Болашаққа бағдар белгілі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

Болашаққа  бағдар белгілі 19.06.2021

Болашаққа бағдар белгілі

Өңірде қандай жаңа инвестициялық жобалар қолға алынуда? Экологиялық ахуалымыз қандай? Биыл шыбын-шіркейді улаудың мерзімінен кеш басталғаны рас па? Бұрнағы күні облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Өткен бес айда атқарылған істерге тоқталып, жоба-жоспарлармен бөлісті.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Айтарлықтай өсім бар

Алдымен аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов облыстың экономикалық көрсеткіштеріне тоқталды. Осы жылдың бес айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,1 пайызға өсіп, 1 триллион теңгені құрады. Сондай-ақ, жыл басынан бері 134,6 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,6 пайызға көп. Өндірістің дамуымен қатар, қоршаған ортаны қорғау мәселесі өзекті. Бұл бағытта да ілкімді істер қолға алынды. Айталық, «Қазақстан алюминийі» зауытында гибридті электр сүзгілерді іске қосу нәтижесінде шаң көлемі 2,4 мың тоннаға дейін азайды. Алдағы 10 жылда тағы 55 мың тоннаға төмендеуі тиіс. Осы іспетті технология Ақсу қаласындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ қарасты электр станциясында, «Қазақстан электролиз зауытында» енгізілуде. Осы орайда Әбілқайыр Бақтыбайұлы соңғы уақытта қоғамға қызу талқыланып жүрген жоба – Павлодар қаласында кальцийленген сода зауытын салуға қатысты ой-пікірін білдірді.

VNB_2933.JPG

- Аталмыш жоба 2019 жылы өңірлік үйлестіру кеңесінде қабылданған болатын. Жоспар бойынша, мұнда жылына 200 тонна кальцийленген сода шығарылады. Инвестиция көлемі – 73 млрд теңге. Бұған дейін үш қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды. Жақында жобаның қоршаған ортаға әсеріне қатысты өзгерістер енгізіліп, қоғамдық тыңдау өтті деп есептелді. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Кейін жобалық-сметалық құжаттама дайындауға кіріседі. Жаңа өндіріс орындары шілде айында қабылданатын Экологиялық Кодекс талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Бізге инвестиция да, қоршаған ортаның тазалығы да маңызды, - деді Ә.Сқақов. Сондай-ақ, аймақ басшысы «Май ауданының аумағында Семей полигонындағы радиоактивті қалдықтарды сақтайтын қойма салынады» деп кесіп айтуға әлі ерте екенін атап өтті. Бұл мәселе де соңғы уақытта ел аузында жүрген еді. Сөз Ұлттық ядролық орталықтың мерзімсіз және тұрақты пайдалануына берілген «Байкал-1» зерттеу реакторларының кешені туралы болып отыр. Бұған дейін аталмыш мекеме Май ауданында радиактивті қалдықтарды сақтайтын қойма салу туралы қоғамдық тыңдау өткізген еді. Жоба тиісті экологиялық бағалаудан өткен соң ғана оған қатысты қандай да бір шешім қабылданады. Жалпы, Семей ядролық полигонының жерлері бұрын Павлодар облысының экономикалық аумағында болмаған. Қазір де кірмейді. Павлодар облысы мен Май ауданының әкімдіктері оларға билік етпейді. Мұндағы жерлер шаруашылық, өнеркәсіптік мақсатта пайдаланылған емес. Айналымға енгізу де жоспарда жоқ. Жобаға сүйенсек, салынуы мүмкін қойма бір қатарға орналастырылған үш қаңқасыз арка түрінде жасалған нысандардан (ангарлардан) және сол нысандардың алдындағы жүк түсіру алаңдарынан тұрады. Бастапқы қаптама ретінде 2 тонна жүкті көтере алатын металл контейнерлер пайдаланылады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, биыл облыста құны 72 млрд теңге болатын 77 жоба жүзеге аспақ. Соның нәтижесінде 1200 жұмыс орны құрылады. Бұл ретте Екібастұздағы темір жол кластеріне баса назар аударылмақ. Айталық, бұған дейін бағыттауыш бөлшектер шығаратын кәсіпорын тапсырыс таппай қиналса, күні кеше «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясымен бес жылдық келісімшарт жасады. Енді дайын өнімді сатуда іркіліс болмайды. Әбілқайыр Сқақов Екібастұз қаласын кешенді дамыту жоспары аясында басқа да ауқымды істердің атқарылатынын айтты. Мәселен, индустриялық аймақта жалпы құны 227,5 млрд теңге болатын инвестициялық жобалар іске қосылып, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту және тағы басқа салалардағы мәселелердің түйіні тарқамақ. Тұрғын үй демекші, биыл кезекте тұрған 1700-ден астам облыс тұрғыны баспаналы болады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,7 есеге көп. Жалпы, 2021 жылы өңірдің аудандары мен үш қаласында 445 мың шаршы метр тұрғын үй салынбақ. Атап өтер жайт, биыл 1,5 мың отбасының пәтер алуы үшін мемлекет тарапынан 19 млн теңгелік көмек көрсетілді.

