Әділдік жолында

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Әділдік жолында 04.12.2021

Әділдік жолында

Ел Тәуелсіздігімен қатар жасасып келе жатқан маңызды мемлекеттік орган-дардың бірі - прокуратура. Биыл отандық прокуратураның құрылғанына

30 жыл толады. Бұл ретте Павлодар облыстық прокуратурасы да өзіне жүктелген жауапты міндетті абыроймен атқарып, азаматтардың бостандығы мен заңды құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында талмай еңбек етіп келеді.

Жалпы, аймағымыздағы бақы-лаушы органның құрамында 13 аумақтық және бір мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жұмыс істейді. Аталмыш мекемелерде 200-ден астам прокурор еңбек етуде. Олардың қалтқысыз қызметі мен біліктілігінің нәтиже-сінде облысымызда жыл сайын қылмыс көрсеткіші орташа есеппен 16,3 пайызға азайып келеді. Мәселен, 2020 жылы құқық бұзушылықтар саны 25,2 пайызға кемісе, ағымдағы жылдың 10 айы ішінде бұл көрсеткіш 7,4 пайызға азайған. Бұдан бөлек, прокуратура жалпы құқық қорғау органда-рының жұмысының нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру бағытындағы көптеген жаңаша бастамаларға мұрындық болып келеді. Сондай-ақ, түрлі заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке келтірілген қомақты шығындар өтеліп келеді. Азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалуда. Мысалы, Екібастұз қаласының прокуратурасы жергілікті 308 оқытушыға жалпы сомасы 27 млн теңге көлеміндегі қарызын қайтартып берді. Бұдан бөлек, білім беру мекемелерінің 322 қызметкерінің 8 млн теңге көлеміндегі зейнетақы және әлеуметтік төлемдері қалпына келтірілді. Тағы бір кемшілік «Богатырь Көмір» ЖШС-не қатысты анықталды. Аталмыш кәсіпорын екі жыл бойына ауыр жұмысқа жұмылдырылған қызметкерлерінің жалақысын дұрыс төлемей келген. Тек прокуратураның араласуымен 1577 қызметкердің еңбекақысы қайта есептеліп, төленді. Прокуратура органдарының «Еңбек» мемлекеттік бағдарлама-сының жүзеге асу барысына жүргізген тексерулердің нәтижесінде 223 кәсіпкерге жалпы сомасы 100 млн теңге көлеміндегі бұған дейін ала алмай келген гранттары өтелді. Сонымен қатар, жалпы көлемі 172 мың гектарды құрайтын 194 жайылым мемлекет меншігіне қайтарылды. Екі мердігер кәсіпорын мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында Павлодар қаласының көшелерін жарықтандыруға бөлген 405 млн теңгені қолды қылуға тырысқан. Прокурорлар бұл заңсыздықтың да жолын кесті. Прокуратура мамандары бизнес өкілде-рімен жиі кездесіп, мәселелерін тыңдап әрі шешіп келеді. Аймағымыздың бас прокуроры Қайрат Әбдіханов құзырлы орган адам құқығын қорғауды бірінші орынға қоятынын айтады.

- Құқығы тапталып, жапа шеккендер бізден көмек сұрап келеді. Оларға жәрдемдесу – кәсіби міндетіміз ғана емес, адамгершілік парызымыз. Прокурорлар жеке кәсіпкерлердің мәселесін тыңдаудан жалыққан емес. Май ауданының прокурорына жолыққан бір кәсіпкер мемлекет тарапынан несие алып, жалпы аумағы 140 шаршы метрді құрайтын балаларға арналған ойын алаңын ашқанын айтқан. Алайда карантин талаптарына сәйкес, тек жалпы аумағы 500 шаршы метрден асатын мекемелердің қызметіне рұқсат берілген болатын. Осыған байланысты ол жұмысын жүргізе алмай отырғанын жеткізіп, көмек сұрады. Біз жоғары билікке хат жолдап, мәселені шешуді сұрадық. Сөзіміз жерде қалмай, жалпы аумағы 500 шаршы метрге жетпейтін нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Осылайша, мәселенің республика деңгейінде шешілуіне де атсалысып келеміз. Сонымен қатар, өңірде санитарлық талаптың қатаң сақталуын қада-ғалау бойынша да тексерулер жүргізілді, - дейді Қ.Әбдіханов. Осылайша, облыстық прокуратура мамандары әділдік жолында жүруде. Қоғамда заңсыздыққа жол бермей, тұрғындардың құқығын қорғауда. Күрделі салада еңбек етіп жүрген прокурорларды төл мерекесімен құттықтап, еңбекте-ріне жеміс тілейміз!

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Суретті түсірген -
Есенжол Исабек.

 


Количество показов: 712

Возврат к списку