Естен кетпес кездесулер

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023  472

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  621

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  521

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  457

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  398

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  573

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  677

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  516

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  777

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  604

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  463

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  418

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  458

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  492

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  567

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  943

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  783

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  561

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  585

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  857

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  549

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  973

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  1327

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  1300

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  1266

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  1224

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  1459

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  1251

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  1277

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  1229

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  1320

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  1296

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  1051

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1213

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  1529

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  817

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  1184

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  762

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  755

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  664

11 медаль!
11:05 24.01.2023  1215

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  1080

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  1152

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  1256

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  1424

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  1152

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  1099

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  1240

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  1295

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  1161

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  3410

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2977

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2921

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  3387

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  3433

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  3558

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  3643

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2891

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2948

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  3360

Естен кетпес кездесулер 25.02.2021

Естен кетпес кездесулер

Жарық дүние есігін ашқан әрбір адамзат баласының өз ғұмыр жолы, тіршілік баяны болады. Бір-біріне ұқсамас тағдырлар мен саналуан соқпақтардан өтесің. Құдайға шүкір, мен де өкінбейтіндей өмір сүріп, жетпістен асып отырған жайым бар. Еңбек еттік, есейдік. Біраз белестерге де жеттік. Асуларды асқан шығармыз, сырт көзге көріне бермейтін бұралаңдармен де жүрдік.

Оның бәрі өткен күннің еншісінде кетті. Бағыма қарай қызмет еткен кездерімде өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете алатын жаны жайсаң жандар көптеп кездесті.
Еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Оны айналаңдағылар аңғаратын шығар. Саналы ғұмырыңда бойыңнан жоғалтпауға тиісті құндылықтар аз емес. Бастысы - кісілік келбет, азаматтық тұлғаңды сақтап қалу деп ойлаймын. Дәл осындай адами асқақ қасиетке, қанша ғұмыр кешкенімен, жеткен де бар, жетпеген де бар. Мен бүгін өткенге көз жүгіртіп, өмірде жолықтырған сондай жақсы ағаларым туралы бір үзік сыр шертуді жөн көрдім.
***
Егер сен өзінді дұрыс адаммын деп есептесең, мұндай дәрежеге  қалай жеттім деп те ойлау керек болар. Иә, әңгіменің әлқиссасын ірі мемлекет қайраткері, өзім көрген басшылардың ішінде ақылына шешендігі сай өз заманында қазақтан шыққан азаматтардың ішінде керемет ұйымдастырушы, менің есебімше ерекше көзге түскен біртуар жан - Рыспек Мырзашевтан бастасам.
Бұл кісі Кеңестер Одағының Батыры Махмет Қайырбаев ағамыздың орнына келді. Махаң облысты, аймақтағы кадрларды жақсы білетін, айтқанын орындата алатын адам болған. Біздің де есейіп қалған кезіміз еді. Бастапқыда енді қалай болар екен? деген сұрақ көкейде тұрғаны рас. Күдігіміз жөнсіз болып шықты. Рыспек Мырзашұлы облысты бірден игеріп алып кетті. Кейін көзіміз жетті, ол кісінің өткізген мәжілістеріне қатысудың өзі бір ғанибет болатын. Бастықтығын мойындатамын деп бәзбіреулер сияқты жөн-жосықсыз бақырып-шақырмай, тақырыпты терең талдап, өте орынды ұсыныстарын жасай білді және ол тапсырмалардың орындалуын бақылауында ұстады. Таң қалатынымыз – шешімнен қателесіп көрмейтін. Әсіресе, жастарды қызметте  батыл көтере білді. Мен де сол кезде өзімнің туып-өскен Ақкөл совхозына директорлыққа тағайындалдым. Арнайы шақырып, бір сағаттан артық ақыл-кеңесін айтып, ақ жол тілеп шығарып салды.
Келесі жылы аудан басшысы Оралбек Қожанов егін орағы кезінде хабарласып, бір күннен кейін Рыспек Мырзашұлы жұмыс сапарымен ауданымызға келетінін айтты. Мен облыс басшысын егін басында қарсы алуым керек болды. Кездескеннен кейін бірден егіннің шығымын сұрады. Мемлекетке қаншасын өткізетінімді анықтады. Өз кезегімде мен де екі мал бордақылау алаңын салғанымды, 32 мың қой, 3600 бас ірі қара мал барын жеткіздім. Қыстаққа кіретін 14 мың аналық қой қоздайды, сол себептен мемлекеттің жоспарын орындаймын дедім. Рекең екі жарым жоспарды орындау керек деп тұрып алды. Бәлкім жастықтың жалыны ма, кім білсін, мен де бетіне тура қарауға бата алмасам да, өзімдікін қайталап жатырмын. Бір уақытта Рекең мені қарнымнан қолының сыртымен қақты. Мен ол кісіге тура қарап, сұраулы пішінмен тұрып қалдым. 
- Әбілхақ, азды аяймын деп көптен айырылып қалма. Мен алсам, мен беремін, - деді жылы жүзбен күлімсіреп. 
Мен бірден, Рыспек Мырзашұлы, орындаймын екі жарым жоспарды дедім. Ол кісінің қашан деген сұрағына алдағы аптада деп қалғанымды өзім де аңғармай қалдым. 
- Орындағаныңды рапортпен білдіресің, содан соң ауылдық кеңеске жаңа «Москвич» автокөлігін беремін. Целиноградтан өздерің айдап әкелесіңдер, - деді. Бұдан әрі пішен шауып жатқан жерге қозғалдық. Ол кезде Ақкөлде сегіз мың гектар шабындық, тағы екі мың гектар алқаптың жалғасы бар болатын. Пішеншілердің жанына келіп тоқтады да, бөлімше басшысы мен бригадирді шақырып алып, жағдайды сұрады. Мән-жайға әбден қаныққан соң маған бұрылып, Әбілхақ, сен осы жердің жігітісің ғой, деді. Тосын сұраққа сәл абдырап қалып, басымды изедім. Бұдан кейін әңгіме жем-шөп қоры жайлы өрбіді. Қыстан қысылмай шығатын шамаларың бар ғой деді. Оған кеңшардың малы қоса тұрғындардың жеке меншігіндегі малдың қажеттілігін толық өтей алатынымызды айтым. Бұдан бөлек ауданымыздың екі кеңшарына көмек жасай алатынымызды жеткіздім. Мұқият тыңдап тұрған Рекең сен бақытты жігіт екенсің деп арқамнан қақты. Әрине, облыс басқарып отырған адамнан мұндай баға алу жас маман үшін зор құрмет емес пе, марқайып қалдым.

