Ең тиімдісі - су жолы

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Асбұршақ қандай өсімдік?
09:40 21.05.2022  92

Тұтас өңірді қамтымақ
09:38 21.05.2022  94

Дауыс беру – маңызды
09:37 21.05.2022  94

Бүгінгі таңдау – ертеңгі өмір
09:35 21.05.2022  93

Жол азабын жүрген білер
09:00 21.05.2022  106

Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі
08:50 21.05.2022  117

Мен оқыған кітаптар
08:50 21.05.2022  91

Менің арманым...
08:49 21.05.2022  93

Тәтті мамандық
08:48 21.05.2022  85

Адасқанның айыбы жоқ
08:47 21.05.2022  89

Тарихи шеру - «ҚИМАҚ.TIME»
08:44 21.05.2022  90

Қазақ сатирасының Таңдайы
08:42 21.05.2022  89

Суармалы жер - береке көзі
11:26 19.05.2022  195

«Бейсекеңді дәріптеу керек...»
11:23 19.05.2022  220

Ұжымдық қауіпсіздік. Әскери одақ
11:22 19.05.2022  192

ЖОБА «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11:20 19.05.2022  205

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
11:19 19.05.2022  245

Жапандағы жалғыз үйде туған қыз
11:18 19.05.2022  192

Ұлтқа қызмет – мінезден
11:16 19.05.2022  244

Мен және менің полицейім!
11:14 19.05.2022  190

Талапқа сай емес
11:13 19.05.2022  188

Балабақшаға жолдама алыңыз!
11:11 19.05.2022  196

Референдум - сайлау емес, таңдау
11:05 19.05.2022  221

Пәтер тапшылығы байқалуда
11:03 19.05.2022  206

Отбасындағы кикілжің қылмыс па?
10:59 19.05.2022  211

Терезенің сыртында қауіп бар!
10:58 19.05.2022  193

Қағаз қымбатшылығы қыспаққа алды
10:55 19.05.2022  201

Арзан несие: тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма?
10:53 19.05.2022  207

Сарыарқа самалы, 19 мамыр, бейсенбі
09:11 19.05.2022  226

«Қимақ.Time»
10:26 17.05.2022  410

Бүлдіршіндер еңбектеп жарысты
10:14 17.05.2022  417

«Тұран» түкке тұрмады
10:13 17.05.2022  450

Жастар - ел келешегі
10:09 17.05.2022  450

Өз таңдауымызды жасауға тиіспіз
09:26 17.05.2022  473

Қос ішектің Күмбірлеуі
09:24 17.05.2022  443

Қайта оралған «Жәмилә»
09:23 17.05.2022  439

Әуеден де, жерден де өңдеуде
09:17 17.05.2022  429

Мал дәрігерлері жеткіліксіз
09:16 17.05.2022  393

Көктемнің әр күні – несібе
09:08 17.05.2022  456

Сарыарқа самалы, 17 мамыр, сейсенбі
08:59 17.05.2022  473

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар
12:00 16.05.2022  548

Қазақтың текті қыраны
09:09 14.05.2022  731

Дауыс беру - парызымыз
09:07 14.05.2022  580

Жаңа Қазақстанның жарқын жолы
09:06 14.05.2022  489

«Әлкей Марғұлан және мәдени мұра»
09:04 14.05.2022  566

Халықтың сенімді қорғаны
09:03 14.05.2022  510

Тұрғын үй субсидиясы: талаптары қандай?
09:02 14.05.2022  651

Асфальт жол ауылға келді
09:01 14.05.2022  592

Сарыарқа самалы, 14 мамыр, сенбі
09:00 14.05.2022  753

Айлық аз
11:25 12.05.2022  632

Бабалар рухы – төл тарихымызда
10:43 12.05.2022  590

«Мектебім - мәңгілік көктемім»
10:42 12.05.2022  630

Еңбегі - ел есінде
10:39 12.05.2022  581

Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
10:34 12.05.2022  690

Жеңіс даңқы – мәңгілік!
10:32 12.05.2022  560

Тегін дәрі: кімдерге тиесілі?
10:30 12.05.2022  629

Даудың басы – қараусыз мал
10:27 12.05.2022  659

Мұнай өнімдері экспортын шектеуді ұзарту дұрыс па?
10:20 12.05.2022  787

Шоң би оқулары өтті
10:18 12.05.2022  560

Негізгі ҰБТ: түлектер нені білуі тиіс?
10:13 12.05.2022  571

Ең тиімдісі - су жолы 28.04.2022

Ең тиімдісі - су жолы

Ертіс өзенінде навигациялық кезең басталды. Демек, қазан айына дейін су үстімен жүк тасымалдайтын кәсіпкерлер Шығыс Қазақстан, Ресейдің Омбы облыстарына еш қиындықсыз қатынап, соның есебінен тауар айналымын арттыра алады. Ал ол үшін жергілікті мамандар жаз бойы тынымсыз еңбек етеді.

