«Әке арманы» орындалған күн
13:03 28.06.2022
88
Жауапкершіліктің жүгі ауыр
13:01 28.06.2022
87
Ширақтық. Шеберлік. Шындық
11:42 28.06.2022
92
Мені шыңдаған басылым...
11:37 28.06.2022
93
Техника тізгіншісі
11:34 28.06.2022
89
Балаларға бақылауды күшейту қажет
11:32 28.06.2022
93
Студенттерге - сапалы баспана
11:30 28.06.2022
87
Әлеуеті зор
11:28 28.06.2022
82
Сот қызметкерлері марапатталды
11:19 28.06.2022
90
«Сіз - тікелей эфирдесіз!»
11:17 28.06.2022
97
Қасіретті арқау еткен қойылым
20:18 24.06.2022
86
Вейп: бұлыңғыр болашақ
20:17 24.06.2022
80
«Пати» билеген заман болды...
20:15 24.06.2022
79
Су аймақтары қалай қорғалады?
20:13 24.06.2022
80
Тәртіп сақшыларына - құрмет
20:12 24.06.2022
85
Бәсекелес бола алмайды
20:05 24.06.2022
92
Ауылға интернет қашан жетеді?
20:03 24.06.2022
171
«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»
16:37 23.06.2022
80
Ортада тағы – орамал тақырыбы
16:30 23.06.2022
77
Бастысы – жауапкершілікті сезіну
16:27 23.06.2022
81
Үлгі болатын үздіктер көп
16:19 23.06.2022
84
Журналистика – жүрек қалауы
16:15 23.06.2022
89
Қан қысымын қалай реттейміз?
15:45 23.06.2022
79
Жобаның игілігін ауылда көруде
15:40 23.06.2022
198
Тозған автобустар қашан жаңарады?
15:30 23.06.2022
77
Жаңа тұрғын үй кімдерге тиесілі?
15:27 23.06.2022
83
Сарсаңға салған «Tik-Tok»
11:47 21.06.2022
74
Екі қолға бір күрек табылады!
11:46 21.06.2022
80
Балалар мүддесі – басты назарда
11:44 21.06.2022
79
Суға жаритын күн бар ма?
11:38 21.06.2022
71
«Ол кезде он үште едік...»
11:35 21.06.2022
80
Табиғатқа жанашырлық керек
11:33 21.06.2022
78
Туристік маусым ашылды
11:29 21.06.2022
81
ERTIS MEDIA FEST - қалалық саябақта!
10:55 21.06.2022
73
Шынығу басы - тынығу!
10:53 21.06.2022
77
«Жасыл ел» іске кірісті
10:50 21.06.2022
117
Уақытпен үндескен ұтады
09:58 21.06.2022
468
Ақши тұрғындары неге алаңдаулы?
09:57 21.06.2022
344
Жазушыға Ньютонның байқампаздығы керек!
10:59 16.06.2022
586
Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі
10:55 16.06.2022
677
Бала денсаулығы - басты назарда
09:10 16.06.2022
526
Ұн нарығы: бүгінгі баға қандай?
09:00 16.06.2022
571
Ардагер есімі ұлықталды
09:00 16.06.2022
537
Жердің аты - бабаның хаты
09:00 16.06.2022
524
Ел руханиятына елеулі үлес қосқан нартұлға
09:00 16.06.2022
590
Этноауылдар құрылады
09:00 16.06.2022
523
Оқушы білімі қандай болмақ?
09:00 16.06.2022
552
Оқушылар музейге тегін барады
09:00 16.06.2022
566
Жапырақтарды «жеп» жатыр
09:00 16.06.2022
517
Егін алқабы – астық қалқаны
09:00 16.06.2022
533
«Ақбілектің» премьерасы өтті
10:43 14.06.2022
649
«Қымызмұрындық» дәстүрі дәріптелді
10:41 14.06.2022
668
Демалыс қалай өтеді?
10:39 14.06.2022
650
Талқылау емес, бағыт беру керек
10:37 14.06.2022
629
Биылғы маусымның жаңашылдығы қандай?
