Еңбегі ерен ел ағасы

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  39

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  40

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  41

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  142

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  132

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  115

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  263

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  327

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  313

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  302

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  321

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  295

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  319

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  331

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  391

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  402

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  399

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  375

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  399

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  368

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  399

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  422

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  501

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  546

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  498

Еңбегі ерен ел ағасы 20.03.2021

Еңбегі ерен ел ағасы

70 жасты еңсерген ел ағасы біздің осы бір ортаға салмақ мақаладағы ойымызды құптаған жоқ. Абыройын асқақтатар атақ-даңқтың да айтылуын қаламады. Бірақ біз бұл тұжырыммен келісе алмадық. Аз-маз емес, бір атанға жүк болар іс атқарған ел азаматы туралы мерейтойында бір ауыз сөз арнамау азаматтығымызға сын деп таптық та, байқап-бақылағанымызды жеткізуге асықтық. 

Оның үстіне биыл Тәуелсіздігі-мізге де 30 жыл толады. Ал Тәуелсіздіктің алғашқы тасының қалануы қазіргі 70-тің айналасында жүрген аға-апаларымыздың еншісінде екені де ақиқат. Облысқа танымал осы бір аза-матпен таныстығымыз кездейсоқ болды. Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ хандығына - 550 жыл» сыпатындағы ой-толғаулары кімді болса да қалыс қалдырған жоқ. Жер-жерде мемлекеттік дәрежедегі іс-шаралар қолға алына бастады. Кереку өңірі де құр алақан емес еді. Орта жүздің аламан батыры Малайсары тархан жайлы мәлімет жинау, оның шайқастарының тарихи орнын анықтау, ақыр аяғында облыс орталығында ескерткіш орнату сынды ауқымды шаралар қолға алынды. «Сарыарқа самалы» газетінің ұйымдастыруымен алғашқы дөңгелек үстел шарасында сөзіміз көкейге қонды ма, шара бітісімен жақындап, кім екенімді сұрастырды. Сонан кейінгі қандай да бір шаралардың басы-қасында жүріп етене араласып кеттік. Кейіпкеріміздің ныспысы – Байғұрманов Ермат Нұрғалиұлы. «Ерен ерлігі үшін» және Қазақстанның Тәуелсіздігіне қатысты мерейтойлық медальдардың, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төс белгісінің иегері. Май ауданы мен Ақсу қаласының Құрметті азаматы. Тіпті, осы мереке аясында кейіпкеріміз облыстың «Құрметті азаматы» атағына ие болып жатса, дұрыс болар еді деген базынамызды жеткізгіміз келді. Себебі анық, кейіпкер ол атаққа лайық.
Жарық дүниеге келгеннен «тымақ баласы» атанды. Шешесінің қол-аяғын жиғаны сол екен, Байқұрман қария бауырына басты. Шаңырақтан түскен күннен күлдіреуіште жатқан нәресте нәр алды. Басы былқ-сылқтан арыла сала, шал қойнына еніп, көні кепкен көнтерлі иіспен өсті. Ақсақалдың арқасында жүріп, өмірді таныды. Ақсақалдың алдында отырып, дастарқаннан нан үзіп жеді. Қатар отырып қойдың құлағына жармасты. Өзінің өсіп-жетілгенін қолына тууы туралы метірке тигенде ғана сезді. Метіркесіндегі «тегі» деген тұсынан атасының атын көрмей, қолындағы бір жапырақ қағазды лақтырып жіберіп, бүк түсіп жатып алды. Атасының абыройынан-ау шамасы, ауыл барып, аудан барып, тууы туралы куәлікке «Байғұрман» атты фамилияны жапсырғанда ғана күлімсіреп орнынан тұрды. Қазақ қариясына біткен тектілік, қайсар мықтылық, көршіге ілтипат, досқа адалдық, жарға сүйіспеншілік, балаға тәрбие – бәрі-бәрі сол ақсақалдың мінезімен бүгінде өзіне қонды. Бүгін өзі ақсақалдық дәрежеге жетті.