IMG_4714.JPG 

Ертіс өзенінің Шығыс Қазақстан мен көршілес жатқан елдегі Омбы облысы аралығындағы жалпы ұзындығы 603 шақырымды құрайды. Оның 380 шақырымы Павлодар өңірінің аумағынан өтеді. Осы аралықта су жолы қауіпсіздігін сақтау, өзен үстімен жүретін жүк көліктерінің қатынауына жағдай жасау – «Қазақстан су жолдары» республикалық қазыналық кәсіпорны Павлодар филиалының басты міндеті. Аталмыш мекеме директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Бақытбек Работовтың айтуынша, техникалық флот суды тазалауға, жағалаудағы және су бетіндегі жол белгілерін орнатуға, олардың орнын белгілеуге, қажет болған жағдайда ауыстыруға жауапты. Қысқасы, біздің облыс аумағынан өтетін Ертіс өзені арқылы жүретін су көліктерінің жолын «ашып» береді. Навигация басталды деген сөз іргелес өңірлер арасында алыс-беріс басталды дегенді білдіреді.

- Бұл ретте су көліктерінің жүру бағыты біздің мекеме жұмысына тікелей байланысты. Судың үстінде де қатынауға рұқсат етілген жол болады. Оның аралығы қызыл және ақ белгілермен белгіленеді. Егер Ертіспен келе жатқан жүк тасымалдау көлігі сол белгілерден құралған жолақтан байқаусызда шығып кетсе, адасып кетуі ғажап емес. Мұндай жағдайда теплоходтың істен шығуы да мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін мамандар сәуір-мамыр айынан бастап қазанға дейін жол жағдайын бақылау, тексеру, талдау жұмыстарымен айналысады, - дейді Б.Работов. Айталық, Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан басталып Ресейдің Омбы облысына дейінгі аралық тоғыз учаскеге бөлінген. Олардың әрқайсысында өздігінен жүретін теплоходтар бар. Мамандар сол арқылы тиісті белгілерді қойып, өзен үстімен жүретін жолаушыларға бағыт-бағдар береді. Айта кетейік, біздің облыс аумағында барлығы 1180 белгі бар. Оның 444-і жаға жиегіне бекітілсе, қалған 736-сы су үстіне орнатылады. Олардың барлығын үнемі қадағалау – оңай іс емес. «Қазақстан су жолдары» кәсіпорнының қызметкерлері 300 шақырымнан асатын аумақты бір айда кемінде 5-6 рет айналып өтуі тиіс.

