«Газет уақытылы жетуі тиіс!»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!» 18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»

Қазіргі уақытта газет-журналдарға жазылу науқаны жүріп жатыр. Оқырман қауым сенімді серігіне айналған басылымнан көз жазып қалмас үшін «Қазпошта» бөлімшелеріне барып, арнайы түбіртекті толтырса болғаны. Пошта қызметкерлері мерзімдік басылымдарды дер кезінде көрсетілген мекенжайға жеткізуі тиіс. Одан бөлек, болашағы бұлыңғыр деп бағаланған бұл мекеме нарық талаптарына икемделіп, қызметтің өзге түрлерін көрсетуге де көшті. Бұл тақырып төңірегінде «Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры Ерік Әліпұлымен аз-кем әңгіме өрбіткен едік.

- Ерік Әліпұлы, «Қазпоштаның» дәстүрлі қызметі газет-журналдарды тарату екені белгілі. Биыл басылымға жазылу науқаны қалай жүріп жатыр?

- Жалпы, мерзімдік басылымдар негізгі үш топқа бөлінеді. Тұрғындар шетелдік, республикалық және жергілікті газет-журналдарға жазыла алады. Көпшілікке ыңғайлы болуы үшін баспасөзге жазылу науқаны басталмай тұрып арнайы каталог жасалады. Мұнда барлық басылымдар қамтылып, белгілі бір мерзімге жазылу бағасы көрсетіледі. Соған сәйкес, оқырман қауым қалағанын таңдай алады. Өз кезегінде пошта операторы тұрғынның тапсырысын электронды базаға енгізіп, тіркейді. Кейін пошташылар газет-журналдарды үйіне дейін жеткізіп отырады. Басылымға жазылу науқаны жақында ғана басталды. Әдетте қараша, желтоқсан айларының ортасына қарай келесі жылы мерзімдік баспасөздерді оқуды қалайтын тұрғындардың қарасы көбейіп, жұмыс қыза түседі. Бұл ретте облыс жұртшылығы «Еgemen Qazaqstan», «Saryarqa samaly», «Казахстанская правда», «Звезда Прииртышья» сынды республикалық, облыстық газеттерге көптеп жазылатынын атап өткен жөн. Басылым ұжымдары түрлі ұтыс ойындарын ұйымдастырып, газетке жазылушыларға сыйлықтар үлестірмек. Бұл өз кезегінде оқырмандар санының көбеюіне оң әсер береді деген ойдамын.

- Жасыратыны жоқ, кей кездері оқырман қауым тара-пынан газеттің уақытылы келмейтініне қатысты шағым түсіп жатады. Бұған қатысты не айтасыз?

- Тұрғындардың осындай кері байланысқа шығып, көңілі толмайтын жайттарды бүгіп қалмауы бізге жақсы. Сол арқылы пошташылардың қызмет сапасын бақылап, бағалауға мүмкіндік туады. Осы орайда биыл қалалық деңгейде пилоттық жоба жүзеге асып жатқанын атап өткім келеді. Ол пошта қызметкерлеріне айлықты атқарған еңбегіне қарай төлеуді көздейді. Шыны керек, бүгінде бұл сала өкілдерінің жалақысы жоғары емес. Орта есеппен айына 60-70 мың теңге ғана алады. Ауылдық жерлердегі пошта қызметкерінің жалақысы тіпті төмен. Себебі штаттық бірлік елді мекендегі адам санына байланысты белгіленеді. Пошта қызметі көрсетілетін учаскеде тұрғын саны аз болса, маманның штаттық мөлшерлемесі де 0,5-ке дейін төмендейді. Ал жаңа жоба аясында еңбекақыны есептеу жүйесі өзгертілмек. Бұған дейін кейбір пошта бөлімшелерінің мамандары келген хат-хабар, газет-журналдарды уақытылы таратуға асықпайтын. Сондықтан кей кездері мерзімдік баспасөздер оқырманның қолына кеш жетіп жатқаны рас. Ендігі ретте еңбекақы атқарылған жұмыс көлемі мен жеткізу қызметіне қарай да белгіленеді. Пошташы өзіне жүктелген хаттар, сәлемдемелер, басылымдарды діттеген жерге неғұрлым тез апарса, соғұрлым жоғары ақы алады. Бұл газеттерді уақытылы жеткізу қызметін оң жолға қоюға ықпал етуі керек. Мерзімдік басылым аптасына неше рет жарыққа шықса, пошта қызметкері оны сонша рет оқырман қолына табыстауы тиіс. Әйтпегенде, тұрғынды да, жұмыс берушіні де алдағанмен тең болады. Себебі оқырман әр нөмір мен оны жеткізу қызметіне, кәсіпорын басшылығы әр нөмірді таратуға жұмсалған шығындарды өтеуге қаржы төлейді. Аталмыш пилоттық жоба өз нәтижесін беріп жатса, келер жылы аудандарда да қолданысқа енгізіледі.

