Диспорт терапиясымен емдейді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Диспорт терапиясымен емдейді 26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді

Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері цереб-ралды сал ауруына шалдыққан, бойында неврологиялық ауытқуы бар жасөспірімдерді оңалтудан өткізуде жаңа емдеу тәсілін қолдануда. Білікті мамандар балаларды қалыпты өмірге бейімдеу үшін Диспорт терапиясын пайдалануда. Бұл ретте емдеу шарасы аталған дертке душар болған балалардың қимыл-қозғалысын ретке келтіруге мүмкіндік беретін ботулинум токсині арқылы жүргізіледі.

Еліміздің барлық өңіріндегі балалар ауруханасында церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды емдеуге арналған оңалту орталықтары бар. Ал республикалық оңалту орталықтары осы індетпен күресіп жүрген балаларды жылына тек бір мәрте ғана қабылдайды екен. Ал балалар ауруханасында әрбір екі ай сайын емделуге болады екен. Облыстық балалар ауруханасында травматология, неврологиялық және соматикалық бөлімше 25 орынға шақталған. Оңалту шарасын жүргізетін дәрігерлер, массаж жасайтын мамандар, емдік дене жаттығуын жүргізетін қызметкерлер де бар. Қажетті құрал-жабдық та жеткілікті. Мұнда оңалту қызметі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін жүргізіледі. Дәрігерлер Диспорт терапиясын 2020 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап қолдануда. Бұл тәсіл балалар арасында 2 жастан бастап жүргізіледі. Ботулинум токсинін алғашқы 10 жыл үзбей қолдану жақсы нәтиже береді екен. Диспорт терапиясының ерте қолданылуы ағзаны қалыпқа келтіруге көмектеседі. Емдеудің бұл түрі церебралды сал ауруымен күресіп жүрген балалардың тартылған бұлшық етін қалыпқа келтіруге әсер етеді. Ботулинум токсині жүйке мен бұлшықеттің дұрыс жетілуіне көмектеседі. Облыстық балалар ауруханасының неврологиялық бөлімінің меңгерушісі Арман Имановтың айтуынша, қазіргі уақытта өңірде 67 бала аталмыш емді қабылдаған.

- Терапияны бастамас бұрын жасөс-пірімнің ағзасы толық тексеріледі. Дәріні енгізу орны анықталады. Препаратты аяқтағы бұлшық етке, бетке де енгізуге болады. Дәрінің дозасы науқастың салмағына және дәрігер таңдаған емдеу жоспарына байланысты. Диспорт терапиясы өздігінен қозғала алмайтын балалардың аяғының дұрыс жетілуіне мүмкіндік береді. Шұғыл ота жасау қажеттігін де төмендетеді. Осы уақыт ішінде ем алған балалардың денсаулығы әлдеқайда жақсарып, ем өз нәтижесін беріп келеді, - дейді дәрігер. Дәрігердің сөзінше, балалардың церебралды сал ауруына шалдығуына бірнеше фактор әсер етеді. Егер әйел адам жүктілік кезінде әр түрлі инфекцияларды жұқтырса, шарана уақытынан бұрын дүниеге келсе, құрсақта ұзақ уақыт жатып қалса, жүктілік пен босану процесі ауыр өтсе, әйел жүктіліктің алғашқы мерзімінде жүйкеге әсер ететін факторларды бастан өткізсе, онда аталмыш кесел дүниеге келер нәрестеде пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, құрсақтағы сәбидің орталық нерв жүйесі зақымданса, дерт жүре пайда болмақ. Осы жағдайларда туындаған нерв жүйесінің патологиясы аяқ-қол параличінің ауыр түріне әкеліп соғуы мүмкін. Бұл дертке шалдыққан балалар невролог дәрігердің диспансерлік есебінде тұрып, дәрілік заттармен ем алып, емдік дене шынықтыру, физиолық емдермен қамтамасыз етіледі.   Дерттің жеңіл түрлерінде нәрестелерге дене ысқылау, физио емін жасау арқылы жағдайын жақсартуға болғанымен, олардың түпкілікті жазылуы мүмкін емес екен. Мамандардың айтуынша, церебралды сал ауруының еміне медикаментозды емнен бөлек сауықтыру емі де кіреді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының мәліметінше, 2021 жылы оңалту шарасын жүргізуге 2,2 млрд теңге қаржы бөлінген. Соңғы үш жылдың ішінде қаражат көлемі 15,8 есеге артқан. Мәселен, 2019 жылы аталған емдеу шарасына 139 млн теңге бағытталса, 2020 жылы 1,9 млрд теңге жұмсалған. 2021 жылы оңалту шарасын жүргізуде медициналық мекемелермен 1,87 млрд теңгеге келісім шарт жасалған. Оның ішінде 1,05 млрд теңгеге стационарларда қызмет көрсетілетін болса, 378,8 млн теңгеге күндізгі стационарда ем жүргізілмек. Ал амбулаторлық деңгейдегі емге 445,3 млн теңге бағытталған. Облыста оңалту қызметін 29 медициналық мекеме көрсетеді.

 

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

 


Количество показов: 418

Возврат к списку