IMG_4702.JPG

- Ертіс өзені тірі ағза іспетті. Бір қарағанда оның жоғарғы қабаты баяу ағып жатқандай болып көрінгенімен, төменгі ағысы қатты. Су астындағы құмды «қазып», басқа жерге үйіп тастайды. Ал өзен түбінде жиналып қалған құм теплоходтардың жүруін қиындатады. Сондықтан алдымен құм жиналған аумақта талдау жасалып, түсірілім, өлшем жұмыстары жүргізіледі. Кейін GPS арқылы сол нүкте картада белгіленіп, түпті тереңдету кезінде қолданылатын кеме жіберіледі. Ол құмды сорғымен сорғандай тазалап, шетке ығыстырады. Бірақ бұл құм өңделмейді, одан кірпіш жасалмайды. Өзеннің ағысын реттеу үшін қайтадан бөгет ретінде бекітіледі, - дейді Бақытбек Қалымбекұлы. Әдетте су жолымен Павлодардан Ресейге қиыршықтас, ал ол жақтан бізге ағаш жеткізіледі. Бұл ретте Павлодар облысы Омбы мен Өскемен, Семей қалалары арасындағы транзиттік жол рөлін де атқарады. Себебі тауардың кей түрлері дәл осы аумақтан өтеді. Ірі корпорация басшылықтары су жолы тауар тасымалдаудың ең тиімді тетігі деп пайымдады. Әлемдік тәжірибе де мұны көрсетіп отыр. Атап айтқанда, Павлодардан Ертіс өзені арқылы Омбыға бағыт алған баржалар бір уақытта 1 мың тонна өнімді тасымалдауға қауқарлы. Пойыздың бір вагоны ары кетсе 60 тонна өнімді тиеуге ғана қауқарлы екенін ескерсек, баржалар арқылы одан жүздеген есе ауыр жүк жеткізуге болатынын аңғару қиын емес. Сондықтан су жолы қатынасы ірі компаниялар арасында жоғары сұранысқа ие. Сонымен қатар, навигация басталған тұста Ертіс пен Железин аудандары тұрғын-дарының арасында қатынас көбейеді. Паром ашылып, өзеннің екі жағасын жалғайтын көпір қойылғандай болады. Сол арқылы Ертістің арғы бетіне бірнеше тонна ауыл шаруашылығы техникаларын, басқа да құрал-жабдықтарды жеткізуге мүмкіндік болады. Бұл қарапайым тұрғындарға да тиімді. Себебі Ертіс ауданынан Железинге жету үшін облыс орталығын айналмай-ақ, өзен үстімен әп-сәтте жетеді. Сөйтіп, уақытты айтарлықтай үнемдейді. Қарапайым тұрғындар мен жүк көліктерінің қатынауы қолайлы болуы үшін 36 техникалық флот кемелері пайдаланылады. Кемелердің атаулары да ерекше. Мұнда белгілі академик, геолог-ғалым Қаныш Сәтбаев, су жолы саласының ардагері Ғибадат Мүсәлімовтің есімін арқалаған, оған қоса батыр бабамыз Малайсары, Балқаш деп аталатын кемелер бар. Сонымен қатар, «Қазақстан су жолдары» кәсіпорнының Павлодар филиалында 250-ден астам адам жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі жазғы уақытының барлығын дерлік су үстінде өткізеді. Еңбегіне адал, тәжірибесі шыңдалған сондай жандардың бірі – өзен түбін тереңдетуге арналған кеменің командирі, «Су көлігі саласының үздігі» белгісінің иегері Андрей Лебедев. Биыл оның 30-ыншы навигациясы басталды. 2010 жылы экипаж қатарына қосылған ол бүгінде 15 адамнан шағын топқа жетекшілік етіп, су көлігінің тізгінін қолына алып отыр.

IMG_4741.JPG

- Менің балалық шағым су үстінде өтті. Әкем ұзақ жыл бойы үлкен кемелерді басқарды. Анам да әкемнің қасында аспаз болып еңбек етті. Оларға қарап мен де су саласының маманы болуды армандадым. Бүгінде сол мақсатыма жеттім. Мен де жұбайыммен бірге бір кемеде қызмет атқарамын. Семей қаласындағы көлік колледжін тәмамдаған соң еңбек жолымды моторшы болып бастап, кейін тәжірибе жинау арқылы капитан көмекшісі, 2010 жылы капитан болдым. Біздің жұмыс әрі қиын, әрі қызық. Ауыртпалығы сол, өзенде жүретін техниканы басқару оңай емес. Желдің жылдамдығы, судың ағысы – барлығы әсер етеді. Бұл ретте материалдық-техникалық базаның үнемі жаңартылып отыратынын атап өткен жөн. Кез келген кеменің «жүрегі» - қозғалтқыш. Ол қуатты болса, кеме жүрісі іркілмейді. Осыдан 20 жыл бұрынғы және бүгінгі қозғалтқыш-тарды, су көліктерінің жабдықталуын салыс-тыру мүмкін емес. Құралдар үнемі жаңарып, жаңғыртылып келеді. Ал қызығы – таза ауа аясында, Ертіс өзенінде тұмса табиғатты тамашалау. Соның өзі біле білген жанға ерекше әсер сыйлайды. Бастысы, суды сезе білу керек, - дейді капитан. Бір «әттеген-айы» - біздің елде су көлігі қызметкерлерін оқытатын арнайы жоғары оқу орны жоқ. Капитан болуды армандайтын жастар Ресейдің Новосібір қаласындағы Сібір мемлекеттік су көлігі университетінде немесе оның Омбы облысындағы филиалында жоғары білім ала алады. Қазіргі уақытта Қазақстанда су көлігі колледжі Семей қаласында ғана бар. Бұл білім беру мекемесінің 3-4 студенті жыл сайын Павлодарға келіп, «Қазақстан су жолдары» кәсіпорнының филиалында өндірістік тәжірибеден өтеді. Кейбірі еңбек жолын да осында бастайды. Олардың әрі қарай шыңдалып, білім мен біліктілігін жетілдіруі үшін өз елімізде де салалық университет болғаны жақсы-ақ. Біздің облыстағы су қатынасының бүгінгі жай-күйі осындай. Сала мамандары қара күзден ерте көктемге дейін техникаларды жөндеп, қалыпқа келтіріп, навигация кезеңіне сақадай сай сайлап қояды. Ал көктемнен күзге дейін жүк тасымалдайтын көліктерге қолайлы жағдай жасап береді. Олай болса, биылғы навигация да жылдағыдай сәтті өтеді деген сенім мол.

