Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады? 13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?

Бейбіт еліміздің егемендігіне сұқтанған лаңкестердің шабуылы барысында Қазақстанның Қарулы күштері мен құқық қорғау органдарының осал тұстары бар екені байқалып қалды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа үндеуінде құқық қорғау органдары мен армияның іс-қимылына қатысты сын айтқаны мәлім. Еліміздің тыныштығын сақтап, қорғанысын күшейту үшін қандай нақты шаралар қабылдануы керек? Мемлекетті мүлтіксіз қорғауы тиіс органдардың олқылығы неде? Бүгінгі «Алаңда» осы мәселелерді ортаға салуды жөн көрдік.

Амангелді ҚҰРМЕТҰЛЫ, журналист саяси сарапшы (Нұр-Сұлтан қаласы):

Амангелді Құрметұлы.jpeg

- Құқық қорғау органдары мен ҚР Қарулы күштерінің дайындығын біржақты бағалауға болмайды. Президент Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде сын айтқаны рас. Бірақ, бұған басқаша қырынан да қарауға болады. Елімізде Ұлттық Ұлан, шекара қызметі және арнайы дайындықтан өткен «Арлан», «Қыран», «Бүркіт», т.б. бөлімшелер бар. Бұл сарбаздардың дайындығы жақсы. Алайда елдің аумағы үлкен болуына байланысты оған төнген қауіпті сейілтуде ішкі іскердің құрамында арнайы бөлімдердің жеткіліксіздігі байқалды. Әрине, елімізде теңіз жаяу әскері, танк бригадасы, әуе ұтқыр әскерлері секілді даярлығы жоғары саналатын бөлімдер бар. Алайда әскердің тұтас бөлімін қалаға кіргізу мүмкін болмады. Ол дұрыс та болмаушы еді. Бұл халыққа соғыс басталғандай әсер тудырар еді. Мұндай арнайы операцияларда шағын десантты топтар, барлаушы топтар секілді нақты күштер жұмыс істеуі керек. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне реформа жасап, әскери оқу-жаттығулардың деңгейін арттыра түсу керек. Президент айтқандай, осы олқы тұстарға мән беріледі деген ойдамын.

Сайлау ОРАЗБАЕВ, облыстық мәслихат депутаты:

Оразбаев.jpeg

Соңғы уақытта елімізде орын алған оқыс жағдай күштік құрылымдардың оқыс жағдайларға дайындығы жеткіліксіз екендігін байқатты. Десек те, облысымыз бен басқа өңірлердің полиция қызметкерлері қызметтерін жақсы атқарды. Мұндай текетірестерге сарбаздардың моральдық дайындығы жоқтығы аңғарылды. Тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жылда бірінші рет еліміздің егемендігіне қауіп төнді. Қанды қақтығыстарда қаншама адам мерт болып, отбасылар қайғы жамылды, балалар жетім қалды. Осы оқиғадан мол сабақ алып, кемшіліктердің орнын толтыру алдағы уақыттың еншісінде. Болашақта осындай сұмдықты болдырмау үшін басқа елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, елде құқық қорғау органдары қызметкерлері мен сарбаздарымыздың әскери дайын-дығын жетілдіру қажет. Күштік құрылымдардың материалдық-техникалық базасын барынша нығайту керек. Қазақстан аза-маттары үшін бейбітшілік пен тұрақтылыққа жетер бақыт жоқ. Әрбір адам бала-шағасының амандығын тілеп, тыныш өмір сүруді қалайды. Еліміздің күші –
бірлікте!

Төлеген КОКУМБАЕВ, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары:

Кокумбаев.jpg

- Елде бұрын-соңды болмаған лаңкестік оқиғасы полиция мен ішкі әскердің жұмысын күшейту қажеттігін анық көрсетті. Елді тәртіпке келтіріп, ҚР Қарулы күштері мен құқық қорғау органдарының жұмысын жақсарта түсу керек. Әсіресе, жастарды жігерлендіріп, Отанын қорғаушы әскер қатарында болуды мақтан тұтатын азаматтар етіп тәрбиелеу керек деп ойлаймын. Бұрын екі жылдық әскери борышымызды өтеген кезде ол мерзім радист, танкист, т.б. әскери мамандықтардың қыр-сырын жете меңгеруге аздық ететін. Ал қазіргі кезде сарбаздардың Отан алдындағы борышын өтеу қызметі бір жылдан аспайды. Бұл – өте аз мерзім. Сондықтан жігерлі жастарды тәрбиелеп шығару үшін осы жағынан талапты күшейткен абзал. Елдегі төтенше жағдай кезінде жедел әрекет еткен «Бүркіт», «Арыстан» секілді арнайы топтардың саны мен сапасын арттырып, әскер мен құқық қорғау органдарын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету маңызды. Әскери қызметкерлердің жұмыстан басқа ештеңеге алаңдамауы үшін баспана және басқа да әлеуметтік мәселесін толық шешіп беру қажет. Барлаушылық, агентуралық сапалы кадрлық құрам жасақтап, ел тыныштығын қапысыз қамтамасыз ету керек. Бұл бағытта облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментімен бірлесіп, жұмыстар атқарудамыз.

 

«Алаңды» үйлестірген - Торғын ОРАЗАЛЫ.


Количество показов: 455

Возврат к списку