Еркіндік. Кепілдік. Тұрақтылық

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

28.08.2021

Еркіндік. Кепілдік. Тұрақтылық

Кез келген зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжат - Конституция. Осыдан 26 жыл бұрын қабылданған Ата Заң ел азаматтарының мүддесі мен құқығын қорғап, оларға еркіндік пен таңдау мүмкіндігін беріп отыр. 9 бөлім мен 98 баптан тұратын құжатта барлық сала қамтылған. Бұл ретте белгіленген нормалардың күнделікті өмірде жүзеге асу барысы туралы облыс тұрғындарының ой-пікірін біліп көрген едік.

Гүлнар АМАНЖОЛОВА, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Биыл еліміздің сайлау жүйесінде ауқымды өзгерістердің орын алғаны баршаға белгілі. Осы жылдың қаңтар айында азаматтар барлық деңгейдегі мәслихаттар мен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлады. Бұл сайлауда бірқатар өзгеріс орын алды. Мәселен, әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота берілді, мәслихат депутаттары да партиялық тізім бойынша таңдалды. Шілде айында алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. Бұған дейін тұрғындар елді мекен басшысын жанама түрде таңдаса, бұл жолы дауыс беруге барды. Мұндай өзгерістердің барлығы Ата Заңда қамтылған. Айталық, Конституцияның 33-бабында ел азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар екені жазылған. Ал Ата Заңның 3-бабында халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады делінген, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді деп көрсетілген конституциялық норма мемлекеттік демократиялық институтындағы сайлау жүйесінің орнын айшықтап берді. Атап өтер тағы бір жайт, тұрғындар еркін және ерікті түрде дауыс бере алады. Бұл тұрғыдан алғанда олардың құқығын шектеуге, сайлауға қатысуға міндеттеуге ешкімнің құқығы жоқ.

Серік СӘДУАҚАСОВ, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры:

- «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізгі міндеті - бизнес өкілдерінің құқығын қорғау. Айталық, жыл басынан бері облыс кәсіпкерлерінің тарапынан 81 өтініш түсіп, оның 34-і оң шешімін тапты. Яғни, жеке кәсіппен айналысатын азаматтардың 6 млрд теңгеден астам сомаға құқығы қорғалды. Палата заңгерлері мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлер арасындағы келісімшарттың орындалмауы, тапсырыстардың уақытылы жеткізілмеуі, жер беру, салық төлеу сынды мәселелердің барлығын жіті зерделейді. Бұл ретте түйткілді мәселелерді шешуде салалық заңнамалармен қатар, Конституция баптарын алға тартатынымызды атап өту керек. Кей жағдайда кәсіпкерлік нысандарын заңсыз тексеру, олардың жұмысына тыйым салу немесе қызметін шектеу сынды келеңсіз оқиғалар орын алып жатады. Әсіресе, пандемияға байланысты карантиндік шектеулер енгізіліп, кәсіпкерлік нысандарын бақылау жұмысы күшейгені мәлім. Сол уақытта бизнес өкілдерін негізсіз қыспаққа алу фактілері кездесті. Сондай сәттерде Ата заңның қағидаларына сүйенеміз. Демек, ешкім тұрғындардың бизнес саласындағы қызметін шектей алмайды. Ата Заңның ережелері қазақстандықтарға кәсіпкерлікпен заңды түрде айналысуға мүмкіндік беретініне де ерекше назар аударған жөн. Бұл ретте Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жан-жақты қолдау көрсетуге әзір. «Бастау», «Бизнес-мектеп» жобалары аясында кәсіпкерлік негіздерін үйретіп, есеп-қисап тапсыру, құжаттарды толтыру, құқықты қорғау бағытында тегін қызмет көрсетіледі. Яғни, еліміздің басты құжаты тұрғындардың қалаған ісі бойынша жеке кәсіппен айналысып, сол арқылы табыс табуына мүмкіндік беріп отыр.

Рымкеш СЛАМБЕКОВА, білім беру саласының ардагері, Ақсу қаласының Құрметті азаматы:

- 1995 жылдың тұтас ел мен Ақсу өңірінің тарихы үшін орны ерекше. Осы жылдың 30 тамызында тәуелсіздікті енді ғана алған демократиялық мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын негізгі құжат қабылданды. Сондай-ақ, дәл сол уақытта Ақсу қаласында ана тілімізде тегін білім беретін алғашқы мектеп ашылды. Тегін деген сөздің астын сызып, ерекше атауымның себебі - еліміздің Ата заңы мемлекеттік оқу орындарында ақысыз түрде орта білім алуға кепілдік береді. Бір сәт елестетіп көріңізші. Қазіргі киім-кешек, оқу құралдары қымбаттаған уақытта ата-ана баланың оқуына да ақы төлер болса, қандай күн кешер едік?! Сондықтан Конституциямыздың аясында балалардың мектепке тегін баруы оңтайлы мүмкіндік деп білемін. Пандемияға байланысты балалар қашықтан оқу режиміне көшкен тұста жергілікті әкімдіктер әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан шәкірттерді телефон, ноутбук, компьютерлермен қамтып, білім алуына жағдай жасады. Бұл - басты құжатта көрсетілген кепілдіктің іс жүзінде орындалғанының көрінісі. Сол сияқты Ата Заңда азаматтардың мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуына құқығы бар деп анық көрсетілген. Алысқа бармай-ақ, биыл бауырымда өскен немеремнің Назарбаев зияткерлік мектебін үздік тәмамдап, 138 балл жинап, Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындағы медициналық академияға оқуға түскенін айтсам да жеткілікті болар. Бұл да ата-ана үшін үлкен қуаныш емес пе?!

Дина АСЫЛБЕКОВА, №4 емхана жанындағы отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі, Павлодар қаласы:

- Біздің емхана қызметкерлері кепілді мемлекеттік медициналық көмек аясында тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді. Міндетті медициналық-әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы еліміздің кез келген ауруханасында кейбір күрделі әрі қымбат оталар ақысыз негізде жасалады. Мұның барлығы - Ата Заңда белгіленген талаптар. Яғни, Конституцияда азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға құқылы екені жазылған. Соңғы уақытта қоғамда қызу талқыға түскен тақырып - коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алу мәселесіне де Ата Заң нүкте қойып берді. Кейбір тұрғындар вакцина қабылдау заңға қайшы әрекет екенін әлеуметтік желілер арқылы жазып, жаңсақ пікір тудырғаны бар. ҚР Әділет министрлігі бұған қатысты жайттың ара-жігін ажыратып берді. Нақтырақ айтсақ. ҚР Конституциясының екі бірдей бабы міндетті вакцинацияның заңға кереғар емес екенін айқындайды. Басты құжаттың 39-бабында мемлекеттің мақсаты адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы ортаны қорғау деп анық көрсетілген. Оған қоса, 31-бапта азаматтардың құқықтары мен еркіндігі денсаулық сақтау мақсатында шектелуі мүмкін екені туралы айтылған. Демек, вакцина қабылдау – Конституцияға қайшы әрекет емес. Жалпы, екпелердің талай қауіпті, жұқпалы ауруларға тосқауыл бола білгені тарихтан белгілі. Вакциналар болмаған жағдайда жұртшылық қызылша, қызамық, тырысқақ сынды сырқат түрлерімен әлі күнге дейін күресетін еді.

Пікірлерді топтастырған – Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 735

Возврат к списку