«Есіңе мені алғайсың...»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

«Есіңе мені алғайсың...» 14.12.2021

«Есіңе мені алғайсың...»

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының сахнасында әйгілі ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Есіңе мені алғайсың» атты музыкалы-поэтикалық кештің тұсауы кесілді. Алғаш рет Ертіс-Баян өңірінде сомдалған мұзбалақ ақынның бейнесі көрерменнің жүрегіне жол тауып, ыстық ықылас пен қошеметке бөленді.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Премьера ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ақиық ақын М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналды. Музыкалы-поэтикалық кеш Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрының симфониялық оркестрі және бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Рахымжановтың сүймелдеуімен өтті. Ақынның сөзіне жазылған «Ана, сен бақыттысың», «Күрең күз», «Бөпем-ай», «Құмған алған», «Мен деп ойла», «Қазағым-ай», «Сарыжайлау», «Отан», «Қарасазым-ай» және тағы да басқа әндері шырқалды. Хан Тәңірінің мұзбалағы Мұқағали бейнесін актер Бауыржан Манатбек сомдады.

- Театрда қызмет етіп жатқаныма биыл алтыншы маусым. Бұл уақытқа дейін бірнеше басты рөлдерім болды. Дегенмен, тарихта қалған, ел танитын әрі халық сүйіп оқитын тұлғаның бейнесін сомдау алғаш рет бұйырды. Жалпы, кез келген ақынның немесе жазушының басты рөлін сахналау шығармасын жаттаумен шектелмейді. Оның ішкі жан дүниесіне үңіліп, жүріп өткен жолындағы қиындықтарды өз жаныңмен сезіне білуің керек. Сонда ғана тарихи тұлғаның табиғаты ашылады. Әрбір қазақ кемінде бір-екі өлеңін жатқа оқитын Мұқағали бейнесін лайықты алып шығуға барымды салдым, - дейді Бауыржан Манатбек. Актердің айтуынша, Алматы қаласында оқып жүрген уақытта Мұқағали Мақатаевқа арналған көркем фильмде ақынның жас кезін сомдаған. Дайындық барысында ақынның өзінің жазған күнделіктерін және көзін көрген замандастарының естеліктерін оқып, өз дауысы жазылған жазбаларды тауып тыңдағандығын атап өтті.

- Ертіс-Баян өңірінің көрермендеріне халық жүрегінен орын алған, сыршыл да сұлу поэзиясы ауыздан-ауызға жатталған ақын М.Мақатаетың бейнесін халықпен қауыштыру - негізгі мақсаттың бірі. Облысымызда айтулы мерекенің аясында мұзбалақ ақын шығармашылығы театр сахнасында екі күн қатарынан қойылды. Желтоқсан айының 16, 17-сі күндері көрермен назарына қайта ұсынылады, - деді Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының әдеби-драма бөлімінің меңгерушісі Нұркен Тұрлыбек. Құдіретті қара өлең арқылы бар қазақтың жүрегіне жол салған ақын Мұқағалидың нәзік жанын сезіну үшін театрға асығыңыз, көрермен!

Гүлшаһар БАЛАТАЕВА, ардагер ұстаз:

- Павлодар қаласына қоныс аударғаныма төрт жыл болды. Осы уақытта театрдың тұрақты көрерменіне айналдым. «Есіңе мені алғайсың» атты музыкалы-поэтикалық кешке құдағиым екеуіміз келдік. Бүгінгі кеште Мұқағали ақын қазақ ортасына қайта оралғандай әсер алдым. Әр өлеңін жатқа білемін. Тіпті, кеш бойы симфониялық оркестрмен бірге әндерді қосыла шырқадым. Театр ұжымына алғысымды білдіремін.

Жұмат АҚЫЛБЕКОВ, қала тұрғыны:

- Кештен алған әсерді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ж.Аймауытов атындағы театр ұжымының актер-

леріне жоғары баға беремін. Ұлтымыздың даңқын асырған, қазақ үшін бар ғұмырын арнаған тұлғаларды дәріптейтін кештер көп болсын! Барша Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтарын театрға шақырамын.

 


Количество показов: 1192

Возврат к списку