Еңбегі - ел есінде

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Асбұршақ қандай өсімдік?
09:40 21.05.2022  88

Тұтас өңірді қамтымақ
09:38 21.05.2022  91

Дауыс беру – маңызды
09:37 21.05.2022  89

Бүгінгі таңдау – ертеңгі өмір
09:35 21.05.2022  89

Жол азабын жүрген білер
09:00 21.05.2022  101

Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі
08:50 21.05.2022  113

Мен оқыған кітаптар
08:50 21.05.2022  89

Менің арманым...
08:49 21.05.2022  90

Тәтті мамандық
08:48 21.05.2022  82

Адасқанның айыбы жоқ
08:47 21.05.2022  85

Тарихи шеру - «ҚИМАҚ.TIME»
08:44 21.05.2022  86

Қазақ сатирасының Таңдайы
08:42 21.05.2022  86

Суармалы жер - береке көзі
11:26 19.05.2022  192

«Бейсекеңді дәріптеу керек...»
11:23 19.05.2022  217

Ұжымдық қауіпсіздік. Әскери одақ
11:22 19.05.2022  189

ЖОБА «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11:20 19.05.2022  203

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
11:19 19.05.2022  242

Жапандағы жалғыз үйде туған қыз
11:18 19.05.2022  190

Ұлтқа қызмет – мінезден
11:16 19.05.2022  238

Мен және менің полицейім!
11:14 19.05.2022  188

Талапқа сай емес
11:13 19.05.2022  184

Балабақшаға жолдама алыңыз!
11:11 19.05.2022  192

Референдум - сайлау емес, таңдау
11:05 19.05.2022  218

Пәтер тапшылығы байқалуда
11:03 19.05.2022  203

Отбасындағы кикілжің қылмыс па?
10:59 19.05.2022  209

Терезенің сыртында қауіп бар!
10:58 19.05.2022  190

Қағаз қымбатшылығы қыспаққа алды
10:55 19.05.2022  198

Арзан несие: тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма?
10:53 19.05.2022  204