Бір күн бұрын Құлақұлын деген жерде ас береміз деп, әзірлік жасап қойғанбыз. Анадайда тосып тұрған адамдарды көрді де, мыналар бізді күтіп  тұр ма? деп сұрады. Қазақы жоралғымыз ғой, дәм татсаңыз дедім. Жүргізушіге бұрыл деп бұйырды. Сол жерде екі жарым жоспарды қымызбен атап өтіп, Рекеңді шығарып салғанымыз әлі есімде. Өзі қойған шаруашылық басшысының бетін қайтарып зекімей, байсалдылықпен, сабырмен, ақылмен менің өміріме бағдар беріп, тәлім-тәрбиенің үлгісін танытып кеткен еді.
***
Май ауданында Жалтыр кеңшарының іргесін қалаған Жәмсап Қорабаев деген ақсақал қайтыс болды. Баласымен институтта бірге оқыған едік, сол кісінің жаназасына бардым. Ол кезде Крастнокутскі ауданында қызметтемін. Азаматтармен амандасып болған соң байқағаным, анадай жерде еліміздің қадірлі ақсақалы Уақап Бекұлы Сыздықов таяғына сүйеніп тұр екен. Ол кісі облысымыздың бірнеше ауданын басқарып, Май ауданынан зейнетке шыққан. Барып сәлем бердім. Сәлемімді алды, басқадай амандық сұрасқан жоқпыз. Мен өз жөніме кетіп, топырақ салып келсем, Уақаң бағанағы орнында тұр екен. Ыммен ишарат жасап, жанына шақырып алды. Қалқам, біз бірге қызмет жасаған жоқпыз ғой. Бағана сәлем бергеніңде бірден танымадым. Тектілік танытып, ата-әженің тәрбиесін көргендіктеріңнің дәлелі ғой, азаматтар бір-біріңмен жақын сыйласып жүр екенсіңдер (Ата-әже тәрбиесі хақында кейінірек тоқталамын). Жассыңдар ғой, өмірлерің әлі алда. Қуанышта да, қайғыда да осылай бірге болыңдар. Мына бірге жүрген тірліктеріңе риза болып отырмын. Танымағанымды көңіліңе алма. Алған беттеріңнен таймаңдар. Бірге болыңдар, - деп ақжарма батасын берді. 
Ол кісінің сырқаттанып жүрген кезі екен. Асқа қараған жоқ, кетіп қалды. Енді ол кезде аңғармаған да шығармын. Қазір ойлап отырсам, жаны да, ары да таза, ойы тұнық, біреуді ренжітіп алмайтын бала мінезді тұлғалығы екен-ау. Мен білетін Уақаңның бізге өмірлік сабақ алуға бағыт берген бір ғана сәті бұл.
***
Әдептен озбаған, абайлап басып, анық сөйлейтін, ұтқыр ойлы, кісілік жолдан таймаған алдыңғы толқын ағалар көшін бастаған азаматтардың ішінде Кемер Әшімбетов ақсақалды ерекше атар едім. Оның өмірлік жолы - кейінгі ұрпаққа үлгі. Партия тарап, обкомның екінші хатшысы қызметінен кеткеннен кейін Кемер аға «Крестьянский Союз» деген ұйымды басқарды. Бір күні аға телефон шалды. 
- Әбілхақ, мен сендердің аудандарыңа келіп кетейін деп едім. Шаруалардың ахуалымен жақын таныссақ, - деді.
- Келіңіз, Кемер аға, тек нақты күнін алдын ала белгілеп берсеңіз, - дедім.
Межелі күні ол кісіні Ақтоғай ауданының шекарасынан тосып алдым. Ауданды екі күн аралаттым. Дәл кетерінде Кемер аға маған қарап: - Әбілхақ, осының алдында Ақсуда екі күн болдым. Айтайын дегенім, мен өзіме өзім риза болып отырмын. Бірге қызмет істеп араласпасақ та, бізде осындай азаматтар өсіп қалған екенсіңдер. Соған шүкіршілік етіп отырмын деді. Сендер аман болыңдар. Аймақтың ауыл шаруашылығы саласында өздеріңдей буын өсіп келе жатса, біз еш алаңсыз боламыз. Еңбектеріңнің жемісін көріңдер, - деді.
Міне, біз осындай азаматтардан тәлім-тәрбие алып өстік. Сол тәрбиені өмірімізге азық еттік. Бүгін мен де сондай азаматтардың көңілінен шыға алғаныма шүкіршілік етіп, кейінгі ұрпақ ата жолын, халық дәстүрін сыйлап өссе екен деп тілеймін. 
***
Жоғарыда ата-әженің баласы тақырыбына оралатынымды ескерттім ғой. Енді аз-кем әулетіміздің үлкендеріне тоқталып өтсем. Әкемнің әкесі Түгелбай Әлішұлы мен ұлы шешеміз Ұрлиқа Қылдыбайқызынан төрт ұл, екі қыз бала туған. Менің әкем Балғабай - баланың кенжесі. Жеті айлығында іште қалған бала екен. Ұрлиқа марқұм әкейді 49 жасында дүниеге әкелген. Олардың екінші баласы - ел арасында Бозғой аталып кеткен Ахметжан. Мен бәйбішесі екеуін ата-әже деп атайтынмын. Атам 94 жасқа келіп дүниеден өтті. Өтерінен 4 күн бұрын үйіне барып, амандығын білдім де, ата, маған не айтасың? дедім. Беті қызарып, көзі жайнап жатыр екен. Бетіме тесірейіп қарап жатып, не айтайын, құдайшыл едің, құдайыңа тапсырдым деді. Мен 60-қа келгенде облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің қаламы қарымды журналисі Асыл Әбіш сұхбат алған. Сонда Бозғой атам жайлы көп айтылды. Кейінірек мақала газетте жарық көрді. Тақырыбын «Мен қайда болсам да, әй кәпір атанбауға тырыстым» деп қойыпты. Шыны керек, атамның сол бір тілегі маған өмірлік серік болып келе жатыр-ау деймін.