 

Баға тұрақталуы тиіс

VNB_2853.JPG

Экономиканың басым бағыт-тарының бірі – агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда да ілгерілеушілік байқалады. 2025 жылға дейін өңірде 230 млрд теңгелік 46 жобаны іске қосу жоспарда бар. Оның жартысынан астамы биыл жүзеге асады. Айталық, 6 тауарлы сүт фермасы іске қосылып, соның есебінен сүт өндірісінің көлемі 19 мың тоннаға артады. Сол сияқты биыл егістік көлемі 6 пайызға өсіп, жалпы аумағы 1,5 млн гектарға жетті. Қарақұмық алқабының көлемі 42 мың гектарды құрады. Елімізде егілетін аталмыш дақылдың 44 пайызы біздің облысқа тиесілі. Әбілқайыр Сқақов журна-листердің сұрақтарына жауап беру кезінде картоп мәселесіне тоқталды. Соңғы уақытта ел көлемінде бұл өнімнің бағасы күрт қымбаттағаны белгілі. Ал Павлодар облысы – ірі өндірушілердің бірі. Шаруалар жылына 500 мың тонна көлемінде картоп жинайды.

- Облыс тұрғындарының жалпы сұранысы – 90 мың тонна. Тағы 230 мың тонна сыртқа экспортталады, қалғаны өзге өңірлерге сатылады. Шаруалар 18,5 мың гектар алқапқа салатын картоптың шамамен 80 пайызы суару әдісі бойынша өсетіндіктен, оларды тек қыркүйек-мамыр айлары аралығында сақтауға болады. Мамыр айынан бастап жергілікті нарыққа оңтүстік аймақтарда ерте піскен картоп жеткізіле бастайды. Бұл бағаға да әсер ететіні анық. Бірақ жақын күндері өнімнің бағасы тұрақталуы тиіс. Дүкендердегі картоптың бір келісі 170 теңгеден аспайтын болады, - деді облыс әкімі. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын реттеу үшін өңірде тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Бүгінде мұнда 6,5 мың тонна өнім сақтаулы. Аймақтағы 132 шаруашылықпен өнімдерді нарық бағасынан 10-15 пайызға арзанға сату туралы меморандум жасалды. Сондай-ақ, 173 дүкенмен серіктестік байланыс орнатылды. Ендігі ретте «Егістіктен – сөреге дейін» қағидасы аясында шаруалардың сауда орындарына өнімді тікелей жеткізуіне мүмкіндік беретін фермерлік базар ашылмақ. Қалалықтарды ауылда өсетін өнімдердің қымбаттауы мазаласа, ауылдағы ағайын биылғы қуаңшылыққа алаңдап отыр. Әсіресе, Май, Баянауыл аудандарында төрт түлік ұстайтын тұрғындар мен шаруа қожалықтары мал азығы аздық ете ме деп қауіптенеді. Әбілқайыр Бақтыбайұлы Май ауданында тапшылық туындамауы тиіс екенін алға тартты. Ал Баяна-уылда шабындыққа шалғы шілде-тамыз айларында түседі.