Сарыарқа самалы, 19 мамыр, бейсенбі
09:11 19.05.2022  221

«Қимақ.Time»
10:26 17.05.2022  406

Бүлдіршіндер еңбектеп жарысты
10:14 17.05.2022  412

«Тұран» түкке тұрмады
10:13 17.05.2022  446

Жастар - ел келешегі
10:09 17.05.2022  446

Өз таңдауымызды жасауға тиіспіз
09:26 17.05.2022  470

Қос ішектің Күмбірлеуі
09:24 17.05.2022  439

Қайта оралған «Жәмилә»
09:23 17.05.2022  436

Әуеден де, жерден де өңдеуде
09:17 17.05.2022  426

Мал дәрігерлері жеткіліксіз
09:16 17.05.2022  389

Көктемнің әр күні – несібе
09:08 17.05.2022  454

Сарыарқа самалы, 17 мамыр, сейсенбі
08:59 17.05.2022  471

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар
12:00 16.05.2022  545

Қазақтың текті қыраны
09:09 14.05.2022  729

Дауыс беру - парызымыз
09:07 14.05.2022  577

Жаңа Қазақстанның жарқын жолы
09:06 14.05.2022  486

«Әлкей Марғұлан және мәдени мұра»
09:04 14.05.2022  564

Халықтың сенімді қорғаны
09:03 14.05.2022  507

Тұрғын үй субсидиясы: талаптары қандай?
09:02 14.05.2022  649

Асфальт жол ауылға келді
09:01 14.05.2022  587

Сарыарқа самалы, 14 мамыр, сенбі
09:00 14.05.2022  751

Айлық аз
11:25 12.05.2022  629

Бабалар рухы – төл тарихымызда
10:43 12.05.2022  586

«Мектебім - мәңгілік көктемім»
10:42 12.05.2022  626

Еңбегі - ел есінде
10:39 12.05.2022  578

Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
10:34 12.05.2022  687

Жеңіс даңқы – мәңгілік!
10:32 12.05.2022  558

Тегін дәрі: кімдерге тиесілі?
10:30 12.05.2022  626

Даудың басы – қараусыз мал
10:27 12.05.2022  654

Мұнай өнімдері экспортын шектеуді ұзарту дұрыс па?
10:20 12.05.2022  783

Шоң би оқулары өтті
10:18 12.05.2022  557

Негізгі ҰБТ: түлектер нені білуі тиіс?
10:13 12.05.2022  568

Еңбегі - ел есінде 12.05.2022

Еңбегі - ел есінде

Қазақта «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген нақыл сөз бар. Расында, қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырын халықпен бірге өткізіп, ел игілігі үшін елеулі істер атқарып кеткен жақсылардың есімі ешқашан ұмытылмақ емес. Өзі өмірден өтсе де, есімі жұрттың жадында, тұлғасы көпшіліктің көз алдында өткен азаматтардың бірі – жерлесіміз, қоғам қайраткері Оралбек Қожанов. Биыл қайраткердің туғанына 85 жыл толды.

 

Еңбегі - ел есінде

 

Дана халқымыз «Асқар тау алыстаған сайын биіктейді» дейді. Сол секілді Оралбек Қожанұлының да ел игілігі, Ертіс-Баян өңірінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуы жолында атқарған жұмыстары жылдар жылжып өткен сайын айшықтала түсуде. Ол кісінің мемлекетшілдігі мен іскерлігі - әрбір мемлекеттік қызметкер үшін үлгі-өнеге. Яғни, Павлодар өңірінде басшылық қызметті ұзақ жыл адал жолмен атқарып, сол абырой биігімен құрметті еңбек демалысына кетті. Оны халқы сол үшін де айрықша құрметтейді, жақсы көреді. Ғұмырнамасына қысқаша тоқталсақ, Қожанов Оралбек Қожанұлы 1937 жылы 14 мамыр күні Ақсу ауданының Грязновка (қазіргі М.Омаров ауылы) ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Семейдің малдәрігерлік институтын тәмамдаған. Еңбек жолын Павлодар ауданына қарасты Шақат кеңшарының фермасында зоотехник болып бастаған. Одан кейін Железин ауданының Михайлов совхозында бас зоотехник және аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек етті. Мұнда бес жыл жұмыс істеп, Баянауыл аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметіне ауысады. Сонымен қатар, Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және сапа жөнін-дегі мемлекеттік бас инспектор қызметтерін де абыроймен атқарып, билік басындағы азаматтардың нысанасына ілінсе керек. 1978 жылы Қазақстан Компартиясының Екібастұз аудандық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Ол кісі шахталы шаһарда қызмет істеп тұрған уақытта мұнда қуаты күшті мемлекеттік электр стансалары, көмір кеніштері салынып, қала құрылысы қарқын алған екен. Оралбек ағамыз Екібастұз ауданында бірінші хатшы лауазымында 10 жыл қызмет істепті. Міне, сол Екібастұзға келген жылдардан бастап, қоян-қолтық араласып, қарым-қатынасы әріптестіктен аға-бауырға ұласқан азаматтардың бірі – облысымызға танымал қоғам қайраткері, Құрметті азамат Әбілқақ Түгелбаев. Әбілқақ ағамыз «Оралбек Қожановты мемлекеттік қызметке баулыған және жол көрсеткен ұстазым ретінде бағалаймын» дейді.

