтік тапсырыс бойынша келісімге қол жетпегені себепті мәжбүрлі түрде барып отырғанын хабарлады. Орталықта соңғы уақытта қаржылық қиындықтар туындап, мұнда ем алатын әрбір балаға қазынадан бөлінетін қаражат өте аз көлемде төленіп келген. Ұйым басшылығы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тарифті көтеру жөнінде бірнеше мәрте шыққанымен, ештеңе өндіре алмапты. Бұл мәселе балалары дертке шалдыққан жергілікті ата-аналардың наразылығын тудырып, келеңсіз жайт облыс билігінің құлағына жетті. Мәселенің ізімен «Әлемге» хабарласып, мән-жайды сұрадық. Шаттық Ешмұратқызы жол жүріп кеткені себепті, болып жатқан жайсыз жағдайдың себеп-салдарын директордың орынбасары Хилуа Қалымова түсіндіріп берді.

- Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы соңғы екі жылда әлеуметтік тапсырыс шеңберінде там-тұмдап қаражат бөліп, бізге ем іздеп келетін жеткіншектердің санын көбейтуге мүмкіндік алдық. Сізге шындығын айтайын, 2000 жылы ашылған мекеме былтырға дейін тек қайырымдылық қаражатына жұмыс істеп келді. Шаттық Сүйінішова үнемі өз қалтасынан ақша шығарып, ұйымдағы әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысын, мекеменің арендалық төлемін, тағысын-тағы шығындарды көтерді. Осы үшін талай мәрте респуб-лика тарапынан сыйлыққа ұсынылған. 2019 жылы «Халық сүйіктісі» атанды. Дегенмен, ол кісінің де өз отбасы бар. Соңғы уақытта барлық шығынды жабуға қалтасы көтере бермейді. Осы қиындық жомарт жанды тығырыққа тіреді. Әрі бізге әлеуметтік тапсырыс береміз деген соң балалардың санын көбейтіп, кеңеюді жоспарлаған едік. Жалға алып тұрған ғимарат жанынан үлкен бассейн саламыз деген жобамыз дайын тұр. Алайда мемлекеттік тапсырыс бала басына бір айға 4997 теңгеден бөлінеді. Әлеуметтік тапсырысты көбейтуді, оны тым болмағанда 6600 теңге етіп белгілеуді сұрағанымызбен, өтінішіміз қанағаттандырылмады. Әлгі қаражат ештеңеге жетпейді. Сәуір айында орталық үшін бюджеттен 34 млн теңге бөлініп, жоғарыдағы тариф бойынша біз сәуірден шілде айына дейінгі аралықта ол соманың небары 12 млн теңгесін игере алдық. Балалар болса бізге ағылып келіп жатыр. Көбі бізге бюджет ақша бөліпті дегенді естігені де бар ғой. Бүгінде 60-тай жеткіншекті күнделікті әкеледі. Бірақ олардың тең жартысы әлеуметтік тапсырысқа іліге алмапты. Себебі, кейбір жеткіншектерде қояншық ауруының (судорожный синдром) белгілері болуына байланысты дәрігерлік рұқсат қағазы берілмейді екен. Ал балаға шұғыл түрде ем-дом қабылдау керек. Шаттық Ешмұратқызы бізге баласын әкелген ата-аналардың бетін қайтармауды үнемі ескертіп отырады. Басшының айтқанын екі еткен емеспіз. Осыған орай, мемлекеттен бөлінетін қаражат аз болып шықты. Алдағы 4 ай ішінде мұндай екпінмен қалған 22 млн теңгені игере алмайтынымызды, тарифті көтеруді сұраған едік, басқарма бірден бас тартты. Сосын директорымыз әлгіндей шешімге баруға мәжбүр болды, - деп түсіндірді мән-жайды Хилуа Қалымова. Мұнда жоғарыда атап өткеніміздей, церебралды сал ауруына шалдыққан және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар келеді. Өздігінен жүре алмайтын жеткіншектер орталықта түрлі жаттығулар жасап, массаж қабылдайды. Мамандар бұлшықеттерін созып, жүруге талпындырады. Сөйлеу жүйесі бұзылғандарға логопед маман көмектеседі. Бүгінде Екібастұз қаласы бойынша әлгіндей диагноз қойылған 247 бала болса, соның 130-ы - орталықтың тұрақты емделушілері. «Әлемге» тек Ертіс-Баян өңірінен ғана емес, Абай облысынан, Алматы, Талдықорған қалаларынан, көрші Ресейден де мүмкіндігі шектеулі балалар келіп, емделеді екен. Шеттен ем іздеп келгендерге мұнда қайырымдылық аясында тегін ем-дом көрсетіледі. «Бізге көбіне жағдайы жоқ отбасылар, жалғызбасты аналар хабарласып, ауруға шалдыққан балаларын әкелейікші деп өтінеді. Жуықта Ресейдің Удмуртия жерінен бір бала ем қабылдады. Ешбірінің өтінішін жерге тастаған емеспіз. Бірақ, соңғы уақытта бізде