Дауды шешудің баламалы жолы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы 02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы

Қазіргі таңда қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделері бұзылуының алдын алу мақсатында кәсіподақ ұйымдары медиация қызметін белсенді қолдануда. «Павлодар облысының мәдениет, спорт, туризм, ақпарат, бюджеттік және мемлекеттік сала қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алма Қозбаевамен салалық кәсіподақ ұйымындағы медиация және өзге де мәселелер туралы сұхбаттасқан едік.

 

- Алма Зейноллақызы, кәсіподақтар ұйымының қызметі неде?

- Кәсіподақ – қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғайтын, әлеуметтік кепілдіктердің орындалуына қол жеткізетін, ұжымдағы микроклиматты жақсартатын ұйым. Сондықтан ұжымды біріктіру, кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау, әлеуметтік әріптестікті дамыту кәсіподақ ұйымының басты міндеттері болып табылады. Ең бастысы, қызметкерлердің өздері еңбек жағдайларына немқұрайлы қарамауы тиіс.

- Салалық кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелеріне қандай қолдау көрсетеді?

- Кәсіподақ ұйымы облыс әкімдігі, мәдениет, архив ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт басқармалары, аудандық әкімдіктермен бірлесе отырып, сапалы жұмыс атқаруда. Кәсіподақ құрамында 5000-нан астам адам бар. Өмірлік жағдайға тап болған ұйым мүшелеріне әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, кәсіподақ мүшелерінің 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларына, онкологиялық аурулармен ауыратын кәсіподақ мүшелеріне, инфаркт, инсульт кезінде кәсіподақ мүшелеріне 20 000 теңгеден көмек көрсетіледі. Кәсіподақ мүшелері үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, «Шымыр» бассейніне, «Гладиатор» спорт залына жеңіл-дікпен баруға жағдай жасалған. Жыл сайын Келісім комиссия-сының мүшелері кәсіподақ есе-
бінен оқытылады. Кәсіподақ ұйымы Келісім комиссиясының жұмысын жүзеге асырып, өндірістік жарақаттану жағдайларын назарда ұстайды. Еңбек құқықтарына қатысты сот ісін жүргізуде заңгерлік көмек көрсетеді. Алдағы уақытта мәдениет және спорт саласы қызметкерлеріне отын сатып алуға әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшерін белгілеу мәселесін шешуді көздеп отырмыз.

- Кәсіподақ саласында қандай жаңашылдық бар?

- Қазіргі уақытта елімізде әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді моделін қалыптастыру жөнінде кешенді шаралар қабылданды. Жеке еңбек дауларын сотқа дейінгі тәртіппен татуластыру рәсімдері арқылы шешу үшін алғаш рет Жоғарғы Сот пен Қазақстан Респуб-ликасы Кәсіподақтар федерациясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Кәсіподақтардың барлық аумақтық бірлестіктерінің базасында 17 татуластыру орталығы – «Татуласу порталы» құрылды. Олардың міндеттері еңбек дауларының туындауының алдын алу және туындап қойған еңбек жанжалдарын медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша іске асырылатын, өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында медиаторлардың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауларды реттеу рәсімі арқылы шешіледі. Дауды шешудің балама тәсілі ретінде медиацияның артықшылығы бар. Осыған көз жеткізген еңбек дауларына қатысушылар сот талқылауымен салыстырғанда медиацияның қызметіне көбірек жүгінеді. Павлодарда татуластыру орталығы құрылған 2018 жылдан бастап кәсіби медиаторларды, кәсіподақ мамандарын тарта отырып, «татуласу» орталығында 3 000-нан астам өтініш берушіге құқықтық көмек көрсетіліп, медиация арқылы 900-ден астам рәсім өткізілді, оның ішінде облыстың кәсіподақ орталығы медиаторының қатысуымен 789 еңбек дауы қызметкердің пайдасына шешілді.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан - Торғын ОРАЗАЛЫ.

 


Количество показов: 622

Возврат к списку