- Ол кезде Екібастұздың құрыл-ғанына алты жыл ғана болған еді. Яғни, жаңа бой түзеп, өсіп келе жатқан сәті. Аудан құрамында 9 совхоз болған. Мен Өлеңті ауылында бас зоотехник болып жұмыс істеп жүрдім. Ол кезде «біреуге бір нәрсе беріп, тез өсіп кету» деген түсінік жоқ. Қызметтік мансаптың барлық сатысы мен талабы қатаң сақталатын. Оралбек ағамыздың бойында адам қызы-ғарлық ерекше қасиеттері көп болды. Қандай да бір жағдай орын алса, сол мәселеге қатысты бірден асығыс әрекетке көшпей, байыппен шешім қабылдайтын. Негізі, бір ауданда 10 жыл бірінші хатшы болу оңай емес. Осы кісінің тұсында Екібастұзда кадрлық тұрақтылық болды. Себебі, Оралбек ағамыз жас мамандарға қолдау көрсетіп, ерекше қамқорлықпен қараған. Қолынан іс келетін азаматтарға мүмкіндік берді. Мысалы, мен осы кісінің нұсқауымен «Бәйет» мал бордақылау совхозы партия ұйымының хатшысы, Ақкөл совхо-зының директоры қызметтерін атқардым. Сол тұста жинаған тәжірибем менің өмірімнің азығы болды десем болады. Одан кейін Ақтоғай ауданы әкімі болып 7 жыл қызмет істедім. Менің ауданда қызмет істеген кезім Кеңес одағының ыдырап, Тәуелсіз Қазақстанның енді құрылып жатқан үлкен тарихи өзгеріспен тұспа-тұс келді. Бұл мемлекет үшін маңызды сынақ кезеңі болды. Дегенмен, Оралбектей ақылшы аға-ұстазымыздың ақыл-кеңесінің арқасында берілген жұмысты абыроймен атқаруға тырыстым, - дейді Әбілқақ Түгелбаев.

Елбасы құрметтеген

Оралбек Қожанов Екібастұздан кейін облыс орталығына оралып, өзінің басқарушылық саласындағы іскерлігін бұрынғыдан да жоғары және кең ауқымды деңгейде көрсетті. Яғни, облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары және төрағасы қызметтерін атқарды. Замандастарының сөзінше, ол Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтан кейін облыстық атқару комитетін басқарған жалғыз адам (оған дейін облыстық атқару комитетін басқарған азаматтардың барлығы өзге өңірлердің тумалары). Ол тұста осы қызметтің тізгінін ұстаған тұлғаларға артылатын жауапкершілік өте үлкен болған. Көп мәселе осы атқару комитеті төрағасының пәрменімен шешімін табатын болған. Ал ел Тәуелсіздік алғаннан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалып, 1997 жылы еңбек демалысына шықты. Осы жерде мына бір мәселені ерекше айту - парыз. Жалпы, облыс әкімдерінде бір ғана бірінші орынбасар болатыны баршаңызға аян. Бірақ, сол тұста Павлодар облысында осы лауазымды екі адам атқарған екен. Бұл ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен болған шешім. Яғни, Елбасының Оралбек ағаға деген құрметі болса керек, сол кезде облысты басқарған Асхат Жабагинге «Оралбек Қожанұлы зейнет жасына дейін бірінші орынбасары лауазымынан төмен түспеуі керек» деген тапсырма берген. Себебі, ол кісінің аты, атағы, абырой-беделі облыста ғана емес, республика көлемінде жоғары болған. Мысалы, кезінде Ертіс-Баян өңіріне келген Дінмұхамед Қонаевты, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алып, қадірменді қонақтардың алғысын алған екен. Одан бөлек елімізге беделді Мемлекет және Қоғам қайраткерлерімен, аты әлемге мәшһүр ақын-жазушы, артистермен де тығыз қарым-қатынаста болған. Бұл кейіпкері-міздің де солар секілді жоғары интеллектуалды һәм мәдениетті адам болғанын аңғартса керек. Мысалы, көрнекті ақын, жазушы, кезінде халықаралық Қ.Сәтбаев қорының президенті болған Кәкімбек Салықовтың «Қаныштың анасы» атты мақаласы көзіқарақты оқырманға таныс болса керек. Жазушы сол еңбегінде: «Қаныш Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуына дайындық кезінде естеліктер жинастыру мақсатымен Баянауыл жаққа жиі барып тұрдым. Шафық Шөкіұлы, Әбілқас Сағынов, Сұлтан Сәрсенбаев, Оралбек Қожанов сияқты ел ағаларымен ақылдасып, біраз мағлұмат жинадым» дейді. Сол секілді Қаныш Сәтбаевтың еңбегі мен мұраларын насихаттау барысында қазақ әдебиетінің тағы бір көрнекті өкілі, жазушы Медеу Сәрсекемен шығармашылық байланыста болғаны белгілі. Оралбек Қожановтың негізгі мамандығы - ауыл шаруашылығы саласы. Яғни, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғап, өзінің ашқан жаңалығын өңір экономикасын, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласын көтеруге жұмсады. Атап айтқанда, Баянауыл ауданында «Еділбай» қой тұқымын көбейту мәселесін қолға алып, оны жақсы деңгейге жеткізді. Мысалы, сәуір-мамыр айында туған еркек қозыларды ертерек тойындырып, қыркүйек-қазан айында етке тапсыру жүйесін іске қосты. Міне, малшылар қауымы үшін осылай шығынсыз пайда табу жолын бір ізге түсірді. Бұл шаруалар үшін тиімді тәсіл болған екен.