***
Бір анығы - бойында шын таланты бар тұлғалардың алдын көрген біз бақыттымыз. Мен атап өткен ағаларымның бойында жат қылық, батпақ-былық, қыңыр ниет болмайтын. Сөйлесе, ойындағысын бүгіп қалмай, ағынан жарылатын. Өйткені олар да бұраң-бұлтарысы жоқ, тума талант толқынның сабақтастары еді. Ылайым, сол дәстүр жалғасын тауып, бүгінгі ұрпаққа да жұғысты болғай.

Әбілхақ ТҮГЕЛБАЙ, 
Ақтоғай ауданының 
Құрметті азаматы, 
еңбек ардагері.


Количество показов: 452

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023  472

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  621

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  521

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  457

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  398

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  573

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  677

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  516

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  777

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  604

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  463

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  418

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  458

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  492

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  567

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  943

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  783

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  561

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  585

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  857

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  549

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  973

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  1327

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  1300

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  1266

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  1224

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  1459

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  1251

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  1277

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  1229

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  1320

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  1296

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  1051

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1213

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  1529

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  817

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  1184

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  762

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  755

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  664

11 медаль!
11:05 24.01.2023  1215

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  1080

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  1152

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  1256

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  1424

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  1152

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  1099

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  1240

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  1295

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  1161

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  3410

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2977

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2921

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  3387

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  3433

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  3558

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  3643

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2891

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2948

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  3360