Қазақ ұланының басын кезінде Семейдің малдәрігерлік- зоотехникалық институты қосатын. Тіпті, ауыл баласының арманы осы оқу орны болатын. Біздің кейіпкеріміз де Семей қаласында бағын сынап, оқуға түсті. Білім алу ғана емес, дене саулығын шынықтырудың да сәті түсті. Таңдағаны аяқ жылдамдығы мен қол серпудің озық үлгісі болып танылған бокс еді. Шағын бітімді денесіне сенімсіздікпен қараған тәлімгер (тренер) бокс залына жолатпады. Бірақ боксты серік еткен достарымен ілесе келіп, зал сыртындағы алаңқайда өзін-өзі жаттықтырды. Сөйтіп, жүріп бокстың қыр-сырын меңгеріп те алды. Қала чемпионатының бірінде деңгейлес салмақтағы досы ауырыңқырап, жарысқа қатыса алмайтын болады да, басқа жора-жолдастарының қолпаштауына басын иген тәлімгер еріксіз сайыс аламанына қосады. Икемді-ақ еді, жылпостық та жолдас бола бастаған кез. Қарсы келген қарсыласты ойсырата ұтты. Қала чемпионы атанды. Содан кейінгі жарты жыл ащы тер мен қызу еңбектің уақытына айналды. Осы жарты жылдың ішінде «КСРО спорт шеберіне кандидат» талабын орындайды. Оңайлықпен тасы өрге домалаған жоқ, бірақ одан кейінгі тартысты кездесулер бозбала Ерматты шыңдап та отырды, шыңға да жетеледі. Қанына біткен намысқойлық бар, оған әр кездесуде көз алдына Байқұрман қарияның қораға кірген қасқырды қос құлағынан ұстап, тік көтеріп алып шыққандағы қайсарлығы келетін. Осындайда «Әке көрген оқ жонар» дегеннен гөрі, атаға тартып зеңбірек оғындай атқылаған жұдырықтары қарсыласының бас-көзін, іш-бүйірін дәл тауып жататын. Содан да болса керек, қай жарыста болмасын, асығы алшысынан түсті де отырды. Елді дүр сілкіндірген тартысты жарыс 1971 жылы Алматыда КСРО аумағына қарасты ауыл шаруашылығы жоғары оқу орны студенттерінің арасында өтетін чемпионат еді. Мастерлікке менмендігімен «мас» болған орыс жігітіне тосқауылды Ермат қойды. Жекпе-жекті жан жылпостығын серік еткен әрі техникасы ерен алаш баласы еңсерді. 
Сол уақыттың куәгерлері Ермат жұлдызының жанғанын 1967-72 жылдар аралығына балайды. Әрі аса бір ыждаһатпен, керемет бір әсермен бөліседі. Семейде жүріп жиналған тұщы дәм Керекуге келгенде де тыйылған жоқ. Дала баласын қора ішіне тығып, қажетті спорт снарядтарын қолдан жасап, күн-түн демей жаттықтыруды серік етеді. Нәтижесі де көп ұзамай көрінеді. Павлодар облыстық чемпионатында Ермат баптаған Май ауданының балалары командалық есепте алдыңғы орынды иеленеді. Спортқа деген сүйіспеншілік, оған деген тығыршықтай дайындық қазір де көнеленген емес. Облыс спортының, әсіресе жазғы Олимпиада, оның ішінде күрес түрінің жанашыры да, жан айқайшысы да - Ермат Байғұрманов десек, артық айтқандық емес. Күні кеше ғана араға 8 жыл салып Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері атағын алған Д.Шабанбайға бірден-бір бата беруші де, тілек тілеуші де Ермат аға екенін неге айтпасқа?!
Ермат Байғұрманов туған жерге қызмет ету дегенді де ерте түсінді. Әрі оны жадынан шығарған емес. Семей шаһарындағы оқу мерзімі аяқталысымен, туған еліне тағзым қылды. Ендігі мақсат – туған жерін көркейту екенін де бек ұқты. Обалы нешік, көбіне кежегесі кейін кетіп отырған Май ауданына Уақап Сыздықовтың көшбасшылығы ерен әсерін тигізгенін айтқан жөн. Аудан қай қырынан болса да өрге өрмеледі. Әсіресе, мал шаруашылығы өркендеп берді. Әрине, оған аудан совхоздарының, совхозға қарасты бөлімшелердегі еңбек адамдарының ерен еңбегі игілігін берді. Е.Байғұрманов та өз жұмысын ауылдық бөлімшеден бастады. Аудан басшысы Уақап Сыздықовтың көзіне іліккені де сол уақыт. Жылдар өте оның қатаң сынынан өткен азамат болды. Уақап Сыздықовтың тәрбиесін көрген атпал азамат оның шәкірттері арасында бірінші болып Май ауданының «Құрметті азаматы» атағына ие болды. Оның солай болатынының да жөні бар еді. Ел азаматы Уақап Сыздықов осы Ермат інісіне бүйрегі ала бөтен бұрып тұрды. Әрине, оның өзі талапшыл жастың сындарлы істерді ауырсынбай, қойған міндетті орындап шығуының салдарынан болған харакеттер екенін мойындаған жөн. Бөлімше меңгерушілігінен бастап, зоотехник және аға зоотехниктік лауазымдарды атқара жүріп, өмір мектебінен өтті. Оның үстіне Уақап Сыздықовтың мол қарымындағы бірсыпыра қырлар Ермат бойына өз атасы Байғұрман қариядан да толық сіңген-тін.
