Екпе алмаған науқастың емі қиын

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын 23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын

Павлодар облысы коронавирусқа қарсы вакцина алушылардың саны бойынша республикада төменгі орында. КВИ-дан қорғайтын екпені салуда жүйелі
жұмыс жан-жақты жүргізіліп жатқанымен, тұрғындар арасында әлі де екіұдай пікір жалғасуда. Қауіпті кеселмен бір жылдан астам уақыт күресіп келе жатқан ақ желеңділер вирустан қорғанудың жалғыз жолы – вакцина екенін айтудан жалыққан емес. Осы орайда, тұрғындар арасында туындаған сауалдарға жауап алу мақсатында Павлодар қалалық №3 емхананың сарапшы дәрігері Людмила Асташкинамен тілдескен болатынбыз.

 

- Людмила Николаевна, антиваксерлердің басты дәле-лінің бірі вакцинадан кейін де коронавирусты жұқтырып алуы болып отыр. Бұл туралы не айтасыз?

- Әлем бойынша екпе алған азматтар 100 пайыз індеттен аулақ болатынына кепілдік жоқ. Қолданыстағы ешбір вакцина кеселді жұқтырудан қорғай алмайды. Ең бастысы, препарат адамдарды өлімнен сақтайды. Екпе алғандардың ағзасында коронавирус жеңіл өтеді. КВИ-ге қарсы екпе де өзге вакциналар сияқты қарсы көрсетілімі бар, ағзаға түрлі реакция беруі мүмкін. Ал аты жаман вирустан бәрін күтуге болады. Кез келген адам коронавирусты жұқтырады. Себебі қазір дерт дендеп тұрғанын білесіздер. Сондықтан екпе алдым деп, босаңсуға болмайды. Санитарлық талапты қатаң сақтау қажет. Індеттен жазылып шыққан адамдарда иммунитет қалыптасады. Сол себепті мамандар коронавирустан емделіп шыққандарға вакцинаны бірден салмайды. Арада кем дегенде 3-6 ай уақыт өтуі тиіс. Дәрігер ретінде екпе ерікті түрде салынуы керектігін айтқым келеді. Десе де, тұрғындар аурудың қандай екенін сезініп үлгерді. Өзге де штамдар пайда болуда. Вакцина салдырмаған адамдар денсаулықтары үшін шешімді өздері қабылдайтынын ұғынуы керек. Олар індетпен ұзақ күреседі. Емі де қиын жүреді. Індетпен күресіп жүрген маман ретінде вирустан сақтанудың жалғыз жолы - вакцина екенін айтқым келеді.

- Екпе алғаннан кейін вирусқа қарсы антидене қашан қалыптасады?

- Ағзадағы иммунитет барлық вакцинада тек екінші аптаның соңында ғана қалыптасады. Антиденені күшейту үшін коронавирусқа қарсы екпенің екінші дозасы да салынады. Оны алғашқы екпеден кейін кем дегенде 3 аптадан соң қабылдау қажет. Екінші препараттан кейін 2-3 апта өткен кезде ғана індетке қарсы иммунитет толық қалыптасады. Екпе алған адамдарға медициналық маска тағу, адам көп жиналатын орындарға бармау, әлеуметтік қашықты сақтау сынды кеңес берілетіні сондықтан. Облыста ұжымдық иммунитет қалыптаспай, барлық адам санитарлық талапты қатаң сақтауы тиіс.

- Желтоқсан айының соңында өңірге балалар мен жүкті әйелдерге арналған «Pfizer» екпесі жеткізілетінін білеміз. Қазіргі уақытта ата-аналар балаларының болашағына алаңдап отыр. Оларға қандай кеңес бересіз?

- Әлемде аталмыш екпе түрі балалар мен жүкті әйелдерге салынуда. Вакцина клиникалық сынақтан өткен. «Pfizer» екпесі 12 жастан асқан балалар мен жүктіліктің 16-37 аптасында жүрген келіншектерге арналған. Өмірге сәби әкелген әйелдер араға 42 күн өткенде ғана препаратты қабылдай алады. Ал коронавируспен ауырып шыққандар тек 6 айдан кейін ғана екпені салдырады. Вакцинаны қабылдар алдында денсаулықтары толық тексеріледі. Ақпан айында облысқа жеткізілген «Спутник V» екпесі жүкті әйел-
дерге, бала емізетін келіншектерге, 18 жасқа дейінгі балаларға салынған жоқ. Әу баста аталмыш вакцина да тұрғындар арасында күмән туғызды. Ғалымдар жасөспірімдер мен сәби күтіп жүрген әйелдердің жағдайын ойлап, вакцина ойлап тапты. Сол себепті ата-аналардан қорықпай, балаларға екпе салуға келісім беруі керектігін айтқым келеді. Вакцина алған кезде ғана қорқыныш сейілуі керек. Ал жүкті әйелдер дұрыс шешім қабылдау арқылы өздерін және құрсағындағы сәбиін қорғайды. Препарат облысқа жеткізілген кезде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілетін болады.

- Өзіңіз жұмыс істейін Павлодар қалалық №3 емханада вакциналау науқаны қалай жүруде?

- КВИ-ге қарсы егу науқаны жүйелі түрде жалғасуда. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бері тәуекел тобына жататын медициналық қызметкерлер, педагогтар мен күштік құрылым қызметкерлері толық егілді. Сәуір айынан бастап емхана тіркеуінде тұрған тұрғындарды қамти бастадық. Сонымен қатар, емхана мамандары ірі кәсіпорындардағы, әскери мекемелердегі, шағын маркеттердегі қызметкерлерге де екпе салды. Қазіргі уақытта диспансерлік есепте тұрған науқастар вакцина алуда. Жаз мезгілімен салыстырғанда вакцина салатындардың саны күрт төмендеп кеткені рас. Бірақ дәрігерлер қауымы үгіт-насихат, ақпараттандыру жұмыстарын тоқтатқан емес. Жүйелі жұмыс арқылы ұжымдық иммунитет қалыптасады деген ойдамыз.

- Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен -
Айдана ҚУАНЫШЕВА.

 


Количество показов: 524

Возврат к списку