Елмен бірге тыныстаған

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  273

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  260

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  264

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  260

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  270

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  257

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  296

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  298

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  293

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  319

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  308

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  320

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  306

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  334

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  333

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  430

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  391

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  394

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  475

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  486

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  417

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  478

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  465

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  422

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  478

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  425

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  656

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  554

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  568

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  546

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  553

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  543

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  486

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  541

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  570

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  670

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  592

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  664

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  658

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  655

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  641

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  670

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  639

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  726

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  768

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  764

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  721

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  712

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  727

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  743

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  932

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  959

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  845

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  728

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  822

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  740

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  790

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1015

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1009

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  963

Елмен бірге тыныстаған 17.04.2021

Елмен бірге тыныстаған

Биыл, бұйыртса елордада аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт мақтанышы Жұмабек Тәшеневтің ескерткіші орнатылады. Ардақты ағамызға ескерткіш орнатуға ұйытқы болған азаматтың бірі-бүгінгі мақаламыздың кейіпкері, Павлодар өңірінің тумасы, Қазақстанның Құрметті журналисі, Нұр-Сұлтан қаласы ардагерлер кеңесінің белсенді мүшесі, тәшеневтанушы Мейрам Байғазин.

Мейрам ағамен таныстығымыз да Тәшенев тұлғасына қатысты ұсыныстардан басталды. Алдыңғы жылы «Астана ақшамы» газетіне «Тәшенев тұғыры» атты мақала жазғанмын. Бұл материал қарт журналистің көңілінен шығып, өзі хабарласып, ризашылығын жеткізді. Артынша «Тәшенев тұғыры: тарихи сабақтастықты ескерейік» мақаласымен үн қосты. Содан бері аға-інідей болып араласып келе жатырмыз. Міне, енді өзіміз аса құрметтейтін қаламгер ағамыз сексеннің сеңгіріне шығып отыр. Тәшенев – бергі жағы екен, талай тұлғаларға қатысты ұсыныстары өз мерзімінде қолдау тапты. Мәселен, елордадан мемлекет және қоғам қайраткерлері Жұмабай Шаяхметов, Смағұл Сәдуақасов, академик Қаныш Сәтбаев, атақты тарихшы Ермұхан Бекмахановтардың аттарына   көше беру жөнінде бастама көтеріп, ол астаналық ономастика басқармасынан қолдау тапты. Бірақ басты зерттеу нысаны Жұмабек Тәшенев болды. Қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалған тұлғаның 100 жылдық мерейтойы тұсында астанада ғылыми-тәжірибелік конференцияның ұйымдастырылуына ұйтқы болып, қайраткер туралы кітап шығарды. Астанада тұғырлы тұлға атына №10 мектеп-гимназияның берілуіне атсалысты. Тәшенев сияқты «қазақ» деп өткен ұлтшыл азаматтардың өмірін зерттеуге де жайдан-жай келген жоқ. Бұған бала кезінде ұяда көрген тәрбиесі, әсіресе әкесі шаруашылық басшысы болған кезде үйге үйіп-төгіп газет–журналдарды көптеп әкелуі, әскери борышын атқара жүріп қабырға газеттерін үзбей шығарып тұруы, оған қоса оқушы және студенттік жылдар өнегесі мол әсерін тигізді. Бұған қоса кітапханада істеп жүргенде бұл ұжымға директор болып сайланған дарынды жазушы Рахымжан Отарбаевтың қолқа салғаны бар:

