Бокстың болашағы зор

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Бокстың болашағы зор 02.12.2021

Бокстың болашағы зор

Токио Олимпиадасының төрінде өнер көрсетіп, Сербияда өткен әлем чемпионатында күміс алған жерлесіміз Серік Теміржановтың ерлігінен кейін өңірдегі бокстың дамуы жайлы сөз қозғамасқа болмас. Әрине, өткенге көз жүгірту үшін спорт ардагерлерінің ой-пікірі маңызды.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Жертөледен шыққан чемпиондар

 

Осы орайда, аймақ боксының жағдайын жетік білетін Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рафаэль Вахитовтың шаңырағына арнайы барып, сұхбаттастық. Бұрынғы мен қазіргі бокстың ахуалын тарқатып беруін сұрадық.

- Тәуелсіздікке дейінгі және кейінгі бокстың айырмашылығы жер мен көктей. Спортшылардың техникасы жайлы әңгіме бір бөлек, психологиялық-моральдық тұрғыдан өзгерістер көп. Біздің кезіміздегі бокс көбіне төбелеске ұқсайтын. Қарсыласты қан-жоса ғып сабалап, айқын басымдықпен ұтуға тырыстық. Қарсылас та қарап тұрсын ба, ол да намысқа тырысып, барын салатын. Осылайша, рингте көрермендердің айызы қанатын кездесулер көп болатын. Қазір мәдениетті төбелесу үрдісі қалыптасып үлгерді. Ол да дұрыс шығар. Айтпағым, техникаң мықты болса да, психологиялық жағынан әлсіз көрінсең жеңіске жету қиын. Қазіргі боксшылар содан ақсап тұрған сияқты. Бапкерлер шебер психолог болуы тиіс. Мықты спортшыны тәрбиелеу – жаттықтырушыға аманат, - дейді Рафаэль Вахитов. Бапкер ретінде 60 жылдан астам еңбек өтілі бар даңқты жаттықтырушының өмірбаянына көз жүгіртсек, Павлодар облысы бойынша 30-ға жуық спорт шеберлерін дайындаған. Бұдан бөлек, 18 ел біріншілігінің чемпиондарын тәрбиелеген. Павлодарлық спортшылар былай тұрсын, бокстан ҚР құрамасының бас жаттықтырушысы ретінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі таланттарды додаға қосқан.

- Шын талант ауылдан шығады дегенге толықтай келісемін. Олар қайратты келеді. Жаттықтырушылық етіп жүрген кезеңде Қарағанды бокс мектебі тәуір нәтижелер көрсетіп жүрді. Әлі күнге дейін мықты. Павлодар боксы жайлы айтар болсақ, талабы зор жастар жетерлік. Біраз уақыт үлкен көрсеткіштерге қол жеткізе алмай жүрген едік. Серік Теміржанов үздіктердің қатарынан табылып, сең қозғалғандай болды. Енді жас балалар Серікке еліктеп, аймағымыздағы бокс жаңа серпін алады деген сенімдемін. Аймағымызда жаттығу алаңдары аз емес. Мықты бапкерлер де бар. Тек ерінбей еңбек етсең болғаны. Жігіттерге көп жағдайда жүйелі дайындық жетпейтін сияқты көрінеді. Біздің кезі-мізде жертөлелерде жаттығатын едік. Ешкім еркелетпеді де. Жаттықтырушы болған уақытта спортшының бапкері де, дәрігері де, анасы да, әкесі де өзіміз едік. Не десек те, кез келген спорттың дамуы қаржылай қолдауға байланысты. Қолдау үзілмесін! – дейді Р.Вахитов.

 

Бапкерлерге қолдау болса...

 

AIBA төрешісі, бокстан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Елеусіз Дүйсеков бапкерлерді мұғалімдердің санатына жатқызып, жалақыларын арттыру керек деп есептейді. Нәтижеге жетудің тура жолы сол, деген пікірде.

