Емхана таңдау – әркімнің өз еркі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі 19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі

Кез-келген тұрғын бұрыннан қаралып келген учаскелік дәрігерін өзгертуге, тіпті тіркелген емханасын ауыстыруға да құқылы. Яғни, сапалы медициналық қызметті тұрғылықты мекенжай бойынша тіркелген емханадан ғана емес, өзі қалаған мекемеден алуға да болады. Мұны дәрігерлердің тілімен «Бекіту науқаны» деп айтады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, «Бекіту науқаны» бойынша тіркеу жұмысы қыркүйек айының 15-інде басталған. Қарашаның ортасына дейін жалғасады. Тұрғындар бұл қызметті онлайн және офлайн режимде ала алады. Егер, көздеген емханаға баруға уақытыңыз шықпай жатса, egov.kz электронды үкімет порталы арқылы өтініш жіберуге болады. Өтінішті дәрігерлер қабыл-даған күні сол емханаға тіркелген болып есептеледі. Мысалы, Павлодар қаласындағы №3 емханаға өзге шағын аудандардан ауысып келіп жатқандар көп. Бүгінде аталған емдеу мекемесінде 54 мыңнан астам адам тіркеуде тұр. Соңғы бір айдың ішінде «Бекіту науқаны» арқылы тағы 500-ден астам адам осы емхананың қызметін таңдап, есепке алынған. Олардың арасында қаланың басқа шағын аудандарында тұратын тұрғындар көп. Бұл цифр әлі де еселене түсуі мүмкін дейді емхана қызметкерлері.

- Тіркелудің үш түрі бар. Олар – өз еркімен тіркелу, жаңа мекенжай бойынша тіркелу және «Бекіту науқаны» бойынша тіркелу. Қазір ауруханаларда осы үш процесс бірдей жүргізілуде. Тұрғындар өзіне қайсысы қолайлы деп шешсе, сол бойынша тіркелуге міндетті. Бірақ, бірде-бір емхананың есебіне алынбай жүруге болмайды, - дейді №3 қалалық емхана бас дәрігерінің аудит бойынша орынбасары Диана Мұратқызы. Пациенттер көбінде медициналық мекемелердің материалдық сервисіне, ішкі навигациясына, дәрігерлердің жоғары жауапкершілігі мен біліктілігіне қарай таңдайды. Егер, тұрғындардың негізгі тұрғылықты жердегі емхана қызметі көңілден шықпаса, қараша айының 15-іне дейін басқа емханаға тіркелу жөнінде таңдау жасап үлгеруі қажет. Ал жаңа емханаға тіркелгеннен кейін ол келесі жылдың басынан бастап қана қызмет көрсетеді. Бүгінде медициналық мекемелердің көбінде анықтамалық бекеті жұмыс істейді. Мұнда тұрғындар кез-келген уақытта барып, өздеріне қажетті ақпаратты алуға, қай емхананың қызметі сапалы деген ақпараттарды алуға мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, барлық мәліметтер Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларда жүктеледі және түскен сұрақтарға жауап беріледі.

Тілеуберді САХАБА.

 


Количество показов: 465

Возврат к списку