Экспорттық шығындар өтеледі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Экспорттық шығындар өтеледі 05.10.2021

Экспорттық шығындар өтеледі

Павлодар облысы соңғы бірнеше жыл дересінде алыс және жақын шетелдерге астық пен ұнды экспорттауды оң жолға қойды. Ет және макарон өнімдері де сыртқы нарықта зор сұранысқа ие. Бұл бағыттағы әлеуетті одан әрі арттыру үшін мемлекет тарапынан берілген мүмкіндіктерді оңтайлы пайдалану қажет.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметовтің төрағалығымен өткен өңірлік экспорттық кеңес барысында жеті айдың қорытындысы шығарылып, өзге елдердің нарығына өнім жеткізетін кәсіпкерлерді қолдау мәселесі талқыланды. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Сағыныш Нұркимбаев Павлодар облысы биыл да тауарларды экспорттау бойынша елімізде көш бастағанын атап өтті.

- Жыл басынан бері біздің аймақтан жалпы құны 2 млрд АҚШ доллары болатын тауарлар басқа мемлекеттердің нарығына жөнелтілді. Бұл – Павлодар облысы үшін рекордтық көрсеткіш. Осы орайда өңдеу өнеркәсібінің экспорты 1,3 млрд теңгені құрағанын атап өткен жөн, - деді С.Нұркимбаев.

Экспорттаушы кәсіпорындарға «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы тарапынан зор қолдау бар. Айталық, биыл аталмыш орталықтың көмегімен Alibaba.com халықаралық интернет-платформасында «Алтын жеткізуші» мәртебесін алу үшін павлодарлық 50 компания іріктелді. Олардың алтауы – «Молком-Павлодар», «Металлогамма», «Рубиком», «Жан-Дос KZ», «Zhanat Group PVL» және «Fashion&Beauty» кәсіпорындарына аталмыш мәртебе бұйырды. Бұл өз кезегінде павлодарлық кәсіпорындарға тауарларын әлемдік нарықта жарнамалап, сатуға мүмкіндік берді. Ал аккаунт пен шағын сайт ашу, платформада жұмыс істеу шығындарын «QazTrade» орталығы өтеді.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы департаменті директорының орынбасары Алмаз Нұрғалиев кәсіпкерлерге кездесуі мүмкін тәуекелдердің алдын алу бағытында жұмыстар атқарылатынын айтты.

- Біздің компания өңдеу секторының экспорттаушыларына қаржылық шығынға ұшырамау үшін көмек көрсетеді. Атап айтқанда, шетелдік серіктестермен жасалған келісімшарттарды сақтандырып, болуы мүмкін тәуекелдерді өз мойнына алады. Бұл серіктестер тиісті қаражатты уақытылы төлемеген жағдайда сол соманы кәсіпкерге мемлекеттік компания беретінін білдіреді. Сонымен қатар, айналым қаражатын толтыру мақсатында несие ресімдеуде қолдау жасалады, - деді А.Нұрғалиев.

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов мүмкіндіктер аясын одан әрі кеңейту қажеттігін айтты.

- Павлодар облысы тауарларды экспортқа шығару көрсеткіштері бойынша алда келеді. Бірақ мұнымен тоқмейілсуге болмайды. Жергілікті өнім көптеген елдің дүкен сөрелерінен орын алуы үшін қуаттылықты арттырып, жаңа жобаларды іске қосу қажет. Ал тауарларды сыртқа жөнелту мақсатында «QazTrade», «KazakhExport» орталықтары ұсынған мүмкіндіктерді қалт жібермеу керек, - деді С.Шаяхметов.

Жоғарыда аталған компаниялар экспортқа өнім жеткізуші кәсіпорындардың әлемдік нарықтан орын алуына ықпал етіп қана қоймай, шетелдік көрмелер, форумдар, жәрмеңкелерге қатысу, өзге елдің бұқаралық ақпарат құралдарында павлодарлық тауарды жарнамалау, сауда орындары мен сақтау қоймаларын жалға алуға қатысты шығындардың бір бөлігін де өтеп береді.


Количество показов: 762

Возврат к списку