10:33 14.06.2022
665
Көмірінен көңілі ыстық Екібастұз!
10:29 14.06.2022
728
Қамданған қапы қалмайды
10:27 14.06.2022
643
Байдаланың жолы жаңаруда
10:25 14.06.2022
623
Жомарт жандар
10:21 14.06.2022
630
Сарыарқа самалы, 14 маусым, сейсенбі
10:19 14.06.2022
647
Алтын арқаның құтты мекені атанып жүрген бай қазыналы, көгілдір таулы көрікті өңірлердің бірі – Баянауыл жері. Баянауыл - өте киелі және қасиетті өлке. Ол әртүрлі салада өз биігінен көріне білген нағыз таланттардың, дарынды тұлғалардың, ғалымдардың мекені десек қателеспейміз. Баянауыл - топырағы да, суы да, тасы да таусылмас шыдамдылық пен талмас қанатты жаныңа байлап ұшыратын, арғымақтай суырылып бәйгеден оза шабатын, ғылымның көкжиегінде қырандай самғайтын дүлдүлдердің ордасы.
Осындай киесі мен қасиеті қатар тұрып құдіретті мекенге айналған жерден шыққан Павлодар облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Алтынбек Нухұлы 1962 жылы 10 маусымда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы ауылда туған. Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін үздік бітірген. Химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының коррес-пондент-мүшесі.
Ғылыми еңбектеріне тоқталсам: монографиялар, оқулық және оқу-әдістемелік құралдар, патент пен авторлық куәліктерге ие. Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының қатерлі ісіктер эксперименталды және клиникаға дейінгі химио-терапия зертханасында қызмет атқарып жүргенімде Алтынбек ініміздің химиялық жолмен алған шикізаттарын қатерлі ісікке қарсы тәжірибе жүргізу бойынша ғылыми жұмыстарына көмегімді көрсеттім. Аталмыш еңбектің нәтижесін өзінің кандидаттық диссертациясында келтірген. Ғылыми еңбектерге талдау жасау, зерттеу болжамдарын айқындау, зерттеу әдістерін қажетіне қарай қолдану және жаңа тұжырымдар ұсыну бойынша жинаған студенттік тәжірибелер кандидаттық, докторлық диссертацияларын жазу барысында еліміздің іргелі және қолданбалы ғылымына көп септігін тигізді. Өзіне мақсат қоя біліп, оның орындалуына ерекше мән беретін, қай мәселені қолға алса да, ауқымды аумағымен, түбегейлі-түпкілікті тексеріп, тұшымды тұжырым жасай білетін зеректігімен, білімділігі айшықтап тұрады. Ғалымның аса бір ыждаһаттап қарастырған, тиянақты да терең талдаған зерттеулерінің ішінде химия бойынша өзінің айтар ойы, терең тұжырымдамасы бар ғалым екенін сала мамандары ерекше құрметтейді.
Алтынбек ініміз тек қана ғылым саласында ғана еңбек етіп қоймай, сонымен қатар басшылық-ұйымдастырушылық қызметтерде де көшбасшылық қабілетін көрсетуде. Қазақта адамды түсіне қарап таныма, істеген ісіне қарап таны деген сөз бар. Беделді қызметтерде жұмыстар атқарып келеді. Соның бірқатарын атап, көрсетіп кетуді жөн көрдім. Дәлірек айтсақ, олар: ҚР Білім және ғылым министрлігінің ЖОО аттестаттау бөлімінің бастығы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, Көпбағдарлы гуманитарлық-техникалық университеттің ректоры, Инновациялық Еуразия универ-ситетінің ректоры, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Премьер-Министр кеңсесінің индустриалды-инновациялық даму бөлімі секторының меңгерушісі. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры бола жүріп, осы институттың университет статусын алуда басты роль атқарды. Павлодар қалалық мәслихаты 6-шақырылымының депутаты, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Өзінен кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық ісі қалған адам ғана халық жүрегінде мәңгілік жасамақ. «Қ.И.Сәтбаев халықаралық қоры» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы. Осы қордың тізгінін ұстап отырған азамат ретінде Алтынбек Нухұлы еліміздің ғұлама ғалымы Қаныш Сәтбаевқа Елордада ескерткіштің орнатылу жұмыстарының барысында қаржы жағынан көмектесу жөніндегі ұсынысын қабылдап, бастаманы қолдау мақсатында өз атымнан қаржы аударған болатынмын. Игілікті іске Ұлттық ғылым академиясының басқа академиктері де белсене атсалысты.
