Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Борышкерлерді  баспанасынан айырмаудың  жолы қандай? 18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев банктердің кепілзат саясаты, мүлікті бағалау мен жеке сот орындаушыларының қызметі бойынша нақты ұсыныстарды енгізуді тапсырғаны мәлім. Осы орайда ҚР Парламентінің депутаттары кепілге қойылған үйлерді сату процесіне банктерді қатыстырмауды, борышкерлерді жалғыз баспанасынан айырмауды сұрап отыр. Заңнаманы жетілдіру үшін тағы қандай мақсат-міндеттер көзделуі керек? Алаңға қатысушылар осы сауалдың төңірегінде пікір білдірді.

Ләззат Сүлеймен.jpg 

Ләззат СҮЛЕЙМЕН, ҚР Парламенті Сенатының депутаты (пікір интернеттен алынды):

- Кредиторлар мен борышкерлердің мүддесін қорғау үшін заңнаманы жетілдіру қажет. Себебі, кепілге қойылған жалғыз баспананы тартып алуға болмайды. Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау үшін бірнеше ұсынысым бар. Біріншіден, борышкер келісімшарт талаптарын орындай алмаса, қаржылық жағдайы жақсарғанша қарызды төлеу мерзімін шегерудің ыңғайлы мүмкіндігін беру мәселесін қарастырған жөн. Екіншіден, кепілге салынған мүлікті бағалау кезінде инфляция деңгейін ескеру керек. Үшіншіден, жалғыз баспанадан шығарылатын азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесін реттеу қажет. Төртіншіден, кепілге салынған мүлікті пайдалану құқығын сақтау мен жалдамалы баспана беруді қарастырған дұрыс. Қарыз алушы өзінің қаржылық жағдайын жақсартқанға дейін шарттың талабын орындамаған кезде банк алдындағы борыш бойынша мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастыру қажет. Жеке сот орындаушыларының қызметін мемлекеттік бақылауға алып, олардың лауазымдық өкілеттігін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікті күшейтуді ерекше бақылауға алу керек. Жалғыз үйінен айырылып жатқан азаматтардың, көпбалалы отбасылардың жағдайын білеміз. Оларды қыспаққа ала бермей, қаржылық жағдайларын түзегенше бір мүмкіндік жасауды банктер қарауы керек. Осыған байланысты мәселені көп ұзатпай шешуге тиіспіз.

Серік Жолдасбаев.jpg

Серік ЖОЛДАСБАЕВ, заңгер:

- Парламент депутаттарының кепілге қойылған тұрғын үйлерді банктердің тартып алуына тыйым салу туралы ұсыныстары өте орынды. Тұрғындар банктердің қызметіне тәуелді, десек те заң тұрғындардың мүддесін қорғауы керек. Меніңше, тұрғын үй алу мәселесін түбегейлі өзгерту керек. Қазақстанда Еуропа елдері сияқты баспананы жалға беру процестерін күшейту керек. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған жалға беру бағдарламалары бар, бірақ ол арнайы санаттарды толық қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан тұрғындар ипотекаға жүгінуге тура келеді. Пайыздық үстемесі төмен мемлекеттік бағдарламалардың қойған талаптарынан қарапайым тұрғындар өте алмай қиналады. Айталық, «Отбасы банкінде» пайызы төмен болғанымен, талаптары өте жоғары. Пәтер аламын деген адам еңбекақысын растап, еңбекақысы жоғары гарант табуы керек. Алғашқы жарна пәтер құнының елу пайызын құрауы тиіс. Міне, осындай талаптардан көптеген адамдар өте алмайды. Сол себепті екінші деңгейлі банктерге барып, еңбегін растаусыз, 20 пайыз жарнасын төлеп, пайыздық үстемесі жоғары екенін біле тұра тәуекел етіп, пәтерді 15-20 жылға ипотекаға алып жатады. Осы аралықта отбасында, жұмысында өзгерістер болуы мүмкін. Белгілі бір себептерге байланысты қарызын төлей алмай қиналған адамға «жығылған үстіне жұдырық» болып, банктер пәтерін тартып алуға кіріседі. Баспаналы болғанша адам материалдық, моральдік тұрғыда шаршап кетеді. Сондықтан банктердің саясатын өзгерту керек.

 

Әсел Ахаева.jpg

Әсел АХАЕВА, кітапханашы:

- Жылжымайтын мүлік – жеке меншік. Негізінен тұрғындардың басындағы жалғыз баспанасын кепілге қойып, банктен ақша алуы дұрыс емес. Баспанасын банкке кепілге қойып, кейін сан соғып қалып жатқандар көп. Меніңше, мүлік кепілге қойылған жағдайда, банктер тұрғындарға оң қабақ танытып, төлем уақытын шегеру жағын да қарастырғаны жөн. Себебі түрлі өмірлік жағдайлар болады. Баспанасын кепілге тіккен адам кейін оқыстан ауырып қалып жұмысқа жарамауы, өндірісте жарақат алып, мертігіп қалуы мүмкін. Сондықтан борышкердің асырап отырған бала-шағасы далада қалмауы үшін, банкпен келісімшартта тосын жағдайлар да қарастырылуы тиіс. Мәселен, борышкер қарызын өтей алмаған жағдайда оның баспанасын бас-көзсіз бірден саудаға шығарып, сатып жібермей, төлем кезеңін пайызсыз, өсімпұлсыз кейінге шегеру қажет деп ойлаймын. Таңның атысы, күннің батысы тер төгіп, отбасының қамын ойлаған жандарды тығырыққа тіремей, кемінде 3-5 жылға дейін жағдайын түзеп алуға мүмкіндік беру керек. Осы уақыт аралығында банкке үйді сатуға, үй иесін өз баспанасынан шығаруға шектеу қойылуы керек. Борышкер жұмысын істеп, қарызын бірте-бірте қайтарады.

 

«Алаңды» үйлестірген – Торғын ОРАЗАЛЫ.

 


Количество показов: 418

Возврат к списку