Е.Байғұрманов өз ауданының басшылығы қызметін де иеленді. Маңдайына жазылған үшінші хатшылық екен. Бірақ өз саласы мал шаруашылығы болатын. Өзінің сүйген ісі десек те орынды. Еңбек жанды: аудан қозы алу науқанында алдыңғы қатарға шықты. Бұл да айуға оңай. Дегенмен күні-түні үй көрмей, қысы-жазы шапқылаудың жемісі осы еді. Е.Байғұрманов ауыл шопандарымен етене араласты. Жағдайын жасаса, шопан қауымының еңбегімен өтелетінін сезді. Ең алдымен, ауданнан тыс жерде болса да, елдің аузында жүрген мамандарды алдырып, үй-жаймен қамтамасыз етті, ақша-қаражатын сәйкестендірді. Шопанның қыс қыстауының жабдығын, жаз жайлауының жағдайын жақсартты. Отар ішіндегі қой санын азайтып, төлдету науқанына сайландырды. Саулық қойға жаз уақытының өзінде күніне үш жүз грамға дейінгі жем бергізуді жолға қойды. Нәтиже анық: аудан жүзіне жүз бірден қозы алып, облысты дүр еткізді. Майталман шабандар сәтімен келген еңбекті пайдаланып, жүз аналыққа шаққанда жүз он қозы ерттірді. Ауданның үшінші хатшылығында үш жылға тарта еңбек еткен Е.Байқұрманов артта қалған аудандағы мал шаруашылығын мол жетістікпен аяқтады.Е.Байғұрманов мұндай еңбек өресін Ермак аудандық екінші хатшылығына келген тұста да жалғастырды. Тарихқа көз жібертсек, 12 қараша 1988 жылдың Ермак қалалық І пленум хаттамасында «Избрать т.Байгурманова Е.Н. вторым секретарем Ермаковского горкома партии...» деген жазбаны көреміз. Ал бұл жерде Уақап Сыздықовтың тағы бір шәкірті аудандық атқару комитетінің төрағасы Қуат Есімханов бар еді. Екі шәкіртті жай ғана қызметтік мансап емес, ауданның мал шаруашылығын арттыру мәселесіндегі ой бірлігі тоғыстырды. Май ауданынан ауысқан Е.Байғұрмановтың алдына жылқы және қой шаруашылығын көтеру мақсаты қойылды да, орайы келген істі Қ.Есімханов шебер пайдаланды. Шопан ата жайын жетік меңгеріп алған екінші хатшы қамбар ата баласын бағып-қағуды да білетін. Әсіресе, жылқы шаруашылығының өсім бермей, өсім беруге күтімі болмай тұрғанда оның халықтық технологияны пайдалануы көп нәтиже берді. Ауданның атқарушы билігінің басшысы екеуі жылқы қосын аралап, үйір санын жөнге салды. Жылқы малы тазалықтың, әдеміліктің символы ғой. Ең алғашқы мәселе, табындағы үйір санын азайтудан басталды.
Екіншіден, үйірдегі тайларды жеке бөлуді қолға алды. Мұны қазақ «қысырақ салу», «қысырақ бөлу» деп атайды. Аудан басшыларының жылқышыларға қойған алғашқы сұрақтары: - Қысырақ салуды білесің бе? еді. «Ұялған тек тұрмас» дегендей, білемізге салғанмен, жеме-жемге келгенде, бұл сол уақыттың өзінде-ақ ұмытыла бастаған іс-шара болатын. Ермат ағамыз соны жаңғыртты. Нәтиже тағы анық: қоңданған, жазғы жайылымнан нәр алған жас бие, мама биелердің барлығы келер көктемде құлын ертті. Мал саны артты, қамбар ата баласы жаңарды, жалы күдірейген айғырлар жеке үйірлерін бағып-қағуға көшті.Е.Байғұрмановтың жұмыс атқаруға келген уақытындағы кредосы біреу-ақ: қайтсем өз басқаруымдағы саланы көркейте аламын. Қажыр-қайратын да, ақыл-айласын да сол жолға салуға бейімделеді. Ал атқарған ісі тындырылды-ақ, ертеңгі күні өзінің пайдасы тиер істің басы-қасына бас бұрады. Осы жолы да солай болды. Ермак ауданының мал шаруашылығын оң жолға қойып, нақты нәтижені алған соң, совхоз директорлығына сұранады. Әрі ойынан тайсалмай, директорлық қызметке ауысты. Бірақ Ақсу ауданын басқарған басшылық та, аудан тұрғындары да Е.