- Мәке, 2015 жылдың наурызында дарынды мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшенев ағамыздың 100 жылдық мерей тойы атап өтіледі. Қазақ қоғамы Жұмекең алдындағы парызымызды өтеген жоқпыз. Осыған орай сіз ағамыздың мерейтойына байланысты конференция ұйымдастыруды қолыңызға алсаңыз. Оған сіздің тәжірибеңіз де біліміңіз де жетеді. Ештеңеден қысылмай ұйымдастыру шараларына кірісе беруіңізге болады - деп сәт-сапар тілеген болатын. Елге құт болған Ертіс өңірінің Май ауданында дүниеге келді. Мейрам деген есімі де бекерден-бекер қойылған жоқ. Тура Халықаралық әйелдер мерекесі күні шыр еткен дауысы естілді. Құттықтап үйге келген әкесінің жолдастары сәбидің есімін Мейрам қою керек деп ұсыныс жасады. Арада үш айдан астам уақыт өткенде Ұлы Отан соғысы оты бұрқ ете қалды. Елдегі бас көтерер азаматтардың көбі майданға аттанғандықтан, шаруашылық басқаратын адам қалмады. Әкесі Жолтайды Семейдегі шаруашылық басқаратын және бухгалтерлер даярлайтын оқудан шақыртып алып, совхоз төрағасы етіп тағайындады. Бұл тұрғыдан алғанда Мейрам әкелері соғысқа кетіп, шейіт болған балаларға қарағанда бақытты еді. Бірақ анадан ерте айырылды. Шешесі Шәпен Мейрам алты жасқа толғанда ауыр науқастан өмірден озып кетті. Шаңырақта екі ұл мен екі қыз қалды. Әкелері Жолтай күні бойы шапқылап, жұмыстан қолы босамайтын. Сондықтан Мейрам бауырларымен бірге әкесінің апасы Бөбектің қолында тәрбиеленді. Жары майданда қаза болған мұңлық жан інісінің перзенттерін өзінің екі қызынан кем қылмай тәрбиеледі. Елуінші жылдар келгенде, елдің солтүстік өңірлерінде жаппай тың игеру науқаны басталды. «Тың игеруге келгендер арасында қылмыс жасаған, түрмеде отырып шыққан адамдар аз болмайтын. Жер-су аттары ешкіммен келіспей жөнсіз өзгертіліп, ұлттық болмысқа астыртын шабуыл жасалғандай болды. Совхоз директоры қызметін атқарып жүрген әкем тың игеру кезіндегі жаппай орыстану үрдісіне төзе алмай, сегізінші сыныпта мені Алматыдағы апамның қолына жіберіп, №12 қазақ мектебінде оқуымды жалғастыруға жағдай тудырды. Бұл сол кездегі Қазақстан астанасында жалғыз қазақ мектебі болатын. Осы мысал кеңес үкіметінің басқа ұлттарға жасап отырған солақай саясатының көрінісі еді. Осында оқып жүргенде ұстаздарымыз оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін елімізге есімдері белгілі қоғам және мәдени қайраткерлермен түрлі кездесулер ұйымдастырып отырды. Атап айтқанда, біздің мектепте ұлы жазушы Мұхтар Әуезов, Кеңес Одағының батыры, академик Мәлік Ғабдуллин, КСРО халық әртісі Күләш Байсейітова, атақты кинорежиссер, КСРО халық әртісі Шәкен Айманов, даңқты әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлы, Қазақ КСР халық әртісі Шара Жиенқұлова және тағы басқа да қайраткерлер өз өмірлерінен тамаша мысалдар келтіріп, мамандық таңдауда білім мен біліктіліктің өте қажет екенін түсіндіріп кетті» деп еске алады сол жылдарды Мейрам аға. Онжылдықты бітірісімен екі жылдық жұмыс атқару үшін туған ауылына оралып, еңбек жолын Киров атындағы совхозда қарапайым жұмысшыдан бастады. Екі жылдан кейін Кеңес армиясының қатарына шақырылды. Әскери міндетті абыроймен атқара жүріп, Мейрам әскер бөлімшесіндегі апта сайын өтетін саяси дәріске белсене қатысты. Оның белсенділігі мен зейінін байқаған политрук ара-тұра өзінің орнына дәріс оқуды Мейрамға тапсыратын болды. Әскери борышын абыроймен атқарған Мейрам Алматыдағы С.М. Киров атындағы университетке журналистика факультетіне түсіп, оны 1969 жылы тәмамдап шықты. «Мектеп табалдырығын мен «Қызыл еңбек» колхозында аттаған едім. Сонда тұрғанымызда осы шаруашылықты басқарған әкем колхоз кеңсесі алдындағы алаңға радио орнаттырды. Күнде берілетін соңғы хабарлар мен концерттерді бүкіл колхоз тұрғындары жиналып тыңдайтын. Бұл шаруашылық өміріндегі керемет рухани және мәдени жаңалық еді. Өзімнің радио-журналистика мамандығын таңдаудағы себебім сол колхоз орталығы алаңында орналасқан радионың әсері шығар» дейді қазір Мейрам аға. Иә, университетті аяқтағаннан кейін Қазақ радиосында Бас дирекцияның құрамында аға редактор, «Ауыл өмірі» бас редакция-сында бөлім меңгеруші, «Ақпарат» бас редакциясында бас редактордың орынбасары болып, 1986 жылы республикалық радио директорының орынбасары лауазымына дейін көтерілді. Павлодар-Екібастұз энергетикалық кешен жұмысын баспасөзде көрсету барысында жарияланған байқауда КСРО Журналистер одағының лауреаты атанып, КСРО көмір өндіру министрінің Құрмет грамотасымен, тәуелсіздік жылдары көптеген медальдармен марапатталды.

