Ел іші - өнер кеніші

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Ел іші - өнер кеніші 28.12.2021

Ел іші - өнер кеніші

Павлодар ауданының Заря ауылында өнерге бет бұрған жас жеткін-шектердің қатары көбейіп келеді. Оған биыл ауылдағы мәдениет үйінің күрделі жөндеуден өтіп, оқушыларға арналған өнер үйірмелерінің көптеп ашылуы ықпал етті. Бұл - «Ауыл - ел бесігі» бағдарла-масының ауыл халқына тигізген шарапатының тек бір бөлшегі.

Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, жаңа үйірмелер ашылады дегенді естіген оқушылар да жаппай жазыла бастапты. Солардың қатарында Аружан Құсбекова да бар. Ол Заря орта мектебінің 7-сыныбында оқиды. Сонымен қатар, ауыл мәдениет үйіндегі «Самға» би үйірмесі мен домбыра үйірмесіне қатар барып жүр. Ауылдың талантты да дарынды оқушыларын қолдау бағытындағы жұмыстар нәтижесінде талай өнер додаларында топ жарып, ауылының атын шығаратынына сенімді.

- «Самға» би тобы 2015 жылы құрылған. Содан бері үздіксіз дайындалып келеміз. Тобымызда 8 биші бар. Ауылда өтетін мерекелік шаралар мен концерттерде өнер көрсетеміз. Биыл қосымша домбыра үйірмесіне жазылдым. Осы жылы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, дайындалатын орнымыз кеңейді. Сонымен қатар, мерекелік концерттер кезінде жаңа сахнада өнер көрсете бастадық. Мұның өзі біздің өнерге деген қызығушылығымызды арттырып, шабыттандыра түсті. Биыл үлен қабырға айнаға және жаңа музыкалық аспаптарға тапсырыс берілді. Бұл біздің дайындығымызға оң әсерін тигізері анық, - дейді би және домбыра үйірмелерінің қатысушысы Аружан Құсбекова. Мәдениет үйінің меңгерушісі Еркежан Аманкелдінің сөзінше, жөндеу жұмысы барысында ғимараттың ішкі құрылымы өзгеріп, екі жаңа кабинет пайда болған. Оның бірі әдіскерлерге, екіншісі үйірмелерге берілген. Әйтпесе, бұған дейін балалар концерт залында дайындалатын еді, дейді.

- Биыл балалардың саны артып, үйірмелер қосылып жатыр. Мысалы, зейнеткерлерден құрылған «Арай» вокалдық тобында онға жуық адам, «Самға» би тобында 8 қыз бала, «Ару-наз» би тобында 6 қыз бала, ер балаларға арналған «Баталар» үйірмесінда 6 бала, «Домбыра» үйірмесінде 20 бала, «Оригами» үйірмесінде 20 бала, «Әдемі-ай» вокалдық үйірмесінде 20 бала бар. Барлық үйірмелердің кестсесі құрылып, уақыттары бекітілген. Алда үлкен жоспарларымыз бар. Атап айтсақ, қыз балаларға арналған қолөнер үйірмесін ашқымыз келеді. Одан бөлек, жеке орындаушылардың әндерін таспаға түсіріп, әнжинақ шығару ойымызда бар. Сонымен қатар, ауылдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды мәдениет үйіне тартып, жарымжан балалардың өнерін дамыту жоспарымыз бар, - дейді Еркежан Аманкелді. Павлодар аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Жанар Рахымбердинаның сөзінше, Заря ауылында мәдениет үйінен бөлек футбол алаңы ашылып, жалпы ұзындығы 3,8 шақырымға жететін 7 көше жөндеуден өтті. Ал ауданға «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы жобасы бойынша 459,9 млн теңге бөлініп, 16 жоба аяқталған. Қазақта: «Болам деген баланың бетін қақпай, белін бу деген» сөз бар емес пе? Аталған жоба бойынша, ауылдық жерде тұрса да, талантын ұштап, табысқа ұмтылған жас жеткіншектерге зор қолдау көрсетілуде. Бұқараға пайдасын тигізген бағдарлама әлі де жалғасын тауып, ауылдағы ағайынның тұрмысы мен тіршілігін түлете береріне сенеміз.

Тілеуберді САХАБА, Павлодар ауданы.

 


Количество показов: 742

Возврат к списку