Байғұрманов ісіне риза. Ауданның қай өңірі де Ермат ағамызды құшақ жая қарсы алады. Аудан әкімшілігі де шет қалмай, Ақсу ауданының «Құрметті азаматы» атағын берді. Ермат ағамыздың өзі де аса бір ырзалықпен, аса бір мақтанышпен айтып, бұл елді мекенді есінен шығармайды. Он жылға тарта қызмет еткен аудан өңірін өзінің ең бір жемісті еңбек еткен тұсым деп отырады. Бір кездері оспадар басшы-лықтың солақай шешімдері кесірінен жұмыссыз қалған уақыты да болды. Бірақ өкінген жоқ, қайта өзін қайраудың жолына салды. Зейнетке жасы келген күні өз өтінішімен қызметін тапсырды. Тек сөз басында айтылған рухани жаңғырудың жолы ашылғанда, бар жан-тәнін туған жеріндегі ой-қырдың тарихын, салт-дәстүрін тиянақтайтын елдік шараларға келгенде қайта түледі. Елден де, қоғам сұранысынан да қалғысы келген жоқ. Бабасының алып ескерткішін көтерген тұстағы қылтың-сылтың сөздерге мән бермеді. Ескерткіштің нобайын бұзғысы келген зиянкес ойлы пенделердің ісіне қарсы тұрды. Баба бейнесін сомдайтын шағын шараларды ауыл-ауылдың тұрғындарына жеткізіп, аудан-ауданның талқысына шығарды. Облыс орталығындағы алып ескерткіштің ашылу лентасын қиған қазақ батыры Т.Әубәкіровке қарап тұрып, Малайсары рухының қайта оянғанын сезгендей екі тамшы жасын ағызды.Елімізде болып жатқан саяси-қоғамдық өзгерістерді де оң бағалады. Қазіргі күні «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының облыстық тізгінін ұстап отыр. Бұл партия атауындағы сөзімен-ақ өзіне тартқан-тұғын. Оның үстіне аудан басқарған жылдары жан-тәнімен осы партия қатарына өткен. Әлі күнге дейін сол ойынан арылған емес. Түптің-түбінде «Ауыл» партиясының Қазақстан Парламенті қатарынан орын алатынына да сенеді. Себебі «Ауылдың» маңында ауылдан түлеп ұшқан, ауылды сүйетін, ауылды ұмытпайтын, ауылға жанын беретін патриоттар бар, бола да береді деп ойлайды. Шын мәнінде де, облыстық, аудандық деңгейдегі Мәслихат депутаттарының қатарынан «Ауыл» партиясының мүшелерін кездестірсеңіз, облыстық төрағасы Е.Н.Байғұрмановтың ойластыруымен іске асқан сәтті бір іс-әрекет деп қабылдасаңыз болады.Сөз соңында асыл да абзал ел ағасына күш-қуат, ұзақ  ғұмыр тілейміз. 70 жас мерейлі мереке құтты болсын! Сізді баптап, бағыңызды тайдырмай отырған жұба-йыңыз екеуіңіз немере-шөбере қызығына кенеле беріңіздер! Наурыз мерекесімен ілесе жеткен 70 жасыңыз құтты болсын! «Сабақты ине сәтіменге» ұласатын арман-тілегіңіз орындалсын!

Бекен САҒЫНДЫҚҰЛЫ,
ғылым докторы, 
профессор.

Количество показов: 471

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  39

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  40

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  41

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  142

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  132

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  115

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  263

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  327

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  313

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  302

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  321

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  295

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  319

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  331

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  391

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  402

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  399

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  375

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  399

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  368

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  399

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  422

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  501

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  546

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  498