Фермерлік базардың базарлығы мол

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

Фермерлік базардың базарлығы мол 24.06.2021

Фермерлік базардың базарлығы мол

«Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді» десе, тұрғындардың елең ете қалатыны рас. Нарық екі бүйірден қысқан заманда қалаған өнімі арзан бағамен сатылғанда қуанбай қайтсін?! Алдағы уақытта облыс орталығында жәрмеңкенің «жүгін арқалайтын» фермерлік базар салынады деп күтілуде. Сатушыларға да, сатып алушыларға да тиімділігі мол тың жобаның жай-жапсарына үңіліп көрелік.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Ерекшелігі неде?

Фермерлік базардың құрылысы басталды ма? Жобаның көздегені не? Сауалдарымызға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев жауап берді.

- Ең әуелі жобаның артықшылығына тоқталайын. Фермерлік базардың құрылысы – уақыт талабы. Соңғы жылдары ұйымдастырылып жүрген сенбілік жәрмеңкенің тиімділігі зор болғанымен, кемшін тұстары да жоқ емес. Мәселен, жәрмеңкедегі сауда орындары ашық аспан аясында орналасқан. Саудагерлер былай тұрсын, тұтынушылардың өзі қыста суықтың, жазда ыстықтың зардабын көп тартады. Онда қарапайым дәретхана, қол жуатын орындар да қарастырылмаған. Ветеринарлық және фитосанитарлық зертханалар, бақылау таразылары, өтініш-тілектер мен ұсыныстар білдіретін орындар да жоқ. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сататын қатарда ұзын-сонар кезек пайда болады. Осындай кемшіліктерді назарға алып, заманауи талаптарға сай фермерлік базар ашуды қолға алдық. Бүгінде тиісті құжаттар әзірленуде. Жобаның құрылысы жуықта қолға алынып, жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде, - дейді Н.Мақашев. Белгілі болғандай, жаңа базар Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысында орна-ласпақ. Жалпы аумағы 1,3 гектарға тең. Қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым қарастырылған. Барлық типтегі көліктер, тіпті үлкен жүк көліктері еркін кіріп-шыға алады. Қоғамдық жолаушылар тасымалы реттеліп, автобус, шағын автобус және трамвай аялдамалары пайда болады. Мұнда жабынды 60 сауда орны және ашық аспан астындағы 80 сауда орны ашылады. Асхана, көлік тұрағы өз алдына, сыйымдылығы 5 мың тоннаны құрайтын қойма салынбақ. Ветеринарлық және фитосанитарлық зертханаларға арнайы орындар бөлінеді. Базар аптасына екі рет (сәрсенбі және жексенбі) жұмыс істемек. Бүгінде облыста 3,5 мың ұсақ шаруашылықтар, жеке аулада кәсібін дөңгелетіп отырған 66,4 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бар. Олар өнімдерін сауда орындарына тікелей өткізе алмайды. Тіпті, қайта өңдеу кәсіпорындарымен де байланыс жоқ. Өз кезегінде қала тұрғындары да балғын әрі бағасы арзан өнімдерді тікелей тауар өндірушілерден сатып ала алмайды. Екі ортада алыпсатарлар ғана пайда тауып жүр. Фермерлік базардың ашылуы аталған проблемаларды шешеді деп күтілуде.

 

Таңдау көп болса...

Фермерлік базар ашылады деген жаңалықты зейнеткерлер жылы қабылдағаны рас. Қариялар қоғамдық көлік мәселесі оң шешілсе, қаланың шетіне қатынау қиын емес екенін айтады.

- Нарықта азық-түліктің бағасы қымбаттаған сайын «Жәрмеңке өтеді» деген ақпарат жағымды естіледі екен. Біз сияқты зейнетақысын айдан айға жалғап отырған зейнеткерлер үшін жәрмеңкенің жиі өткізілуі маңызды. Карантиннің салдарынан жәрмеңкенің жұмысы тоқтап қалды. Оны түсіністікпен қабылдаймыз. Шілдеде балғын көкөністер пісе бастайды. Сол кезеңде жергілікті әкімдік өнімді тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсыну мәселесін ойластырса екен, -
дейді қала тұрғыны Әмина Ескендірова. Жәрмеңке ұйымдастырылып жүрген кездері көптеген тұтынушылар кезекті қысқарту үшін сатушылардың жәрмеңкенің әр бұрышында орналасуын сұраған еді. «Картопты бір ғана шаруашылық сатып тұр. Екі-үш кәсіпкер өз өнімін ұсынса жақсы болар еді», дейтін павлодарлықтар. Фермерлік базардың іске қосылуы аталған мәселені шешіп бермек. Фермерлік базар салынғанға дейін жәрмеңке ұйымдастырыла ма? Нұрболат Мақашевтің айтуынша, шілде айында алғашқы егіс өнімдері пісе бастаған уақытта өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақталса, жәрмеңкенің жұмысы жалғасуы мүмкін. Уақыт – төреші. Павлодар ауданындағы жеке кәсіпкерлердің бірі Николай Хохленконың айтуынша, фермерлік базардың жұмысы аптасына 3 рет ұйымдастырылса да артық етпейді. Себебі, қазір табиғи өнімге сұраныс көп. Сәйкесінше, тұтынушыларды балғын көкөніспен, етпен және сүтпен қамтамасыз етуге жол ашылмақ.