- Осы орайда облыс орта-лығындағы кейбір пошта бөлім-шелерінің есігінде құлып тұрғанын байқадық. Мәселен, осыдан біраз уақыт бұрын Толстой көшесі, 82 мекенжайында орналасқан бөлімше қызмет көрсетуді тоқтатты. Олардың жабылуына не себеп?

- «Қазпошта» акционерлік қоғамы мемлекетке қарасты мекеме болғанмен, өзі тапқан табыс есебінен күн көреді. Бюджеттік бағдарламалар аясында қаржылай қолдау, субсидия қарастырылмаған. Өкінішке қарай, соңғы уақытта шығын көлемі бірнеше есеге көбейді. 1990-ыншы жылдары аумалы-төкпелі уақыт болған тұста кейбір бөлімшелер пошта иелігінде қалса, кейбірі мемлекеттің мүлкі ретінде тіркелген. Сәйкесінше, бүгінгі күні бөлімшелердің бір бөлігі мемлекеттен жалға алған ғимараттарда қызмет көрсетіп отыр. Ал оның жалдау ақысы жылына екі рет қымбаттады. Одан бөлек, телефон, интернет желілерін тарту, коммуналдық ақы төлеу сияқты шығындар жетіп артылады. Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар қызмет көрсету орны саналатын поштаға ешқандай жеңілдік жасалмайды. Бастапқыда тығырықтан шығу үшін жалдамалы ғимараттың аумағын, операторлардың санын азайттық. Бірақ мұндай қадам айтарлықтай нәтиже бермеді. Сондықтан 30 жылдан астам уақыт бойы отырған ғимараттан кетуден басқа амал қалмады. Осы уақытқа дейін №3, 5 бөлімшелер жабылды. Жақында №1 бөлімше «Orange» сауда орталығына көшеді. Себебі кәсіпкер ұсынған жалдау ақысының көлемі анағұрлым арзан.

- Жоғарыда «Қазпоштаның» өз күнін өзі көріп отырғанын айттыңыз. Сонда табыстың негізгі бөлігі қайдан түседі?

- Шынтуайтына келгенде осыдан біраз уақыт бұрын қоғамда «Қазір ешкім бұрынғыдай көп көлемде хат-хабар жазбайды, газет-журнал алмайды. Сондықтан «Қазпошта» бірнеше жыл дересінде жабылып тынады» дегенге саятын әңгіме айтылатын еді. Бірақ бұл мекеменің «ғұмыры келте емес». Себебі соңғы уақытта электронды коммерция көз ілеспес жылдамдықпен дамып келеді. Облыс тұрғындары әлемнің кез келген сауда нүктесіне тапсырыс беру арқылы аяқ киім, киім-кешек, басқа да тұрмыстық тауарлар –
бәрін сатып ала алады. Ал оларды жеткізетін жалғыз оператор – «Қазпошта». Жыл сайын осындай сәлемдемелерді жеткізу қызметі 30 пайызға өсуде. Табыстың басты көзі де – осы. Иә, қазіргі таңда тасымалдау, жеткізу қызметін көрсететін логистикалық, курьерлік компаниялар бар. Алайда олар облыс орталығымен шектеліп жатады. Шалғайдағы елді мекенге тауарларды жеткізіп бере алмайды. Сондықтан бұл бағытта «Қазпоштаның» ұтары мол.

- Білуімізше, ауылдағы пошта бөлімшелері Халыққа қызмет көрсету орталықтарының да орнын алмастырып отыр...

