Ел құрметіне бөленген жан

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Ел құрметіне бөленген жан 02.10.2021

Ел құрметіне бөленген жан

Бұл 1976 жыл болатын. Менің екінші бір аудандық партия комитетінен Май аудандық партия комитетінің аппаратына ауысқан кезім. Аупартком хатшылары Мұрат Рамазанұлы Тәниев, Рашит Шұғайұлы Шұғаев және Надежда Дмитриевна Никитина болатын. Бұған дейін партия комитеті аппаратында үгіт және насихат бөлімінде қызмет атқарғандықтан, мені осы аттас бөлімге нұсқаушылыққа қабылдады. Бөлімге жалпы басшылықты Н.Д.Никитина жасады да, ағымдағы тікелей басшылықты бөлім меңгерушісі Рамазан Омарұлы Омаров жүзеге асырды.

Күн артынан күн, ай артынан ай өтіп жатты. Бөлімнің арнайы іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында сала хатшысы өткізетін лездемелерге, кеңестерге, жиналыстарға қатысу барысында хатшымыздың идеология мәселелерін жан-жақты білетіндігі, қарамағындағы қызметкерлердің қарым-қабілеттеріне қарай тапсырма беретіндігі әрі адамды бұлжытпай танитын психолог екендігі бірден байқалды.

Кезінде үгіт және насихат бөлімі коммунистер мен партияда жоқтардың саяси және экономикалық білім алуларын, шаруашылық міндеттемені орындаудағы кеңшарлар арасындағы өзара социалистік жарысты, партия съездері мен пленумдарының шешімдерін орындауға, аудандағы науқандық жұмыстарға қатысты көрнекі үгітті, «Білім» қоғамының жұмысын, шалғайдағы малшыларға мәдени және тұрмыстық қызмет көрсететін арнайы бригаданың маршрутын, еңбек озаттарының слетін өткізуді және т.б. бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырумен мақсатты айналысты. Бөлімнің жұмысы бюро отырыстары мен аппараттық мәжілістерде тыңдалып, лайықты бағасын алып отырды.

Бертін, өткен ғасырдың сексенінші жылдары, бөлімнің халық арасындағы бұқаралық-саяси жұмысындағы оң бастамаларға облыстық партия комитеті назар аудара бастады. Ауданда облыс идеология активінің семинары өткізіліп, базалық партия ұйымдарының жұмыстары насихатталды. Семинарға қатысушылар дала қостарында, комсомол-жастар бригадаларында, мәдениет ошақтарында болып, ауданда атқарылып жатқан игі шаруаларға көздерін жеткізді.

Аудандағы идеологиялық жұмыстың күн талабына сай жүргізілуіне бірден-бір мұрындық болған хатшымыз Надежда Дмитриевна болатын. Бөлім тарапынан жоспарланған іс-шаралардың белгіленген уақытында өткізілуіне және бақылауға алынған қаулы-қарарлардың нақты орындалуына үлкен мән беретін. Нұсқаушының жағаны жайлауға салып, кабинетте жайбарақат отыруына жол бермейтін. Бөлім тарапынан атқарылып жатқан жұмыстың аудандық және облыстық баспасөзде жарияланып отыруын қатаң талап ететін.

Сол жылдары бөлімде еңбек ұжымымен тіл табысып жұмыс істей алатын әрі іскерлігімен ерекшеленген қызметкерлер хатшының қолдауымен лауазымды қызметтерге ұсынылатын. Мәселен, бөлім меңгерушісі Р.Омаров аудандық ауыл шаруашылығы кәсіподақ комитетінің төрағалығына, біз оның орнына бөлім меңгерушілігіне тағайындалдық. Нұсқаушылар К.Аралбаев кәсіптік-техникалық училищесінің директорлығына, Қ.Жансұлтанов «Қазан» кеңшарындағы ауылдық кеңестің төрағалығына, Г.Нұрмағанбетова аудандық «Шамшырақ» газеті редакторының орынбасарлығына, Н.Аленов аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасарлығына, Д.Ахметжанова аудандық білім бөлімінің инспекторлығына жоғарылатылды. Бұл қызметкерлердің орындарын резервте тұрған жастар басты. Осылайша ұрпақ сабақтастығына жол ашылатын.

Ақынның:

Жақсылар жақсымын деп айта алмайды,

Жамандар «жақсымын» деп айқайлайды.