«Баянауылдан қанша академик шық-қан?» атты «Баянтау» газетіндегі мақаланың мазмұнын дайындауда ақыл-кеңес берген болатынбыз. Өйткені «Баянауыл жерінен қанша академик шыққан?» деген сауал туын-даған кезде, әртүрлі сан айтылып жүр. Оның дұрысы мен бұрысына нүкте қою үшін, алдымен «Баянауыл жері» және «Ғылым академиясы» деген сөздерге жеке-жеке қысқаша тоқталып, тарихи мәліметтерге сүйеніп, барлық айғақтарды келтіріп жазған болатын. Бұл мақаланың мақсаты – жіктеп жершілдікке немесе дәреже-атаққа бөлу емес, халық арасында айтылатын сөздің дұрыстылығына, ең бастысы, нақтылығына көңіл бөлу болды». Алтынбек Нухұлы өзі де академиктердің ізін жалғап ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі болды.
Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттері, моральдік нормалары, ұлттық құндылықтары болып табылады. Ұлттық құндылықтар – қандай да бір этникалық қауым өкілдерінің өзіндік тарихи көрінісі бар рухани мұраттарының жиынтығы. Ұлттық құндылықтардың әрбір адамның өмірінде алатын орны өзгеше екені белгілі. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие – ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізі ғасырлар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен моральдік тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Қазақы дүниетаным, ақыл-ой, тағылымдық ұлағат ғасырлар бойы шыңдалып, қалыптасты. Сол сан ғасырлық ұлттық тәрбиенің негіздерін бір арнаға түсіріп, тәрбие мәселесінде пайдалану - бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған ең басты қажеттілік деп білемін. Бұл тұрғыдан Алтынбек ініміз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өзінің атқарған істерімен ерекше көзге түсуде. Ұлттық отаншылдықты қалыптастыруда ата-бабаларымыздың ұлағатты ойлары мен тәлімдік тәрбиесінің атқаратын орнын көрсетіп келеді. Жас ұрпақты ұлттық мақтаныш пен ұлттық патриотизм рухына қалай тәрбиелесек, еліміздің, халқымыздың болашағы, даналығы да солай айқын көрінетінін дәлелдеуде.
Ұлттық тәрбие - біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі – тілі, екіншісі – діні, үшіншісі – дәстүрі, төртіншісі – тарихы, бесінші – атамекені екенін терең ұғынып, осы бағыт-тағы жасаған игілікті іс-шаралары көңіл қуантады. Өйткені, даналық білімнен нәр алады. Даналыққа апаратын жол ұзақ әрі қиын. Сондықтан жастарға басты қиындықтарды көре білетін, әлеуметтік ақыл-ойға сәтті кіруге көмектесетін жақсы жолбасшы керек екендігін Алтынбек Нухұлы танып, терең түсіне білді.
Дәстүрін жалғастырып, тарихымызды дәріптеуді өзінің алдындағы азаматтық борышы деп санайды. Әдебиетке жаны құмар, әрбір сөздің қадірін жете түсіне біледі. Жанына азық беріп, әрбір адамның рухани дүниесін кемелдендіретін істерде белсене істер жасады. Қазақ елінің тілі, ата-дәстүрін болашақ ұрпақ бойына сіңіруге бар күш-жігерін жұмсап, атсалысып келеді.
Тарихи және мәдени-ағартушылық тақырыбындағы «Өнегелі тұлғалар» кітаптар сериясы, Ы.Алтынсарин шығармалар жина-ғының және т.б. авторы. Сондай кітаптардың бірі «Баянаула перзенттері» көптомдығын шығаруда ақылдастар алқасының мүшесі ретінде кеңесімді, өз пікірімді білдірдім.
