Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па? 02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?

Қазақстан ұлттық құрамасы футболдан Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде франциялық спортшылардан 8:0 есебімен ойсырай ұтылып, айдай әлемге масқара болғаны мәлім. Мұндай ірі жеңілістен соң кейбір депутаттар, қоғам белсенділері спорттың бұл түрін мемлекеттік қазына есебінен қаржыландыруды доғару керек деген ойды ортаға салды. Жеңіс әкелмейтін кәсіби спортқа бөлінген қаражатты балалар футболын дамытуға жұмсау әлдеқайда дұрыс, дейді олар. Енді бірі кәсіби клубтар бюджет есебінен қаржыландырылмаса, мүлде құрдымға кетеді деген ой айтуда. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Осы мәселені «Алаңның» талқысына салып көрген едік.

 

Kazybek_Issa.jpg

Қазыбек ИСА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (пікір интернеттен алынды):

- Соңғы үш жылда облыстық әкімдіктердің кәсіби клубтарға бөлген қаржысы 111,2 млрд теңгені құрайды. Ал федерацияға республикалық бюджет, УЕФА, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, демеушілер тарапынан қарастырылған қаржының есебі жоқ. Өйткені ресми мәлімет берілмеген. Қазақстан Футбол федерациясының басшылығы «Біз бюджеттен 200 млн теңге ғана алдық. Ал жеңіліске жақсы футболшылардың тапшылығы себеп» дегенді алға тартады. Бірақ қазынадан бөлінетін миллиардтарды осы федерацияға кіретін кәсіпқой клубтар облыс әкімдіктері арқылы алуда. Нәтиже көрсетпеген футболшыларға қыруар қаражатты босқа шашуды тоқтату керек. Футбол клубтарының барлығын жекешелендіріп, мемлекеттен қаржыландыруды тоқтату қажет. Есесіне бюджет қаражаты балалар мен жасөспірімдер мектептеріне, футбол мектептерін дамытуға, балалар бапкерлерін дайындауға жұмсалуы керек. Ауылдағы талантты балаларға жағдай жасау қажет. Аудандарда, қала маңында тегін футбол алаңдарын салу керек. Секциялардағы жаттықтырушылардың жалақысын педагогтармен тең еткен жөн. Осы уақытқа дейін мемлекеттен футбол саласына бөлінген қаржының есебі берілуі тиіс. Себебі ол – халықтың қаржысы.

ермұхамед.PNG

Ермұхамед МӘУЛЕН, Қазақстан Футбол Федерациясы қоғаммен байланыс бөлімі департаментінің директоры:

- Алдымен Қазақстан Футбол Феде-рациясының мемлекет тарапынан қаржы-ландырылмайтынын атап өткім келеді. Бұл қоғамдық ұйым УЕФА бөлген қаражат пен бірнеше демеушінің көмегімен «күн көріп» жүр. Жергілікті кәсіби футбол командаларын қолдау мақсатында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры бөлетін 200 млн теңгеден де бас тарттық. Ал облыс әкімдіктері жергілікті клубтарға бюджеттен қалаған қаражатын бөледі. Тек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген 1,2 млрд теңгелік шектен аспаса болғаны. Бұл іске федерация араласпайды. Яғни, бюджеттен бөлінетін қаржы клубтарға тікелей беріледі. Өкінішке қарай, бұл жүйенің егжей-тегжейін білмейтін кейбір қоғам белсенділері жанкүйерлерді шатас-тырып, шындыққа мүлде жанаспайтын ақпарат таратуда. Қазақстан Футбол Федерациясы жергілікті билік бюджеттік қаражатты жабық және ашық манеждері, жаттығу залдары, бассейні бар арнайы база салуға жұмсағаны жөн деп санайды. Әттеген-айы, бүгінде отандық клубтардың жеке ғимараты, стадионы жоқ. Мысалы, кәсіби клубтар Павлодар қаласындағы Орталық алаңның өзін жалға алып ойнайды. Әлемнің үздік 200 командасы қатарына кіретін «Астана» футбол клубының әлі күнге дейін жеке кеңсесі жоқ. Ал жетістіктің бәрі базадан басталады. Басқа шығындарды жабу үшін әкімдік демеушілер іздеуге мүдделі болуы тиіс.

руслан.jpg

Руслан ГУМАР, «Жұлдыз» футбол орталығының жаттықтырушысы:

- Балалар футболын мемлекет тарапынан қолдау қажет. Оған дау жоқ. Бұл бағытта Павлодар облысында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Соңғы уақытта шағын футбол алаңдары көптеп ашылуда. «Спорт сити» қалашығында арнайы манеж салынып, допты серік еткен балалардың пайдалануына берілді. Осындай игі істерді әрі қарай да жалғастыру керек. Сол кезде кәсіби футболшылардың жаңа буыны дайындалады. Бірақ кәсіби футбол клубтарын бюджет қаражаты есебінен қаржылан-дыру тоқтап, олар уақыт өте келе жабылып қалса, жеткіншектер қандай командаларда ойнайды? Мәселе – осында. Футбол академиясында тәлім алған жас спортшылар кейін дубльде шеберліктерін танытып, одан соң негізгі құрамға алынуы тиіс. Заңдылық солай. Егер осы жүйенің бір бөлігі мемлекеттік қолдаудың болмауы салдарынан «үзілсе», онда футболдың да жалғасы бола қоймас. Біз тәрбиелеген балалар басқа елдердің командаларынан пана іздеуі әбден мүмкін. Сондықтан қаржыландыруды түбегейлі тыюдың емес, оны тиімді пайдаланудың тетіктерін қарастырған әлдеқайда дұрыс болады. Сонымен қатар, демеушілерді іздеп, олармен берік байланыс орнатуды ұмытпау керек.

«Алаңды» үйлестірген – Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

 


Количество показов: 1475

Возврат к списку