...1986 жыл Мейрам Байғазин үшін табысты басталады. Ақпарат редакциясы Бас редакторының орынбасары болып істеген Мәкеңді Қазақ КСР Мемлекеттік комитетінің басшылығы Қазақ радиосы бас директорының орынбасарлығына тағайындайды. Соның алдында республикалық радионың басшылығы өзгеріп, оған Үкімет аппаратында істеген кеңсе қызметкері, қазақшаға шорқақтау азамат тағайындалады да, шығармашылық жұмыстағы бар жауапкершілік Мейрам Байғазинге жүктеледі. Желтоқсан айының ортасында Қазақ КСР Компартиясының кезекті пленумында ұйымдастыру мәселесі қаралып, Қазақстан Компартиясын ұзақ жыл басқарған Д.А.Қонаевтың орнына бірінші хатшы болып Г.Колбин сайланды. Бұған наразы болған қазақ жастары Республика алаңына жиналып, оның арты Желтоқсан көтерілісіне ұласты. Бұл көтеріліс Кеңес Одағының сағын сындырған, оның іргесін шайқалтқан ерекше оқиға еді. Осы тұста «Соңғы хабардан» берілетін жаңалықтар мазмұнын пысықтау үшін Қазақ КСР Компартиясы мен Қазақ радиосы арасында орнатылған байланысқа дәнекер болған Мейрам Байғазиннің ролін ерекше атау керек. Қоғам қайраткерлері мен елдің танымал азаматтары және еңбек ұжымдары атынан ұйымдастырылған Үндеулердің мазмұнымен, Қазақ КСР Орталық партия комитетінің идеология бөліміндегілермен келісу үшін екі ғимарат арасында Мейрам Байғазин талай табан тоздырды. Мазасыз өткізген сол бір ауыр күндерде қазақ халқы Кеңес Одағы үкіметі мен Компартияның екі жүзді саясатына, басқа ұлттарға ашықтан ашық көрсетіп отырған шовинистік пиғылына анық көз жеткізді. Ал құқық қорғау органдарының сол көтерілісті аяусыз басып-шаншудағы айуандық пен қатыгездігіне Мәкең ҚР Конституциялық сотында баспасөз хатшысы болған жылдары Желтоқсан көтерілісін басудағы жантүршігерлік фактілерге, М.Горбачев жариялаған демократиялық өзгерістер мен қайта құру саясатының түпкі мақсаты халықты алдау екеніне көз жеткізді. Кеңес Одағы үкіметі мен Компартияның демократия мен интернационалдық тәрбие деуінің бәрі бір ғана ұлт – орыстардың жағдайларын күйттеу екенін осы Желтоқсан көтерілісі айқындады. Конституциялық соттың осы көтерілістің себеп–салдарын қараудағы жұмысы туралы Мейрам Байғазин көптеген материалдар жариялады және сол кездегі құқық қорғау органдарының заң мен адам құқығын қалайша тапталғанына көпшілік назарын аударды. Журналистикадағы жұлдызды шағы 1989-1991 жылдарға сәйкес келді. Сол кезеңде КСРО Жоғарғы Кеңесіне Қаз ССР-дың Парламент тілшісі қызметін атқару үшін Мәскеуге жіберілді. 1990 жылы Мәскеуде өткен СОКП соңғы ХХVIII съезі жұмысын жан-жақты көрсетті. Алқалы жиын кезінде сол кездегі ҚазКСР басшысы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты 50 жасымен құттықтап, көлемді сұхбат алды. Мәскеуде жүргенде КСРО халық депутаты, ҚазКСР Ғылым академиясының президенті, академик Өмірзақ Сұлтанғазин, Қырғыз Республикасының президенті Асқар Ақаев, академик Андрей Сахаров, мемлекет қайраткерлері Еркін Әуелбеков, Мақтай Сағдиев, тағы басқа белгілі тұлғалармен сұхбаттары Қазақ радиосынан берілді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Алматыға қайтып келіп, Қазақ радиосының шетелдерге хабар тарататын редакциясы бас редакторының орынбасары болып тағайындалды. 1993 жылы Конституциялық соттың баспасөз орталығы жетекшілігіне қызметке шақырылды. Осында істеген жылдары 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысты небір құпия деректерді жинақтап, республикалық газеттерде мақалалар жазды, арнайы кітап шығарды. Бірақ Конституциялық сотың қызметі ұзаққа созылмады. Сот мүшелері Ата заң баптары мен заң талаптары негізінде жұмыс істеудің орнына олар саяси ойынға көшіп, сот жік-жікке бөлініп кетті. Оған қоса соттың мүшелерін сайлау кезінде оның құрамына Желтоқсан көтерілісі кезінде қазақ жастарын қудалап, соттауға қатысқан үш адам Л.Башаримова, С.Ударцев және В.Малиновскийлер сотқа мүше болып сайланды. Өкінішке орай, желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың әрекеттерін сотта қараған кезде сот мүшелерінің кейбіреулері жаңағы үш сатқынды қолдап шықты. Сол себепті сот Желтоқсан көтерілісіне байланысты шешім шығаруға қауқары жетпеді. 1995 жылы жаңа Конституция жобасын қабылдауына байланысты Конституциялық соттың орнына Конституциялық кеңес пайда болды. Сот төңірегіндегі саяси тартыстың барысы туралы Мейрам ағай талай рет баспасөз беттерінде мақалалар жазды. Конституциялық соттың дәрежесі өзгергеннен кейін М.Байғазин ақпарат министрлігінің талдау және сараптау бөлімінің жетекшілігіне тағайындалды. 1997 жылы Тілдер саясаты жөніндегі мемлекеттік комитетке ауысып, онда диаспора және келісімшарттар жасау бөлімін басқарды. Осы қызметте жүріп, шетелдердегі қазақ диаспорасының орналасуы мен олардың саны жөнінде кітап шығарды. Кейіннен бұл комитет Қөші-қон және демография агенттігі болып өзгерді. 1999 жылы Үкімет қаулысына байланысты Астанаға қоныс аударды. 