- Оралбек ағамыз мінезі жұмсақ, жан-жағына жайлы кісі еді. Бірақ жұмыс бабына келгенде ешкімге жұмсақтық танытпайтын. Яғни, әр іске өте мұқият қарайтын талапшыл адам болды. Ол кісі екеуіміз өте көп сырласатын, жиі әңгімелесетін едік. Мен ол кісіні ағамыз ретінде ерекше құрметтедім, сыйладым. Ағамыз да ағалық парызын атқарды деп айта аламын. Ол азамат ретінде өмірдің қиындығын да, қызығын да, жақсылығын да көрді, - дейді Әбілқақ ағамыз. Оралбек атамыз - өзінің білгенін өзгеге үйретуден жалықпаған адам, дейді әріптес інілері. Содан болар, мемлекеттік қызметте жолы болған біраз азамат «Қожановтың шәкіртіміз» деп мақтанышпен еске алады. Асыл азаматтың қанатының астын паналап, ақыл-кеңесін тыңдап, жақсылық-шарапатын көргендердің бірі - марқұм Абызбай Адамов.

- Ол кісі бір жылдары екі жұмысты қатар алып жүрді. Яғни, облыс әкімінің бірінші орынбасары және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы. Ол кезде мен ауыл шаруашылығы басқар-масы басшысының бірінші орынбасары болдым. Екеуіміз өте тату әрі түсіністікпен жұмыс істедік. Ағамыз біреулер секілді болмашы нәрсеге айқайлап, әріптестерінің мазасын кетірмейтін. Қажет болған жерде дауысының өзгеше интонациясымен ғана бәрін түсіндіретін. Тағы бір өзгеше қасиеті қызмет барысында қоластындағы қызметкерлердің руына қарау, я болмаса командасына өзінің жақын адамдарын тарту дегенді білмейтін. Ағамыз Қ.Сәтбаев атындағы қорды басқарып тұрған жылдары ғалымның атына көше беру, ескерткіштер тұрғызу секілді ауқымды жұмыс атқарды. Мен 2001 жылы Ертіс ауданына әкім болып бардым. 2003 жылы Орекең телефон шалып: «Өзіңде болсаң, келіп кетейін деп едім» деді. Мен қуана қарсы алатынымды айттым. Келді. Аз-кем әңгімеден кейін көшеге шығып әңгімелессек деді. Жақсы дедім. Бірақ, кабинетте айтқысы келмеген не әңгіме болды деп қылпылдап тұрмын. Ертіс ауданы әкімдігінің алдында Қажымұқан Мұңайтпасұлының көшесі бар. Сол көшемен жүріп келе жатып: «Менің келген бұйымтайым мынау. Бірлесіп Қажымұқан туралы кітап шығарсақ» деді. Мұндай ұсыныстың дәл маған айтылғанына ерекше қуандым да, ойланбастан қолдаймын дедім. Содан көп уақыт өтпей, Қажымұқан туралы үлкен еңбек өмірге келді, - депті бір естелігінде Абызбай Адамов.