- Кейбір бапкерлер отбасын асырау үшін жұмыстан соң таксист болып ақша табуға тырысады. Жалпы, елімізде, оның ішінде Павлодар өңіріндегі бокс саласына аз көңіл бөлініп отырған жоқ. Десе де, сонымен тоқтап қалмау қажет. Сербияда күміс медальмен күптелген Серік бауырымызға облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов пәтер кілтін сыйға тартты. Мұндай қолдауды көрген жас балалар чемпион болуға тырысатыны анық. Осы ретте, ауылдардағы спортты дамытып, бокс үйірмелері көптеп ашылса, нұр үстіне нұр болар еді. Байқауымша, ауылдан шыққан балалар шымыр әрі шыдамды келеді. Әрине, қаладан да сайдың тасындай спортшылар шығып жатыр. Алайда ауылда қара жұмысқа төселген бала жаттығуларды да оңай еңсеріп әкетеді. Кез келген атағы жер жарған боксшы, Олимпиада чемпионы бапкерінің ерен еңбегі болмаса осындай жетістікке жетпес еді. Өйткені, бапкерлер жас спортшының бойынан қабілетті байқап, оны дамытып, бірге жарыстарға ертіп апарып, қиналса қолтықтап, сүрінсе сүйемелдеуге тырысады. Сондықтан да бапкерлердің жағдайына баса назар аударылса екен деген тілегіміз бар, - дейді Е.Дүйсеков.

 

Тарихтың жаңа парағы

 

Иә, материалдық-техникалық базаның әлсіздігі ауылдық, аудандық жерлерде бұқаралық спорттың дамуына негізгі тежеу болып отыр. Спорттық кешендердің барлығы дерлік облыс орталықтарында, қалаларда орын тепкен. Шалғайдағы аудан-ауылдардағы жұртшылық спорттық аула клубтарынан мүлдем мақұрым. Осы ретте, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов спортқа деген алғашқы қадамын ауылдан бастағанын атап өткен жөн.

- Облыс орталығына көшпестен бұрын Ертіс ауданы Панфилов ауылында тұрдық. Ағам ауылдық мектептің спорт залына барып, бокспен айналысып жүрді. Әу баста баса мән бермеппін. Кейін жарыстарға қатыса бастады. Жүлделі орындарға ие болды. Алғыс хат, медальдарды көріп, менің де қызығушылығым оянды. Ағам сияқты жаттығуларға үзбей қатыса бастадым. Уақыт өте тәжірибе толысты. Ауылдағы алғашқы бапкерім Жұмагелді Мәжіновтің еңбегін атап өткен жөн. Бокспен айналысуға жағдай болмаса да, бар білгенін үйретті. Кейін Павлодар қаласына көшіп, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында шеберлігімді шыңдай түстім. Бұл ретте, Арман Сыздықов, Андрей Генш сияқты жаттықтырушылардың еңбегі бір төбе. Спорт мектебінде оқып жүргенде 2013-2014 жылдары қатарынан екі рет жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде топ жардым. Алғашқы жылы 44 келі салмақта, келесі жылы 52 келі салмақта чемпион атандым. 2013 жылы алғаш рет шетел асып, Украина астанасы Киев қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткіздім. Студенттік кезде жастар арасындағы Азия чемпионатында, мықтылар турнирінде дара шықтым. Соңғы жылдары тәжірибелі жаттықтырушы Азамат Мақажановпен бірге шеберлігімді шыңдап, Токио Олимпиадасының төрінде өнер көрсеттім. Жақында Сербияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атандым. Қолдау көрсеткен жерлестеріме алғысым шексіз, - дейді С.Теміржанов. Серік Теміржановтың сербиядағы күмісі біз үшін алтынға бергісіз! Себебі тұңғыш рет павлодарлық боксшы Әлем чемпионатында жүлде алды! Бұл - тарихи жетістік! Жалпы, Тәуелсіздік алғалы Әлем чемпионатына павлодарлық екі боксшы ғана қатысқан. Бірі – Николай Кульпин. Екіншісі – осы Серік. Алғашқысы 1993 жылғы біріншілікте +91 келіде жұдырықтасып, финалда ұшып кеткен еді. Міне, арада 28 жыл өткенде Серік Теміржанов әлемдік додаға қатысты. Финалда бақ сынап, күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл жерлесіміздің ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында өңірімізге тамаша тартуы болды! Жеңісті жол жалғасын тапсын!


Количество показов: 1486

Возврат к списку