Энергоблок жаңаруда

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

Энергоблок жаңаруда 31.07.2021

Энергоблок жаңаруда

Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 станциясында қуаттылығы 500 МВт болатын №1 энергоблокқа жаңа технологиялық жабдықтарды орнату басталды. Қайта жаңартылған энергия блогын пайдалануға беру және іске қосу 2023 жылғы желтоқсанға белгіленіп отыр. Ауқымды жоба елдегі энергия жетіспеушілігін азайтуға септігін тигізбек.

Станцияға иелік ететін «Самұрық-Энерго» АҚ бұл жобаға үлкен мән беріп отыр. Аталған ірі жобаны табысты іске асыру, сондай-ақ компанияның өзге де энергетикалық нысандарында жүргізіліп жатқан жұмыстар сала бойынша орын алып отырған электр қуатының тапшылығын азайтуға және елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға тиіс. Соңғы төрт жыл ішінде республикада электр тұтынудың орташа өсімі 4%-ды құрап, жыл сайын электр қуатына деген қажеттіліктің шамамен 600 МВт-қа өсіп отырғаны белгілі. Мамандар қолда бар қуат резервтерінің азайып бара жатқандығын айтуда. Электр қуатының болжамды теңгерімі Қазақстанда 2023 жылдан бастап өндірістік қуат тапшылығы болатынын көрсетіп отыр. Ал реттеу қуатының тапшылығы қазірдің өзінде байқалуда. Жүйелік оператордың ақпараты бойынша былтыр күзгі-қысқы кезеңнен өту барысында ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) жұмыс қуатына қатысты нақты резерв 600 МВт-ты құрады. Саладағы сарапшылар ағымдағы қарқын сақталған жағдайда, келесі жылыту кезеңінде біртұтас жүйеде қуат резервтері болмай қалуы мүмкін деп отыр. Бұл электрмен жабдықтаудағы шектеулерге әкеп соқтыратыны сөзсіз. Осылайша «Жаңа электр сүзгілерін орната отырып, №1 энергия блогын қалпына келтіру» жобасы станцияның қуатын 4000 МВт-қа дейін арттыруға және сол арқылы ГРЭС-те негізгі жабдықтарды жаңғыртудың көп жылдар бойы жүргізіліп келе жатқан процесін аяқтауға мүмкіндік бермек. Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылы қуаты 500 МВт болатын №2 энергоблок іске қосылды. Бұл Екібастұз ГРЭС-1 нысанының өндірістік көрсеткіштерін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Оған дейін 2012 жылдың шілдесінде қуаты 500 МВт болатын №8 энергоблок та жұмысқа кіріскен болатын. Айтып өтейік, Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 – әрқайсысының қуаты 500 МВт болатын сегіз энергоблокпен жабдықталған. Қазақстандағы ең ірі жылу электр станциясы. Ол бүгінде республика бойынша барлық электр тұтыну көлемінің 20-23% қамтамасыз етеді.

 

Өз тілшіміз.

 


Количество показов: 329

Возврат к списку