2004 жылы зейнетке шықты. Бірақ бос отырмады. Ұлттық академиялық кітапханада консультант болып қызмет істеді. Қазір де қайраты қайтып тұрған жоқ. Нұр-Сұлтан қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшесі ретінде әртүрлі жиындарда өзінің азаматтық көзқарасын ашық айтып, қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылауға белсене қатысады. Әсіресе, биыл 35 жыл болатын Желтоқсан көтерілісінің шындығы, шетелдегі қандастар жайы ұлтшыл азаматтарды толғандырмай қоймайды. Осы тұрғыдан Мейрам ағаның мол журналистік қоржынын жаңғырту керек. Уақыт шіркіннің жүйріктігіне қалай есеп жүргізерсің. Кешегі балалық шағы кезінде атқа ер салып, әкесінің қолтығынан демеп, қайырымдылық пен мейірім үлгісінде тәрбиеленген ауыл баласы бүгінде өмірдің үлкен мектебінен өтіп отыр. Азаматты білім мен білік шыңдайды десек, осы құнарлы өрісте ол Алматыдағы №12 мектеп ұстаздары мен студент кезінде білім берген ҚазГУ профессорлары мен оқытушылар қауымына айтар алғысы шексіз. Ал оның нақтылы өтеуі – өмір толқындарында қайырлап, жігер-қайратын мұқалтып алмай, жазған мақалалары арқылы туған елінің сан-салалы өміріне етене араласып, қазақ қоғамына таныла білуінде. Мәкеңнің бойындағы тағы бір тамаша қасиеттер - жан тазалығы, ар тазалығы. Өмірдің бір кәкір-шүкірімен санасын уламаған, ойын былғамағандығында. Бұл жалған дүниеде жаман атқа қалмай, жақсы өмір сүру бақыты екінің бірінің басына бұйыра бермейді. Ардақты азамат астана қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшесі ретінде Елорда тұрғындарының абыройына бөлене жүріп, жақсы қартайып, ақсақалдықтың ауылына да тамаша бір қалпында аяқ басып отыр. Бұл күнде сексеннің сеңгіріне шыққан Мейрам аға жайлы аз ғана сырымыз осы. Қалғанын ел айтар, сол еліне деген еңбегімен өзі айтар...

 

             Аманғали ҚАЛЖАНОВ,

Нұр-Сұлтан қаласы.

 


Количество показов: 433

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  273

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  260

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  264

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  260

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  270

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  257

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  296

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  298

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  293

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  319

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  308

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  320

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  306

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  334

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  333

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  430

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  391

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  394

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  475

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  486

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  417

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  478

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  465

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  422

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  478

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  425

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  656

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  554

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  568

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  546

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  553

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  543

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  486

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  541

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  570

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  670

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  592

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  664

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  658

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  655

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  641

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  670

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  639

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  726

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  768

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  764

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  721

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  712

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  727

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  743

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  932

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  959

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  845

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  728

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  822

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  740

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  790

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1015

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1009

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  963