Бабалар тағылымы – ұрпаққа өнеге екенін әрбір ісімен дәлелдеп, дәйекті істе-рімен көрсетіп жүр. Соның бірі әрі бірегейі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жасалған жобалардың идея авторы және жетекшісі: Марғұлан орталығы және Сұлтанбет сұлтанның ғылыми-білім беру кешені; Павлодар облысының қасиетті нысандар карталары; Ата-бабаларымыздың қасиетін жақыннан танып, өсиетін тереңнен зерделеу үшін «Ақкелін» тарихи-мемориалдық кешені жасалды, құрамында Мұса Шорманұлының кесенесі, Шорман би отбасының үй-жайы және «Туған жердің тарихи тұлғалары» музейі; 5-7-сыныптарға арналған «Өлкетану–Краеведение» оқулығы. Бұлардың бәрі - Қазақ елінің руханиятына жататын баға жетпес қазынасы.
Елдегі ішкі туризмді дамыту мақсатында көмекей әулие Бұқар жырау кесенесінен Мұса Шорманұлы кесенесі арқылы қасиетті Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бабамыздың кесенесіне баратын жол туралы мәселені биік мінберден көтеріп, ол жұмыстарды қаржыландыру үшін еңбектенуде.
Тәуелсіздігімізге қол жеткізу жолында небір баһадүрлер, мәмілегерлер, данышпандар мен батырларымыз туған жерімізді қызғыштай қорғады. Тәуелсіздікті алғанға дейін олар туралы айту түгіл жазуға да мүмкіндік болмады. Құдайға шүкір, бүгінгі таңда, Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығында сол тұлғаларымыздың есімдері аталып, зерделеніп, ұлтымызға танылып жатыр. Соны толық көрсету үшін «Павлодар облысының 100 тарихи тұлғалары» атты қазақ және орыс тілдеріндегі 200 қысқаметражды фильмдер жасады. Ертіс-Баян өңіріндегі «Ұлы дала мұрасы: тарих, тұлға, тағылым» ғылыми-практикалық конференциясын ұйым-дастырып, жоғары дәрежеде өтуіне аянбай атсалысты.
Елі үшін атқарған қажырлы еңбегі атаусыз қалмады. Марапаттары мен атақтары: «Құрмет» ордені», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Қазақстан мәслихаттарына - 25 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» мерейтойлық медальдары, «Бірлік» алтын медалі, «Мәдениет саласының үздігі», «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгі-лері, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін», «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, А.Байтұрсынов атындағы алтын медаль төсбелгісі, Бірінші дәрежелі Қ.И.Сәтбаев атындағы ғылым саласындағы сыйлық, Академик Е.А.Бөкетов атындағы ғылыми сыйлық, сонымен қатар Павлодар облысы «Баянауыл ауданының Құрметті азаматы» және бірнеше жоғары оқу орындарының құрметті профессоры.
60 жылдық мерейтойын қарсы алып жатқан Алтынбек Нухұлы Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің Алғыс хаты және «Алтын Барыс» белгісімен марапатталды. Бұл Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде заң шығару және еліміздің ертеңі бойынша ұлттық құндылықтарды дәріптеп келе жатқан қажырлы еңбегіне берілген өте жоғары баға деп білеміз. Ендеше, елім деген нартұлғаны асқаралы 60 жылдық мерейжасымен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, асқақ абырой, толағай табыстар тілеймін.
Қайролла РАХИМОВ, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР ғылым мен техника саласындағы
Мемлекеттік сыйлық лауреаты,
Павлодар облысының
Құрметті азаматы.
«Әке арманы» орындалған күн
13:03 28.06.2022
88
Жауапкершіліктің жүгі ауыр
13:01 28.06.2022
87
Ширақтық. Шеберлік. Шындық
11:42 28.06.2022
92
Мені шыңдаған басылым...