Құндыз Қабылденова.


Количество показов: 864

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Асбұршақ қандай өсімдік?
09:40 21.05.2022  92

Тұтас өңірді қамтымақ
09:38 21.05.2022  94

Дауыс беру – маңызды
09:37 21.05.2022  94

Бүгінгі таңдау – ертеңгі өмір
09:35 21.05.2022  93

Жол азабын жүрген білер
09:00 21.05.2022  106

Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі
08:50 21.05.2022  117

Мен оқыған кітаптар
08:50 21.05.2022  91

Менің арманым...
08:49 21.05.2022  93

Тәтті мамандық
08:48 21.05.2022  85

Адасқанның айыбы жоқ
08:47 21.05.2022  89

Тарихи шеру - «ҚИМАҚ.TIME»
08:44 21.05.2022  90

Қазақ сатирасының Таңдайы
08:42 21.05.2022  89

Суармалы жер - береке көзі
11:26 19.05.2022  195

«Бейсекеңді дәріптеу керек...»
11:23 19.05.2022  220

Ұжымдық қауіпсіздік. Әскери одақ
11:22 19.05.2022  192

ЖОБА «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
11:20 19.05.2022  205

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!
11:19 19.05.2022  245

Жапандағы жалғыз үйде туған қыз
11:18 19.05.2022  192

Ұлтқа қызмет – мінезден
11:16 19.05.2022  244

Мен және менің полицейім!
11:14 19.05.2022  190

Талапқа сай емес
11:13 19.05.2022  188

Балабақшаға жолдама алыңыз!
11:11 19.05.2022  196

Референдум - сайлау емес, таңдау
11:05 19.05.2022  221

Пәтер тапшылығы байқалуда
11:03 19.05.2022  206

Отбасындағы кикілжің қылмыс па?
10:59 19.05.2022  211

Терезенің сыртында қауіп бар!
10:58 19.05.2022  193

Қағаз қымбатшылығы қыспаққа алды
10:55 19.05.2022  201

Арзан несие: тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма?
10:53 19.05.2022  207

Сарыарқа самалы, 19 мамыр, бейсенбі
09:11 19.05.2022  226

«Қимақ.Time»
10:26 17.05.2022  410

Бүлдіршіндер еңбектеп жарысты
10:14 17.05.2022  417

«Тұран» түкке тұрмады
10:13 17.05.2022  450

Жастар - ел келешегі
10:09 17.05.2022  450

Өз таңдауымызды жасауға тиіспіз
09:26 17.05.2022  473

Қос ішектің Күмбірлеуі
09:24 17.05.2022  443

Қайта оралған «Жәмилә»
09:23 17.05.2022  439

Әуеден де, жерден де өңдеуде
09:17 17.05.2022  429

Мал дәрігерлері жеткіліксіз
09:16 17.05.2022  393

Көктемнің әр күні – несібе
09:08 17.05.2022  456

Сарыарқа самалы, 17 мамыр, сейсенбі
08:59 17.05.2022  473

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар
12:00 16.05.2022  548

Қазақтың текті қыраны
09:09 14.05.2022  731

Дауыс беру - парызымыз
09:07 14.05.2022  580

Жаңа Қазақстанның жарқын жолы
09:06 14.05.2022  489

«Әлкей Марғұлан және мәдени мұра»
09:04 14.05.2022  566

Халықтың сенімді қорғаны
09:03 14.05.2022  510

Тұрғын үй субсидиясы: талаптары қандай?
09:02 14.05.2022  651

Асфальт жол ауылға келді
09:01 14.05.2022  592

Сарыарқа самалы, 14 мамыр, сенбі
09:00 14.05.2022  753

Айлық аз
11:25 12.05.2022  632

Бабалар рухы – төл тарихымызда
10:43 12.05.2022  590

«Мектебім - мәңгілік көктемім»
10:42 12.05.2022  630

Еңбегі - ел есінде
10:39 12.05.2022  581

Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
10:34 12.05.2022  690

Жеңіс даңқы – мәңгілік!
10:32 12.05.2022  560

Тегін дәрі: кімдерге тиесілі?
10:30 12.05.2022  629

Даудың басы – қараусыз мал
10:27 12.05.2022  659

Мұнай өнімдері экспортын шектеуді ұзарту дұрыс па?
10:20 12.05.2022  787

Шоң би оқулары өтті
10:18 12.05.2022  560

Негізгі ҰБТ: түлектер нені білуі тиіс?
10:13 12.05.2022  571

Раздел не найден.