Ескі дөңгелектерден қалай құтыламыз?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

Ескі дөңгелектерден қалай құтыламыз? 18.02.2021

Ескі дөңгелектерден қалай құтыламыз?

Жүк және жеңіл көліктердің дөңгелектері – жанған кезде улы газ бөлетін әрі экологияға кері әсер ететін материалдардың бірі. Сондықтан жарамсыз болып қалған шиналарды сақтамаған дұрыс. Оларды қала, ауыл сыртындағы қоқыс полигондарына шығаруға тағы болмайды. Сонда қайтпек керек? Ескі дөңгелектерден қалай құтыламыз?

Бұл сұрақтардың жауабын павлодарлық кәсіпорын – «Eco Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жақсы біледі. Дәл осы кәсіпорын соңғы екі жыл аралығында шиналарды утилизациялаумен айналысады. Бұл бағыттағы кәсіпті дөңгелетуге рұқсат беретін тиісті сертификаттары бар. Сондықтан, ескі дөңгелектерді ресми түрде қабылдайтын облыстағы жалғыз орын болып саналады. 
Бірақ бұл компанияға тозығы жеткен дөңгелектерді тапсыратын тұрғындар ілуде біреу. Кәсіпорын директоры Павел Пастушенконың айтуынша, кейбір тұрғындар ескі заттан құтылғысы келмей, көлікжайда жылдар бойы жинайды. Енді біреулер шиналарды қабылдайтын арнайы орынның барынан бейхабар.  
- Ескі дөңгелектерді қоқыс полигондарына шығаруға болмайды. Бұл – санитарлық нормаларға қайшы әрекет. Аулада, көлікжайда, басқа да нысандарда жарамсыз түрлерін сақтауға да рұқсат жоқ. Сондықтан кейбір кездері ескі шиналар көшелерде, жолдың жиектерінде шашылып жатады. Қала сыртында мұндай жағдайларды жиі байқауға болады. Ал біз сол дөңгелектерді ірі зауыттардан, қарапайым тұрғындардан қабылдап, қоқысты дайын өнімге айналдырып отырмыз. Бірақ қуаттылықты толығымен пайдалану үшін бізге шикізат, яғни тозығы жеткен, жарамсыз болып қалған дөңгелектер жетпейді, - дейді П.Пастушенко. 
Сондықтан кәсіпорын басшылығы жергілікті биліктен көмек сұрап, шикізатпен қамтамасыз етуге қолғабыс жасауды өтінді. Кәсіпкердің бұл өтініші жерде қалмады. Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Дәурен Усахановтың айтуынша, «Business Eco Ertis» өңірлік бағдарламасының аясында автомобиль дөңгелектерін жинау және утилизациялау бойынша жоба жасалды. 
- Соған сәйкес, «Eco Gold» кәсіпорны, өңірдегі зауыттар, шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен онлайн форматта кездесулер ұйымдастырылды. Бұл басқосулар өз нәтижесін берді. Бүгінде резеңке өнімдер шығаратын өндіріс орны шикізатты жеткізу бойынша бірқатар келісімшарт жасады. Сонымен қатар, дөңгелек ауыстыру орындарымен байланыс оң жолға қойылды. Осы бағыттағы жұмыстар арқылы кәсіпорын шикізаттан бұрынғыдай тарықпайтын болды, - дейді Д.Усаханов. 
Иә, басқарманың қолдау көрсетуімен бүгінде ескі дөңгелектерді өткізуге әзір компаниялар саны көбейді. «Eco Gold» басшылығы олармен келісімшарт жасап, жүк көліктерінің дөңгелектерін белгілі бір сомаға сатып алады. Ал қарапайым тұрғындардан тегін қабылдайды. 
- «Business Eco Ertis» өңірлік бағдарлмасы аясында көрсетілген көмектің нәтижесінде жұртшылық дөңгелектерді қабылдайтын арнайы орынның барын біле бастады. Интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде көрсетілген 8-777-295-39-52 нөміріне хабарласып, ескі шиналарды алып кетуді сұрайды. Біз аталған мекенжайға барып, дөңгелек тапсырушыға утилизацияға қатысты тиісті анықтаманы береміз. Кейбіреулері бірнеше жыл бойы жинаған қалдықтарды, енді бірі аулада, саяжайда жатқан ескі заттарды өткізеді. Бұл ретте тапсырылған шина үшін ақша төленбейтінін баса айтқым келеді. Егер дөңгелектерді қабылдау қызметін ақылы түрде жүргізсек, оның соңы ұрлық-қарлыққа әкеп соқтыруы әбден мүмкін. Автомобиль тұрақтарында тұрған көліктердің дөңгелектерін қолды ететіндер қатары көбейіп кете ме деп қауіптенеміз. Сондықтан шиналарды тегін жинаймыз. Күніне кем дегенде 5-10 тапсырысты  орындаймыз,  - дейді кәсіпорын директоры. 
Ескі дөңгелектер кәдеге жарап, резеңке өнімдердің шикізаты ретінде қолданылады. Алдымен кәсіпорын жұмысшылары жиналған шиналарды арнайы құрылғыға салады. Бұл құрал шиналарды әбден ұсақтап, оның құрамындағы металлды жеке, текстильді талшықтарды жеке бөліп шығарады. Күрделі өңдеу нәтижесінде ұсақ түйіршіктер пайда болады. Оны аулаларды, спорт алаңдарын абаттандыруда пайдаланады. 
- Резеңке түйіршіктерден төселген жабынды бетоннан құйылған жабындыларға қарағанда әлдеқайда қауіпсіз әрі экологиялық тұрғыдан таза. Мәселен, орталық стадионды, аудан-қалалардағы балаларға арналған ойын, спорт алаңдарын жөндеп, жүгіру жолақтарын жасаған кезде біздің өнім қолданылады. Соңғы уақытта құрылыс компаниялары тарапынан осы өнімге сұраныс зор. Біз сол сұранысты орындап, жергілікті өніммен қамтуға баса мән беріп келеміз, - дейді П.Пастушенко. 
Бірақ кәсіпорынның толық қуаттылықты пайдаланып жұмыс істеуі үшін күн сайын бірнеше зауыт пен ондаған тұрғыннан жиналатын дөңгелектер әлі де аздық етеді. Сондықтан жарамсыз шиналар көзіңізге түсіп жатса, қабылдау пунктіне хабарласқаныңыз жөн. Сол арқылы экологияның жақсаруына әрі жергілікті экономиканың дамуына сәл де болсын үлес қосарыңыз анық.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА 


Количество показов: 238

Возврат к списку