Мешіт макетін Меккеден әкелді

 

О.Қожановтың қолтаңбасы экономика, ауыл шаруашылығы саласында ғана емес, қазақ халқының мәдени-рухани кеңістігінде де қалды деуге болады. Мысалы, орта Азиядағы ең көрікті мешіт мәртебесіне ие болған Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің макетін Біріккен Араб Әмірлігі Мекке қаласынан өз қолымен алып келіп, оны ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өзі таныстырыпты. Содан кейін Алла үйінің бой көтеруіне атсалысып, мешітті салу жөніндегі қамқоршылық кеңестің төрағасы болған. Осы қамқоршылық кеңес облыстық мұрағатпен бірлесе отырып, «Ертістің Павлодар өңіріндегі исламның тарихынан» кітабын жарыққа шығарды. Қазақтың көрнекті ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың мұраларын зерттеу, жарыққа шығару жолында үлкен жұмыс атқарды. Атап айтқанда, еңбек демалысына шыққан соң «Қ.И.Сәтбаев атындағы тарихи-географиялық қоғамдастығы» қоғамдық қорына басшылық етті. Академик туралы «Халық есінде», «Академик Қ.И.Сәтбаев жерлесте-рінің есінде» атты кітаптарды құрастыруға, Павлодарлық Ертіс бойында туған ғалымдар туралы естелік күнтізбені шығаруға қатысқан. Одан бөлек, «Қажымұқан», «Қасым ата», «Жасыбай тастары», «Ой өрнектері», «Барлығы жолдардан басталады» секілді альбомдар мен естеліктер жинағы оқырманға жолдама алды. Көп жылғы жемісті еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен және бірқатар мемлекеттік медальдармен марапатталған.

 

Жұмагелді ҚОЖАНОВ, О.Қожановтың ұлы:

- Мен Қожановтар әулетінің отбасының ең үлкен баласымын, екі қарындасым бар. Барлығымыз жоғары білім алып, соған лайық қызмет атқарып келеміз. Әкеміз бізді еңбекқор болуға тәрбиеледі. Яғни, өз күшімізбен өсуді үйретті. Біз ешқашан әкеміздің атын жамылып, біреуден қызмет сұраған емеспіз. Мысалы, әкем Екібастұзда Компартияның бірінші хатшысы болып тұрған кезде мен оқу бітірдім. Бірақ, бірден жоғары қызметке тағайындаған жоқ. Өзіміздің туған ауылымыздың бір бөлімшесіне жіберді. Яғни, әкем секілді зоотехник болып еңбек жолымды бастадым. Жасымыздан қалада өскендіктен, бөлімшеде жұмыс істеу қиын болды. Бірақ, қазір сол жолдардан жүріп өткеніме қуанамын. Міне, қызметтік мансаптың барлық сатысынан өтіп, бүгінгідей дәрежеге жеттік. Біз осындай мемлекетшіл, халықшыл әрі іскер адамның ұрпағы болғанымызды мақтан етеміз.

Тілеуберді САХАБА.