- Жәрмеңкенің уақыты шектеулі. Тұрғындардың бәрі бірдей таңмен жарысып ерте келе бермейді. Кейде тауарларымызды сатуға үлгермей, өзімізбен бірге алып кетуге мәжбүрміз. Көңіл күйіміз жақсы болса, өнімді артқа тасымалдамай, арзандатып ұсынамыз. Фермерлік базардың ашылуы өнімді өткізу бойынша апталық жоспар жасауға мүмкіндік береді. Тауар айналымы да реттеліп, ұсақ шаруалардың тынысы ашылады деп есептеймін, - дейді Н. Хохленко.

 

25 пайызға арзандайды

uko-sh-yarmarka-v-Pavlodare.jpg

Азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін елімізде ұлттық тауар өткізу желісі құрылмақ. Көтерме-тарату орталықтарының бірыңғай кешенінен құралатын жаңа жүйе өнім бағасының негізсіз қымбаттауына тосқауыл болады деп күтілуде. ҚР Ауыл шаруашылығы минис-трлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде көкөніс сақтау қойма-ларының тапшылығы шамамен 70 пайызды құрайды. Кейбір өңірде көрсеткіш 90 пайызға жеткен. Салдарынан өнімді ұзақ мерзім сақтап қалудың мүмкіндігі болмай, көптеген шаруалар мол табыс табудан қағылуда. Тауарларды жедел жүктеуге мүмкіндік беретін заманауи жүк түсіру («кросс-док») және температуралық қоймалардың жеткіліксіздігі баға саясатына да тікелей әсерін тигізеді. Көтерме-тарату орталықтары желісін құру - аграрлық өнім бағасын 25 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді деп күтілуде. Көтерме-тарату орталықтары өнімді сақтау және қайта өңдеу, тарату мен өткізуге дейінгі мамандандырылған қызметтерді ұсынады. Тауар өткізу жүйесін 3 кезеңде іске қосу ұсынылып отыр. Алғашқы кезеңде ауыл шаруашылығы тауарларын сақтауға бағытталған 5 көтерме-тарату орталығы Павлодар, Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстарында салынады деп жоспарлануда. Бірден айтайық, облыс аумағында 2 орталық бой көтереді. Бірі – Ақсу қаласында, екіншісі Павлодар ауданында салынбақ. Ақсудағы орталықта жылына 18 мың тонна, Павлодар ауданында 35 мың тонна өнім сақталатын болады. Қалған облыстардағы орталықтардың әрқайсысы 20 мың тонна азық-түлік сақтауға қауқарлы. Жалпы, 5 орталықтың аумағы – 104 мың шаршы метр, сыйымдылығы – 113 мың тонна. Ақсудағы орталықтың құны – 7,5 миллиард теңге, ал Павлодар ауданында іске қосылатын жобаның бағасы 12,5 миллиард теңгеге тең. Өзге облыстағы орталықтың құны 8,5 миллиард теңгеге бағалануда. Өнімді сақтауға арналған орталықтар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері көп шоғыр-ланған аумақта пайда болмақ. Яғни, логистикалық мәселелер есепке алынады. Мұнда фермерлер көкөністі тазалауға, іріктеуге, қаптауға мүмкіндік алады. Қорыта айтсақ, азық-түлік өнімдерінің бағасы қымбаттап жатқан уақытта билік өкілдері бағаны тұрақтандырудың жаңа тетіктерін ойластырғаны игі. Фермерлік базардың ашылуы сондай қадамдардың бірі екені анық. Мұндай жобалар жүйелі іске асса, сатушылардың да, сатып алушылардың да ұпайы түгел болмақ.

 


Количество показов: 338

Возврат к списку