11:37 28.06.2022
93
Техника тізгіншісі
11:34 28.06.2022
89
Балаларға бақылауды күшейту қажет
11:32 28.06.2022
93
Студенттерге - сапалы баспана
11:30 28.06.2022
87
Әлеуеті зор
11:28 28.06.2022
82
Сот қызметкерлері марапатталды
11:19 28.06.2022
90
«Сіз - тікелей эфирдесіз!»
11:17 28.06.2022
97
Қасіретті арқау еткен қойылым
20:18 24.06.2022
86
Вейп: бұлыңғыр болашақ
20:17 24.06.2022
80
«Пати» билеген заман болды...
20:15 24.06.2022
79
Су аймақтары қалай қорғалады?
20:13 24.06.2022
80
Тәртіп сақшыларына - құрмет
20:12 24.06.2022
85
Бәсекелес бола алмайды
20:05 24.06.2022
92
Ауылға интернет қашан жетеді?
20:03 24.06.2022
171
«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»
16:37 23.06.2022
80
Ортада тағы – орамал тақырыбы
16:30 23.06.2022
77
Бастысы – жауапкершілікті сезіну
16:27 23.06.2022
81
Үлгі болатын үздіктер көп
16:19 23.06.2022
84
Журналистика – жүрек қалауы
16:15 23.06.2022
89
Қан қысымын қалай реттейміз?
15:45 23.06.2022
79
Жобаның игілігін ауылда көруде
15:40 23.06.2022
198
Тозған автобустар қашан жаңарады?
15:30 23.06.2022
77
Жаңа тұрғын үй кімдерге тиесілі?
15:27 23.06.2022
83
Сарсаңға салған «Tik-Tok»
11:47 21.06.2022
74
Екі қолға бір күрек табылады!
11:46 21.06.2022
80
Балалар мүддесі – басты назарда
11:44 21.06.2022
79
Суға жаритын күн бар ма?
11:38 21.06.2022
71
«Ол кезде он үште едік...»
11:35 21.06.2022
80
Табиғатқа жанашырлық керек
11:33 21.06.2022
78
Туристік маусым ашылды
11:29 21.06.2022
81
ERTIS MEDIA FEST - қалалық саябақта!
10:55 21.06.2022
73
Шынығу басы - тынығу!
10:53 21.06.2022
77
«Жасыл ел» іске кірісті
10:50 21.06.2022
117
Уақытпен үндескен ұтады
09:58 21.06.2022
468
Ақши тұрғындары неге алаңдаулы?
09:57 21.06.2022
344
Жазушыға Ньютонның байқампаздығы керек!
10:59 16.06.2022
586
Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі
10:55 16.06.2022
677
Бала денсаулығы - басты назарда
09:10 16.06.2022
526
Ұн нарығы: бүгінгі баға қандай?
09:00 16.06.2022
571
Ардагер есімі ұлықталды
09:00 16.06.2022
537
Жердің аты - бабаның хаты
09:00 16.06.2022
524
Ел руханиятына елеулі үлес қосқан нартұлға
09:00 16.06.2022
591
Этноауылдар құрылады
09:00 16.06.2022
523
Оқушы білімі қандай болмақ?
09:00 16.06.2022
552
Оқушылар музейге тегін барады
09:00 16.06.2022
566
Жапырақтарды «жеп» жатыр
09:00 16.06.2022
517
Егін алқабы – астық қалқаны
09:00 16.06.2022
533
«Ақбілектің» премьерасы өтті
10:43 14.06.2022
649
«Қымызмұрындық» дәстүрі дәріптелді
10:41 14.06.2022
668
Демалыс қалай өтеді?
10:39 14.06.2022
650
Талқылау емес, бағыт беру керек
10:37 14.06.2022
629
Биылғы маусымның жаңашылдығы қандай?
10:33 14.06.2022
665
Көмірінен көңілі ыстық Екібастұз!
10:29 14.06.2022
728
Қамданған қапы қалмайды
10:27 14.06.2022
643
Байдаланың жолы жаңаруда
10:25 14.06.2022
623
Жомарт жандар
10:21 14.06.2022
630
Сарыарқа самалы, 14 маусым, сейсенбі
10:19 14.06.2022
647