Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023  466

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  607

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  505

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  453

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  392

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  557

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  662

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  511

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  762

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  597

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  448

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  413

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  454

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  476

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  563

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  927

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  768

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  557

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  574

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  841

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  541

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  959

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  1313

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  1286

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  1253

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  1210

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  1445

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  1237

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  1263

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  1216

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  1306

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  1282

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  1048

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1208

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  1515

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  813

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  1170

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  747

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  750

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  657

11 медаль!
11:05 24.01.2023  1200

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  1064

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  1137

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  1240

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  1409

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  1137

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  1085

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  1225

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  1280

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  1146

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  3395

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2970

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2916

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  3372

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  3419

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  3543

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  3628

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2887

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2941

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  3346

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай 17.11.2022

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай

Небары үш күннен соң елімізде ауқымды саяси науқан – ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Елдің болашағы үшін таңдау жасайтын сын сағатта қазақстандықтардың белсенділік танытып, азаматтық ұстанымын айқын көрсеткені абзал. Сондықтан дауыс беру құқығына ие тұрғындардың тіркелген мекенжайы бойынша сайлау учаскелеріне барып, алты кандидаттың бірін қолдауы ертеңгі күн үшін жасалатын қадам болмақ. Бұл ретте өңірдегі учаскелер сайлаушыларды қабылдауға қаншалықты дайын? Мүгедектігі бар азаматтарға қандай жағдайлар жасалған? Осы және өзге де мәселелер төңірегінде облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Аманжоловамен сұхбаттасқан едік.

 

- Гүлнар Қабиденқызы, алдымен облыста құрылған сайлау комиссияларының жұмысына тоқталып өтсеңіз...

- Жалпы, біздің өңірде Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізу үшін 542 сайлау комиссиясы құрылды. Оның 14-і аумақтық болып саналады. Қалғаны – учаскелік комиссиялар. Мұнда барлығы 3502 адам жұмыс істейді. Дауыс беру процесіне келер болсақ, азаматтар өз таңдауларын 528 сайлау учаскесінде жасай алады. Атап айтқанда, 138 учаске облыс орталығында, 65 учаске Екібастұз қаласында, 40 учаскеде Ақсуда және 285-і аудандарда орналасқан.

- Сайлау комиссияларының өкілдері саяси науқанға дайын ба?

- Сайлау процесіне қатысы бар азаматтардың барлығының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында семинарлар ұйымдастырылады. Олар тек комиссия мүшелері үшін емес, саяси партиялар мен басқа қоғамдық бірлестіктердің, құқық қорғау саласының, прокуратура мен сот органдарының, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғайтын қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен жастар үшін де өтеді. Қазіргі уақытта учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерін оқыту аяқталып қалды. Оның барысында 300-ден астам тәжірибелік кейс қаралып, әр түрлі жағдайларда қалай әрекет ету керек екені егжей-тегжейлі түсіндірілді.

- Тұрғындар өз сайлау учаскеле-рінің қайда орналасқанын қалай біле алады?

- Жергілікті әкімдіктер 30 қазан күні тиісті жердегі сайлау учаскелеріне дауыс беру құқығына ие азаматтардың тізімін тапсырды. Ал 4 қарашадан бастап тұрғындарға өздерін бұл тізімнен тексеруге мүмкіндік берілді. Әр азамат жеке куәлігін көрсете отырып, өзіне қатысты мәліметтердің дұрыс-бұрыстығын байқай алады. Егер тізімде болмаса немесе аты-жөні, мекенжайы қате көрсетілсе, өзгертуге құқығы бар. Бұл ретте жұртшылыққа ыңғайлы болуы үшін цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану мәселесі қарастырылып, қолайлы тетіктер қарастырылды. Айталық, @Prezident_sailau_2022_pvl_bot телеграм-ботына кіріп, жеке сәйкестендіру нөмірін терген жағдайда сайлау учаскесі туралы ақпарат беріледі. Мұнда учаскенің нөмірі, мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі. Сол сияқты «109» бірыңғай орталығының сайтында бұл қызмет қолжетімді. Орталыққа хабарласып, қажетті кеңес пен ақпарат алуға болады. Мамандар шағымдарды қабылдау бойынша да жұмыс істейді. Сонымен қатар, өңірдегі 13 әкімдіктің барлығында Call-орталықтар қызметі іске қосылды. Тиісті хабарландырулар әкімдіктердің сайтында, әлеуметтік желілерде, мерзімдік басылымдарда жарияланды. Үйлерге шақыртулар таратылып, көпшілік орындарға, подъездерге ақпараттық хабарламалар ілінді. Сондықтан бұл бағыттағы қиындықтар болмауы керек. Тұрғындардың өз сайлау учаскелерін анықтауы үшін барынша мол мүмкіндік жасалды. Айта кетейік, учаскелік комиссиялар 4 қарашадан бастап үйден дауыс беретін азаматтардан өтініштерді қабылдау, оқу, жұмыс барысы, басқа да себептер бойынша өзге жерде таңдауын жасайтын тұрғындарға есептен шығару куәлігін беру жұмыстарын жүргізуде. Мұндай куәлік 19 қараша күні сағат 18.00-ге дейін беріледі.

