Дизель отыны: тапшылық неден туындады?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Дизель отыны: тапшылық неден  туындады? 05.10.2021

Дизель отыны: тапшылық неден туындады?

Қазіргі уақытта тұтас елімізде, оның ішінде Павлодар облысында дизель отыны тапшылығы анық байқалады. Кейбір жанар-жағармай бекеттерінің қорында аз көлемде қалған отынның бағасы бірден өсті. Бұл өз кезегінде көмір, шөптің қымбаттауына, облыс пен қала ішінде қатынайтын кейбір қоғамдық көліктер санының азаюына әкеліп отыр.

Осы жылдың тамыз айында облыстағы жанармай бекеттерінде дизель отынының бір литрінің бағасы орташа есеппен алғанда 186 теңгеден 196 теңгеге дейін өсті. Ал өткен аптада 280 теңгеге бір-ақ жетті. Бағаның бұлайша құбылуы шөп шабуға кіріскен ауылдағы ағайынға қолбайлау болып отыр.

- Мен жыл сайын тоғайда жалға алған шабындық жерден қорадағы төрт түлікке жетер шөп шауып аламын. Әдетте оған шамамен бір тонна дизель отыны керек. Шөпке шалғы түскен уақытта қалтамда қомақты қаржы болмай, тек 700 литр жанармай сатып алдым. Енді шабылған шөпті жинап, тасып алу үшін тағы 300 литр керек. Бірақ ауданда дизель отынының бағасы күрт қымбаттап, 280-290 теңгеге дейін көтеріліп кеткен екен. Оның өзін табу қиын. Облыс орталығындағы бірнеше бекетке барғанымда сұйық отынды талонмен ғана беретінін айтты. Соның салдарынан мал азығының қамын жасау ісі тоқтап тұр, - дейді Ақтоғай ауылының тұрғыны Айтбай Қабылбеков.

Дизельді отан тапшылығы жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындарға да оңай тиіп отырған жоқ. Тіпті, соның салдарынан облыс орталығынан Екібастұз қаласына қатынайтын автобустар санын азайтуға тура келді. «Сапаржай-Павлодар» ЖШС директоры Павел Браславский қазіргі уақытта қорда дизель отынының жоқтығын айтады. Сондықтан ертеңгі күні облыстағы қалаларға қоғамдық көліктердің шығар-шықпасы да белгісіз.

- «Helios» компаниясымен жасалған келісімшартқа сәйкес, әр аптаның жұма және дүйсенбі күндері автобустар аталмыш компания бекеттерінен жанармайды толтырып алуы тиіс. Келісімшартта дизель отынының бір литрі 196 теңгеден беріледі деп көрсетілген. Алайда өткен аптада баға 208 теңгеге дейін көтерілді. Ол аздай, жанармай бекеттері өңірде тапшылық барын алға тартып, арнайы картамен жанармай босатудан бас тартты. Қолма-қол ақшаға сататын өзге бекеттерге баруға кеңес берді. Бірақ олардағы баға 270-280 теңге әрі бір автобусқа бар-жоғы 50 литр жанармай құя алады. Мұндай жағдайда жолаушыларға қызмет көрсету тиімсіз. Мәселен, бұған дейін Екібастұз бен Павлодар қалаларының арасында автобус күніне 12 рет жүретін. Бір рейс жасауға 90 литр жанармай керек. Ал бүгінде мұндай көлемдегі отын болмағандықтан, үлкен класқа жататын көлікті шағын автобустармен алмастырып, рейстер санын екіге дейін қысқартуға тура келді. Яғни, автобустар түскі және кешкі уақытта ғана қатынайды. Мұндай жағдайды кейбір такси жүргізушілері оңтайлы пайдаланып, Екібастұзға дейін жеткізу қызметінің ақысын 2500 теңгеден 5 мың теңгеге дейін қымбаттатты. Ал автобус билетінің бағасы - 1050 теңге, - дейді П.Браславский.

Екібастұз қаласының ішінде қатынайтын қоғамдық көліктер де автобустар санын шектеу, тіпті толығымен тоқтату мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлады. Жолаушылар тасымалымен айналысатын «Нар-Транс» ЖШС бұл туралы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды. Бұл компания кеншілер шаһарындағы 8 автобус бағытының бесеуі бойынша тұрғындарға қызмет көрсетеді. Күніне 28 қоғамдық көлік жолға шығады.