 

 


Количество показов: 529

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Асбұршақ қандай өсімдік?
09:40 21.05.2022  88

Тұтас өңірді қамтымақ
09:38 21.05.2022  91

Дауыс беру – маңызды
09:37 21.05.2022  89

Бүгінгі таңдау – ертеңгі өмір
09:35 21.05.2022  89

Жол азабын жүрген білер
09:00 21.05.2022  101

Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі
08:50 21.05.2022  113

Мен оқыған кітаптар
08:50 21.05.2022  89

Менің арманым...
08:49 21.05.2022  90

Тәтті мамандық
08:48 21.05.2022  82

Адасқанның айыбы жоқ
08:47 21.05.2022  85

Тарихи шеру - «ҚИМАҚ.TIME»
08:44 21.05.2022  86

Қазақ сатирасының Таңдайы
08:42 21.05.2022  86

Суармалы жер - береке көзі
11:26 19.05.2022  192

«Бейсекеңді дәріптеу керек...»
11:23 19.05.2022  217

Ұжымдық қауіпсіздік. Әскери одақ
11:22 19.05.2022  189

ЖОБА «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11:20 19.05.2022  203

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
11:19 19.05.2022  242

Жапандағы жалғыз үйде туған қыз
11:18 19.05.2022  190

Ұлтқа қызмет – мінезден
11:16 19.05.2022  238

Мен және менің полицейім!
11:14 19.05.2022  188

Талапқа сай емес
11:13 19.05.2022  184

Балабақшаға жолдама алыңыз!
11:11 19.05.2022  192

Референдум - сайлау емес, таңдау
11:05 19.05.2022  218

Пәтер тапшылығы байқалуда
11:03 19.05.2022  203

Отбасындағы кикілжің қылмыс па?
10:59 19.05.2022  209

Терезенің сыртында қауіп бар!
10:58 19.05.2022  190

Қағаз қымбатшылығы қыспаққа алды
10:55 19.05.2022  198

Арзан несие: тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма?
10:53 19.05.2022  204

Сарыарқа самалы, 19 мамыр, бейсенбі
09:11 19.05.2022  221

«Қимақ.Time»
10:26 17.05.2022  406

Бүлдіршіндер еңбектеп жарысты
10:14 17.05.2022  412

«Тұран» түкке тұрмады
10:13 17.05.2022  446

Жастар - ел келешегі
10:09 17.05.2022  446

Өз таңдауымызды жасауға тиіспіз
09:26 17.05.2022  470

Қос ішектің Күмбірлеуі
09:24 17.05.2022  439

Қайта оралған «Жәмилә»
09:23 17.05.2022  436

Әуеден де, жерден де өңдеуде
09:17 17.05.2022  426

Мал дәрігерлері жеткіліксіз
09:16 17.05.2022  389

Көктемнің әр күні – несібе
09:08 17.05.2022  454

Сарыарқа самалы, 17 мамыр, сейсенбі
08:59 17.05.2022  471

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар
12:00 16.05.2022  545

Қазақтың текті қыраны
09:09 14.05.2022  729

Дауыс беру - парызымыз
09:07 14.05.2022  577

Жаңа Қазақстанның жарқын жолы
09:06 14.05.2022  486

«Әлкей Марғұлан және мәдени мұра»
09:04 14.05.2022  564

Халықтың сенімді қорғаны
09:03 14.05.2022  507

Тұрғын үй субсидиясы: талаптары қандай?
09:02 14.05.2022  649

Асфальт жол ауылға келді
09:01 14.05.2022  587

Сарыарқа самалы, 14 мамыр, сенбі
09:00 14.05.2022  751

Айлық аз
11:25 12.05.2022  629

Бабалар рухы – төл тарихымызда
10:43 12.05.2022  586

«Мектебім - мәңгілік көктемім»
10:42 12.05.2022  626

Еңбегі - ел есінде
10:39 12.05.2022  579

Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
10:34 12.05.2022  687

Жеңіс даңқы – мәңгілік!
10:32 12.05.2022  558

Тегін дәрі: кімдерге тиесілі?
10:30 12.05.2022  626

Даудың басы – қараусыз мал
10:27 12.05.2022  654

Мұнай өнімдері экспортын шектеуді ұзарту дұрыс па?
10:20 12.05.2022  783

Шоң би оқулары өтті
10:18 12.05.2022  557

Негізгі ҰБТ: түлектер нені білуі тиіс?
10:13 12.05.2022  568

Раздел не найден.