Экспортты шектеу – бағаға тұсау

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау 23.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау

Елде жанар-жағармай қорының мол, бағасының тұрақты болуы өте маңызды. Себебі өндірістің қай саласында болмасын мұнай өнімдері кең сұранысқа ие. Үкімет мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін экспорттауға шектеу қоймақ. Бұл қадамды сарапшылар мен кәсіпкерлер, агроөндіріс саласының мамандары оң бағалап отыр.

Бұл - ішкі нарықты бензин, дизельдік отын, т.б. қажетті жанар-жағармаймен толық мөлшерде қамтамасыз етіп, сұйық отын тапшылығын болдырмау үшін қажетті шара.

Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен бензин, дизельдік отын және мұнай өнімдерінің майлау құралдарынан басқа жекелеген түрлерін экспортка шығаруға алты айға шектеліп, тек 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарға құйып алуға рұқсат етілмек. Яғни бензин багында автокөлік құрастырушы зауыттармен қарастырылған мөлшерден аспауы және техникалық шарттарға сәйкес болуы тиіс.

- Үкіметтің жанар-жағармай экспортына шектеу қоюы ішкі нарықтағы бағаға тосқауыл болады. Яғни бұл – мұнай өнімдеріне тәуелді кәсіпорындар шығаратын өнімдерінің құнын шарықтатпай, тұрақты ұстауына ықпал етеді. Ал халықтың алаңсыз тұрмысы үшін ең маңыздысы – әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер: нан, ұн, қант, т.б. бағасының тұрақты болуы. Сондықтан Үкіметтің баға саясатына ерекше мән беріп отырғаны қуантарлық, - дейді Ертіс ауданындағы «Меңдеш» шаруа қожалығының басшысы Нұржан Усин.        

Биыл Павлодар мұнай-химия зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстарына жабылмауы өңірдің шаруалары үшін оң әсер етті. Қыстың қамы – күзгі жиынтерім науқанын ойдағыдай атқару үшін трактор отыны қымбатшылығының алды алынды. Мұнай өңдеуші кәсіпорынның үздіксіз өндірісі шаруалардың жұмысын алға бастыруға айтарлықтай үлес қосып отыр. Биыл облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау мақсатында егіс өсірушілерге 21 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны босатылған. Фермерлер үшін оның бағасы әр литріне 164 теңгені құрады. Ал мал азығын жинауға 4 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініпті.

- Үкіметтің шетелге жанар-жағармайдың кейбір түрлерін экспорттауға тыйым салуы орынды. Бұл ең алдымен елдегі тұтынушылардың қамы үшін қажет қадам деп ойлаймын. Ішкі нарықтағы сұраныс толық қамтылса, артылған мұнай өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруға шектеу қоймауға да болады. Қайта мемлекет қазынасына түсетін кіріс көлемі артады. Сондықтан жанар-жағармай экспортына шектеу шараларын көп ұзамай алып тастауға болады, дейді облыстық мәслихат депутаты, «Оразбаев» шаруа қожалығының басшысы Сайлау Оразбаев.

Үкімет тарапынан қолға алынып отырған шаралар халықтың әл-ауқатын жақсартып, тұрмысын түзеуге оң ықпал етері сөзсіз.

 

Т.ОРАЗАЛЫ.


Количество показов: 733

Возврат к списку