- Қалада дизель отыны тапшылығы туындауына байланысты және оның бағасының 185 теңгеден 285 теңгеге дейін қымбаттауы салдарынан қоғамдық көліктердің жүруін шектеу қарастырылуда. Автобустардың тоқтатуы да мүмкін, - делінген хабарламада.

Дизель отынына қатысты мәселенің мән-жайын білу үшін бірқатар жанар-жағармай бекетіне арнайы бардық. Олардың бірқатары жанармайдың мүлде жоқ екенін алға тартса, енді бірі талон арқылы ғана сатуға болатынын айтты. Тек «Монолитте» қолма-қол ақшаға бір литрін 270 теңгеден, «Pegas»-та 280 теңгеден алуға мүмкіндік бар. «Helios», «Petrol», «Petro Retail» бекеттеріне барып әуре болмай-ақ қойыңыз. Мұнда дизель отыны жоқ және қашан болары да белгісіз.

Еліміздегі жанар-жағармай нарығына жауапты Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов тапшылықтың туындауына транзиттік жүк көліктерінің Қазақстан аумағындағы бекеттерден дизель отынын алуы әрі Павлодар мұнай-химия зауытының жөндеуге байланысты жұмысын тоқтатуы себеп болғанын айтты.

- Қазақстандағы дизель отынының бағасы көршілес елдермен салыстырғанда арзан. Мәселен, біздегі жанармайдың литрі Ресейдегі бекеттер белгілеген бағадан 100 теңгеге, Өзбекстаннан 70-80 теңгеге, Қырғызстаннан 61 теңгеге төмен. Сондықтан көршілес елдерге бағыт алған көліктердің барлығы дерлік біздің елдің аумағында жанармай құюға көшті. Бұл тұтынушылар санының күрт көбеюіне ықпал етті. Мамыр-қыркүйек айлары аралығында отынға деген сұраныс өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 480 мың тоннаға артты. Тамыз айының өзінде 519 мың тонна жанармай сатылды. Мұндай жағдай тарихта болған емес. Бұл - бір. Екіншіден, Атырау мұнай өңдеу кәсіпорнының апаттық жағдайға, Павлодар мұнай-химия зауытының ағымдағы жөндеуге байланысты жұмысын тоқтатуы да әсер етті. Қазіргі уақытта нарықтағы тапшылықты жою үшін Ресейден 100 мың тонна дизель отынын әкелу мәселесі шешілуде, - деді вице-министр.

Айта кетейік, Павлодар мұнай-химия зауытында 2018 жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген еді. Жоспарға сәйкес, осы айдың соңында өндіріс қайта іске қосылады.

- Бұған дейін Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу мерзімі екі рет шегерілген болатын. Алдымен шілдеден қыркүйекке, кейін қыркүйектен қазанға ауыстырылды. Жөндеу басталғанға дейін аталмыш кәсіпорын 27 мың тонна дизель отынының қорын жасап үлгерді. Бұл көлем 12-15 күнге жетеді. Жанар-жағармай бекеттері талон бойынша міндеттемелерін толығымен сақтайды. Оған қоса, бірнеше күн дересінде елімізге Ресейден жеткізілетін 100 мың тонна жанармайдың қанша көлемі біздің аймаққа үлестірілетіні анықталады. Бұл ретте жергілікті мұнай өңдеу зауыты АИ-92 маркалы жанармайдың 45 мың тоннасын, АИ-95-тің 2 мың тоннасын да өндірді, - деді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Сағыныш Нұркимбаев.

Осылайша, ел билігі дизель отыныға қатысты мәселе аз уақыт аралығында шешіледі деп пайымдайды. Тіпті, өңірде айтарлықтай тапшылық жоқ екенін алға тартады. Бірақ іс жүзінде жағдай мүлде басқа болып отыр. Тұрғындар жанар-жағармай бекеттерінен отын таппай әуре-сарсаңға түсуде. Жергілікті әкімдік уәде еткендей, мәселе аз уақыт аралығында оң шешім табар деген үміттеміз.

 

P.S. Күні кеше Павлодар мұнай-химия зауытының басшылығы елде дизель отыны тапшылығының туындауына байланысты жөндеу жұмыстарын 10 күнге шегеретінін хабарлады. Бір айға жалғасатын жөндеу жұмыстары барысында жанар-жағармай қорын бекеттерге жеткізу жұмысында іркіліс болмайды, деп сендірді кәсіпорын өкілдері.


Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 833

Возврат к списку