Дарынды жастар - ел болашағы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Дарынды жастар -  ел болашағы 25.12.2021

Дарынды жастар - ел болашағы

«Достық үйінде» облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың бастамасымен жастар саясаты жөніндегі кеңестің қорытынды жиыны өтті. Аталмыш шара барысында Ертіс ауданында жастар саясатын іске асыру, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ студенттер ордасында тәрбие жұмысының маңызды мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, отырыс соңында дәстүрге айналған «Ертіс дарыны» премиясының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

 

- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, жастар – дамудың қозғаушы күші. Жастардың өзін-өзі жақсы танып білуіне және оң бастамаларына қолдау білдіру – барлық мемлекеттік ұйымдардың міндеті. Сондықтан, жастар үшін барлық жағдайды жасаймыз, - деді аймақ басшысы. Кеңес отырысына «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Аян Сакошев қатысты. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселелер баяндалып, ұсыныстар айтылды. Ертіс ауданының әкімі Аян Бейсекиннің сөзінше, ауданда 14 пен 29 жас аралығында 3226 азамат бар. Бұл халықтың 20%-ын құраса, оның ішінде 2611 адам экономикалық белсенді-лердің қатарында. Нұр-Сұлтан қаласындағы «GREEN TAL» әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы Эмин Әскеров адамдарға табыс әкелетін жұмысы жөнінде, тіпті оқыту бағдарламасы жөнінде баяндады.

- Бұл - мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуды көздеген тың жобаның бірі. Әлеуметтік шеберханада экологиялық таза ағаштан ойыншықтар жасалады. Әртүрлі топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың бос уақытты тиімді әрі табысты өткізуі үшін аянып қалмаймыз, - деді кәсіпкер. Облыстық «Қазақстан студенттерінің альянсы» студенттер штабының төрайымы Ажар Аманжолова атқарылған жұмыс-тарды тілге тиек етті.

- «Қазақстан студенттерінің альянсы» қоғамның белсенді студенттерді бірік-тірген ұйым. Әр студент кез келген мәселесі бойынша ашық пікір айтып, үкімет пен қоғам арасында көпірге айналды. Біздің тарапымыздан ұсынылған жобалар, идеялар өз шешімін тауып та жатыр. Қазіргі аймағымыздағы 4 жоғары оқу орны және 5 колледж студенттерімен бірлесе жұмыс істеп келеміз, - деді ол. Өңіріміздегі білім басқармасы мен жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық меморандумын дәстүрлі түрде жалғастырып, студенттерді өзін-өзі басқару жұмысында белсенді болуға шақырды. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов аталған ұсыныстарды ескере отырып, 2022-2023 жылдары облыстық жастар сыйлығы «Ертіс дарыны» премиясын өткізуді пысықтауды, жастарды мемлекеттік қолдау шеңберінде бағдарламалар мен жобалар бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысын күшейтуді, мемлекеттік жастар саясаты саласында нақты шараларды іске асыруды, өңірімізде жастар саясатын іске асыру мақсатында жол картасы дайындауды тапсырды. Кеш соңы «Ертіс дарыны – 2021» премиясының лауреаттарын марапаттау рәсімімен жалғасты. Байқауда «ғылым және инновация», «медиа», «мәдениет», «медицина», «кәсіпкерлік», «ерлігі үшін», «өндіріс қызметкері», «спорт», «бірлігі жарасқан» номинациялары бойынша үздіктер анықталды. «Бірлігі жарасқан» номинациясының лауреаты атанған Екібастұз қаласының ұлттық ат спорты федерациясының мүшесі Бауыржан Асылбек:

- Біз «Сайфуллах» командасымен бірге 2010 жылдан бастап ұлттық спортпен айналысып келеміз. Облыс бойынша көкпардан сегіз дүркін чемпион атандық. Бүгінгі премияның иесі атанғанымызға қуаныштымыз, - деді. «Жыл жаңалығы» номинациясында жеңіске жеткен 14 жасар Арулат Мұхаметқали өз ісін бастауға не түрткі болғанын жасырмай айтып өтті.

- 12 жасымнан бастап тырнақ әрлеумен айналысамын. Бүгінгі күнге дейін халықаралық деңгейдегі «nail» шебері атандым. Бастапқы тырнақ әрлеу бағытында жұмыс істеуіме ата-аналарым мен жақындарым қарсы болды. Көп адамдардың пікірінше, бұл ер балаға сай мамандық емес. Дегенмен, мен бұл бағытқа теқ қана жұмыс, табыс көзі ретінде қараймын. Осы арқылы жақындарыма көмек қолын созып жүрмін, - дейді ол. Оның айтуынша, туған бауыры да сұлулық қызмет саласына қызығады екен. Қазіргі кезде, шаш үлгілерін жасауды үйреніп жүргендігін айтты. Ал «Медицина» номинациясында облыстық жедел жәрдем станциясының фельдшері Сая Ақпарова лайықты деп танылды.

- 5 жасымнан бастап медицина маманы болам деп үнемі айтатын едім. Сол түні Жетекші ауылында жағдайы нашарлап жатқан науқас жайлы хабарланды. Әріптесім, дәрігер Нұрғали Марғұлан екеуіміз науқасқа алғашқы көмек көрсеткен соң, жедел түрде ауруханаға жеткізу керектігін түсіндік. Сол уақытта науқасты арнайы зембілге салып 2,5 км жол жүрдік. Ең қуаныштысы, науқасымыз дер кезінде емханаға жеткізілді. Кейіннен жол түсіп ауруханаға барған сәтте арбада отырған әлгі біз көмек көрсеткен жанды көрдім. Оның мені құшақтап, жылаған сәті әлі көз алдымда, - дейді батыл жүректі дәрігер. Нәтиже бойынша 20 лауреаттың әрқайсына 500 мың теңге көлемінде сыйақы мен облыс әкімінің дипломына ие болды. Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.


Количество показов: 918

Возврат к списку