қызметкерлеріміз тұрақтамайды. Себебі, еңбекақы аз, қолға алатын жалақының көлемі 90 мың теңге болды. Жуықта оны шама-шарқымызша көтеріп, 105 мың теңгеге жеткіздік. Жұмыс іздеп келетіндер бұл соманы да аз дейді», - деп мұңын шақты директордың орынбасары. Өткен аптаның соңында Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев «Әлемнің» жабылуына жол бермейтінін, бұл мәселе облыс басшылығының назарында екенін жеткізді. Әлеуметтік желідегі ресми парақшасында: «2021 жылдан бастап алғаш рет мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жартылай стационар жағдайында тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнайы-әлеуметтік қызметтер көрсетілуде. Ағымдағы жылы «Әлем» БОО-мен шарт жасалды, қаржыландыру орындалған жұмыстардың ұсынылған актілеріне сәйкес уақытылы, ай сайын жүргізіледі. Әрине, біз орталықтың одан әрі жұмыс істей беруін қалаймыз. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Екібастұз қаласының әкімдігі және жұртшылық өкілдерінен тұратын жұмыс тобын құруды тапсырды. Жұмыс тобы «Әлем» балаларды оңалту орталығының өкілдерімен бірлесіп тиісті талдау жүргізді, мәселені оң шешудің бірнеше нұсқасын ұсынды. Жиналыстың қорытындысы бойынша, ағымдағы жылдың 8 тамызынан бастап «Әлем» балаларды оңалту орталығының қызметі қайта басталатыны туралы шешім қабылданды», деп жазды ол. Осы жаңалықтың нәтижесін білмек болып бұрнағы күні Хилуа Шакарқызына тағы хабарластық. Ол оң шешімнің шыққанын растады. Айтуынша, басқармадан өкілдер келіп, бала басына ай сайын төленетін әлеуметтік тапсырыстың көлемін 8000 теңге етіп белгілене-тінін жеткізген. Ал келесі жылы бұл сома одан әрі өседі деп уәде етіпті. Сондықтан 22 млн теңгені жылдың соңына дейін игеріп шығуға сенім зор. Осы уақытқа дейін «Әлемде» 880 бала ем қабылдаған. Баласы ауыр дертке шалдыққан ата-аналар бір-бірінен естіп, орталыққа келушілер саны бүгінде еселене түспесе, азайған емес. Келер жылы қазіргіден де көп болады деп болжануда. Жауапты басқарма осы жағдайды ескеріп, әрі жоғарыдағыдай келеңсіздік қайталанбас үшін 2023 жылдың әлеуметтік тапсырысына қомақты сома белгілегені абзал болар. Бұл – екібастұздық ата-аналардың өтініші. Жыл санап қаржылық жағдайы қиындай түскен «Әлемді» құтқарып қалу керек. Себебі мұндай орталық Екібастұзда біреу ғана.

Өз тілшіміз.

 


Количество показов: 631

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  39

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  39

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  41

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  142

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  132

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  115

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  263

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  327

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  313

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  301

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  320

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  295

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  319

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  331

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  390

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  402

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  399

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  374

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  398

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  367

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  399

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  422

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  501

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  546

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  498