Без имени-1.jpg

- Биыл өңірдегі жайылымдық жерлер 38 мың гектарға ұлғайып, 300 мың гектарға жетті. Қуаңшылық болуы мүмкін аудандарда мал азығымен қамтуда қиындықтар болмас үшін арзандатылған жанар-жағармай бөлу мәселесі жөнінде орталық органдармен жұмыстар жүргізілуде, - деді Ә.Сқақов. Бұл ретте шаруалардың дені Ертіс-Успен каналының іске қосылар уақытын тағатсыздана күтіп отыр. Аталмыш арна пайда-лануға берілген соң 10 мың гектар жерді суармалы алқапқа айналдыруға мүмкіндік туады. Аймақ басшысының сөзінше, бұл жобаны «ҚазСуШар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қолға алған. Былтыр басталған жұмыстар келесі жылы аяқталуы тиіс. Қазіргі таңда жоспардың 40 пайызы орындалды. Жобаны іске асыруға қазынадан 7,7 млрд теңге қарастырылған болатын. Сонымен қатар, Әбілқайыр Бақтыбайұлы Қаныш Сәтбаев атындағы арнадан босатылатын судың көлемі ұлғайғанын айтты. Ол үшін бюджеттен қосымша 1,1 млрд теңге қаржы қарастырылды. Соның нәтижесінде жайылымдық жерлерге тағы да 39 млн текше метр су жіберілді. Сөйтіп, биыл барлығы 80 млн текше метр су босатылды.

 

Ауызсу мәселесі шешіледі

Ауылдықтарды таза ауызсумен қамту да – өзекті мәселе. Жергілікті билік бұл бағыттағы жұмысты үдетіп, мәселені 2023 жылы толығымен шешпек. Осы жылдың соңына дейін сапалы ауызсуды пайдалана алатын ауылдықтардың саны 212 мыңға жетеді. Бұл – елді мекендерде тұратын адамдардың жалпы санының 95 пайызы.

- Сапалы ауызсумен қамтуда Баянауыл ауданында ауқымды істер күтіп тұр. Бұл аудандағы жерлердің дені – тасты аумақ. Сондықтан кейде құрылыс жұмыстары ұзаққа созылып жатады. Былтыр жеті ауылда басталған жобалар осы жылдың шілде айында аяқталады. Аудан орталығында су желісіне қосылмай қалған 222 үйдің тұрғындары да биыл сапалы ауызсумен қамтылады, - деді Ә.Сқақов. Баянауыл туралы сөз қозғағанда туризмге тоқталмай өту мүмкін емес. 2019 жылы мұнда 130 мың адам демалса, былтыр пандемияның салдарынан небары 3 мың турист келді. Өткен жылы демалыс орындарын көркейту, мобильді қосымшаларды іске қосу бойынша бірқатар жұмыс атқарылған болатын. Енді су туризмін, қысқы спорт түрлерін дамытуға қатысты жоспарлар әзірленуде. Осы орайда Әбілқайыр Бақтыбайұлы көпшіліктің талқы-сына түскен тағы бір мәселе – Баянауылда Олжабай, Жасыбай батырларға ескерткіш қою жайына тоқталды. Тұрғындардың басым бөлігі бастаманы қолдаса, енді бірі қомақты қаржының жұмса-луына қарсылық танытқан еді.