- Облыс әкімдігі, «Азаматтарға арналған үкімет» және «Қазпошта» жасаған үшжақты меморандумға сәйкес, ХҚКО-ның кейбір қызметтері пошта бөлімшелерінде көрсетіледі. Себебі алыстағы бірқатар ауылдардан облыс түгілі аудан орталығына жетудің өзі мұң. Бір ғана анықтама алу үшін бірнеше шақырымдық жолды жүру тиімсіз әрі қолайсыз. Сондықтан пошташыларды арнайы оқудан өткізіп, бірқатар құжат түрін ресімдеудің жолын үйреттік. Қазіргі таңда біздің операторлар мекенжай анықтамасы, үйдің кепілге қойылған-қойылмағанын растайтын анықтама сынды құжаттарды дайындап бере алады. Одан бөлек, елді мекендегі пошта бөлімшелері қаржылай қызметтер көрсетеді. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер ауылдық жерде жеке бөлімшесін ашу үшін тор терезелері, дабыл түймешіктері, бейнебақылау камералары бар, Ұлттық банк талаптарына сай келетін нысанды сатып алуы не салуы керек. Құрылыс жұмыстарына қомақты инвестиция, құжаттарды ресімдеуге ұзақ уақыт кетуі мүмкін. Сондықтан олар серіктес ретінде «Қазпошта» бөлімшелерімен жұмыс істейді. Бұл ауылдағы ағайынға да ыңғайлы. Пошта бөлімшесіне келіп, несие алу мен депозит ашуға қатысты 5-6 банктің шарттарын бір ғана жерден біле алады. Сол сияқты ауылдық жерлердегі 56 бөлімшеде теміржол, әуежай билеттерін сатып алу, көлікті сақтандыру сияқты қызмет түрлері бар. Осындай мүмкіндіктер арқылы тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасап әрі аз да болсын табыс тауып отырмыз.

- Соңғы жаңашылдықтардың бірі – гибридтік электронды пошта жүйесінің іске қосылуы. Осы туралы толығырақ айтып өтсеңіз...

- Бұл жүйе мемлекеттік мекемелерге, сот, салық органдарына, басқа да құзырлы сала өкілдеріне қолайлы. Бұған дейін аталмыш мекеме қызметкерлері азаматтарға хат жолдау үшін поштаға келіп, кезегін күтіп, ондаған хаттың әр-қайсысын тіркеуден өткізіп, мекенжайын жазып, әжептәуір уақытын жоғалтатын еді. Пошташыларға да бұл іске біраз уақыт бөлуге тура келетін. Енді жоғарыда олар гибридтік электронды пошта арқылы тұрғындарға жетуі тиіс хат-хабарлардың барлығын бізге электронды түрде береді. Оны қабылдап алған оператор қалған істің бәрін өзі істейді. Хаттарды шығарып, қаптау құрылғысына салып, мерзімді баспасөз бен поштаны сұрыптау орталығына жібереді. Атап өтер жайт, бұл орталық қызметкерлері ауысыммен жұмыс істейді. Яғни, сұрыптау қызметі демалыссыз жүргізіледі. Мұнда облыс тұрғындарына келіп түскен және біздің өңірден басқа аймақтар мен елдерге жөнелтілетін сәлемдемелердің барлығы електен өткізіледі. Тұрғын тіркелген хаттардың трек-номері арқылы оның қандай бөлімшеге түскенін, қай сұрыптау орталығында екенін бақылай алады.

- Тыйым салынған заттарды амалын тауып, пошта арқылы жөнелтпек болатын пысықайлар жиі кездесе ме?

- Облыс аумағында пошталарда қызмет ететін 200-ден астам оператор, 200-ден астам пошташының барлығы жұмыс талабын жақсы біледі. Олар кез келген сәлемдемені ашық күйінде қабылдайды. Яғни, хаттың, қораптың ішінде не бар екенін анықтайды. Қару-жарақтар, есірткі, дәрі-дәрмек сынды тасымалдауға тыйым салынған тауарлар тізімі бар екенін атап өту керек. Бұл тізімдегі заттар бірден кері қайтарылады. Бірақ мұндай жағдайлар сирек кездеседі. Сонымен қатар, хаттар, сәлемдемелер мен газет-журналдарды сұрыптау орталығында барлық затты сканерден өткізетін арнайы құрал бар. Оның көмегімен де қандай тауарлардың қабылданғанын, қандай заттардың жөнелтілетінін көруге болады. Бұл ретте сырттан келетін сәлемдемелерді тексеру ісі қатаң жүргізіледі. Оған қоса, құзырлы орган өкілдері жүйелі түрде сұрыптау орталығына келіп, тыйым салынған заттардың бар-жоғын жіті бақылайды. Сондықтан бұл бағытта қиындықтар жоқ.

- Әңгімеңізге рақмет! Пошта байланысының жұмысы өрлей берсін!

 

Әңгімелескен – Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

 


Количество показов: 386

Возврат к списку