«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды 19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды

Терең білімді адал еңбекке ұштастыра білген жастар қауымы мақсатына жетері сөзсіз. Осы қағиданы өмірлік ұстанымына айналдырып, елдің дамуына айрықша үлестерін қосып жүрген өңір жастары ескерусіз қалған емес. Павлодар облысында 14-29 жас аралығындағы жастарға арналған «Ертіс дарыны» байқауы биыл үшінші рет өткелі отыр. Құжаттарды қабылдау мерзімі 10 қарашаға дейін жалғасады. Атап өтерлігі, конкурсқа жаңа номинация қосылды. Бұл жайында облыстың ақпарат және қоғамдық даму басқармасы жастар және отбасы істері бөлімінің басшысы Дәурен Әбдірахманов кеңірек әңгімелеп берді.

- Әуелі байқаудың шарттары, мақсат-міндеттері жайында таныстырып өтсеңіз...

- «Ертіс дарыны» байқауы облыстағы жетелі жастарды қанаттандыратын жарқын жобалардың бірі. Мақсаты – талантты, білімді, өнерлі жастарды қолдау. Міндеті - сондай жастарды табу мен тану. Ал енді шарттарына келер болсақ, бұл жерде бәрі қарапайым. Еткен еңбегі елге белгілі, нәтижелі болса болғаны. Байқауға өтініш қабылдаудың аяқталуына бірер апта ғана қалды. Биыл қатысушылар арасында бәсеке қызу болмақ. «Ертіс дарыны» - ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметі үшін дарынды жастарды қолдау мақсатында табысталатын жастар сыйлығы. Байқау 10 номинация бойынша өтеді. Әр номинацияда екі жүлдегер жеңіске жетіп, 500 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақыға ие болады. Әр номинацияға бір миллион теңге бөлінеді. Тарқатып айтқанда, «Ғылым және инновация», «Мәдениет», «Спорт», «Кәсіпкерлік», «Өндіріс қызметкері», «Қоғамдық қызмет», «Медицина», «Медиа», «Ерлігі үшін», сондай-ақ, биыл алғаш рет тағайындалған «Бірлігі жарасқан» номинациясы.

- Жаңа номинация туралы толығырақ айта кетсеңіз...

- «Бірлігі жарасқан» номинациясы - ұжымдық топқа берілетін марапат. Бұл ретте өнер, жастар ұжымдары, не болмаса зауытта қызмет ететін жастар ұйымы болса да конкурсқа қатыса алады. Ең бастысы, бірлігі жарасқан, берекелі ұжым болуы шарт. Сондай-ақ, мемлекетіміздің дамуына өзіндік үлесін қосып, қолтаңбасын қалдырған жастар болуы керек. Себебі, қазылар алқасы еңбекке қарап бағалайды.

- Жеңімпазды таңдау барысында басты назар неге аударылады? Қазылар алқасы кімдер?

- Павлодар облысының көптеген жастары өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейлерде жетістіктерге жеткен. Сол себепті жеңімпаздар арасынан жеңімпазды таңдау оңайға соқпайды. Әр номинация белгілі бір саланың өкілін марапаттайды. Демек, қазылар да - сол саланың майталмандары. Бір номинация бойынша бірнеше әділ қазы бар. Олардың бәрі - сол салада еңбек еткен қызметкерлер.

- Аталмыш конкурсқа аудан, ауыл жастары қатысып жатыр ма?

- Әрине. Қатысып қана қоймай жүлдегер де атанып жүр. Өйткені, нағыз талант пен өнердің қайнар көзі ауыл ғой. Мысалы, былтыр Железин ауданы Уәлиханов ауылында биология пәнінің мұғалімі болып қызмет істейтін Гүлнәр Жиенқұлова есімді жас маман жеңімпаз атанды. Успен ауданынан жеңіске жеткен дарынды жастар бар. Былтыр байқауға 300-ге жуық өтінім келіп түсті. Солардың ішінен 20 жас іріктеліп, «Ертіс дарыны» атанды. Биыл қатысушыларға ыңғайлы болуы үшін «Ertis Daryny 2021» телеграмм арнасы құрылды. Сол жерден өздеріңізге керек ақпаратты ала аласыздар. Егер сұрақтарыңыз болып жатса 8778 528 38 28 телефон нөміріне қоңырау шалуға болады.

- Ақпаратыңызға рахмет. Ертіс – Баян өңірінен шыққан дарынды жастардың жұлдызы жарық болғай!

 

Әңгімелескен - Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.


Количество показов: 270

Возврат к списку