Без имени-2.jpg

- Ауданның белсенді тұрғын-дары батырларға ескерткіш орнатуды ұсынып, кейін бастама қоғамдық кеңесте қаралды. Жоспар бойынша, биыл жалпы аумағы 2,8 гектар жерде саябақ ашылады. Бұған дейін ауданда тұрғындар серуендеп, демалатын орын болған емес. Кейін ескерткіштерді қою мәселесі қаралады. Соңғы шешім тұрғындармен ақылдаса отырып қабылданады, - деді аймақ басшысы. Жалпы, биыл облыстағы елді мекендерде құрылыс пен абаттандыру саласында 150 жоба жүзеге аспақ. Олардың жартысынан астамы - «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының жобалары. Әбілқайыр Бақтыбайұлының айтуынша «Business Ertis» өңірлік бағдарламасы аясында ауылға ерекше көңіл бөлінді. Оның жаңа бағытының міндеті – облыстың әр ауданында бір ауқымды жобаны іске қосу, шағын, орта, жаңадан басталған бизнеске көмек көрсету. Жыл басынан бері мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде облыстағы шағын және орта бизнес саласы 350 нысанмен толығып, сауда көлемі 30 млрд теңгеден асты. Мемлекеттік шаралар арқылы 1,5 мыңға жуық жобаға 34 млрд теңге берілді. Жыл соңына дейін кемінде 700 жобаға қолдау көрсетіледі деп күтілуде. Мұндай қолдау жаңа жұмыс орындарының ашылуына оң әсер берері анық. Биылғы бес айдың өзінде 11,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды. «Еңбек» бағдарламасының көмегімен 14 мыңнан астам тұрғын екі қолға бір күрек тапты. Алдағы уақытта тағы осынша адамның қызметке орналасуына қолғабыс ету ойда бар. Брифинг барысында білім, денсаулық салалары да назардан тыс қалған жоқ. Әбілқайыр Сқақов облыста 56 мектеп жөнделіп, қайта жаңғыратынын айтты. Оған қоса, екі жаңа мектеп, тағы екі мектепке қосымша ғимараттар салынады. Медициналық қызмет сапасын жақсартуға қатысты жоба-жоспар да көп. Тұрғындар басы ауырып, балтыры сыздаса, алдымен емханалар мен дәрігерлік амбулаториялардың көмегіне жүгіне-тіндіктен, алдымен осы мекемелердің материалдық-техни-калық базасын жақсарту көзделіп отыр. Мәселен, облыс орталығындағы №4 емханада Үздік тәжірибелер орталығы ашылады. Кейін мұндай тәжірибе басқа емдеу мекемелеріне енгізіледі. Яғни, ауруды ерте анықтау, олардың алдын алуға баса мән берілмек.

Без имени-3.jpg

- Былтыр оттегі құралдары сатып алынды, жедел жәрдемнің автопаркі жаңарды, инфекциялық госпиталь, инсульт орталығы мен №1 қалалық аурухананың жедел жәрдем бөлімі салынды. Ендігі ретте кадрлық резервті күшейту мақсатында медициналық жоғары оқу орындарында резидентура бағдарламасы бойынша тегін білім алуға мүмкіндік беретін облыс әкімі гранттарының санын 2,6 есеге көбейттік. Бұған дейін 47 грант берілсе, осы жылы 124 грант болады, - деді аймақ басшысы. Павлодар облысындағы шыбын-шіркейге қарсы күрес те – көпшіліктің талқысына түскен мәселелердің бірі. Аймақ басшысы билік мазаны алған масалардың санын азайтуда қол қусырып қалмағанын айтты. Ғалымдар мен мердігерлер жұмысты уақытылы бастады. Тек кей жерлерге адамдар да, техникалар да өте алмайтындықтан, өңдеу кезінде кедергілер туындап жатады. Соған қарамастан, мамандар дезинсекциялық шараларды тоқтатқан емес. Осы орайда Әбілқайыр Бақтыбайұлы мердігерлерге қазына қаржысынан бір тиын да төленбегенін еске салды. Жұмыстың тиімділігі 80 пайыздан асқан жағдайда ғана қызмет ақысы төленеді. Сонымен қатар, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов брифинг барысында жылу магистралінің құрылысы, инфрақұрылымды жақсартуға қатысты сұрақтарға жауап берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды орындауға қатысты жергілікті биліктің міндет-мақсаты айқын екенін алға тартып, ендігі меже – сол міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындау керек екенін айтты.


Количество показов: 505

Возврат к списку