Індетті жеңудің жалғыз жолы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы 02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы

Қытайдың Ухань қаласында бастау алған қауіпті індетпен күресіп келе жатқанымызға екі жыл толады. Дертті емдеудің кейбір жолы белгілі болып, вирустан қорғайтын алғашқы вакциналар да шығарылды. Алайда жер бетінде КВИ әлі де өршіп тұр. Жуырда коронавирустың тағы бір жаңа штамы пайда болды. Оған ғалымдар «Омикрон» деген атау берді.

«Омикрон» қауіпті ме?

 

Оңтүстік Африка елдері мен Гонконгтан табылған коронавирустың жаңа штамына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Омикрон» деген атау берді. Ғалымдар бұл штамда мутация көп екенін айтады. Бұрынғы штамдарға қарағанда қауіпті. Ұйым өкілі Мария Ванның айтуынша, бұл штамм емді толық алмаған науқастан тарауы мүмкін. Иммунитеті әлсіреген адамның ағзасында вирус ұзақ уақыт сақталады екен. Соңғы деректерге сүйенсек, омикрон Израиль, Ұлыбритания, Германия, Чехия, Италия және Бельгиядан шығып үлгерді. Вирусқа қарсы шығарылған вакциналар ағзаны аталған штамнан қорғайтыны әзірге белгісіз. Ол үшін жаңа зерттеулер қажет. Әлем елдері шектеу шараларын күшейтуге кірісті. Оңтүстік Африка медициналық қауым-дастығының төрағасы Анжелик Кутзе соңғы уақытта коронавирус жұқтырған адамдардың арасында қатты шаршағыштыққа шағымданатындар көбеюде екенін айтады. Ешқайсысында дәм немесе иіс сезбей қалу белгілері кездеспеген. Өзінің отбасындағы төрт адамда КВИ белгілері болмаса да, ПТР-сараптамасы вирусты көрсеткен. Науқастар тек қатты шаршағандарын жеткізген. Осыдан кейін А.Кутзе Оңтүстік Африка билігіне жаңа штамның пайда болуы мүмкіндігін жеткізген. Мамандар жаңа штамм екпе алмаған, егде жастағы және созылмалы аурулары бар адамдарға қауіп төндіретінін айтуда. Әлемді әбігерге салған жаңа вирус көршілес Ресей еліне де жетіп үлгерген. Билік өкілдері вирусты Мысырға барған туристер әкелді деп болжауда. Ресейде шет елдің бірқатар еліне шығуға тыйым салынды. Әлем ғалымдары дүниежүзіндегі халықтың барлығы екпе алмайынша, пандемия аяқталмайтынын айтып отыр. Жаңа штамнан сақтану мақсатында Қазақстан да карантин талаптарын күшейтті. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты. Елімізде 3 желтоқсаннан бастап Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Оңтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуі шектеледі. Омикрон штамы анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Мысыр елінен келетін адамдардың вакцина алғанына қарамастан ПТР- сараптамасы міндетті түрде сұратылады. Тест нәтижесіне қарамастан адамдар 7 күн үй карантиніне алынады. Сондай-ақ, Қазақстан 3 желтоқсаннан бастап Мысырмен әуе қатынасын тоқтатады. Вице-министрдің айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық комитет департаменттері шетелден келген азаматтар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға уақытылы беріп, ал әкімдіктер оларды емхана деңгейінде қашықтықтан бақылауды қамтамасыз етуі қажет.

Ұжымдық иммунитет қалыптаспады

 

Әлем ғалымдары коронавирустан тек вакцина қорғайтынын айтып келеді. Ол үшін қауіпті кеселге қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру қажет. Қазіргі уақытта өңір тұрғындарының тек 41 пайызы ғана екі компонентті толық алған. Ал коронавирусқа қарсы тұру үшін өңір тұрғындарының кем дегенде 60 пайызы вакцина салдыруы керек. Облысымыздағы сарапшылар бұл көлемнің де аз екенін айтқан еді. Олар жұртшылықтың 80 пайызы егілмей, эпидемиологиялық ахуал жақсармайтынын жеткізген еді. Ал жуырда ревакциналау науқаны басталды. Яғни, екі компонентті алған адамдар тағы да вирусқа қарсы вакцина салдыруы тиіс. Қазіргі уақытта ең бірінші кезекте дәрігерлер қайта препарат қабылдауда.

- Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандардың ағзасындағы иммунитет 6-9 айдан кейін әлсірей бастайды. Яғни, адам ағзасы бұрынғыдай қауіпті кеселге қарсы тұра алмайды. Ревакциналау иммунитетті күшейту үшін жүргізіледі. Бірақ вакцина ерікті түрде салынатындықтан, шешімді әр адам өзі қабылдайды. Вакцина алғандардың статистикасы қайтадан жүргізілетін болады. Бұл мәселе де ұжымдық иммунитетке әсер етері сөзсіз. Сол себепті тұрғындардан ревакциналау науқанына белсенді қатысып, вирусқа қарсы тұруға шақырамын. Екпені қайта салдырғандардың ағзасында індет жеңіл өтеді әрі өлімнен қорғайды, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов.

Ананы да, баланы да қорғайды

 

Қазіргі уақытта облыста бұған дейін екпеден босатылған жүкті және бала емізетін әйелдер, балалар «Pfizer» екпесін салдыруда. Басқарма өкілдері ұл-қызына екпе салдыруға келісім беріп жатқан ата-аналардың қатары артып келе жатқанын айтады. Келісім беріп жатқан жүкті әйелдер де көп екен. Екібастұз қаласының тұрғыны Александра Чиж жүктілік кезінде коронавирус жұқтырған. Әу баста денсаулығындағы өзгерісті құрсағындағы сәбиімен байланыстырған. Кейін жағдайы ауырлай бастаған соң, дәрігерге қаралады. Өкініштісі, тексеру кезінде өкпесінің 92 пайызы зақымдалғаны анықталып, жан- сақтау бөліміне жатады. Тыныс алуы қиындап, құрылғылардың көмегімен дем алады.

- Өкінішке қарай, сәбиімді сақтай алмадым. Көптен күткен нәрестеміз еді. Дәрігерлерге менің өмірімді сақтап қалған-дарына алғыс айтқым келеді. Себебі бұл аурудан айығамын деп ойламадым. Дем ала алмай қалдым. Жүктілік кезінде коронавируспен күресу өте ауыр екенін түсіндім. Оның үстіне біздерге барлық дәріні қабылдауға болмайды. Құрсағында сәби күтіп жүрген аналардан індеттен сақтануды сұраймын. Ол үшін вакцина алғандары дұрыс. Ағзам ретке келсе, екпені бірінші болып салдырамын, - дейді А.Чиж. Дәрігерлер де індеттен қорғанудың жалғыз жолы – вакцина екенін айтудан жалыққан емес. Жаңа штамның өзі екпе алмағандарға қауіп төндіріп отыр. Сондықтан вакцина салдырған кезде ғана кеселге қарсы тұрып, қорғана аламыз. Ұжымдық иммунитетті де қалыптастырамыз. Әйтпесе, жағдай күрделі күйде қала беруі мүмкін.

Айдана Қуанышева.


Количество показов: 559

Возврат к списку