Жүрген соң баурайында күнде көріп,

Таулардың биіктігі байқалмайды, дегеніндей, Надежда Дмитриевнаның бойындағы ерекше қасиеттердің сырын оның өмір және еңбек жолын тереңірек зерделеу барысында біле алдық. Осы білгенімізді шолу ретінде баяндар болсақ, мына деректерге қанық боламыз. Ол Ұлы Отан соғысы басталған жылы Шарбақты ауданына қарасты кішкене ғана Малиновка ауылында дүниеге келген. Әкесі соғыста жау қолынан қаза табады. Бірде анасы Мария Ивановна қызымен жеке сырласқанда «Қызым, енді сені қорғайтын әкең болса жоқ. Мен үнемі сенімен бірге бола алмаймын ғой. Болашақта сенің жолыңда жақсы адамдар кездессе екен» деп ағынан жарылады.

Шындығында, ана жүрегі болжағандай, Надежданың еңбек жолында Павлодардағы педучилищеде оқығанда тағылымы мол ұстаздар, Железин ауданындағы 12 желтоқсан атындағы сегізжылдық мектеп директоры Камал Акперович Макпалеев, Май ауданындағы Қазан сегізжылдық мектебінің директорлары Евдокия Ивановна мен Александр Федорович Маркелов, Май аудандық партия комитетінде бірінші хатшы Хатип Хабиұлы Демесінов сияқты көпті көрген, өмір тәжірибесін молынан жинақтаған, принципшіл, білікті де көреген адамдар кездеседі. Бұл тәлімгер тұлғалардың берген ақыл-кеңестерінен Надежда Дмитриевнаның көп сабақ алғандығы аңғарылады. Дана Абай да «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деп бекер айтпаған ғой.

Надежда Дмитриевна он жыл ауылдық мектепте бастапқыда бастауыш сынып мұғалімі, кейіннен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болды. Он сегіз жыл аудандық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы, ширек ғасыр «Облыс білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметтерін беріле атқарып, аудан халқы мен облыс білім ордалары ұстаздарының құрметіне бөленді. Ол атқарған қай қызметінде де Саққұлақ бидің «Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолушысы – ой, жолдасы – кәсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы – мінез, сынаушысы - халық» деген ғибратын бір сәт те есінен шығармай, басшылыққа алып отыратындығын біз әр кез байқайтынбыз.

Саналы өмірінің жарты ғасырдан астамын білім беру саласына, партия және кәсіподақ ұйымдарын басқаруға арнаған Надежда Дмитриевна – білікті ұстаз, тәжірибелі жетекші әрі қоғам белсендісі ретінде өңірімізге де, республикаға да танымал тұлға «Елге қылған жақсылық еленбей қалмайды» дегендей, оның екі «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбек ардагері», «Павлодар облысына – 75 жыл», «Қазақстан Конституциясына – 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 20 жыл», «Тың игеруге – 50 жыл» медальдарымен, біршама Құрмет грамоталарымен марапатталып, Кәсіподақтардың жалпыға бірдей Конфедерациясының «Кәсіподақ қозғалысы алдындағы сіңірген еңбегі үшін» Құрметті күміс белгісімен, Қазақстан Республикасы кәсіподақтары Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін», «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін», «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін», «Педагог-зерттеуші», «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына – 50 жыл» белгілерінің иегері, Май ауданының Құрметті азаматы атануы осы тұжырымымыздың дәлелі болса керек.

Өмір–өзен ағып өте шығады екен. Алғашқы танысқанымызда отыз бес жастағы Надежда Дмитриевна - бүгінде зейнеткер әже. Бейнетінің зейнетін көруде. Ол қосағы Виктор Федорович екеуі Наташадай қыз, Димадай ұл тәрбиелеп өсіріп, олардан қылықты да балдай тәтті немерелер мен шөберелер сүйіп отыр. Екеуі
де – бір-бірін табуда да, мамандық таңдауда да дөп басқан, бақытты жандар.

Мәнді де мағыналы тірлік кешіп, өзіне жүктелген қай қызметті болса да аса жауапкершілігімен атқаруда еліне танылған Надежда Дмитриевна жуырда өмірінің сегізінші белесін артта қалдырмақ. Осы орайда, аса құрмет тұтатын әріптесіміз – мерейтой иесіне зор денсаулық, жанына жайлы шуақты ғұмыр, отбасына амандық-саулық тілейміз!

Ульян Мақұл, Павлодар қаласы.


Количество показов: 626

Возврат к списку