- Азаматтар жеке куәліктің цифрлық баламасы арқылы дауыс бере ала ма?

- Иә, цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылған жеке басты куәландыратын құжаттар арқылы да дауыс беру мүмкіндігі бар. Яғни, олар жеке куәліктің түпнұсқасына теңестірілген құжаттар болып есептеледі. Бюллетень сол құжат негізінде ұсынылады. Еске сала кетейік, әр сайлаушы таңдауын кабинада жалғыз өзі жасайды. Басқа адам үшін дауыс беруге тыйым салынады. 20 қараша күні сайлау учаскелері сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін тұрғындарды қабылдайды.

- Жақында ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағида-ларына өзгеріс енгізілгені белгілі. Соған сәйкес тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтарға да дауыс беруге жағдай жасалады. Бұл бағытта Павлодар облысында қандай жұмыстар атқарылмақ?

- Сайлау күні өңірдегі 225 сайлау учаскесінде дауыс берушінің өтініші бойынша тіркеу орнын тексеру сервисі жұмыс істейтін болады. Соған сәйкес, комиссияның уәкілетті мүшесі тез арада сайлаушының тіркелген мекенжайын тексеруі тиіс. Ал тіркеуі жоқ тұрғындарға келер болсақ, олар үшін 6 сайлау учаскесінде қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда, Павлодар қаласындағы №11, 15, 51, 79, Екібастұздағы №536 және Ақсу қаласындағы №485 сайлау учаскелерінде мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыстары ұйымдастырылады. Яғни, тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар осы сайлау учаскелерінде бір күндік тіркеуге тұрып, дауыс беру мүмкіндігін пайдалана алады. Ал келесі күні тіркеуден автоматты түрде шығарылады.

- Ал мүгедектігі бар дауыс берушілер үшін қандай жағдайлар қарастырылды?

- Бұл бағыт та назардан тыс қалған жоқ. Мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы жағдай жасау – негізгі міндеттердің бірі. Соның аясында сайлау учаскелерінің барлығы ғимараттардың бірінші қабаттарына орналастырылды. Оларды дауыс беру орындарына жеткізу үшін инватакси қызмет көрсететін болады. Атап айтқанда, 18 арнайы көлік тасымалдайды. Ал учаскеге кіру үшін пандустар, тұтқалар бар. Ғимараттың ішіне кірген соң да мүгедектігі бар азаматтардың қажеттіліктеріне қарай құралдар беріледі. Мәселен, оларға арнайы бұрыштар бөлініп, компьютермен, құлаққаппен, лупамен, Брайль шрифті бар трафареттермен қамтылды. Арбада отыратын сайлаушылар үшін дауыс беру кабинасының қолжетімді деңгейде болуына да баса мән берілді. Таңдау жасайтын күні сайлау учаскелеріне келе алмайтын мүгедектігі бар азаматтар алдын ала өтініш қалдырса, комиссия мүшелеріне үйлеріне барып, бюллетень беріп, дауыс беру құқығын пайдалану үшін мүмкіндіктер қарастырады.

- Ақпаратыңызға рақмет!

 

Сұхбаттасқан – Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 3176

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023  466

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  607

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  505

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  453

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  392

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  557

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  662

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  511

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  762

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  597

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  448

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  413

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  454

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  476

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  563

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  927

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  768

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  557

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  574

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  841

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  541

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  959

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  1313

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  1286

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  1253

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  1210

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  1445

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  1237

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  1263

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  1216

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  1306

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  1282

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  1048

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1208

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  1515

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  813

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  1170

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  747

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  750

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  657

11 медаль!
11:05 24.01.2023  1200

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  1064

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  1137

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  1240

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  1409

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  1137

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  1085

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  1225

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  1280

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  1146

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  3395

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2970

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2916

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  3372

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  3419

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  3543

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  3628

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2887

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2941

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  3346